Ж.Т.Баймағанбетова пед.ғ.к.,  аға оқытушы,

 Ф. Төрехожаева 2 курс магистранты

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті.

Бастауыш мектеп мұғалімінің кәсіби дайындығына ақпараттық технологиялардың оқу үрдісіндегі тиімділігі

 

Қазіргі кезде білім беру қоғамның қоғамдық, ғылыми және өндіргіш күштерін интеграциялауға қол жеткізудің қажетті шарты және құралы болып табылады. Өйткені кәсіптік білім беру – адамның жүйеленген сапалы білімді, кәсіптік дағдыны және білікті меңгеру, ақыл-ойы мен сезімін дамыту, дүниеге көзқарасын және танымдық ойларын қалыптастыру үрдістері мен нәтижесі. Сапалы маман деп әр алуан фактілер мен құбылыстарды танып – білуге жалпы көзқарасты білдіретін ортақ идеяларды, ұстанымдар мен әдістерді меңгерген, қабілеті мен біліктілік деңгейі жоғары сапалы маманды айтуға болады.

Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр. Француз қайраткері «Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру.

Ғылым жаңалығын түрлендіруде өз үлесін қосу арқылы жасаған нәтижелі жұмысы өзгелердің тәжірибесін толық көшірмей, жаңа ортаға икемдеп, өзіндік іс- әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу керек.Қазіргі кәсіптік- педагогикалық қызмет қандай мұғалімді талап етеді. Мұғалімоқушылардың жеке тұлғасын дамытуға басымдық беретін, күрделі әлеуметтік-мәдени жағдайларда еркін бағдарлай алатын, шығармашылық процестерді басқара алатын, адам туралы ғылымның жетістіктерін, оның даму заңдылықтарын, компьютерлік оқыту өнерін терең меңгерген жан- жақты дамыған шығармашыл тұлғаны талап етеді.

Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген [1]. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты.

Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқутәрбие жұмысының негізгі саласы сабақ. Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы дамиды. Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижені көре білу, яғни окушыға берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қатыстыру қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа қызығушылығы, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал ойын элементтері кез-келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі кәсіби іс-әрекеті арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын кәсіби іс-әректтерінің  біріақпараттық комуникация технологиялары.

Коммуникация элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Атап айтқанда, мұғалім ойын жағдаяттарын туғыза отырып, әртүрлі заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады.

XXI ғасырда қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр:

- білім беру сапасын көтеру;

- компьютерлендіру;

- интернет, электрондық телекоммуникация құралдары мен электрондық оқулықтар даярлау.

Жоғарыда аталған тәсілдер бастауыш сынып оқушылардың заман талабына сай білім алуына, танымдық белсенділігін арттыруға септігін тигізеді.

Жаңа ақпараттық технологияны адамзат қызметінің барлық саласында енгізу ақпараттық қоғамның басты көрінісі болып табылады. Оқытудың ақпараттық-коммуникативтік технологиясы деп оқушының өз бетімен танымдық іс-әрекетін дамытуға, оқыту мен оқуды басқаруға, сондай-ақ оқу мен практикалық есептерді ойындық, адам-машиналы тұрғыдан шешуге бағытталған әдіснамалық, психологиялық-педагогикалық, бағдарламалық-техникалық және ұйымдастыру құралдарының кешенін айтады [2, 314].

Білім беруді ақпараттандыру кезінде түрлі бағдарламаларды, жүйелер мен орталарды қең қолдану кезінде оқытудың формалары мен әдіс-тәсілдері, сонымен қатар білім беру процестерінің мазмұны да маңызды өзгерістерге ұшырайды. Сондықтан жоғары мектеп алдында тұрған жаңа мәселелерді жүзеге асыруға бағытталған оқыту тиімділігін арттыруға ақпараттық технологияны қолдану оны жүзеге асыру мен оңтайландыруға тікелей әсерін тигізеді:

- бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысын арттыру;

- ақпараттың түрлі көздерімен жұмыс істеу біліктілігін қалыптастыру;

- ақпаратты беру, өндеу, сақтаудың қазіргі заманғы әдіс-тәсілдеріне студентны үйрету;

- олардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілетін дамыту;

- өмірге икемдеуге себеп болатын әлеуметтік қызмет дағдыларын қалыптастыру 3, 30].

Ю.К. Бабанскийдің теориясын қолданушылар оқытудың тиімділігін көтеруге төмендегі тәсілдерді кеңінен қолдану арқылы жетуге болады деп есептейді:

- оқыту мен бастауыш сынып оқушыларының еңбегін ғылыми түрде ұйымдастыру формасын жетілдіру жолымен;

- оқытудың интенсивтендіру тәсілін қолдану арқылы;

- оқытудың қазіргі заманғы технологиялық құралдарын жасап, қолдану арқылы [3. 25].

Қорыта келе, ақпараттық технологияларды қолданатын бастауыш мектеп мұғалімдері үнемі ізденісте болады. Ізденіс барысында оқыту міндеттерін шешудің жолдарын анықтайды. Ол үшін бастауыш мектебі мұғалімінің кәсіби іс-әрекетін дамытуда жасайтын қадамдарын теориялық тұрғыда негіздедік:

-           оқушының білімді терең меңгеруіне терең ықпал ететін әдіс-тәсілдерді сараптайды;

-           әртүрлі көрнекі құралдың маңыздылығын талдайды;

-           сабақтың тақырыбына қажетті оқу-әдістемелік құралдарды  қарастырады;

-           бастауыш сынып оқушыларының жаңа материалды меңгеруіне бағытталған тапсырмалар  жүйесін қарастырады.

Әдебиеттер

1          Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы //Егемен Қазақстан. – Астан, 2010.

2          Пономарев Я.А. Мотивационный фактор в актуализации профессионально-личностного потенциала субъекта труда //Мир психологии. – 2005. – №1. – С.170-177.

3          Библер В.С. Диалог культур и школа ХХІ века// Школа диалога культур: идеи, опыт, проблемы/ Под ред. В.С.Библера. – Кемерова: АЛЕФ, 1993. – С. 9