Ақпараттық саясаттың мемлекеттік биліктегі орны мен
рөлі
Сайымова
Мейрамкул Дулаткызы PhD доктор, доцент
Жакен
Бибігүл
«Мемлекеттік
және жергілікті басқару» 1 курс магистрант
Көптеген индустриалды дамыған елдерде
бұқаралық ақпарат құраладрының
жеке-кәсіпкерлік институты, экономиканың бір саласы ретінде
рөл атқарады. Олардың экономикалық іс-әрекеті
ақпаратты жинау, өндіру, сақтау және “сату”-ға
негізделеді. Бұндай жағдайда бұқаралық
ақпарат құраладры нарықтық экономиканың
заңына бағынады. Олар өздерінің бағдарламалары
мен баспасөз беттерінде қоғамдағы негізгі
мәселелерге көңіл аударады.
Негізінен үкімет пен
бұқаралық ақпарат құралдары
арасындағы қарым-қатынастың сипаты - елдің саяси жүйесіне, билік
басында қандай үкімет отырғанына, қандай
мәселелер сол қоғам үшін маңызды, әлемдегі
жағдай қандай, т.б. жағдайларға байланысты. Сонымен
қатар, бұл журналистердің, репортерлердің,
редакторлардың құндылықтары, идеалдары, саяси
ұстанымдары қандай деңгейде бөлісііне де байланысты.
Жекелеген газеттер мен журналдар нақты саяси
партиялар немесе ұйымдардың мүддесін білдіреді. Индустриалды
дамыған елдерде бұқаралық ақпарат
құралдары мемлекеттен тәуелсіз болуды қалайды. Мысалы,
Испанияда газеттер мен журналдар аз тиражбен шықса да,
қоғамдық пікірге үлкен ықпал етеді.
Францияда “Юманите” мен “Матэннен” басқа
қандай да бір газеттің бірде-біреуі партияға жақын
емес. Француз газеттері үшін “оңшыл”, “солшыл” болып бөліну
тән. Солшылға – “Юманите”(коммунистикалық партия), “Матэн”(социалистік
партия), “Монд”, “Либерасон” және т.б. жатады.
Оңшылға – “Фигаро”, “Фигаро магазен”,
“Франс-суар” жатады. Ұлыбританияда да нақты саяси партиялар атынан сөйлейтін
бұқаралық ақпарат құралдары аз. Бірақ
та, “Дейли телеграф” газеті ірі бизнеспен байланысты, “Дейли миррор”
лейбаристерді қолдайды. “Гардиан” реформалардың мүддесін
білдіреді, “Файнэншл таймс” Лондонның қаржы топтарының
мүддесін білдіреді.
Алайда
бұқаралық
ақпарат құралдары мен үкімет арасындағы
қақтығыстар АҚШ-та аз емес. Мысалы, Въетнамдағы
соғыс туралы, Уотергейт ісі туралы, Картер мен оның хатшысы С.Клау
арасындағы қатынастар туралы БАҚ өте қатты билік
адамдарын сынға алды.
Негізінен
пресс-конференция президент үшін ең алдымен өз саяси
бағытын қолдауға халықтың пікірін
қалыптастыру болса, баспасөз үшін – саяси
ақпараттың жаңа қайнар көзі болып табылады.
Пресс-конференция Еуропа елдерінде де саяси коммуникацияның
жалпы мойындалған формасы бола алды. Елбасы мен үкіметтің
баспасөз қызметі көптеген департаменттермен кеңселерде
қалыптасады, онда шешуші рөлді баспасөз-хатшысы
бұқаралық ақпарат құралдарына саясат пен
президенттің саяси имиджін “сатады”. Президент туралы құнды
ақпараттарды журналистер пресс-конференциядан емес, оның
төңірегіндегі жақын адамдарынан алады.
Англияда да үкіметтің
қоғаммен және баспасөзбен байланысы жөніндегі
арнайы қызметі бар. Ал премьер-министрдің баспасөз-хатшысы
бар, ол үкіметтегі саясат туралы күделікті хабарларды беріп
отырады. Оның басты міндеті бұқаралық ақпарат
құралдарына үкіметтің саясаты президенттің беделіне
ешбір зиян келтірмеуінде.
Жалпы, билік органдары мен
бұқаралық ақпарат құралдары
арасындағы өзара байланыс қоғамдық
қатынастардың аса күрделі салаларының бірі. Сонымен
қатар, қазіргі заманғы жаһандану мен ақпараттар
үрдістері бұқаралық ақпарат құралдарының
беделін едәуір көтерді. Мемлекеттік билік органдарының
жұртшылықпен байланысының маңызды арнасы –
бұқаралық ақпарат құралдарымен ара
қатынасы бұрынғыдан да күрделеніп
қоғамдық маңызы артып, көп қырлы сипат алып
отырғаны белгілі.
