Кадырова Гульжиян Маратовна
Каспийский государственный университет технологий и инжиниринга
им.Ш.Есенова, к.э.н., доцент кафедры «Финансы, учет и аудит»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН
КƏСІПОРЫНДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Қазіргі таңдағы
еліміздегі өзекті мəселелердің бірі - шағын
кəсіпкерлікті дамыту. Өйткені, ол əлеуметтік-экономикалық
мəселелерді дамыту бағдарламасын шешу барысындағы қуатты
тұтқалардың бірі болып табылады. Шағын кəсіпкерлік
немесе бизнес – бүгінгі дүниежүзілік елдердің
экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмəн
келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор жəне
сауда кəсіпорындары Қазақстан экономикасының дамуына,
өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы
ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дəрежесі
жəне тағы да басқа көрсеткіштердің артуына тікелей
əсер етеді. Кейінгі жылдары елімізде шағын кəсіпкерлікті
дамытуға көбірек көңіл бөліне бастады.
Шағын кəсіпкерлік əлеуметтік проблемаларды шешудегі
негізгі тұтқалардың бірі болып отыр. Қазіргі
Қазақстан экономикасы əлемдік дағдырыстан шағын
кəсіпкерлікті қолдау арқылы шыға алатынымызды
елбасының жолдауында атап өтілген. Бұл біздің
экономикамыз стратегиялық даму жоспарына сəйкес
жүргізілуде.Шағын кəсіпкерлік дамуының бірден бір
көзі ол кəсіпорынның бухгалтерлік есебін дұрыс жəне
нақтылы ұйымдастыру болып табылады.
Шағын кəсіпорындардың жəне де сауда
фирмаларының бухгалтерлік есебін дұрыс жүргізіп
Халықаралық қаржылық есеп стандартына сəйкес
ұйымдастыру арқылы экономикамызда түйіні шешілмеген
көптеген мəселелерді шешуге, экономиканы
тұрақтандыруға жəне экономикалық дағдарыстан
шығуға мүмкіндік туындап, ұлттық
экономиканың өсуіне өз ықпалдарын тигізеді. Шағын
кəсіпорындардың дамуы мемлекеттің, экономика
агенттерінің шаруашылық өмірі үшін пайдалы, əрі
тиімді болып келеді.
Шағын бизнес
субъектілерін дамыту жəне есебін дұрыс
ұйымдастырудың ғылыми негізіне тереңнен қалам
тартқан батыс елдерінің осы салада зерттеулер жүргізген маман
-ғалымдардың еңбектері кеңінен қолданылды. Атап
айтқанда, Алиев М.К., Айманова Л.Б., Айтжанова Ж.Н., Дүйсембаев
К.Ш., Ержанов М.С., Ержанов А.К.., Жақыпбеков С.Ж., Кеулимжаев К.К.,
Миржакыпова С.Т.,Нарибаева К.Н., Радостовец В.К., Сатмурзаев А.А., Сатубалдин
С.С, Сейдахметова Ф.С. Тажибаев С.Д., Тайгашинова К.Т., Тулешова Г.К.
сияқты ғалымдардың жəне көптеген басқа да
отандық экономистердің еңбектері кеңінен пайдаланылды.
Дегенмен,
аталған еңбектерде шағын кəсіпорындарда есепті ұйымдастырудың
əдістері мен тəсілдері бүгінгі күннің талабына сай
жан-жақты қарастырылған деп айту мүмкін емес. Жалпы
несиелеу үдерісінде көптеген мəселелер көтеріліп
жатқанымен, нақты шағын бизнесте бухгалтерлік есепті
халықаралық қаржылық есептілік стандартына сай
ұйымдастыру мəселелері əлі де болса ғылыми
тұрғыда терең негіздеуді талап етеді.
