Ақпараттық саясаттың қоғамдағы орны мен
рөлі
Сайымова
Мейрамкул Дулаткызы PhD доктор, доцент
Жакен
Бибігүл
«Мемлекеттік
және жергілікті басқару» 1 курс магистрант
Көптеген индустриалды дамыған елдерде
бұқаралық ақпарат құраладрының
жеке-кәсіпкерлік институты, экономиканың бір саласы ретінде
рөл атқарады. Олардың экономикалық іс-әрекеті
ақпаратты жинау, өндіру, сақтау және “сату”-ға
негізделеді. Бұндай жағдайда бұқаралық
ақпарат құраладры нарықтық экономиканың заңына
бағынады. Олар өздерінің бағдарламалары мен
баспасөз беттерінде қоғамдағы негізгі мәселелерге
көңіл аударады.
Негізінен үкімет пен
бұқаралық ақпарат құралдары
арасындағы қарым-қатынастың сипаты - елдің саяси жүйесіне, билік
басында қандай үкімет отырғанына, қандай
мәселелер сол қоғам үшін маңызды, әлемдегі
жағдай қандай, т.б. жағдайларға байланысты. Сонымен
қатар, бұл журналистердің, репортерлердің,
редакторлардың құндылықтары, идеалдары, саяси
ұстанымдары қандай деңгейде бөлісііне де байланысты.
Жекелеген газеттер мен журналдар нақты саяси
партиялар немесе ұйымдардың мүддесін білдіреді. Индустриалды
дамыған елдерде бұқаралық ақпарат
құралдары мемлекеттен тәуелсіз болуды қалайды. Мысалы,
Испанияда газеттер мен журналдар аз тиражбен шықса да,
қоғамдық пікірге үлкен ықпал етеді.
Францияда “Юманите” мен “Матэннен” басқа
қандай да бір газеттің бірде-біреуі партияға жақын
емес. Француз газеттері үшін “оңшыл”, “солшыл” болып бөліну
тән. Солшылға – “Юманите”(коммунистикалық партия),
“Матэн”(социалистік партия), “Монд”, “Либерасон” және т.б. жатады.
Оңшылға – “Фигаро”, “Фигаро магазен”,
“Франс-суар” жатады. Ұлыбританияда да нақты саяси партиялар атынан сөйлейтін
бұқаралық ақпарат құралдары аз. Бірақ
та, “Дейли телеграф” газеті ірі бизнеспен байланысты, “Дейли миррор”
лейбаристерді қолдайды. “Гардиан” реформалардың мүддесін
білдіреді, “Файнэншл таймс” Лондонның қаржы топтарының
мүддесін білдіреді.
Алайда
бұқаралық
ақпарат құралдары мен үкімет арасындағы
қақтығыстар АҚШ-та аз емес. Мысалы, Въетнамдағы
соғыс туралы, Уотергейт ісі туралы, Картер мен оның хатшысы С.Клау
арасындағы қатынастар туралы БАҚ өте қатты билік
адамдарын сынға алды.
Негізінен
пресс-конференция президент үшін ең алдымен өз саяси
бағытын қолдауға халықтың пікірін
қалыптастыру болса, баспасөз үшін – саяси
ақпараттың жаңа қайнар көзі болып табылады.
БАҚ
бүгінде саяси шешімдерді әзірлеу, қабылдау мен жүзеге
асыру, кері байланысты орнату, таңдалған саяси бағытты
жөндеу сияқты саяси процестердің барлық
деңгейлеріне белсене қатысатын азаматтық институт ретінде
пәрменділігі артып келеді. Әрине, әлем елдерінде
БАҚ-тың демократиялық жаңаруларға қатысуы
әр түрлі саналады. Сондықтан бұқаралық ақпарат
құралдарының саяси процеске қатысуындағы
ұқсастықтар мен ерекшеліктері жоғарыда аталған
модельдер аясында танылады.
Осындай
мәселелерді қоғамда анықтай түсу мақсатында
««Контакт» зерттеу орталығы және жобасы»
қоғамдық бірлестігі сауалнама
жүргізді(Қосымша 1).