0
Сурет 1. Қазақстан
Республикасындағы бұқаралық ақпарат
құралдары.
Кейінгі жылдары бұқаралық
ақпарат құралдары, әсіресе телевизия, қоғам
мемлекет туралы ақпараттың негізгі көзіне айналды. Мұны
мемлекеттік билік органдары өз қызметінде ерекше сезінеді
және оған объекивті түрде мүдделі. Яғни,
мұндай мәселелердің бірнеше қыры бар: Біріншіден,
қазіргі кезде бұқаралық ақпарат
құралдарынсыз еліміздегі қоғамдық–саяси
жүйенің қалыпты қызмет жасауы мүмкін емес.
Екіншіден, олар қоғамның демократиялық жолмен
дамуының аса маңызды құралы болып табылады. Үшіншіден,
демократия мен азаматтық қоғамның
қүқықтық және әлеуметтік
үрдісінде дамуы айтарлықтай бұқаралық
ақпарат құралдарына да кең
құқықтық өріс ашып, қызмет
жүйесін заңмен реттеуге мүмкіндік берді.
БАҚ
бүгінде саяси шешімдерді әзірлеу, қабылдау мен жүзеге
асыру, кері байланысты орнату, таңдалған саяси бағытты
жөндеу сияқты саяси процестердің барлық
деңгейлеріне белсене қатысатын азаматтық институт ретінде
пәрменділігі артып келеді. Әрине, әлем елдерінде
БАҚ-тың демократиялық жаңаруларға қатысуы
әр түрлі саналады. Сондықтан бұқаралық
ақпарат құралдарының саяси процеске
қатысуындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктері
жоғарыда аталған модельдер аясында танылады.
Осындай
мәселелерді қоғамда анықтай түсу мақсатында
««Контакт» зерттеу орталығы және жобасы»
қоғамдық бірлестігі сауалнама
жүргізді.
Ақтөбе
облысының тұрғындары телеарна таратуда тұрғындар
қалауы келесі көрініс тапты. Жалпы актөбеліктер
«Қазақстан» телеарнасын көбірек қарайды.
Сұрау нәтижесінде
ауылдық және аудандық тұрғындар радионы аз
тыңдайтындықтарын аңғартты. Облыс бойынша 16% орташа
есеппен белсенді радио тындайды. Радиотыңдаушылар арасында ақпараттың
көз ретінде белсенді рейтинг
көрсеткен радиостанциялар: Ретро FM – 28,7%
· Қазақ радио –
24,9%
· Русское Радио – Азия –
18,4%
·
Шалқар – 18,2%
·
Тандем - 14,6%
·
Радио Актобе – 12,8%
·
Авторадио -12,6%
·
Радио NS – 3.2%
·
Тенгри FM -3,2%
Радиодан тек музыкалық, виктариналық
сұрақтарға қатысатын бағдарламаларды
тыңдайды. Хромтау, Алга
сияқты шағын қалалардың тұрғындары радионы
жиі тындайтындықтарын көрсетті.
Кесте 1. Сіз қалай ойлайсыз қазақстандық БАҚ
мемлкеттік цензура керек па? (%)
|
Аудан
атаулары |
керек |
керек емес |
жауап беруге қиналамын |
|
Ақтөбе қаласы |
17,3 |
59,9 |
22,8 |
|
Алға ауданы |
17,4 |
57,3 |
25,3 |
|
Айтекеби
ауданы |
20,5 |
42,7 |
36,8 |
|
Байған ауданы |
16,4 |
45,4 |
38,2 |
|
Ырғыз ауданы |
16,4 |
46,2 |
37,4 |
|
Қарғалы ауданы |
17,6 |
57,3 |
25,1 |
|
Мартөк ауданы |
17,3 |
58,1 |
24,6 |
|
Мұғалжар ауданы |
21,2 |
53,5 |
25,3 |
|
Ойыл
ауданы |
20,4 |
43,8 |
35,8 |
|
Темір ауданы |
20,6 |
54,2 |
25,2 |
|
Хромтау
ауданы |
17,3 |
56,9 |
25,8 |
|
Шалқар ауданы |
21,2 |
54,9 |
23,9 |
|
Қобда ауданы |
15,6 |
49,7 |
34,7 |
|
Облыс бойынша |
18,4 |
52,3 |
29,3 |
Күткендей елімізде
жемқорлық тақырыбына келгенде жауап беретіндер өте аз
болды. Орташа есеппен 12,4% оларды
қызықтырмайды. Облыс тұрғындарының 8,7% жауап беруге қиналды.
