Мал шаруашылығы өнімдерін калькуляциялау
Д.П.Жаздықбаева-аға
оқытушы
«Мирас»
университеті, Қазақстан Республикасы
Ауылшаруашылық
кәсіпорындарын жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу
аяқталғаннан кейін жаңадан болған
агроқұрылымдардың эволюциялык дамуы басталды. Осы кезеңде оларды мемлекеттік реттеу мен
қолдау көрсетудің маңызы зор.
Ауыл шаруашылығы экономиканың
күрделі саласының бірі. Біріншіден, ол табиғат —
климат жағдайына тәуелді. Екіншіден, өңдірістік
циклі ұзақ әрі маусымдық сипатта. Үшіншіден,
ауыл шаруашылығы маусымдық шығындарын несиелеудің
дамыған жүйесіне өте-мөте мұқтаж. Төртіншіден,
қысқа мерзімді несиелер рыногында шағын
ауылшаруашылық кәсіпорындарының бәсекеге
қабілеттілігі төмен.
Ауылшаруашылық өнімдерін
өндірушілерге қызмет көрсеткенде өндірістің осы
ерекшеліктерін ескерген жөн. Оның үстіне ауыл
шаруашылығы дайындау, ұқсату, қызмет көрсету,
сауда және басқа ұйымдардың, сондай-ақ материалды-техникалық
ресурстарды жеткізушілердің монопольдық әрекетінен
үнемі зардап шегетінін ұмытпау қажет.
Ауыл шаруашылығын мемлекетгік
қолдаудың тиімді жүйесін қалыптастыру, осы арқылы
аграрлық секторда рынокты дамыту кепілі ретінде мемлекеттің
ықпалып күшейту.
Мемлекет ауылшаруашылық тауарларына деген
сұраныс пен ұсынысқа. агроөнеркәсіп кешенінде
салааралық айырбас оның салаларында табыс табу үшін
жағдай туғызу мақсатында жанама жолмен ықпал жасау
керек. Бұл бағыттарда арнайы мемлекеттік бағдарламалар жасау
жәнә оларды жүзеге асыратын институттар құру
қажет.
Қазақаграрлық өнеркәсіп
кешені экономикасы және ұйымдастыру ғылыми-зерттеу
институтының ұжымы жүргізіліп отырған реформаны
түзетуге бағыталған кейбір ұсыныстар дайындады. Оларга
негіз ретінде нарықтық қатынастарды мемлекеттік реттеу
принциптері, республиканың азык-түлік қауіпсіздігің
нығайту мақсатында аграрлық секторды
мемлекетгік-құқықтық және
экономикалық қолдау мәселелері алынып отыр.
Аграрлық экономика үшін келешекте
инвестициялық проблема шешуші роль атқарады.
Агроөпсркәсіптік кешенінің капитал сиымдылығы өте
жоғары, сондықтан ол капиталды көп салғанда және
салу қарқыны жоғары болғанда дами алады. Бұндай
механизм мемлекеттік экономикалық реттеу тұтқалары мен
аспаптары және нарықтық ынталандыруды оңтайлы үлестіруге
негізделу керек, инвестициялық ресурстардың толыққанды
тауарға айналуына жағдай жасау қажет.
Мал шаруашылығының ерекшелігі
– бір өнімнен бірнеше өнім алынады.
Мал шаруашылығының негізгі өзіндік құнын
есептейтін объектілері – ірі қара мал шаруашылығы, шошқа,
қой шаруашылығы, жылқы және түйе
шаруашылығы, ара шаруашылығы, құс шаруашылығы. Мал
шаруашылығының өніміне жатады: сүт, ет, бал, төл,
жұмыртқа, малдардың өсу салмағы және
тағы басқа өнімдер. Мал шаруашылығының
өнімі бөлінеді: негізгі және негізгі емес.
Синтетикалық есебі № 10 журнал
– ордерде жүргізіледі,
Шот корреспонденциясы:
1.
Басқа
кәсіпорындардан және тұлғалардан кіріске алынды:
А) жас малдар Дт 2523 Кт 3110
Б) ірі қара мал бастары Дт 2521
Кт 3110
2.
Мал
шаруашылығынан кіріске мал төлі алынды:
Дт 1320/2 Кт 2520/2
3.
Мал
төлі жас малдарды өсіруге жіберіледі, өз шаруашылығында
Дт 2523 Кт 1320/2
4.
Жас малдар
негізгі табынға аударылды
Дт 2520/2 Кт 2523/2
5.
Басқа
өнімдерді алу үшін ірі қара малдарды союға жіберілді:
Дт 8110 Кт 2521/2,2523/2
6.
Мал союдан
басқа өнімдер кіріске алынды
Дт 1320/2 Кт8110
7.
Малды
санағанда жетіспеушілік анықталды:
Дт 1280/2 Кт2522/2,2523/2
8.
Анықталған
жетіспеушілік:
А) табиғи нормемен есептен шықты
Дт 7210,7470 Кт
1280
Б) кінәлі адамдарға апарылды
Дт 1253
Кт 1280
9.
