Ш.И. Косымбаева

 

Ш.Есенов атындағы КМТИУ

 

БІЛІКТІ МАМАН – ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ

 

Қазақстанның XXI-ғасырдағы даму стратегиясының негізгі басымдықтарынң бірі – білім беру ісі болып табылады.  Білім беру жүйесін дамытудың алғышартарына: - экономикалық білім беру мен қоғамды ізгілендіру, оқытудың озық технологияларын оқыту үрдісіне енгізу жатады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылдарға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімінің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру екендігі көрсетілген [1].

Осы тұрғыдан алғанда экономикалық білім беру мәселесінің ғылыми-теориялық негізде зерттеліп, тәжірибеге енуі қоғамдық қажеттілік болып табылады. Себебі экономикалық білім берудің басты мақсаты (студенттерді) экономикалық білім негіздерімен қаруландыра отырып,  нарық заманында өмір сүріп, еңбек етуге бейімделе алатын, бәсекеге қабілетті адамды тәрбиелеу.

Еліміздің экономикалық даму деңгейі нарық қатынасының дамуымен, қалыптасыумен сипатталады, яғни нарық жағдайында білім беру мазмұны қоғам талабына сай құрылуы керек.

Нарық жағдайында пайда болған «қажеттілік», «тұтынушы», «айырбас», «меншік», «бизнес», «пайда», «коммерция» сияқты экономикалық ұғымдар студенттердің санасына берік орынғып, оның мағынасын түсіне білуі қажет. Қазіргі заман талабы – осы.

Экономикалық білім қоғамның әрбір мүшесіне қажет, себебі қазіргі нарықтық қатынас жағдайында кәсіпкерлікті дамытудың экономикалық және құқықытық шарттары қалыптасуда, сонымен қатар құнды қағаздар нарығы дамуда [2].

Еліміздің экономикасын көтеруде болашақ мамандар даярлау ісі өзекті мәселе болып табылады. Осы мақсатта экономикалық бағдар беру, экономикалық және еңбек тәрбиесі, кәсіп таңдау, экономикалық білім мен тәрбие мәселелері қарастырылады.

Экономикалық білім беру – экономикалық білімді қалыптастыру процесі. Экономикалық іс-әрекет әдістері, шығармашылық ізденіс белсенділігі, экономикалық құбылыстарды ұғынуға деген адамдардың эмоционалдық-құндылық қатынасы деп түсінуге болады.

Бұл үрдіс мотивке, шартқа, құндылық бағытқа айналғанда ғана нәтижелі болатынын ескерген жөн.

Ғалым В.Д. Попов өз зерттеулерін қорыта келе «Экономикалық білім беру және экономикалық ойлау өзара шартты және бір-бірін өзара толықтыратын диалектикалық процесс болып табылады» - деген.

Ол экономикалық ойлауды адамның экономикалық құбылыстарды бейнелеу, сезіну, қорыту қабілеті, оның мәнін танып түсінуі, экономикалық ұғымдарды игеру және салыстыру, экономикалық заңдылықтарды ұғынуы деп есептеп, осылардың негізінде өзінің экономикалық іс-әрекетін ұйымдастыруы түрінде қарастырады [3].

Экономикалық сананың, ойдың, іс-әрекеттің қалыптасуы біртұтас, үздіксіз процесс болып табылады. Бүгінде қоғамның барлық мүшелерінің экономикалық түсініктерді, ұғымдарда меңгеруге деген қажеттілігі артып, бұл қажеттілікті жүзеге асыру жолдары іздестірілуде.

Ұлы Абай экономикалық білім беруді қалыптастыруға зор ықпал ететін ес, зейін мәселелерін терең зерттеген. Ол есте сақтау, зейін қабілетінің күшті болуының төрт түрлі жолын отыз бірінші сөзінде ашып көрсетеді. Абай ерік – қайраттың адам өмірінде алатын орнына ерекше мән берген, әркімнің өзін-өзі билеуі, өзінің мінез-құлқын басқаруы, мақсатқа жету жолындағы кедергілерді жеңуі – бәрі де ерік қызметінің нәтижесі. Сондықтан ол былай кеңес береді «Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәртебе, болмаса жұмасына бір, ең болмаса айында бір өзіңнен өзің есеп ал. Өмірді қалай өткізудің, не білімге не дүниеге жарымды қылық еткізіпсің». Бұл даналық ой толғауларды экономикалық білім мазмұны мен білімге қойылатын талаптарды іріктеуде басшылыққа алуға болады [4].

