Ақтөбе облысының  экологиялық жағдайын талдау

 

Сайымова Мейрамкул Дулаткызы PhD доктор, доцент

 

Иманғали Тілекші 1 курс «Экономика» мамандығының магистранты

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

 

 

Облыста  579  әкімшілік аумақтық бірлік бар, оның ішінде: облыстық орталық, 7 аудандық мағынадағы қала, 12 аудан, 12 районов,  140 селолық округ.

 Ақтөбе, Қандыағаш, Ембі қалаларының, Кенқияқ, Жаңажол селоларының қатты тұрмыстық қалдықтарды көму полигондарының толық құжат топтамасы бар. Қазіргі уақытта Алға қ. және Шалқар қ. қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарына қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат рәсімделуде.

Қарғалы, Мәртөк аудандарында жергілікті атқарушы органдар жұмыс жүргізуде.

Селолық округтарды тексеру барысында жергілікті атқарушы органдар коммуналдық қалдықтардың құнды құрауыштарын  бөлек жинақтауды, оларды уақытша сақтауды, жүйелі түрде тасымалдап шығаруды, залалсыздандыруды, сондай-ақ елді мекендердің аумақтарын тазартуды қарастырған  коммуналдық қалдықтарды жинақтаудың тиімді жүйесін құрмағандығы анықталды. Селолық елді мекендердегі қоқыс орындары иесіз болып табылады. 

Жергілікті атқарушы органдардың әрекетсіздігі елді мекендер мен олардың  маңайларының ескі, қараусыз қалған және бұзылған құрылыстардың, мал қоралардың құрылыс қалдықтары сияқты қоқыстармен толуына және жерлердің ластануына әкеп соқтырды.

Ақтөбе облысында көңдерді орналастыруға арналған типтік полигондар жоқ.

Қалдықтарды орналастыру проблемалары:  типтік жобаларды әзірлеу, оларды қаржыландыру, рұқсат құжаттарының топтамасын рәсімдеу.

2011 жылдың 1 жартыжылдықта Таза Қала КММ жоспар бойынша экологиялық тексеру жұмысы жүргілді. Мекеме негізгі қызметі - елді-мекендерден ТҚҚ шығарып, қаланың тазалығымен айналысады. Сондай-ақ,  баланысында қалалық ТҚҚ полигоны  бар.

Полигонды экологиялық тексеру кезінде полигонда қабылдауға жатпайтын қалдықтар орналастырылған мәселен істен шыққан авто дөңгелектер техникалық майлар т.б. Сонымен қатар ТҚҚ құрылыс қалдықтарымен араласып жатыр. Полигонда жоба бойынша көрсетілген қалдықтардың көлемін көрсететін өлшегіш бағандар  (мерный столб, репер) қойылмаған. Сондай-ақ полигонның айналасы  полиэтилен пакеттері, қағаздар т.б. қалдық түрлерімен  ластанған. Осындай заңбұзушылыққа 45 360 тенге әкімшілік айыппұл салынды.

Облыс әкімдігі  2011ж. І жартыжылдығында  табиғат қорғау шараларына 2 972,2  млн. теңге бөлді (жылдық қаржыландыру сомасы 888,6 млн. тг.).

Жергілікті бюджеттен  бөлінген қаражат төмендегі табиғатты қорғау шараларының орындалуына жұмсалды:

-   Шалқар ауданындағы Шалқар өзенінің гидротехникалық құрылысын қайта жаңғырту, 44,4 млн.тг. игерілді.

Ырғыз ауданындағы «Ақши» лимандық суландырудың негізгі жүйесін қайта құру, 17,0 млн.тг. игерілді.         

Қандыағаш, Шұбарқұдық аудандық орталықтарында қалдықтар полигондарының құрылысы, 4,1 млн.тг. игерілді.

Ақтөбе қаласындағы Сазды өзенінің арнасын жақсарту, жұмсалғаны 25,2 млн.тг.

Елді мекендерді абаттандыру және жасылдандыру – 251,0 млн.тг.

Автокөлік жолдарын күту және жөндеу – 19,4 млн.тг.

Субұрғыш және сумен жабдықтау жүйелерінің қызметі, 6,4 млн. тг.

Республикалық бюджет бойынша Ақтөбе облысында ҚОҚМ тапсырысына сәйкес келесі жұмыстар жүргізілуде:

-  Ақтөбе қ. кәріздік тазартушы ғимараттарын  қайта құру;

-  Қысымдық канализациялық коллектор мен сыйымдылықты реттеуші торапты қайта құру.

 

 

 

Кесте 1

Табиғатты қорғау шараларына облыстық бюджеттен бөлінген қаражат көлемі, млн.тг.

