Айтжанова Балгул Базарханқызы

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

 

 «ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕ ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ТІЛДІК ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗІ»

 

Бүгін әлемдік деңгейдегі білім беру – қазіргі білім берудегі басты бағыт. Яғни, оқытудағы білім алушыны жеке тұлға болып қалыптастыру, оқытудың заманауи әдістерін қолдану арқылы бәсекеге қабілетті тұлғаны жетілдіру, тұлға аралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып табылады.

 ХХІ ғасыр – озық технологииялар ғасыры. Сондықтан білім беру жүйесінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану заман талабы. Әсіресе шетел тілін үйренуде мұның пайдасы өте зор. Себебі тіл үйрену арқылы адам бүкіл бір ұлттың мәдениеті мен әлеуетін қатар үйренеді.

Адам іс-әрекетінің әртүрлі салаларында, сонымен қатар, білім саласында интерактивті әдістер арқылы оқыту бүгінгі күні үлкен өзектілікке ие болып отыр. Білімді дамыту үшін білім берудің үйреншікті әдісінен оқыту процесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыратын білім берудің жаңа белсенді әдісіне көшу керек. Бұл тапсырманы оқыту процесінде тек жаңа технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (3 бап) белгілегендей, білім беру жүйесін ақпараттандыру, мемлекеттік білім саясатының негізгі қағидаларын жүзеге асырудың маңызды бір механизмі болып табылады.

 «Интерактив» сөзі бізге ағылшын тілінің «interact» деген сөзінен келген. «Іnter»- бұл «өзара», «act» - әрекетету дегенді білдіреді.

Интерактивті әдістерде басты назарды “процеске”, яғни үйрену процесінің өзіне, шәкірттердің “қалай” және “қандай әдіс-тәсілдер арқылы үйренетіндігіне” аударады. Яғни, интерактивті сөзі – өзара әрекетету бейімділігін білдіреді немесе әңгімелесу, әлдекіммен (адаммен) не болмаса әлденемен (мысалы, компьютермен) сұхбаттасу режімінде болады. Демек, интерактивті оқыту – бұл, ең алдымен, сұхбаттасып оқыту, оның барысында мұғалім мен оқушының өзара әрекететуі жүзеге асырылады.  Осы жерде оқушылардың жауаптарынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңызды. Себебі, интерактивті оқытудың басты мақсаты – оқушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап табуға үйрету. Әсіресе табиғатынан тұйық, өз ойын жеткізе алмайтын, өздеріне сенімсіздеу оқушыларға  пайдасы зор. Ал мұғалімнің міндеті – оқушының неғұрлым белсенділік танытуына жағдай жасау, қажет кезде жол көрсету болып табылады. Мұнда мұғалімнің шығармашылықпен жұмыс істеуі үлкен рөл атқарады. Өз сабақтарым интерактивті әдісті сабақ барысында диалог тәсілі көмегімен және топқа бөлу жұмысына негізделген. Нәтижесі жинақталған білімін сыртай пайдалана алады. Интерактивті әдістің ерекшелігі – оқушыға жаттанды білім беру емес, керсінше әр оқушының танымдылық қабілеттерін және танымдық үдерістерді, яғни қойылған сұраққа бірнеше нұсқалы жауап беру, ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілеттерін, сөздің қорын белсенді түрде дамыту болып табылады.

Интерактивті оқыту технологиясының моделі: проблемалық шығарма әдістері, презентация, пікірталас, топпен жұмыс, миға шабуыл әдісі, сыни тұрғысынан ойлау әдісі, викториналар, мини зеттеулер, іскерлік ойындар, рөлдік ойындар, тренингтерді жатқызуға болады. Толығырақ тоқталсақ:

Шығармашылық жұмыс – оқушылардың ойлау қабілетінен, ақыл-ой және іс-тәжірибесінен туындайтын оқу, тану әрекеті. «Шығармашылық» сөзінің төркіні «шығару», «іздену», «ойлап табу» деген ұғымдарды білдіреді. Демек, бұрын тәжірибеде болмаған жаңа нәрсені ойлап табу, жетістікке қол жеткізу дегенді білдіреді. Шығармашылық тапсырма кез келген интерактивті әдістің негізін, мазмұнын құрайды. Өзінің жеке тәжірибесіне, әріптесінің, досының тәжірибесіне сүйене отырып, өз тарапынан белгісіз нәрсенің шешімін табу оқу үдерісіне қатысушылардың ынтымақтастығының, қатынасының іргетасын қалауға мүмкіндік береді. Шығармашылық тапсырмаларды таңдаудың өзі оқытушы үшін шығармашылық тапсырма болып табылады.