Əлемдік
тəжірибе шағын жəне орта бизнестіңэкономикадағы
рөлі бағалауға келмейтіндей жоғары екенін көрсетіп отыр. Ал мемлекет
өмірінің барлық салаларына əсерін тигізеді:
жұмысшылар саны бойынша, өндірілетін тауарларының
көлемі бойынша, орындайтын жұмыстары мен көрсететін
қызметтері бойынша жекелеген елдерде шағын жəне орта бизнес
субъектілері маңызды рөль ойнайды. Экономика үшін шағын
кəсіпорындардың толықтай қызметі оның
икемділігінартырытын маңызды сұрақтар болып табылады. Тіпті,
шағын жəне орта бизнестіңдаму деңгейіне байланысты,
мамандар елдердің өзгермелі экономикалық жағдайға
бейімделу мүмкіндіктерін жталдайды. Қазақстан үшін
шағын бизнестің қалыптасуы жоғары дамыған
қоғамға, жоғары дамыған экономикаға
өтетің көпір болуы қажет. Қиыншылықтар мен
сəтсіздіктерге қарамастан шағын жəне орта бизнес даму
үстінде, экономиклық, əлеуметтік,
ғылыми-технологиялық мəселелерді щеще отырып
қарқын алуда.
Бухгалтерлік есеп кез-келген кəсіпорын
субъектілерінің шаруашылық қызметін басқару,
бақылау, талдау құру үшін қажетті ғылым
ретінде қолданылады.
Қазіргі кезеңде
Шағын кəсіпорындар саласында бухгалтерлік есепті дамытуды негізгі
концептуалдық жағдайдағы тəжірибелік қызметте
қолдану жəне өңдеу өзекті мəселе болып табылады.Сонымен
қатар негізгі мəселелердің бірі Шағын кəсіпорындар
саласындағы бухгалтерлік есепті халықаралық стандартпен
сəйкестендіру немесе халықаралық стандарт негізінде
ұйымдастыру.Яғни кез-келген кəсіпорындардың
шаруашылық қызметіне байланысты құрылған
қаржылық есептілігі, сыртқы пайдаланушылар немесе
қызығушылық танытушылар үшін түсінікті болуы
керек.
Шағын кəсіпорындар үшін
қаржылық есептіліктің стандарты мынадай талаптарға сай
болуы керек:
·
Шағын кəсіпорындар
үшін қаржылық есептіліктің стандарты
жоғарғы сапалы, түсінікті жəне анық болуы;
·
Шағын кəсіпорындар
үшін қаржылық есептіліктің қолданушыларға
негізделуі керек;
·
ХҚЕС толық жиналымына
жəне концепциясына негізделуі; в) Шағын кəсіпорындар үшін
қаржылық есептілікті құру негізділігі;
·
Шағын кəсіпорындар ірі
кəсіпорындарға айналуына байланысты ХҚЕС өтудің
оңай жолдарын қарастыру.
Шағын кəсіпорындардың шаруашылық қызметі
тəжірибесінде есепті максималды тиімділікпен қолдану үшін
бухгалтерлік есептің жалпы принциптерінің пайда болуы жəне
дамуын, оның ішкі есеп жүйесін қарастыру маңызды болып
табылады.Ішкі есеп жүйесінде басқару есебінің негізігі
объектілерінің бірі болып табылатын шығындар мен шығыстар
туралы ақпараттар құралады.
Кəсіпорын шығындарын
басқару күрделі процесс болып табылады. Ол өзінің
мəні бойынша, болып жатқан өндірістік процестердің
барлық жағын қамтығандықтан,
кəсіпорыннның барлық қызметін басқаруды білдіреді.
Басқарушы есеп – бұл
шаруашылық субъектінің ақпараттық жүйесінің
бір бөлігі, басқа жағынан – қызметтерді жоспарлау мен
шешім қабылдау үшін басшыны қажет ақпараттармен
қамтамасыз ету, жедел түрде басқару мен бақылауға
көмек беру, белгіленген бағдарламаны орындау барысында
шаруашылық ұйымдардың қызметкерлерін ынталандыру,
ұйым ішіндегі басқару аппаратының, жеке
қызметкерлердің, бөлімшелердің қызметтерін
бағалау мақсатындағы жасалатын іс-əрекет.
