ӘОЖ 336.5

 

ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ЕСЕПТЕУДІҢ СИНТЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ АНАЛИТИКАЛЫҚ ЕСЕБІ

 

Туребаева Ж.К. э.ғ.к.,аға оқытушы

 

«Мирас» университеті,Шымкент қаласы,Қазақстан Республикасы

 

Ұйымдағы тауарлық операциялардың бухгалтерлік есебінің маңызды міндеті тауарларды жөнелту және сатуын дұрыс және уақтылы есепке алу болып табылады. Жөнелтілген және босатылған тауарлар сомасы шот-фактуралар немесе тауар-көлік құжаттары негізінде бір уақытта жөнелтілген тауарлар үшін сатып алушылардың берешегі ретінде және тауарларды қосылған құнға салынатын салықсыз сату бағасы бойынша сатудан түскен табыс ретінде бухгалтерлік есеп шоттарында мына жазулармен көрсетіледі:

- 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шотының дебеті;

- 6010 «Өнімдерді сатудан және қызметтер көрсетуден алынатын кіріс» шотының кредиті.

Табысты есепке алу кезіндегі басты мәселе оны тану кезеңін анықтаудан тұрады. Табысты тану ХҚЕС 18 «Табыс» стандартына  сай танылады [1].

Осы тауарлар бойынша шот-фактурада көрсетілген қосылған құнға салынатын салық сомасына мына бухгалтерлік тізбе беріледі:

- 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шотының дебеті;

- 3130 «Қосылған құн салығының» кредиті.

Ұйым тауарларды жөнелткенде және босатқанда сатып алушы өтейтін көлік-дайындау шығындары төленген болса, онда олар іске асыру барысында ұйым бухгалтериясы 7110 «Өнімді сату және қызметтерді көрсету бойынша шығысдар» шотының дебетінде көрсетеді де, кейін тауар алушыға өтеу үшін тжөнелтілген тауарларға жазылған төлем талап-тапсырмаға енгізеді. Сатып алушының өтеуіне жататын көлік-дайындау шығындары сомасына мынадай бухгалтерлік жазба беріледі:

- 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шотының дебеті;

- 7110 «Өнімді сату және қызметтерді көрсету бойынша шығыстар» шотының кредиті.

Төлем талап-тапсырмалары төлеуге ұсынылған жағдайда сатып алушыларға жөнелтілген және босатылған тауарлар қойма меңгерушісінен сатып алу бағасы немесе нақты өзіндік құны бойынша келесі бухгалтерлік жазба беріледі:

- 7010 «Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» шотының дебеті;

- 1330 «Тауарлар» шотының кредиті.

Сатып алушылар төлем талап-тапсырмаларды төлеу және төлемдерді ағымдағы банктік шотына есепке алуына қарай ұйым тауарларды сату бағасы бойынша сатуын, сонымен қатар оларды көлік дайындау шығындарын өтеу сомаларына бухгалтерлік шоттарында мына жазуында жасалады:

- 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттары» шотының дебеті;

- 1210  «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шотының кредит [2].

Ұйымда тауарларды жөнелту және босату есебі жоғарыда көрсетілген ретпен шоттар корреспонденциясын беру арқылы жүзеге асырылады.

Цемент өнімінің өзіндік  құны зауыттың технологиялық және басқа да қызметтерінің ерекшеліктері тұрғысынан барлық тікелей және жанама шығындарды ескере отырып анықталады.

 

1 кесте-Шикізат және материалдар бағасын есептеу

 

Тізімі

Өлшем бірлігі

1 жылдағы қажеттілік

Бірлік бағасы

Бағасы

мың,тенге

а)шикізат және материалдар

 

 

 

 

- әк

т

10830

24000

259 920

- колчедан күкірті

т

35400

3000

106 200

- құм

т

19920

1800

35 856

- көмір

т

6,364

80000

509120

Итого

 

 

 

911096

в)көмекші материал (2%)

 

 

 

18222

Барлығы:

 

 

 

929318

 

Цемент өңдеу өнеркәсібінде шикізат шығындардың маңызды түрі болып табылады. Өндірілетін өнімнің заттық негізін құрайтын шикізаттардан бөлек, өнеркәсіп көптеген басқа да өнімнің құрамына негенімен, бірақ оның негізі болмайтын материалдарды пайдаланады. Шикізатпен бірге өнімнің заттай мазмұнын құрайтын мұндай материалдар негізгі материалдар деп аталады. Тек технологиялық үдерісті орындауға ғана әсер ететін материалдар көмекші материалдар деп аталады.  Шикізат, негізгі және көмекші материалдар, технологиялық мақсаттағы отын мен энергияның барлығы материалдық шығындар болып табылады.

