Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастырудың инновациялық технологиялары

 

Педагогика ғылымдарының кандидаты Данияров Т.,

педагогика және психология магистрі Малгайдарова Г.

 

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Шымкент қаласы

 

Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастырудың инновациялық технологиялары туралы түсініктерді анықтауға көшсек.

Педагогикалық іс-әрекет саласына «технология» деген сөздікті енгізу «индустриялдық» технология (Ф.Б.Гильбрейт, Ф.У.Тейлор және т.б.) деген идеяға негізделген және ол оқытуда техникалық жабдықтарды қолданумен байланысты. Білім беру саласындағы педагогикалық технологияның басқа бағыттары оу материалдарын талдау техникасын, мұғалім мен оқушылардың оқу іс-әрекетін (Т.А.Ильина) ұйымдастыруға, сонымен қатар педагогикалық технология ұстаздар мен оқушылардың аз ғана күш жұмсап ең жақсы нәтижелерге жетудің тиімді принциптері мен әдістерін анықтауға бағытталған. Сондай-ақ жаңа педагогикалық технологиялар оқу тәрбие процесінің нәтижесінде оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды. «Жаңа педагогикалық технология» сөз тіркесін пайдалану үшін оның мәнін анықтап алу керектігі туындайды. Ол үшін алдымен «технология» ұғымының мазмұны жөнінде немесе ұғымының шығу мен қолдану аясын білу керек. Технология – грек тілінен аударғанда techne (өнер, қолөнер, ғылым) және logos (ұғым, ілім) дегенді білдіреді. Шетел сөздіктерінде:  технология -өндірістік процестерді жүргізуқұралдары мен әдістері туралы білімдердің жиынтығы. Технологиялардың көмегімен ақыл-ой ақпараты практикалық шешімдердің тіліне аударылады. Технология – бұл білім беру әдістері, сонымен қатар жеке түрінде білім беруге қатысады. Кез – келген білім беру технология, болмаса өнер болуы мүмкін. Өнер интуицияға негізделген, ал технология ғылымға. Бүкіл процесс қайтадан басталуы үшін өнерден басталады., технологиямен аяқталады.

П.Р.Атутов пен В.А. Поляков «Технология (технологиялық процесс) - өндірістік процестің негізгі бөлігі. Осындай мәнде өндіру, өңдеу, қайта өңдеу, тасымалдау және т.б. өндірісті техникалық бақылау, сондай-ақ өндірістік процестердісипаттауды және оларды орындау бойынша нұсқауды технология...» деп айта келе, шикізатты алу, өңдеу және қайта өңдеу тәсілдері мен амалдарын даярлайтын және жетілдіретін ғылыми пәнді технология деп атайтынын жазады. Сондықтан да технология – жалпы түрінде бұл мақсат қалай және қандай өнімнің нақты түріне енеді немесе оның бөлімін құрайды деген сияқты ойдан шығарылған жүйе. Мысалы: ғылыми және әдістемелік әдебиеттерден технологиялар анықтамасының бірнеше варианттарын кездестіруге болады:

- практикалық мақсаттарға жетудің техникалық әдістері;

- адамның өмір сүруі үшін қажетті заттарды алу үшін қолданылатын әдістердің жиынтығы;

- адамның білім беруін ұйымдастыру мен процедураларының жиынтығы;

- адамның іс-әрекетін модельдеу үшін қолданылатын құралдар.

В.П.Беспалко педагогикалық технологияға алғаш анықтама бергендердің бірі. Ол педагогикалық технологияны практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе жобасы ретінде анықтаған. В.П.Беспалко кез –келген педагогикалық жүйе құрылымының жиынтығы ретінде мыналарды анықтаған: 1-оқушы (үйренуші); 2-тәрбие мақсаттары (жалпы және жеке); 3- тәрбиенің мазмұны; 4-тәрбие процестері (жеке тәрбие мен оқытудың); 5-мұғалім (немесе ТОҚ-техникалық оқытудың құралдары); 6-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формалары; 7-оқытудың нәтижелері. Ол педагогикалық жүйе тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған мақсатты, бір-бірімен өзара байланыстағы әлементтердің бірлігі деп қарастырады. Бұл анықталған педагогикалық жүйеге И.П.Подласый: технологияны, басқару элементтерін қосу керектігін ұсынады. Педагогикалық жүйенің бір элементіне өзгеріс енгізу үшін, басқа да элементтерді қайта құруға тура келеді.

Б.Т.Лихачев педагогикалық технологияны оқу үрдісіне белгілі бір мақсат көздей отырып әсер ететін педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің жүйесі ретінде көрсетеді және оның үнемі өзгеріп отыратындығын сипаттайды. ЮНЕСКО құжаттарында педагогикалық технология техникалық және адамдық ресурстар білімін игеру, оқытудың барлық процесін анықтау, қолдану және құрудың жүйелі әдісі ретінде қарастырылады. Бұл технология анықтамасы үздіксіз жаңа (экологиялық, ғарыштық, ақпараттық) технологиялар пайда болса да толық және дәл мәліметті бере алмайды. М.И.Махмұтов педагогикалық технология ұғымының мәнін алдыға қойылған мақсатқа жетуге кепілдік беретін оқытушы мен оқушының өзара ықпалды алгоритмді процесс ретінде сипаттайды. Педагогикалық, психологиялық сөздікте «Педагогикалықтехнология – педагогикалық процесс пен оған қатысушылар іс-әрекетін құраушы кезең күйлері арасындағы өзара байланысты бірізділік пен үздіксіздік қозғалысы. Ақпараттық технология да педагогикалық технологияның құрамдас бөлігі» болып табылады деп мазмұндалған.