Біздің елдегі нарықтық қатынастарға,
барлық меншік насандарын дамытуға жəне шаруашылықты
жүргізудін жаңа əдістерін енгізуге бағытталып жасалып
жатқан шаруашылық механизм, сондай-ақ өндіріс аясында
басқарушы есептің барлық басты элементтерінің пайда
болуы жəне басқарушылық пен қаржылық немесе
қаржылы-экономикалық талдаудың қалыптаса бастауы, жалпы
бухгалтерлік есептің бірнеше салаға бөлінуі, яғни
бұларда жəне басқалары да, өндірісті
басқарудың экономикалық механизмін жасаудан
тұратындықтан (немесе туындайтындықтан), олар міндетті
түрде аталған салаға күрделі өзгерістерді
əкеледі.
Нарықтық экономика
жағдайында, яғни қатал бəсекелестік күресте, табыс
табу мен кəсіпорынды сақтап қалудың басты факторы болып,
өнімнің өзіндік құнын төмендету, ал ол
үшін өндіріс шығындары мен өнім бірлігінің
өзіндік құнын тұралы дер кезінде жəне сенімді
ақпарат қажет.
Ал бұл өндірістік
шығындар өнімнің сапасы мен өндірістің
тиімділігін, сондай-ақ одан əрі жетілдіру жолдарын іздестіру,
өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау, яғни
есептеудің жаңа нысандары мен əдістерін жасау
үйлесімділіктеріне сəйкес келетін жаңаша
көзқарастарды қалыптастыру болып табылады.
«Шағын кəсіпорын» бухгалтерлік анықтамалардың
аспектілерін адекватты түсіну үшін,жұмыста түсініктер
талданды: «бизнес», «кəсіпкерлік», «шағын кəсіпкерлік»,
«шағын кəсіпорын», «шағын кəсіпкерлік субектілері». Осы
нəтижеге байланысты, «бизнес» жəне «кəсіпкерлік» өзара
байланысты, бірақ сəйкес келмейтіні туралы қорытынды жасалды,
ал қазіргі кезеңде қазақстан экономикасының
дамуында «кəсіпкерлік» анықтамасы жалпылама қолданылады. Осыған байланысты заңнамаларда
анықтаманың мазмұндық толықтығынсыз
біруақытта орындалатын жағдайлардың жиынтығы бойынша,
шағын кəсіпкерлікке қатысты шағын кəсіпкерлік субектілері
категориясы арқылы «шағын кəсіпкерлік» түсінігімен
анықтайды, жəне шағын кəсіпорын түсінігіне
қарағанда, шағын кəсіпкерлік түсінігі
кең көлемде қарастырылады. Бұл
«кəсіпорын» категориясы түсінігінде қазіргі тенденцияларды
ескере отырып, «шағын кəсіпорын» терминін қолдану арқылы
қарастырылатын экономикалық субектілерге қатысты
терминологиялық бірлікті бекітуге мүмкіндік береді. «Шағын
кəсіпорын» анықтамасы бухгалтерлік аспектілерінің
дамуындағы келесі қадам, шағын кəсіпорынның
(заңды тұлғалар жəне жеке кəсіпкерлер)
бөлініп алынған типтеріне сəйкес «бухгалтерлік есепті міндетті
жүргізу» белгісі бойынша шағын кəсіпорынның жіктелімі
болып табылады.
Литература
1. Нурсеитов Э.О. Бухгалтерский учет в
организациях. -
Алматы, 2006.
2. Алтынбеков М.А.Шағын жəне орта кəсіпорындарында салық есебін жүргізу тəтібі//Вестник Экономический
журнал Аль Пари. –
Алматы 2009. – № 4(60).
3. Мельников М.М.Основы бизнеса, налогообложения и учёта: пособие для начинающих
предпринимателей. - 2013.
4. Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субьектілердегі бухгалтерлік есеп: оқулық. – Алматы:Экономика, 2008.
5. Алтынбеков М.А. Организация бухгалтерского учета на
предприятиях малого
бизнеса//Actual Problems of Economics. – Украина, Киев, 2012.
– №7
(133). – С.176–180.