Экономические науки / 1.Банки и банковская система

 

«Қаржы» мамандығы 2-ші курс студенттері Болатханова А., Бейсенбаева А.

Ғылыми жетекшісі: Кереева А.Р.

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ

Коммерциялық банктің тәуекелдерін басқару

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан–2050» атты халыққа жолдауында үшінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, стра-тегиялық күшті ілгерілуге бағытталу көрсетіледі.

Қазақстанның алдыңғы қатарлы коммерциялық банктері өзінің табыс базасын кеңейту үшін, табыстылықты және бәсекелік қабілеттілігін жоғарлату үшін өзінің клиенттеріне кең ауқымды операциялар мен қызметтер көрсетуге ұмтылатыны белгілі. Бұл жерде есте ұстайтын жағдай, банк қызметінің дамуы клиенттер және банктің өзі үшін минималды шығындармен банк қызметтерін көрсетуді, клиенттерге қажетті қызметтерге қолайлы бағаларды пайдалануды білдіреді.

Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әртүрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан өтімділікке деген клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигациялар немесе акциялар жұмсағанға  қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады [1,54].

Банк операцияларының тиімді, икемді жүйесі кең ауқымды клиенттерімен ішкі жинақтарды шоғырландыруға жағдай жасау керек. Осыған байланысты өзгермелі экономиканың қалыптасып келе жатқан қажеттілігіне жауап бере алатын икемді банктік қызмет көрсету мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр.

Бүгінгі таңда банктердің қызмет көрсету нарығындағы қатаң бәсекелестік жағдайында  банктердің  халыққа қызмет көрсету үдерісінде әр түрлі операциялар бойынша пайда болатын тәуекелдерін дұрыс бағалап,басқара білуі банк табыстылығының кепілі болып отыр.

Банктік тәуекелдерді басқарудың басты мақсаты банктің активтері мен пассивтерін дұрыс басқара отырып, банк өтмділігі мен пайдасын оң көрсеткіште ұстап тұру, күтілмеген жоғалтуларды барынша төмендету болып табылады. Сондықтан да әрбір банк өзінің тәуекелдерді басқару стратегиясын жасауы керек, ал стратегия өз кезегінде қазіргі талаптарға сай және банктің дамуымен қатар тәуекел деңгейін қалыпты ұстап тұруда оңай басқарылуы қажет. Банктің тәуекелдерін сапалы басқару ұзақ мерзімді нәтижелі дамуына жол ашады. Банктік тәуекелдерді басқарудағы түрлі іс-әрекеттер, шаралар, шешімдер тәуекелді басқару саясаты деп аталады.

Тәуекелдерді басқару процесінде келесі ережелерді қатаң ұстанған дұрыс:

-                     Меншік капиталынан жоңары көлемде тәуекелге баруға болмайды;

-                     Тәуекелдің ақыры неге апаратынын әрдайым ескерген жөн;

-                     Аз пайда үшін көп шығынға ұшырайтын әрекетті білген дұрыс;

-                     Тәуекелмен байланысты шешімді дұрыс қабылдау үшін қабылданып жатқан шешімге күмәнді болмау керек;

-                     Әр уақытта тәуекелді шешудің бірнеше жолы болады.

Банктік тәуекелдерді басқару менеджменттің бір функциясы ретінде келесідей қағидаларға негізделеді:

- Пайда табу мақсатында тәуекелге ойлана бару қағидасы;

- Қабылданған тәуекелдердің басқарылу қағидасы;

- Күтілген табыс деңгейінен тәуекел деңгейінің аз болу қағидасы;

- Қабылданған тәуекел деңгейінің банктің қаржылық мүмкіндіктерінен аспау қағидасы;

- Тәуекелді жою шығыны жоғалтатын қаржыдан аспауы қағидасы;

- Тәуекелдерді басқарудағы уақыт факторы қағидасы.

Банктік тәуекелдерді дұрыс және пайдалы басқару үшін қазіргі жағдайда оған қандай факторлар әсер ететіндігін білу қажет. Жалпылама алғанда тәуекел банкке әсер ететін факторлар өте көп, яғни әрбір әсер етуші фактормен бірге тәуекел қатар жүреді. Сол себепті олардың қандай көздерден туындайтын осы факторларды дұрыс бөлуден айқындалады. 

Дамыған елдерде, менеджмент өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды факторларының қатарына жатады. Нарықтық  жағдайдағы шаруашылықта оған басты назар аударылады, себебі менеджмент қосымша капитал салымдарын  талап етпей-ақ, шығындарды төмендете отырып  жоғарғы табысқа жетуге мүмкіндік береді. Менеджменттің негізгі мақсаты – басқарудың ең тиімді формаларын қолдану жолымен табыс табу. Сондықтан, нарықтық қатынастары қатаң бәсекелестік жағдайда дамыған елдерде, менеджмент – бизнеспен, кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланыста болады. Дамудың жөнді алғы шарттарын иелену үшін, басқару жүйесін үнемі жетілдіріп отыру қажет, сонымен қатар,  теория мен тәжірибеде қорланған білімдерді  тез игере, өзгермелі жағдайларда  – жаңа, қалыптаса қоймаған шешімдерді қабылдай білу керек [2,75].