Педагогикалық технологияға берілген басқа да анықтамалар бар, ол: оқыту процесін жүзеге асырудың мазмұндық техникасы (В.П.Беспалко), педагогикалық ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі), оқыту процесін ұйымдастыру мен жүргізуді жобалау барысындағы бірлескен педагогикалық іс-әрекеттің моделі (В.М.Монахов), барлық сабақ беру процесін жасаудың, қолданудың және анықтаудың жүйелі әдісі, білімді меңгерудегі техникалық және адаммен ортаның өзара әрекеттерін ескеру, мазмұнын қорытындылау. В.А.Сластениннің ойы бойынша педагогикалық технология деген: ол қатал ғылыми жоспарлау және дәлірек айтқанда педагогикалық әрекеттің жетістігін қамтамасыз ететін елестету.

М.Чошанова отандық жәнешет елдік авторлардың педагогикалық технологияларының белгілерін талдай келе:

- диагностикалық мақсаттылық және нәтижелілік оқыту процесінің мақсаты мен тиімділігіне жетуге кепілдік береді;

- экономикалылығы – оқу уақытының қорын қамтамасыз етеді, мұғалім еңбегін оңтайландырады және аз уақыт ішінде жоспарланған нәтижеге қол жеткізеді;

- түзетушілігі – оперативтік кері байланыстың дұрыс, нақты мақсаттарға бағыт беру мүмкіндігі болатынын көрсетеді.

О.С.Гребенюк, М.И.Рожков педагогикалық технологиялардың белгілері мен қасиеттерін төмендегідей етіп анықтайды. Педагогикалық технологиялардың белгілері болып табылатындар:

- мақсаты (мұғалім не үшін оны қолданады);

- диагностикалық құралдардың болуы;

- педагогикалық процесті жобалауға (бағдарламалауға) мүмкіндік беретін мұғалім мен оқушының өзара ықпалын құрылымдау заңдылықтары;

- педагогикалық мақсатқа жетуге кепілдік беретін құралдар мен шарттар жүйесі; мұғалім мен оқушы іс-әрекеті проццесін және нәтижелерін талдау құралы.

Педагогикалық технологияның ажырамайтын қасиеттері болып табылатындар:

-         тұтастығы;

-         оптималдығы;

-         нәтижелілігі;

-         мектептің нақты жағдайында қолданылымы.

Педагогикалық технология оқу үрдісімен – мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен тығыз байланысты. Оның құрамына Ш.Таубаева мыналар енетінін атап көрсетті.

а) тұжырымдық негізі;

ә) оқыту мазмұндық бөлімі:

-оқытудың нақты және жалпы мақсаты;

- оқыту материалының мазмұны.

б) үрдістік технологиялық процесс:

-оқу үрдісін ұйымдастыру;

-оқушылардың оқу қызметінің әдістері мен формалары;

-мұғалім жұмысының әдістері мен формалары;

-мұғалімнің материалды меңгеруді басқарудағы іс-әрекеті;

-оқу үрдісінің диагностикасы.

Педагогикалық технология жөніндегі қатаң түсініктің басты белгілері болып мыналар табылады:

-         мақсаттың диагностикалық сипаттамасы;

-         педагогикалық процестің өндірушілігі (оның ішінде оқытудың мақсатына және оқытушы мен оқушы іс-әрекетінің (қызметінің) сипатына сай этаптардың жасалуы).

-         Педагогикалық нәтижелердің өндірушілігі.

Қазіргі таңда көптеген жаңа педагогикалық технологиялар оқу-тәрбие процесінде басшылыққа алынуда (ақпараттық проблемалық, дамыта оқыту т.б.). Н.Д.Хмель мынадай өлшемдерді бөліп көрсетеді:

-         ойдың тұжырымдық негізінің болуы;

-         технологияны жасаушылардың тиянақты әдіснамалық ұстанымының болуы;

-         нақты педагогикалық құбылысқа қатынастың жүйелілігі;

-         технологяда педагогикалық үрдістің екі жақты сипатының бейнеленуі;

-         алынған нәтижелерге диагностика жасау мүмкіндігі;

-         технологияның кез-келген оқу-тәрбие мекемелерінің жұмыс жағдайында қайта жаңғыртылуы.

Қазіргі педагогикалық технологиялар келесідей: құрылымға, технологиялық критерилерге; тұжырымдылыққа, жүйелілікке, басқарушылыққа, нәтижеге бойынша тиімді және шығын бойынша оңтайлы, өндірушілік негізгі сипатқа ие болуы қажет.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1.                     Таубаева Ш.Т. Оқытудың қазіргі технологиялары //Бастауыш мектеп.-1999.№3, 3-8б.

2.                     Абуов А.Е. Мектептің оқу үрдісінде инновациялық білім беру технологияларын пайдаланудың педагогикалық шарттары. Пед.ғыл.канд., автореферат.-Астана, 2005.-26 бет.