Кінәлі
адамның еңбекақысынан ұсталынды:
Дт 3350
Кт
1253
10. Өткізілген ірі қара мал
және жас малдар есептен шығарылды:
Дт 7010
Кт 2522/2,2524/2
Ірі қара мал шаруашылығы бойынша өнімнің өзіндік құнын есептеу. Мұнда өзіндік құнын есептеу өнім,
сүт және төл саналады. Негізгі емес
өнімнің сомасы шегеріледі. Сүтке
барлық шығындардың – 90 %, ал төлге – 10%
алынады.
Мал шаруашылығы өнімдерінің
шығыны мен шығарылғанның есебі. Аналитикалық
есепті мал шаруашылығы шығындары малдардың түрлері
бойынша есептеледі(алынған өнім түрлері емес).
Малдың бір тобынан екі немесе одан да көп
негізгі өнім алынатын жағдайда, оның өз
құны тағайындалған коэффициенттермен және есептеу
әдістерінің көмегімен анықталады. Мал шаруашылығы
өнімінің шығыны мен шығарылуының
аналитикалық талдау есебі малдың келесідей түліктері мен
топтары бойынша жүргізіледі.
Ірі қара шаруашылығы. Сүтті ірі
қара: сауын малының негізгі табыны; өсіруге және
бордақылауға қойылған мал. Етті ірі қара: етті
малдың негізгі табыны; өсіруге және бордақылауға
қойылған 8 айдан асқан малдар.
Шошқа шаруашылығы: шошқалардың
негізгі табыны; өсіруге және бордақылауға
қойылған шошқалар.
Қой шаруашылығы: жүнді және
етті қой шаруашылығы; каракүлге арналған қой
шаруашылығы.
Құс шаруашылығы: ересек үйір;
өсірілуге қойылған балапандар; инкубация –
жұмыртқаны инкубациялау.
Жылқы шаруашылығы негізгі үйір;
өсіруге қалдырылған жас жылқы.
Омарта шаруашылығы: өсіру, бал алу,
тозаңдатып бал алу.
Балық шаруашылығы: шығындар есебі
сала бойынша жүргізіледі.
Мал шаруашылығының ерекшеліктеріне
қарамай мал шаруашылығы өнімдері негізгі
түрлерінің өзіндік құнын анықтаудың
жалпы схемасын құруға болады.
Малдардың берілген топтарына жататын
шығырдың жалпы сомасына болашақ жылға ауысатын
тығырды шегереді және қосалқы өнімдер
құнын алып тастап қалған соманы өнімнің
жалпы шығарылымына бөледі.
Бухгалтерлік есеп шоттарында мал
шаруашылығының негізгі түрлерінің
шығындарының және калькуляциялаудың бейнелеудің
(схема) қысқартылған жалпы сызбасын құруға
болады.
Алдымен шаруашылық субъектінің есеп
саясаты мен шоттардың жүйесі өңделуі керек.
Мал шаруашылығында алынған
өнімдердің өз құнын есептеуден (басқа)
қатар малдың әрбір есепті тобы бойынша азық күн
өзіндік құны және малдың бір басын ұстау
анықталады.
Азық-күннің өзіндік
құны малдың осы есепті тобы бойынша шығарылады. Оларды
ұстаудың азық-күні санына бөлу арқылы
анықталады, ол малдар және құстардың
қозғалысы есебі кітабының мәліметтері бойынша
тағайындалады, кітапта әрбір есепті топ бойынша күнделікті
барлық өзгерісті және қалдықты анықтап
жазып отырады. Кітап бойынша күнделікті қалдық сомасы
күндердің жалпы санынан құрайды.
Малдардың бір басын ұстаудың
өз құнын есепті топ бойынша шығарады.
Азық-күндердің есепті санын кезеңдегі
ұстаудың календарлық күндері санына бөлу жолымен
тағайындайтын осы кезеңдегі қыстаудың малдың орта
санына бөлумен анықтайды.
Аяқталған өндірістегі
қалдықтарды шегеріп тастағандағы бағып күту
жөніндегі шығындар, мал шаруашылығы өнімінің
өзіндік құнын құрайды; (оны түліктер мен
топтар бойынша есептеп шығару).
Мал өсіру өнмінің өзіндік
құнын анықтағанда жыл аяғында
қалдырылған малдың тірілей салмағына жыл ішінде
шығып қалған малдың тірілей салмағын
қосады, жыл басындағы қойылған малдың және
жыл ішінде өсіру мен бордақылауға түскен төлдер
мен малдың тірілей салмағы шегеріп тасталады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Назарбаев НА. Стратегия
Казахстана-2030, Алматы, 1998г.
2. Кеулімжаев
Қ.К., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есептің теориясы
және негіздері Алматы 2006 жыл
3. Селезнев
А. Некоторые проблемы управления АПК и
пути их решения. //Экономист N6, стр 76-79, 2000 г.
4. Баймуханова С.Б. Қаржылық есеп Алматы 2007 жыл