Талапбаева Гульнар Едиловна

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

«Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы, э.ғ.к

 

Қазақстанда венчурлік инвестициялауды дамытудың негізгі тетіктері

 

Мемлекеттiң күш салымы инновациялық процеске кәсiпкерлер мен жеке капиталдың қатысуынсыз жеткілікті түрде тиімді емес. Қазiргі кезде кәсіпкерлердің отандық ғылыми әзiрлемелердi iздестiруде, бағалауда және жылжытудағы қызығушылығының әлсiздiгі байқалып отыр.

Венчурлік қорлар венчурлiк инвестициялаудың негізгі тетiгi болып табылады. Венчурлік инвестициялауды дамытудың бастапқы кезеңiнде қызметi инновацияларды құруға немесе коммерцияландыруға бағытталған жеке отандық және шетелдiк капиталды тарту мемлекеттiң тiкелей үлестік қатысуымен венчурлiк қорларды құру кезiнде мүмкiн болады. Венчурлік қорға инвестицияланатын мемлекеттiк қаражат бұл қорға кiретiн жеке инвесторлардың тәуекелдерiн төмендетедi. Венчурлiк индустрияны қалыптастырудың бастапқы кезеңiндегi мемлекеттiк жәрдемдесудiң мұндай нысаны барлық елдерде дерлiк өзiнiң тиiмділігін көрсеттi. Мемлекеттiң венчурлiк қорларды құруға қатысуы ҰИҚ арқылы жүзеге асырылады. ҰИҚ-тың инновациялық саясатының негiзгi бағыттарының бiрi құрылатын венчурлiк қордың жарғылық капиталына бақылаусыз қатысу (49%-ға дейiн) жолымен отандық және шетелдiк инвесторлармен бiрлесiп, венчурлiк қорлар құру болып табылады. Осы Бағдарлама қызметi компанияның/жобаның тiршiлiк ету кезеңiнiң бастапқы кезеңiне арналған инновацияларды құру және коммерцияландыруға бағытталған компаниядағы инвестицияларды венчурлiк инвестициялау ұғымын ғана шектейдi. Осыған байланысты осы бағдарламада төмендегідей ұғымдар пайдаланылады:

Венчурлiк инвестициялау - идеяларды жаңа өнiмнiң тұсаукесер үлгiлерiн құруға және оның коммерциялық әлеуетiн бағалауға дейiн жеткiзуге байланысты қолданбалы ҒЗТКЖ-ның зерттеулерi (1); бастапқы сериялық өндiрiс және өнiмдi бiрiншi сату (2); өндiрiстi ерте ұлғайту және өнiмдi өткiзудiң жаңа рыноктарына шығу (3) кезеңдерiнде инновацияларды құруға және/немесе коммерцияландыруға бағытталған инвестициялау.

Венчурлiк қор - венчурлiк инвестициялауды жүзеге асыру мақсатында заңды тұлға құрумен де, құрмай да жасақталған заңды және/немесе жеке тұлғалардың бiрiктiрiлген капиталы.

Венчурлiк қордың компаниясын басқарушы (менеджер) - инвестициялардың объектiлерiн таңдау және бағалау, компаниялармен мәмiлелер жасасу, олардың қызметiн бақылау және олардан шығуды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi қамтитын венчурлiк қорды басқару үшiн жауапты заңды тұлға. Шығу - инвестордың оның иелігіндегi акциялардың пакетiн/қатысу үлесiн сатудағы венчурлiк инвестициялау процесiнiң аяқталған кезеңi.

 Венчурлiк инвестициялауды дамытудың бұл кезеңiнде келесідей сәттердi ескеру қажет:

- бүкіл әлемдегi венчурлiк қаржыландыру дағдарыс жағдайында стагнациялық кезеңдi бастан кешiрiп отыр, венчурлiк қорларға қаражат тартудың көлемi Еуропада да, АҚШ-та да қысқарып жатыр, бұл Қазақстандағы венчурлiк инвестицияларды тарту жөнiндегi мiндеттердiң орындалуын қатты қиындатады;

- дамыған елдердегi венчурлiк қор менеджерлерiнiң басым көпшiлiгi инвестициялаудың географиясын дамыған елдерден тысқары ұлғайту туралы мәселеге және жекелей алғанда Қазақстандағы инвестициялау ұсыныстарына сақтана қарайды;

- барлық қор менеджерлерiн бiрiншi кезекте елдегi венчурлiк кәсiпкерлiктi дамыту мәселесi және оны қолдау жүйесi қызықтырады. Егер елде идеялар мен ғылыми-зерттеу ұжымдары түрiнде емес, мемлекеттiк қолдау жүйесi бар инновациялық менеджерлер мен кәсiпкерлер жетекшілік ететiн тiркелген компаниялар объектілерiне таңдау болмаса шетелдiк қорлар елге келмейдi;