Пікірталас. «Дискуссия» термині латынның «discussio» (талқылау, зерттеу) сөзінен шыққан. Дискуссия интеракивті оқыту әдісі ретінде Батыстың оқу орындарында табысты қолданылып келеді. Соңғы жылдары біздің де білім беру жүйемізде кеңінен қолданыла бастады. Пікірталас - талас түрі, нақты проблема төңірегінде пікір алмасу, яғни оның аясында өзара келісіп шешу мақсатында қандайда бір мәселе қарастырылады, зерттеледі, талқыланады. Бұл – өз көзқарасында тұруға, басқаларды тыңдай білуге үйрететін белсенді тәсіл. Көп жағдайда пікірсайыстың тақырыбы қатысушылардың дайындалуына мүмкіндік беретіндей ол басталмай тұрып алдын ала белгілі болады. Таластың басқа түрлеріне қарағанда пікірталас өзінің мақсаттылығымен және қолданылатын құралдарымен ерекшеленеді. Кез келген пікірсайыстың мақсаты – қатысушылардың талқыланған мәселе бойынша келісімге келуі. Оның нәтижесі объективті түрде пайымдау, яғни барлық қатысушылардың немесе қатысушылардың көпшілігінің қолдауымен шығарылады.

Шағын топтармен жұмыс. Топтық жұмыстарды студент мәселені өз бетімен шеше алмаған жағдайда бірігіп шешу мақсатында пайдаланған дұрыс. Топтық жұмыстарды асығыс бастауға болмайды. Егер өзңіздің немесе студенттің тәжірибесі болмаса, алдымен жұпты ұйымдастыруға болады. Шағын топта жұмыс істеуге қабілеті төмен студенттер ерекше көңіл бөлу керек. Тәжірибелі әдіскерлер топты әртүрлі, яғни күшті, орташа, әлсіз студенттерден құруды ұсынады. Мұндай топтарда шығармашылықпен ойлау және пікір алмасу қарқынды өрбиді. Қатысушылар уақытының көбін өз көзқарастарын білдіре отырып, мәселені бүге - шігесіне дейін талқылауға жұмсайды және мәселені жан-жақты қарастыруға машықтанады. Мұндай топтарда қатысушылар арасында неғұрлым сындарлы қарым-қатынас орнайды.

Миға шабуыл әдістемелік тәсіл ретінде фактілік материалдармен жұмыс істегенде бар білімдерін белсендіру мақсатында қолданады. Бұл әдістің атауы басқару жүйесінде және ғылыми зерттеу саласында дүниеге келді. Мамандардың күрделі мәселенің жауабын іздеу барысында ойына келген идеяларды, болжамдарды, жорамалдарды, кездейсоқ ұқсастықтарды (аналогия) қарқынды жеткізуі негізінде туындаған. Яғни, «миға шабуыл» әдісі – туындаған мәселені шешу үшін аз уақыт ішінде жеткілікті ұсыныстар жинау. Қатысушылар өз ойларын қысқа және жүйелі түрде жеткізуге тырысуы қажет. Кез келген ойды дамытуға, кеңейтуге болады. Айтылған ойлар кілттік сөздер немесе фразалар арқылы белгіленіп жазылады. Олардың көбі мұқият талдаудан кейін сұрыпталып, күтпеген жерден аталмыш проблеманың шешілуіне қажетті нәрсенің табылуы мүмкін. Таңдап алынған тақырып төңірегінде студенттер өз ойларын ортаға салу арқылы жүйелі сөйлеуге дағдыланады.

Сыни тұрғыдан ойлау әдісі. Бұл әдістің мақсаты –студенттердің білім деңгейін көтеру, оларды шығармашылыққа баулу, ойларын еркін айтуға, кез келген мазмұн, түсінікке сыни тұрғыдан қарап, дұрыс шешім қабылдауға дағдыландыру. Сонымен қатар көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Бұл технологияның бірінші кезеңі студенттің бұрынғы білетінімен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Сондықтан сабақта қарастырылатын мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Екінші кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік танытуына жағдай жасалады. Үшінші кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді.

Қорытындылай келе интерактивті әдіс арқылы бүгінгі күні білім беру жүйесінде оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытуға, олардың оқу еңбегіне деген жағымды мотивациясын қалыптастыру үшін, тиімді инновациялық шешімнің бірі.

 Интерактивті оқуда білім алушыларда қалыптасады: білім, білік, дағды. Онда өз идеялары мен әрекеттерін талдау, ақпаратты өздігімен түсін, жұпта, бірлескен жұмыс түрінде жұмыла әрекет жасау, жасаған әрекетке баға беру, ақпаратқа дәлелдеме беру, ақпараттан әр түрлі мағына көру.

Біз әр технологияны қолдану арқылы белгілі бір жетістікке жете аламыз. Болашақ ұрпақты бәсекеге қабілеті жеке тұлға қалыптастыру – қазіргі заман талабы деп есептеймін.   

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.     Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы   27 шілдедегі Заңы. «Егемен Қазақстан» 2007, 15 тамыз. №254-256.

2.     Мясоел Т.А. «Интерактивные технологии обучения. Специальный семинар для учителей» М, 2004

3.     «Мектептегі шет тілі» №1, 2010

4.     «Мектептегі шет тілі» №3, 2012