Көпшілік сауалнамаға
қатысушылар қазақстандық БАҚ көңіл
толмағандықтарын (42,2%) білдірді. БАҚ ауызша көптеген,
жеке журналистік зерттеудің жоқтығын,
жемқорлық мәселерінде
бұғып қалушылықтардың орын алуы туралы,
батылдықтың жоқтығы туралы, т.б. сындарын
білдірді. Олардың бойынша,
жемқорлық мәселесін жариялау тапсырыс арқылы сипатын
алады. Осындай ұқсас сұрақтар саулнамада орындар алды
олардың нәтижелері арнайы
талдаулардан өткізілді.
Кесте 2. БАҚ-ның Президенттің
жұмысын жариялауына көңіліңіз тола ма? (%)
|
Аудан атаулары |
Қанағаттанамын |
Қанағаттанбаймын |
Мені қызықтырмайды |
Жауап беруге қиналамын |
|
Аудан
атаулары |
59,8 |
16,2 |
15,4 |
8,6 |
|
Ақтөбе қаласы |
62 |
15,4 |
14,8 |
7,8 |
|
Алға ауданы |
63,8 |
10,3 |
8,7 |
17,2 |
|
Айтекеби
ауданы |
64,8 |
10,4 |
8 |
16,8 |
|
Байған ауданы |
64,6 |
9,2 |
8,7 |
17,5 |
|
Ырғыз ауданы |
64,1 |
10 |
8,6 |
17,3 |
|
Қарғалы ауданы |
60 |
15,6 |
14,2 |
10,2 |
|
Мартук ауданы |
64,8 |
11,3 |
7,2 |
16,7 |
|
Мұғалжар ауданы |
63,4 |
10,4 |
8,7 |
17,5 |
|
Ойыл
ауданы |
61,7 |
11,3 |
8,2 |
18,8 |
|
Темір ауданы |
61,3 |
15,2 |
13,9 |
9,6 |
|
Хромтау
ауданы |
61,7 |
14,7 |
15,2 |
8,4 |
|
Шалқар ауданы |
63,4 |
10,9 |
7,5 |
18,2 |
|
Қобда ауданы |
62,8 |
12,3 |
10,7 |
14,2 |
|
Облыс бойынша |
|
|
|
|
Сауалнамашылардың
көбі (62,8%) БАҚ Н.А.Назарбаевтың жұмысын насихаттауда
қанағаттанатындықтарын білдірді. БАҚ ұлт
Лидерінің өзінің беделінің жоғарылығын
көрсетету арқылы оған деген құрметтің
артуынада бірден-бір БАҚ себепші болады (Кесте 2).
Бұқаралық ақпарат
құралдары (БАҚ)
- арнайы ақпараттың көмегімен, кез
келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді
ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер.
Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық,
яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық
құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат
таратушының
қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы
аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі.
Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі
бұқаралық ақпарат құралдарының
рөлі зор. Бұқаралық ақпарат құралдары
төртінші билік болып табылады.Бұқаралық
ақпарат құралдарының еркіндігі адам
бостандығының маңызды алғы шарты болып
табылады,яғни қоғам мен мемлекеттегі жоғарғы
құндылық. Себебі, бұқаралық ақпарат
еркіндігінсіз,яғни сөз еркіндігісіз азаматтық қоғамды елестету мүмкін емес.
Демек,тәуелсіз қоғамдық бұқаралық
ақпарат құралдарының рөлі мен оның
демократия үшін маңыздылығын зерделеуге
тиіспіз.Бұқаралық ақпарат
құралдарының мақсаты – елде және шетелде болып
жатқан оқиғалар жайлы қоғамға нақты
және кедергісіз ақпарат беру. Сөзсіз,
қоғамдық бұқаралық ақпарат
құралдарының болуы және оның жұмыс
істеуі-кез келген демократиялық мемлекеттің қажетті элементі.
Біріншіден бұқаралық ақпарат
құралдарының
халық пен үкіметтің
арасындағы байланысты ұйымдастырушы. Екіншіден,
баспасөз қоғамның әлеуметтік өміріндегі
өзгерістерге жедел үн қосып отыруы.Осы арқылы заң
шығарушы,атқарушы және сот биліктеріндегі өзара құбылмалық жөнінде
халықты хабар етеді. Бұқаралық ақпарат
құралдары қоғамдағы өзгерістерге
нақты көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік
береді. Себебі, төртінші билік-бұқаралық ақпарат билігінің
құдыреті күшті,оны ешкім ештеңемен ауыстыра
алмайды,-деуімізге болады және де арнаулы мемлекеттік мәртебе
рөлі болмаса да, баспасөз қоғамдық пікір
туғызып,қалыптастыратын ықпалы бар,халық пен билік арасындағы ерекше байланысқа ие бірден-бір
әлеуметтік институтқа
тән зор күші бар құрал болып табылады.
Әдебиет
1.Егемен
Қазақстан // № 128. 07.06.06 ж. “Басқаруды жетілдіру
бастаулары”.
2. ҚР-ғы
«Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі
басқару туралы
Заңы» 2001 жылғы 23
қаңтардағы
№ 148