- кейбiр басқарушы компаниялар бiрiншi қадам ретiнде жобаларды ғылыми-техникалық талдау, инвестициялау процесi, инвестициялар қоржынын әртараптандыру, тәуекелдердi бағалау, жобадан шығу әдiстемесi бойынша консалтингтiк қызметтердi, екiншi ынтымақтастықкезеңін (кем дегенде бiр жылдан кейiн) олар Қазақстанда олардың қатысуынсыз толықтырылатын венчурлiк қорларды басқару бойынша бiрлескен компаниялар құру туралы мәселенi қарауға дайын болады. Тек бiрлескен жұмыстың үшiншi кезеңiн ғана акционерлердiң алдына Қазақстандағы өз қорларының қаражатын тарту бойынша мәселе қоятын болады. Бұл жолдың болуы мiндеттi түрде деп ұғынылады және еуропа қор менеджерлерiнiң тәжiрибесiн, жұмыс технологиясын қабылдауға, оларға елдегi венчурлiк капиталға сұраныстың және инвестициялардың кiрiстiлiгінiң бар екенiн көрсетуге мүмкiндiк бередi;

- көптеген қорлармен және венчурлiк қорлардың активтерiн басқару жөнiндегi компаниялармен жұмыстық өзара iс-қимылын орнату үшiн оларға ақшаны инвестициялау, олардың акционерлерiмен өзара қатынасты орнату, өз мамандарын тағылымдамаға жiберу және одан әрi Қазақстандағы инвестициялауға бұл қорларды тартуға, бiздiң елiмiзде инвестициялау үшiн бұл қорларды тартуға мүмкiндiк беретiн олардың акционерлерi (пайшылары) болу қажет. Венчурлiк капиталды елге тартудың бұл тәсiлiн оңтүстiк Шығыс Азия, Корея және тағы басқа елдер пайдаланды.

Қазақстанда ҰИЖ-ды қалыптастырудың негiзгi қағидаттары:

- мемлекеттiң ҰИЖ-ны қалыптастыру мен дамыту процесiндегi белсендi рөлi;

- мемлекеттің жеке капиталмен серiктестiгi;

- жүйенiң ашық сипаты.

Мемлекеттің белсендi рөлi бiрiншi кезекте ҰИЖ-ды қалыптастыру үшiн қажет. Шетелдiк тәжiрибенi талдау көрсетiп отырғандай әлемнiң бiр де бiр елiнде рынок, жеке сектор ҰИЖ-ды дербес қалыптастырған жоқ. Барлық елдерде ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлетiн арттыру үшiн мемлекет жүйеге белсендi қатысушының рөлiн өзiне алуға тура келдi. Мемлекеттiң белсендi рөлi ҰИЖ-дың барлық элементтерiнiң өзара iс-қимылдарын мемлекеттiк деңгейде үйлестiрудi жүзеге асыруға; дамудың ұлттық, салалық және өңiрлiк басымдықтарының келiсушiлігін қамтамасыз етуге; ресурстарды басым бағыттарға шоғырландыруды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Мемлекеттiң жеке капиталмен серiктестiгi инновациялық даму процесiнде жеке сектордың ресурстарын тарту үшiн қажет. Ұлттық инновациялық жүйенiң ашық сипаты оның тиiмдiлiгін қамтамасыз ету үшiн шешушi маңызы бар. Ашықтық дәстүрлiк ғылыми ортада да, дара өнер тапқышта туындаған iшкi және сыртқы инновацияларды қабылдау жүйесiнiң қабілетiн білдiредi. ҰИЖ кез келген қызықты өнертабысты, кез келген коммерциялық перспективалық әзiрлеменi iске асыру мүмкiндiгiн қамтамасыз етуi тиiс. Бұл өндiрiс пен ғылыми зерттеулердiң жаһандану процестерiнен барынша нәтиже алуға, инновациялық қызметке елдiң барлық талантты адамдарын тартуға мүмкiндiк бередi. Қазақстандағы ҰИЖ-нiң қаржы инфрақұрылымдарын дамыту.

     Венчурлiк инвестициялауды дамытуда мемлекеттiк саясаттың ұлттық инновациялық жүйесiнiң төмен инновациялық белсенділiгi, жүйе құру элементтерiнiң нашарлығы жағдайында мемлекеттiң жеке капиталмен тiкелей әрiптестігінiң тетiктерiнiң жанама ынталандыру құралдарымен қатар қосатын болады. Мемлекет венчурлiк капиталға және оның қосымшасына сияқты сұраныс ықпалын көрсететiн болады.

Венчурлiк капиталдың ұсынысын мемлекеттiк ынталандыру мынадай жолмен жүзеге асырылатын болады:

- венчурлiк қорларды құруға қатысу;

- институционалдық инвесторлар мен қаржы институттары венчурлiк инвестициялауда қатысу үшiн жағдай жасау;

- дербес инвесторлар желiсiн ("бизнес қамқоршысы") құруға жәрдемдесу;

- венчурлiк инвестициялардың өтiмділiгін қамтамасыз ету;

- ҒЗТКҚ және инновациялық жобаларды қаржыландыруда жеке капиталмен әрiптестік;

- инновациялық жобаларды iске асыруда инвестицияларды мемлекеттiк сақтандыру жүйесiн құру;

- инновациялық менеджментi, оның iшiнде венчурлiк қорлардың менеджмент қызметiн жүзеге асыратын кәсiби басқару институттары (басқарушы компаниялар) болуын дамытуға жәрдемдесу.

 

 

Әдебиет

 

1 Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 10 тамыз 2014 жыл.

2 Мацнев О. Венчурное предпринимательство: мировой опыт и отечественная практика // Вопросы экономики. — 2006.  — С. 124—132.

3 Гурвич В. Без венчурного задела // Экономика и жизнь. — 2006. —  23 — С. 5.