Кесте 1. Жаңалықтарға
қызығушылық танытасыз ба (%)
|
Аудандар атауы |
ия, қызықтырады |
жоқ, қызықтырмайды |
Жауап беруге қиналамын |
|
Ақтөбе қаласы |
91 |
8,8 |
0,2 |
|
Алға ауданы |
86 |
13,5 |
0,5 |
|
Айтекеби
ауданы |
84 |
13,1 |
2,9 |
|
Байған ауданы |
82 |
14,8 |
3,2 |
|
Ырғыз ауданы |
78 |
19,1 |
2,9 |
|
Қарғалы ауданы |
82 |
15,4 |
2,6 |
|
Мартөк ауданы |
85 |
14,2 |
0,8 |
|
Мұғалжар ауданы |
84 |
13,4 |
2,6 |
|
Ойыл
ауданы |
88 |
8,6 |
3,4 |
|
Темір ауданы |
88 |
9,3 |
2,7 |
|
Хромтау
ауданы |
90 |
9,4 |
0,6 |
|
Шалқар ауданы |
90 |
9,2 |
0,8 |
|
Қобда ауданы |
85 |
12,2 |
2,8 |
|
Облыс бойынша |
86 |
12 |
2 |
Жаңалықтарды
қызыға тыңдайтындарға облыс орталығының
азаматтары (91%),сонымен қатар Шалқар (90%) және Хромтау
аудандарының азаматтары (90% төмен) қарайды екен.
1-кестетде көрсеткендей
азаматтарды көбіне қоғамдық өмірмен байланысты
оқиғалар қызықтырады, қоғамдық-саяси
жағдайлар жиі есте қалады екен.
2-ші кестеде «Сіз соңғы уақытта
қаншалықты БАҚ
жаңалықты мұқият
қарап жүрсіз» деген сауалға орташа есеппен
облыстың 52.4% жаңалықты селқостықпен
қарайды екен. Облыс
тұрғындардың 44%, жаңалықты мұқият
тыңдайтындар, олардың
ойынша соңғы жаңалықтардың барлығын біліп
отыруға тырысады екен. Елдегі
және шетелдегі саяси жаңалықтармен Хобда(50,6%),
Байғанин (49,3%) және Айтеке би (47,1%) аудандарының
тұрғындарын қызықтырады. Бұл мәліметтер
елдегі және әлемдегі жаңалықтарды, әлеуметтік
және саяси жағдайларды тұрғындардың
жібермейтіндігін көрсетеді.
XXI ғасырдағы
коммуникациялық құралдардың шарықтап
дамығанына қарамастан, БАҚ телеканалдың орнын ерекше
атауға болады. Екінші орында ақпарат
көздерінің орнында орталық, облыстық, және
аудандық газеттердің орны ерекше екенін аңғаруға
болады. Газетке деген қызығушылық аудандарда
қалыпты деп айтуға болады.
Қазазстандық
БАҚ құралдарына репондендердің көбі сенеді. 55,2%
респондент қазақстандық БАҚ
құралдарындағы
материалдардың объектитілігіне риясыз сенеді. Сұралған
облыс тұрғындарының (29,4%)
БАҚ алатын ақпаратқа сенбейді. Сұраушы
азаматтардың 16% ақпараттың объективті немесе обективті емес екендігін білмейді.
Ақтөбе
облысының тұрғындары телеарна таратуда тұрғындар
қалауы келесі көрініс тапты. Жалпы актөбеліктер
«Қазақстан» телеарнасын көбірек қарайды.
Сұрау нәтижесінде
ауылдық және аудандық тұрғындар радионы аз
тыңдайтындықтарын аңғартты. Облыс бойынша 16% орташа
есеппен белсенді радио тындайды. Радиотыңдаушылар арасында ақпараттың
көз ретінде белсенді рейтинг
көрсеткен радиостанциялар: Ретро FM – 28,7%
·
Қазақ радио – 24,9%
·
Русское Радио – Азия – 18,4%
·
Шалқар – 18,2%
·
Тандем - 14,6%
·
Радио Актобе – 12,8%
·
Авторадио -12,6%
·
Радио NS – 3.2%
·
Тенгри FM -3,2%
Радиодан тек
музыкалық, виктариналық сұрақтарға
қатысатын бағдарламаларды тыңдайды. Хромтау, Алга сияқты шағын қалалардың
тұрғындары радионы жиі тындайтындықтарын көрсетті.