№ п/п

 

жылдар

2010ж. Іж.ж.

 2011ж. Іж.ж.

1

Түскен төлемдер

7 719,3

5340,45

2

Табиғат қорғау шараларына бөлінгені

2 295,8

2 972,2

3

Табиғат қорғау шараларына бөлінген қаражат %

29,7

55,6

 

2011 ж. І жартыжылдығында 491,6 млн.теңге игерілді.

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру жиі қоршаған ортаны ластаумен бірге жүретіндігі жалпыға мәлім. Сондықтан Қазақстан Республикасының заңнамасымен олар үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу міндеттілігі қарастырылған.

Ақтөбе облысы бойынша «ББК и К» ЖШС және «Черепанова А.Ф.» ЖК пайдаланылған  люминесценттік шамдарды және сынапқұрамды аспаптарды жинаумен айналысады. 2011 жылдық 1 жартыжылдықта  пайдаланылған  люминесценттік шамдарды- 28 751 дана қабылдаса, өткен жылы ПЛШ-  20 725 данасын қабылдаған. Аталған ПЛШ-ды қауіптілігі 1 сынып қалдықтар  жиналу   көлеміне қарай,  арнайы жайларда, Қостанай облысының Лисоковск қаласына жіберіледі.

Ақтөбе қаласында  «Еламира» ЖШС,  «Ақтөбе қорғаныс» ЖШС тозған автокөлік доңғалақтарын жинақтаумен айналысады. 2011 жылдың 1 жартыжылдығында жоспар бойынша «Еламира» ЖШС мемкемесі тексерілді. Кәсіпорын 2006 жылдан бастап жұмыс жасайды. Мекеме жиналған авто көлік дөңгелектерін пиролиз әдісі бойынша қайта өңдеудеумен айналысады. Кәсіпорында 1319 тоннадан астам тозған көлік доңғалақтары жиналған.  Оларды қайта өңдеу үшін арнайы , УПОР-1Ш (ЮУПК) қондырғы орнатылды, іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өндеуден шығатын пиролиз сұйықтығы, отын ретінде (мазут), көмірсутек қатты қалдықтары, пиролиз газы және металлолом (металлокорд).

Мекеме технологиялық регламент бойынша өнделетін автокөлік дөңгелектердің 12,706 тоннасын асыра жинағаны үшін эмиссияға рұқсат құжатын алмағаны үшін 37 800 тенгеге әкімшілік айыппұл салынып,  384 229 тенгеге талап берілді.

Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар  анықталған қалдықтарға «иесіз»  статусын беру бойынша  жұмыстар жүргізуде.        

«Тенуса» ЖШС қалалық Ақтөбе әкімшілігінің қолдауымен Жол қартасы мемлекеттік бағдарламасы бойынша полимерлі композиттік материалдар жасау негізінде құрылыс бұйымдары өндірісінде салынуда. Технологиялық өндірісінде негіз ретінде платикалық қалдықтарды мекемелерден  жинайды. Осылайша платикалық қалдықтар өнделіп, қаланың қалдықтар бойынша бірсыпыра мәселелері шешімін тауып, экологиялық жағдайын жақсарта түседі.   1 жартыжылдықта «Брат медиа»  ЖШС жоспарлы тексеру жүргізілді.       Мекеменің негізгі қызметі медициналық қалдықтарды өңдеумен айналысады. Тексеру кезінде кәсіпорында өңдірісте пайда болған жинақталған, тасымалданған және өңделген орналастырылған қалдықтар бойынша   есептер жүргізілмеген. Жіберілген заң бұзылушылықтар бойынша 151 200 тенге әкімшілік айыппұл салынды.

Облыста қауіпті қалдықтарды есепке алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қауіпті қалдықтардың паспорттары әзірленіп, Тобыл-Торғай экология департаментінде арнайы журналға тіркеледі. Қауіпті қалдықтар паспорттарының реестрі тұрақты жаңартылып отырады.

Облыс бойынша 2011 жылдың 1 жартыжылдығында 27 кәсіпорын үшін 217 қауіпті қалдықтардың паспорттары тіркелді.

«СНПС Актобемунайгаз» жоспардан тыс тексеру мекемеге бұрғылау жұмыстарын «ККБК Великая стена» ЖШС, «Батыс Мунай» ЖШС,   «Халықаралық сервистік мұнай компаниясы Синопэк Казахстан» сервистік қызмет көрсетумен айналысқан. Кәсіпорынның берілген анықтамасында (скважина №8055, 7102, 8059, 8022, 8062, 8058, 8102 Кенкияк) 15 855 тонна бұрғылау қалдықтарын сақтаған. Аталған заң бұзушылыққа байланысты № 5086, 573, 5020, 5032, 5054, 5066 (Жанажол), № СТ-6, 7, 8, К-1 (Разведочный блок),   бұрғылау жұмыстарын аяқталғаннан кейін кепілдік хатты келтірілген зиян сомасын көрсете отырып, қоршаған ортаны қайта қалпына келтіруге сотқа жіберілді. 