Тәуекелді басқаруға жүйелі тәсілді қолдану және оны ірі банктің активтері мен пассивтерін басқару жүйесін қалыптастыру кезінде (алдағы уақытта дамуы ішін де) қолданылуын есептеуге болады.

Тәуекел  әрқашанда  адам  қызметінің  кез  келген  аясында  бірге болады  және  оның  қызметінің  табыстылығы  тәуекел  мәселесін  жақсы шешуіне  байланысты  болады.

Тәуекел қаржылық операциялардың кез – келген жағдайында пайда болуы мүмкін, бірақ әр түрлі масштабта. Банктік қызметтің мақсаты тәуекелді алдын ала жолдарын ойластыру, пайда болған тәуекелдің деңгейін  алдын ала болжау және төмендету.

Банк ісіндегі тәуекел – бұл банкті шығындарға және банкроттылыққа әкеп соқтыратын, жоспарланған  қаржылық  операцияларды  жүзеге асыру  нәтижесінде  қосымша  шығындардың  пайда  болуы,  табыстардың толығымен  алмауы  немесе  банктің  өз  ақша – қаражаттарын  жоғалту мүмкіндігі.

Банктің  өз  қызметі  процесінде  тәуекел  түрлерінің  әр түрлі жиынтығымен  кездеседі. Осы  жинақтар  бір – біріне  пайда  болу  уақыты мен  орны, экзогендік  факторлар  жиынтығы (яғни  экономикалық  орта, коньюктурамен  байланысты «сыртқы») және  экзогендік  факторлар  банктің (өзіндік  қате  қызметінен  пайда  болатын «ішкі») бойынша  ажыратылады. Сонымен  бірге, барлық  тәуекел  бір – бірімен  байланысты  және  банк қызметіне  әсер  етеді.

Банк  қызметі  табысты  болу  үшін,  банк  тәуекелді  бөлшектеу  және нақты  тәуекел  түріне  ең  жақсы  басқару  тәсілін  қолдану  қажет.

Тәуекелдерді басқару Банктің операциялық қызметінің маңызды элементі болып табылады. Банк қызметіндегі тәуекелдердің негізгі түрлері мыналар: несиелік тәуекел, өтімділік тәуекелі, пайыздық мөлшерлемелердің өзгеру тәуекелі және валюталық тәуекел. Банктің тәуекелдерін басқару келесідей жүзеге асырылады [3,148].

Банктің тәуекелдерді басқару саясаты тәуекелдерді анықтауға, талдау мен басқаруға, тәуекелдерді шектеуге, сонымен қатар тәуекел деңгейін және оның орнатылған шектеулерге сәйкес болуын үнемі бағалауға бағытталған. Тәуекелдерді басқару бойынша процедуралар мен саясат нарықтағы жағдайлардың өзгеруін есепке алудың негізінде жүргізіледі.

Банктің тұрақтылығын, пайдалылығын және барынша өсуін үйлестіре отырып, банкті және оның тәуекелдерін қалай басқаруға болады. Бұл мәселенің бір ғана шешімі болуы мүмкін емес. Алайда, қатаң банк бәсекесі жағдайында пайданы арттыруға және банкті жаулап алуға ешкім мүдделі емес. Нарықтағы әрбір бәсекелес шамадан тыс тәуекелге, соқыр тәуекелге немесе жәй қылмысқа тән әрекетсіздікке бас ұрмай, «өзінің ақылымен» дербес тіршілік етуге тиіс. Егер қандай да бір стратегия таңдап алынса, соны тақуалықпен орындау қажет. Дүниеде ешкімнің пікіріне мән бермеу қажет –таңдалған стратегияның дұрыстығын растайтын тек банктің пайдасы мен өміршеңдігі. Стратегия мен іс жүзіндегі жағдайды үнемі салыстыра отырып, келешек пен мақсаттарды талдап қана тәуекелдер мен бәсеке әлемінде жан сақтауға болады. [4,115].

Ірі банктердің кіші және орта банктерге қарағанда біраз артықшылығы бар, олар пайдаланармандарға кең көлемде қызмет көрсете отырып, көптеген және әртүрлі нарықтарда жұмыс атқарады. Сол себепте, олардың  қызметі территориалды және ұсынатын қызметтерінің түрі мен көлемі бойынша әртараптанған. Бұл ұтымды, өйткені экономикалық тұрақсыз жағдайда  банк тәуекелдігі деңгейінің  төмен болуын қамтиды. Мұндай ірі қаржы-несие  институттарының даму деңгейіне  салалардың, аймақтың  немесе тіпті мемлекеттің экономикалық жағдайының өзгеруі ешқандай  әсер етпейді [5,174].

 

ӘДЕБИЕТТЕР:

 

1.                 Деньги, кредит, банки [Электронный ресурс] / Поди ред. О. И. Лаврушина.- М.: КНОРУС, 2011.- 1опт. диск. 1экз. 

2.                 Банктік тәуекелді басқаруда стратегиямен факторлары» Қаржы – қаражат №2, 2005;

3. «Екінші деңгейлі банктердің тәуекелді басқару жүйесінің дамуы» ҚазҰУ хабаршы. Экономикалық серия №1 (47) 2005;

4. М.А.Бухтин. Принципы управления рисками в коммерческом банке.- М: Оперативное управление и стратегический менеджмент в коммерческом банке №2/2009(12). 

5.                 «Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Алматы: ИздатМаркет, 2004ж.