Материалдық шығындар мен амортизациялық аударымдардан басқа өнімнің толық өзіндік құнының құрамына кәсіпорындағы жұмыскерлердің барлық саанатының еңбекақысын қамтитын еңбекақы қоры түріндегі еңбек шығындары кіреді. Еңбекақымен қатар өнімнің өзіндік құнына әлеуметтік қажеттіліктерге төлемдер (әлеуметтік салық және әлеуметтік сақтандыру қоры) кіреді, бұлар еңбекақы қорынан заң бойынша бекітілген пайызбен анықталады. [3].

 

2 кесте- Ғимараттар, қондырғылар мен жабдықтарды ұстауға арналған амортизациялық шығындарды есептеу және бөлу

 

 

Негізгі қорлар және шығындар баптары

Негізгі қорлар бағасы,

мың,тенге

 

Нормативтік амортизациялық аударымдар

Амортизациялық аударымдар сомасы

Ағымдағы жөндеу,

мың тенге

 

1.      Негізгі өндірістік ғимарат

645

2,4

22

16

2.      Қосымша қызмет көрсету орталықтары

930

2,6

23

18

Барлығы:

 

 

45

34

3.      Жалпы зауыттық объектілер

2127

4,5

60

45

4.      Қондырғылар

1712

15,1

284

304

Барлығы:

 

 

452

401

 

Өнімнің өзіндік құнында оны өндіру және сату үдерісінде пайдаланатын негізгі қорлардың құны да бейнеленеді. Негізгі қорлардың құны өзіндік құнға олардың тозуына сәйкес келетін мөлшерде амортизациялық аударымдар ретінде қосылады.

 

3 кесте -Өндірістік шығындар

 

Шығындар тізімі

Сомасы,мың тенге

Негізделуі

1.      Өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысы:

45660

 

а) қызметкерлер

34630

Смета бойынша

б)қосымша жұмысшылар

7830

Смета бойынша

2.      Еңбек ақыға есептеу

15088

30%

3.      Ғимараттар мен құрылғылардың амортизациясы

 

35

Есептеу бойынша

4.      Ағымдағы жөндеу

21

Есептеу бойынша

5.      Сумен,жарықпен жабдықтау

144

0,89 тн. -3

6.      Басқада шығындар (10%)

7091

 

Барлығы:

69829

 

 

Аталғандардан басқа мазмұны жағынан материалдық та, еңбек шығындарына да жатпайтын басқа да ақшалай шығындар тобы бар. Бұларға жататыңдар: кеңселік, пошталық, телеграфтық шығындар, телефонға төлемдер, іс-сапар шығындары, кеңсетерге төлем, банкте есеп айырысу жұмысын жүргізу ақысы, ақпараттық қызмет, несие пайыздары, салықтың кейбір түрлері. 

 

4 кесте-Жылдық  тауар өнімінің өндірістік шығындарының жинақ  сметасы

 

Шығындар тізімі

Шығындар сомасы, мың тенге

1.      Шикізаттар мен материалдар

930317

2.      Электр-энергиясы

9703

3.      Бу

6983

4.      Су

735

5.      Негізгі және қосымша өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысы

36200

6.      Еңбек ақыны есептеу (30%)

10461

7.      Қондырғыларды эксплуатациялау мен ұстау 

734

8.      Өндірістік шығындар

62729

9.      Жалпы  шығындары

4904

Толық өзіндік құн

116046

 

Бәсекелестік экономика тұсында  өнімнің өзіндік құнының қалыптасуын басқару өзекті мәселе болып табылады. Шығындар есебі жүйесін жетілдіре отырып пайдаға әсер етуге мумкіндік туады. Өндірістік кәсіпорынның стратегиялық және тактикалық мақсатын дұрыс қою арқылы шығындарды басқаруда ең жоғарғы нәтижеге қол жеткізуге болады.Шығындар құрамына бәсекелестерді, сатып алушыларды, өнім сапасы өзге кәсіпорынның нәтижелілігін, ынталандыру әдістері бойынша ақпараттарды жинау әдісін қамтиды. Сондай-ақ, есеп берудің ұтымды әдістерін, кәсіпорынның инновациялық қызметін және  оның берілген спектрі бойынша жаңа қызметтерін қамтиды. Есеп беру жүйесін жетілдіру,яғни,өнімді өткізудің синтетикалық және аналитикалық есебін, өндірістік кәсіпорынның  болашаққа деген көзкарасын және өзінің стратегиялық  мақсатына жетуге әсерін тигізеді

 

Литература:

1.    Тасмағанбетов Т.А., Басқарушы есеп, стратегиялық жоспарлау және талдау. (Кәсіпорын басқарушы есепті құрудың методологиялық және практикалық қағидасы). Оқу құралы. Алматы: Дәуір, 2002 ж

2.    Телагусова Э.О. Өнімнің өзіндік құн құрылымы және оны төмендету жолдары оригинал// Вестники КазНПУ им.Абая,№3(33).2012.

3.    Абдикаликов К.К. Өндірістік кәсіпорында өнімнің өзіндік құны мен пайданы есепке алу және талдау//Автореферат. 2011.