Экономикалық тәрбие беру мәселесін зерттеуші ғалымдардың  пікірінше «экономикалық тәрбие беруде бір ескеретін жай экономикалық жаңаша ойлау өздігінен пайда болмайды, ол қажырлы еңбекпен келеді, білімді ұдайы толықтырып, адам психологиясын үнемі бағдарлап отыру негізінде қалыптасады».

Экономика – өмір қажеттілігі. Адам өмір сүріп жатқан қоғамда бірде-бір саланың, бірде-бір мамандықтың, бірде-бір елдің экономикалық заңдарды мойынсынбай әрекет етуі, экономикадан тыс өмір сүруі мүмкін емес. Барлығы да экономика әлемнің талаптарын ескеріп отырады. Алам экономикаға қатыссыз мәселені шешсе де, оның мәні экономикамен тікелей байланыстыболады.

Экономикалық білім және тәрбие беру, қоғамдық өндірістің даму заңдылықтарын оқыту, нарық заңымен таныс болу, алған экономикалық білімдерін тәжірибеде тиімді, нәтижелі қолдана білуге үйрету оқу орындарының алдында тұрған басты бағыт. Болашақ мамандарға экономикалық білім берудің мақсаты – нарықтық өндірістегі ұйымдастырушылық және экономикалық қызметпен байланысты адамның әлеуметтік тәжірибесі негіздерінің мәнін ұғындыру.

Әлемдік өркениет ұйытқысы ретінде біліктілік пен білім кеңістігін интеграциялау бағыты мен бағдары – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Қазақстан болашақта жоғары технологиялық тауарлар өндірудің және жедел өсу үстіндегі экономикаға көрсететін сапалы мамандар даярлаудың сервистік-технологиялық орталығына айналуда [5].

Экономикалық білім беру арқылы қабілетті тұлғаны қалыптастыруда біздің Ш. Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік Технологиялар және Инжиниринг университетінің орны ерекше, өйткені, осы оқу орнында экономикалық салада қызмет атқаратын мамандар даярланады. Сондықтан болашақ мамандар «Экономика мен басқару негіздерін» тек теориялық тұрғыдан ғана біліп қоймай, экономикалық есептеулер жүргізе білуі тиіс. Экономикалық білім негізінде тұлғаның бойында ұқыптылық, іскерлік, біліктілік сияқты қасиеттер қалыптасады және студент қоғамның қай саласында болмасын экономикалық мәселелерді шешуге, нәтижелі іс әрекет етуге дағдыланады.

Біздің экономикалық білім берудегі мақсат – студенттің бойында экономикалық ойлау қабілетін қалыптастыру, қоғамдағы экономикалық құбылыстар мен үрдістердің мәнін түсіндіру, қоршаған орта өзгерістеріне бейімделе білу және қоғамда өз орнын таба білуге үйрету.

Болашақтың бүгіннен де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдыретті күш тек білімде ғана. Қай ел болсын, өсіп-өркендеуі, әлемде өзіндік орнын алуы сол мемлекеттің біліміне, білім сапасының жайына байланысты екенін ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа  Жолдауында ерекше айтуы да сондықтан [6].

Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сай Қазақстан Республикасының дамыған елдермен нық тіресіп тұруы үшін елімідің болашағы мен қазіргі кезеңіне білімді, зерделі, қоғамнан өз орнын таба алатын кәсіби мамандар қажет.

 

Әдебиеттер тізімі:

 

1.     Казақстан Республикасының  2015 жылғы деінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы. / «Республика Ұстаздары» 2004, 28 қаңтар.

2.     Ушинский К.Д. Избаранные педагогические соч. В 2-х т. М.:,1982.

3.     В.Д. Попов. Экономика плюс педагогика: Очерки об экономическом воспитании молодежи. М; Молодая гвардия, 1986-288с.

4.     Құнанбаев Абай. Абайдың қара сөздері.

5.     Қ. Жарықбаев. С.Қалиев. «Қазақи тәлім – тәрбие». Алматы, Санат,- 332 бет.

6.     Білімді ел. Образованная страна. №3 (40) 9 февраль 2016г.