Қарағанды
облысы білім басқармасы
«Даму
мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған балалар үйі» КММ,
Қарағанды қ.
Функционалды
сауаттылықты арттыру негізінде балалар үйінің тәрбиеленушілерінің
бойында рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру
Жас
ұрпақтың азамат болып қалыптасуының,
дамуының түп тамыры тәрбиеден бастау алады. Елбасы
Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту -
Қазақстан дамуының басты бағыты» атты
Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының
функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша ұлттық
жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды.
Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі
бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі барысында
маңызды қадам болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген
функционалдық сауаттылықтың мақсаты –
оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолдануға
үйрету. Сонымен қатар, ол орта білім жүйесінің
парадигмасын түбегейлі өзгертудің негізі болып табылады.
Даму
мүмкіндігі шектеулі балаларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу,
болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті кезек күттірмес
мәселе. Рухани адамгершілікке тәрбиелеу білім берумен ғана
шектелмейді. Баланың сезіміне әсер ету арқылы оның ішкі
жан дүниесін ояту нәтижесінде, оның рухани адамгершілік
қасиеттері қалыптасады.Рухани адамгершілікке тәрбиелеу
дегеніміз – бала өміріндегі орнын, жауапкершілігін түсініп,
өзін-өзі жетілдіріп, айнала қоршаған адамдар мен кез
келген затқа, жан-жануарға
жақсылық тілеп, жасауы. Сондықтан рухани адамгершілік
жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі болып табылады.
Тәрбиеленушілердің тұлғалық
қабілеттерінің дамуындағы функционалдық
сауаттылықты арттыруда адамгершілік
құндылықтардың маңыздылығын бүгінгі
тақырыбымызға арқау етеміз.
Адам
тәрбиелеу оған ғылыми негіздермен мәлімет беру, баланы
өмір сүруге үйрету - өте қиын екені белгілі.
Оған қоса жетім балаларға ата-ана да, тәрбиеші де болып
қызмет жасау – қиынның қиыны. Халықта «Ағаш
түзу өсу үшін оған көшет кезінде
көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны
түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан
баланың бойына ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық,
яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп,
өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Бір
жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың,
педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші
жағынан - тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын
қылықтарынан, сезімдері мен қарым-қатынасынан
көрінеді.
Біздің әлеуметтік-экономикамыз
тұрақталмаған уақытта әсіресе ата-ананың қарауынсыз
қалған жетім балаларға қиындық
туғызады.Тәрбиенің маңыздылығы сондай,
біздің болашақ ұрпағымыз тәрбиеден ғана
рухани байлық алып, тәрбие арқылы ғана адам болып қалыптасады. Белгілі
педагог А. С. Макаренко былай
жазған болатын: «Мына қиын уақытта тәрбие
жұмысының түп қазығы ....адамға
қажетті тәрбие мен сұрыптаудан тұрады». Қажетті
нәтижелерге қол жеткізу үшін түрлі заманауи
педагогикалық технологияларды еппен қолданып, сауатты түрде
байланыстыра білу керек. Функционалдық сауаттылықты
қалыптастыру дегеніміз күрделі де, жан-жақты,
ұзақ процесс. Балалар үйінде жетім балаларды тәрбиелеу
жұмыстары кешенді түрде жүзеге асуда. Атап айтсақ, балаларға арналған
түзете-дамыту білім беру бағдарламалары «Даму мүмкіншілігі
шектелген балаларға арналған балалар үйі жағдайында
функционалды сауаттылықты қалыптастыру» және
тәрбиеленушілерді әлеуметтік ортаға бейімділігін арттыру мақсатындағы кешенді түзете-дамыту білім беру
«Выпускник» атты бағдарлама бар.Педагогтар мен тәрбиешілер тәрбиелеу процесін балалар ұжымы
ішінде рухани-адамгершілік
қасиеттерді дамытуға бағыттап отырады. Тәрбиешілер
тәрбиелеу жұмыстарында әр түрлі дәстүрлі
ашық сабақтар, ойын сауық кештері, тәрбие
сағаттары, дәстүрлі мерекелерге байланысты өтетін
шаралар, үйірме жұмыстары т.б. шаралар ұйымдастырып отырады.
Жүйелі өтіп отыратын тәрбие сағаттары «Әдептілік
әлемінде», «Отбасы - өмірдің қымбат бөлшегі»,
«Ынтымағымыз жарасқан»,«Лабиринт воспитанности», «Менің
Отаным - Қазақстан» т.б. тәрбие сағаттардың да
жалпы адамзаттық қасиеттерді қалыптастыруға,
жан-жақты азамат
тәрбиелеуде маңызы зор.