Күткендей елімізде
жемқорлық тақырыбына келгенде жауап беретіндер өте аз
болды. Орташа есеппен 12,4% оларды
қызықтырмайды. Облыс тұрғындарының 8,7% жауап беруге қиналды.
Көпшілік сауалнамаға
қатысушылар қазақстандық БАҚ көңіл
толмағандықтарын (42,2%) білдірді. БАҚ ауызша көптеген,
жеке журналистік зерттеудің жоқтығын,
жемқорлық мәселерінде
бұғып қалушылықтардың орын алуы туралы,
батылдықтың жоқтығы туралы, т.б. сындарын
білдірді. Олардың бойынша,
жемқорлық мәселесін жариялау тапсырыс арқылы сипатын
алады. Осындай ұқсас сұрақтар саулнамада орындар алды
олардың нәтижелері арнайы
талдаулардан өткізілді.
Сауалнамашылардың
көбі (62,8%) БАҚ Н.А.Назарбаевтың жұмысын насихаттауда
қанағаттанатындықтарын білдірді. БАҚ ұлт
Лидерінің өзінің беделінің жоғарылығын
көрсетету арқылы оған деген құрметтің
артуынада бірден-бір БАҚ себепші болады (Кесте 7).
Бұқаралық ақпарат
құралдары (БАҚ)
- арнайы ақпараттың көмегімен, кез
келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді
ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер.
Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді:
жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы
техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы;
ақпарат таратушының
қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы
аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі.
Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі
бұқаралық ақпарат құралдарының
рөлі зор. Бұқаралық ақпарат құралдары
төртінші билік болып табылады.Бұқаралық
ақпарат құралдарының еркіндігі адам
бостандығының маңызды алғы шарты болып
табылады,яғни қоғам мен мемлекеттегі жоғарғы
құндылық. Себебі, бұқаралық ақпарат
еркіндігінсіз,яғни сөз еркіндігісіз азаматтық қоғамды елестету мүмкін емес.
Демек,тәуелсіз қоғамдық бұқаралық
ақпарат құралдарының рөлі мен оның
демократия үшін маңыздылығын зерделеуге
тиіспіз.Бұқаралық ақпарат
құралдарының мақсаты – елде және шетелде болып
жатқан оқиғалар жайлы қоғамға нақты
және кедергісіз ақпарат беру. Сөзсіз,
қоғамдық бұқаралық ақпарат
құралдарының болуы және оның жұмыс
істеуі-кез келген демократиялық мемлекеттің қажетті элементі.
Біріншіден бұқаралық ақпарат
құралдарының
халық пен үкіметтің
арасындағы байланысты ұйымдастырушы. Екіншіден,
баспасөз қоғамның әлеуметтік өміріндегі
өзгерістерге жедел үн қосып отыруы.Осы арқылы заң
шығарушы,атқарушы және сот биліктеріндегі өзара құбылмалық жөнінде
халықты хабар етеді. Бұқаралық ақпарат
құралдары қоғамдағы өзгерістерге
нақты көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік
береді. Себебі, төртінші билік-бұқаралық ақпарат билігінің
құдыреті күшті,оны ешкім ештеңемен ауыстыра
алмайды,-деуімізге болады және де арнаулы мемлекеттік мәртебе
рөлі болмаса да, баспасөз қоғамдық пікір
туғызып,қалыптастыратын ықпалы бар,халық пен билік арасындағы ерекше байланысқа ие бірден-бір әлеуметтік
институтқа тән зор
күші бар құрал болып табылады.
Әдебиет
1.Р.Уотермен. Т.Питерс. «В поисках совершенства». Уроки самых успешных компаний Америки. Издат. дом «Вильямс», М.,
2005
2. Якокка Л. «Карьера менеджера».
М. Издательство: Попурри.
2011.- 320
стр.