Педагогика

Еримбетова Ақмарал

№110 мектеп-лицей, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Жаңақорған кенті, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы

Сабақта ойын әрекеттерін қолданудың маңызы

 

Қазіргі ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеру - маңызды мәселелердің бірі.

Білім беру жүйесінің барлық элементерінің және сабақты құрастыру технологияларын қолданумен қатар, мұғалім келесі педагогикалық технологияларды пайдалана алады:  ойын технологиялары, проблемалы оқыту, ақпараттық-комуникациялық, дамыта оқыту, зерттеуін ұйымдастыру технологиясы және т.б.

Ойын арқылы бала жаңа ортаға тезірек үйренуге мүмкіндік береді. Жаңа ортаға, оқу процесіне өту үйреншікті өмір сүру әдістерін өзгертуді қажет етеді.

Ойын әрекеті балаларды өмірге ең қажетті қасиеттерге: өжеттілікке, іскерлікке, жауапкершілікке, ептілікке тәрбиелейді. Балалар ойын процесінде жаңа білімдер, пайдалы іскерліктер, әдеттер мен дағдылар үйренеді. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес болса, оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады.

Қазақ тілі сабағында оқытудың жаңа технологиялары, интерактивті әдістер жиі қолданылады. Инновациялық әдіс-тәсілдерді ретімен ендіру арқылы оқытушы оқушының қызығуын, белсенділігін арттыру арқылы сабақтың сапасы көтеріледі.

Оқушылардың білімге ықыласын, ынтасын, қызығушылығын арттырудың ең тиімді жолының бірі - сабақта ойындарды қолдану. Ойын, білім алу, еңбек ету - адамның негізгі іс-әрекеттері. Ойын - әрқашан ойын әрекеті арқылы білім, тәрбие алуға, еңбекке дайыңдайды. Ойындағы түрлі оқиғалар мен жағдаяттар сабаққа әр түрлі нәр бере отырып, сабақты қызық етеді, оған эмоциялық бояу береді.

Қазіргі мұғалім әрбір сабаққа, тақырыпқа және әр сыныптың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқытудың әр түрлі әдістері мен формаларын таңдай білуі қажет. Сонымен қатар оқушыларды өзіндік жұмысқа үйрету, олардың ізденісін ұйымдастыру және кейбір материалдарды кең көлемде беріп, тәрбиелік мақсатқа жету үшін де оқыту формаларын тандай білу керек.

Бір сабақтың өзінде қолданатын әдістерді кезектестіріп, оқушыларды шаршатпай, материалды қызықты жеткізе білуді де ескерген жөн.

Қазақ тілі сабағында ойын түрлерінің қолдану тиімділігі:

- жаңа тақырыпты ойын арқылы меңгертуде жақсы нәтижеге жетеді;

- сабақты жандандырып, оқушыларды ынталандырады;

- шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін арттырады;

- өзіне деген сенімділік пайда болады;

- логикалық ойлау қабілеті дамиды.

«Қалалар» ойыны.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының қала атауларын қаншалықты есте сақтағандарын тексеру. Қала атауларын дұрыс жазуға дағдыландыру.

Ойын шарты: Тор көздің ішіндегі шашыраңқы әріптердің басын қоса отырып, тор көздердің ішінен қала атауларын тапқызу.

С

З

Ы

Л

А

Е

У

А

Т

Қ

Ы

П

А

Р

Д

А

Н

А

А

Р

А

В

А

Қ

Т

А

Р

О

Р

Ғ

Л

О

Д

С

Т

А

Л

А

А

П

Д

Ы

А

Р

З

 

 

 

 

«Жалғасын тап» ойыны

Мақсаты: Мақал-мәтелдерді есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Ойын шарты: Мақал екі қатарға жазылады. Бірінші қатарда басы, екінші қатарда соңы жазылады. Мақал басы мен соңының орындары ауыстырылып жазылады. Оқушының міндеті тілдік сызықшамен қосу арқылы әр мақалдың толық мағынасын шығару.

А) Ердің сыншысы                                      бітеді

Ә) Жақсы болсаң,                                        жүректе

Б) Ерлік білекте емес,                                 ашу-дұшпан

В) Жері байдың                                           ел

Г) Ақыл дос,                                                ардақты ат,

Ғ) Кім еңбек етсе                                         жақын көп

Д) Мал баққанға                                          сол тоқ

Е) Адам деген-                                             елі бай

 «Тапқыш» ойыны.       

Мақсаты: Сөз таптары туралы алған білімдерін тексеру.

Ойын шарты: Әр топқа берілген кестеден әр сөз таптарына қажетті сөздерді теріп жазу.

Қ

Ы

Б

Е

С

О

Қ

Ы

А

Й

Д

Ы

І

Ш

К

Д

Л

С

Ы

Н

Д

Ы

Ө

Ы

А

А

Р

Ы

П

П

К

С

Ж

А

З

Б

И

І

К

Н

Қ

Т

А

Й

С

Е

Г

І

О

Қ

Р

Ә

П

К

Е

З

Н

А

А

Т

Ы

Р

Н

А

Зат есім: қонақ, …

Етістік: оқыды, …

Сан есім: он,…

Сын есім: көк,….

Қорыта айтқанда, ойын баланың көңілін өсіріп, ойын сергітіп қана қоймай, оның таным-түсінігін де арттырады.

 

Әдебиеттер

1. Төтенаев Б. Қазақтың ұлттық ойындары. Алматы, 1994

2. Балғымбаев М. Қазақтың ұлттық спорт ойыны түрлері. Алматы, 1985