«ТНК Казхром» АҚ-ның АЗФ филиалына жоспарлы тексеру кезінде сумен күлді шығару ұңғымасы (Чаше ГЗУ) және шлак жыныстарының  айналасы құрылыс қалдықтарымен ластанғаны үшін  356 177 тенгеге әкімшілік айыппұл салынды.

Жеке тұлға арызы бойынша «Актобе ТЭЦ» АҚ жоспардан тыс тексеру жүргізілді. 2010-2011жж.  «Актобе ТЭЦ» АҚ мен «Казтеплоэнергомонтаж» ЖШС арасында желдеткіш градирни және айналмалы насос жұмыстарын жүргізген кезде «Актобе ТЭЦ» АҚ–ның келісімінсіз мекеме айналасына құрылыс қалдықтарымен және бетанолом қалдықтарымен араласқан топырақты заңсыз төккен. Бұл жіберілген заң бұзушылыққа 128 632 тенге әкімшілік айыппұл салынды.

Кәсіпорындардың  хромқұрамды ағындары, сілті ерітінділері, гальваникалық, лак және бояу шығарушы, аккумуляторлық батареялардың қышқылдары сияқты   улы қалдықтарына арналған полигондардың жоқтығы облыстағы шешілмей отырған мәселелерінің бірі болып табылады.  Көмуді немесе қайта өңдеуді талап етіп отырған, жарамдылық мерзімдері өтіп кеткен пестицидтер мен пайдаланылған улы химикаттар ыдыстарынның көлемдері артып келеді.  

Ақтөбе облысының ауа бассейнін ластаушы  ірі кәсіпорындары:

- «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ       - 27,792  мың тн. немесе  41,98 %

- «ҚазақОйл Ақтөбе» ЖШС             - 11,6   мың тн. немесе 17,5 %

- «Актөбе ЖАҚ ИОА» МГБ             -  5,4 мың тн. немесе  8 %

- «ТҰК Казхром» АҚ АФЗ                  - 4,6 мың тн. немесе 6,9 %

Тағы да  бір шешім қабылдауды қажет етіп отырған проблемалардың бірі- алауларда ілеспе мұнай газдарының жағылуы.

2011 жылдың 1 жартыжылдығында ілеспе мұнай газын пайдалану көлемі – 1842,366 млн. м3, ал ілеспе мұнай газын пайдалану көлемінің ұлғаюына байланысты 2010 жылы  - 1240,2 млн. м3 құрады. 2011 жылдың 1 жартыжылдығында жағылған газ көлемі -  280,555 млн. м3 құраса, 2010 жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда ол – 10,695 млн. м3 төмен.

2011 жылдың 1 жартыжылдығында  ілеспе мұнай газы 25 алау қондырғыларында жағылды, соның ішінде: «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ – 6; «ҚазақОйл Актөбе» ЖШС – 4; «Қазақтүрікмұнай» ЖШС – 3; «Каспий НефтьТМЕ» АҚ –2; «Өзтүрік-Мунай» ЖШС – 4; «Арал Петролеум» ЖШС –1; «Ланкастер Петролеум» АҚ – 2; «Маерск Ойл Казахстан ГмбХ» компаниясы – 2; «Алтиес Петролеум Интернэшнл» АҚ – 1.

66,2 мың тоннаның 56,6 немесе 94,1 % атмосфераға шығарылатын ластаушы заттардың  негізгі көлемі  тазартылмай атмосфералық ауаға шығаруы алаңдатады, оны төмендегі кестеден көруге болады:

Ақтөбе облысының су ресурстарының жағдайы.

Облыс Әкімінің Қаулысымен балық шаруашылығы су айдындарының тізбесі бекітілді:

         - Елек өз.                             - Үлкен Қобда өз.

         - Ырғыз өз.                          - Торғай өз.

         - Ембі өз.                             - Қарғалы өз.

         - Ор өз.                                 -  Сағыз өз.

         - Ойыл өз.                            - Темір өз.

Елек өзені    Ақтөбе облысының  ең ірі ағын суы. Ақтөбе облысының шегіндегі өзен ұзындығы 257 км, су жинау алабы - 29 500 км².

Өзен Ақтөбе қ. аумағы, Мәртөк, Алға, Мұғалжар аудандары бойынша ағып өтеді.

Зерттеп-тексерілген Ақтөбе облысының су айданыдарының гидрохимиялық жағдайы - қанағаттанарлық.

Экология департаменті мен бірлесіп «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС маусым  айының 20-23 аралығында Қандыағаш қаласынан Ақтөбеге дейін Елек өзенінің бойымен «Таза өзен» атты экологиялық рейд акциясының 1-ші кезеңі ойдағыдай өтті. Ақпарат «Актюбенский вестник» және «Ақтөбе» газеттерінде жарияланды.

«Поколение-М» қоғамдық бірлестігі мен «Актюбинский Вестник» газеті бірігіп «Таза бұлақ» атты акция жарияланды, бұл акцияның мақсаты қоғамның көңілін бар бұлақтарды құрылғылармен жабдықтауға және қорғауға бөлу.

2007 жылы «Денсаулықты сақтау және экожобалау орталығы» ЖШС –і американдық СДМ компаниясымен бірлесіп жүргізген Елек өзені Жер асты суларын алты валентті хромнан тазарту мақсатындағы ғылыми зерттеу жұмыстарының техникалық – экономикалық негіздемесін аяқтады. Алты валентті хромнан тазарту мақсатында жүргізілуге тиісті жұмыстың жалпы құны 5 млрд теңгеден астам тұратындығы анықталды.

«Тарихи ластануларды жою» бюджеттік бағдарламасы аясында, жобалық – сметалық құжаттарды жасағаны үшін «Воднотехносервис» ЖШС-не  (Астана қ.) 2010 жылы республикалық бюджеттен  32,0 млн теңге бөлінді.

Есептегі жыл бойы Елек өзеніндегі бордың мөлшері, атап айтқанда,  ақпан айында  62 ШРК-дан қараша айында 57 ШРК-ға дейін жоғары болып келді. Алты валентті хроммен ластану қаңтар айында 7,7 ШРК-дан қазан айында 6,25 ШРК-ға дейін болды.

Елек өзені бассейнінің бормен ластанған жер асты суларының аумағы 21,1 шаршы шақырымды, алты валентті хроммен ластанған аумағы – 12,0  шаршы шақырымды құрайды.

2007 жылы «Денсаулықты сақтау және экожобалау орталығы» ЖШС –і американдық СДм компаниясымен бірлесіп жүргізген Елек өзені Жер асты суларын алты валентті хромнан тазарту мақсатындағы ғылыми зерттеу жұмыстарының техникалық – экономикалық негіздемесін аяқтады. Алты валентті хромнан тазарту мақсатында жүргізілуге тиісті жұмыстың жалпы құны 5 млрд теңгеден астам тұратындығы анықталды.

Жер ресурстарының ластануы (кесте 2 карастырылған).

2011 жылдың 1 тоқсанында Жерлерді қорғау саласында мемлекеттік инспекторлар  244, оның 12-жоспар бойынша, жаңа құрылыс салу және телімнің нұсқасын өзгерту үшін жер телімін таңдау бойынша-232  тексеру жүргізді және 11 нұсқама берді, оның 11 орындалды. Табиғат қорғау заңнамасының бұзушылығы үшін 7 997,753 мың теңгеге 37 әкімшілік айыппұл салынды. Бұл көрсеткіш 2010 жылмен салыстырғанда 20 айыппұлға төмен. Есептегі жылы  6 306,907 мың теңгеге салынған 29 айыппұл өтелді, 2 нысанның қызметі уақытша тоқтатылды.

Ластану нәтижесінде айналымнан шығарылған жер алаңдарының жалпы көлемі, мың га: 2011 жылдың 1 тоқсанында жоқ:

1. Қайта құнарландыруға жатпайтын жерлер  - жоқ

2. 2011 жылдың 1 тоқсанында қайта құнарландырылған жерлер –   98,4  га.

3. Ластанған жерлер – 6,3  га.

4. Шөлейттенген жер алаңдары –  мың га.

5. Соның ішінде, ірі кәсіпорындар бойынша қайта құнарландырылған жерлер  -98,4  га.

 

Әдебиет

1. Сейтқалиев Ғ.  “Экологиялық проблемалар”. Алматы, 2003. 257бет.

2. Бейсенова А.,Шілдебаев Ж. “Экология және табиғатты тиімді пайдалану” Алматы: “Ғылым”, 2004. 325бет.

3. Ақтөбе экологиялық инспекциясының бақылау және құқық қолдану қызметі бойынша 2011 ж. 1- жартыжылдығы ақпараттық – аналитикалық есебі// Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау министрлігі, 2011