Тәрбиеленушілердің
бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда мерейлі
мерекелер «Қазақстан
халқы Ассамблеясының жылы» мен «Ұлы Жеңістің
70-жылдығы», «Қазақ хандығының 550-жылдығы»
арналған ашық шаралардың берері көп болды. Бұл
атаулы мерекелер париоттықтың, рухани-адамгершіліктің
қайнар көзі болып табылады.
Тәрбиеленушілердің
тұлғалық қабілеттерінің дамуындағы
функционалдық сауаттылықты арттыруда адамгершілікке баулу тек
қана оқу барысы мен ашық шаралармен ғана шектелмеуі
керек. Қоғамға пайдалы еңбекпен айналысу
арқылы тәрбиеленушілер еңбек
ұжымындағы
қағидалар мен адамгершілікке баулитын қасиеттерді
сезіне алады.
Балалар
үйінде бұл бағытта барлық жағдай
жасақталған: түрлі үйірме жұмыстары, секциялар
мен ұстахана жұмыстары. Мысалы «Хозяюшка» , «Домоводство» үйірмелерінде қыз балалар ас
әзірлеуді үйренеді. Сонымен қатар, «Хозяюшка»
үйірмесінде функционалдық сауаттылықты арттыруда адамгершілікке-рухани
тәрбиеге баулуды басты назарда ұстайды: бір-біріне көмек
беру, шығармашылдық, табандылық,
еңбекқорлық, өзін бағалай білу, патриот пен
әр ұлттың тұрмыс-тіршілігі мен ұлттық
тағамдардың өзгешелігімен танысу арқылы толерантты болу.
Бұл
тақырыпты
зерттеу жұмысының аясында әдістемелік ғылыми
жинақтарға ұжым педагогтарының бірқатар еңбектері жарияланды.
«ДМШ балаларға балалар үйі
жағдайында функционалды сауаттылықты қалыптастыру» атты авторлық бағдарлама бойынша тәрбие сағаттарының
жинағы, «Даму мүмкіншіліктері шектелген балаларды
ұлттық құндылықтар арқылы адамгершілікке
тәрбиелеу», «Адамгершілік - асыл қасиет» атты әдістемелік
нұсқаулар баспаға шығарылды.
Қорыта
айтқанда, адамгершілік тәрбиесін ең басты мәселе деп
қарастырғанымыз жөн. Себебі қазіргі қоғамда
экономикалық дағдарыс пен саяси дағдарыс басты емес, жеке
тұлғаның дағдарысы маңызды. Бұл мәселенің шешуі
ретінде балалар үйінде білім мен
тәрбие беру жүйесін функционалдық сауатты жеке
тұлғаны бағуға бағыттау.
Рухани
- адамгершілік тарапынан
функционалдық сауатты жеке тұлға дегеніміз- ол:
Өмірде
өз бағытын білетін және
қоғамдық құндылықтарды бойына
сіңірген және өз іс-әрекетін қоғамның
талабына сай үйлестіріп отыратын, нормалық шектеулерді саналы түрде қолданып,
өзіне тиімді жағдайды тандаушы.
Сонымен
функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен
қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол
ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу
деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық
сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада
өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және
оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз
ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан
құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен
білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол –
ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени
және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық
сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық
сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады.
Сондықтан теория мен практиканың байланыста болуын қамтамасыз
ету үшін әрбір берілетін
тәрбие мен білім бала өмірінде кездесетін түрлі
проблемалық мәселелерді шешуге көмегі тиетіндей, бала оны
қолдана алатындай практикалық маңызы ескерілуі тиіс.
Ал
функционалдық сауатты жеке тұлғаны қалыптастыру
дегеніміз рухани-адамгершілік тәрбиенің нәтижесінде
қазіргі заманның балалар
үйінің түлегі бейнесі
деп қарастыруымыз керек.
Ұрпақ
тәрбиесі — келешек қоғам тәрбиесі. Сол
келешек қоғам иелерін өз халқының тарихын,
салт-дәстүрін, тілін, білімін, адамзаттық мәдениетті,
адами қасиетті терең түсінетін функционалдық сауатты
жеке тұлғаны
тәрбиелеу - өмір талабы, қоғамға
қажеттілік деп түсінуіміз керек.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Концепция
духовно-нравственного воспитания российских школьников под ред. Данилюка
А.Я., Кондакова А.М., Тишкова В.А.
2. Концепция
гуманистического воспитания В.А. Сластенина.
3. Концепция
развивающего воспитания А.А. Леонтьева.
4. Макаренко А.С.
Сочинения: В 7 т. - М., 1958. - Т. 5. - С. 179.
5. Штец А.А.
Функциональная грамотность в личностно развивающем образовании // Начальная
школа: до и после. - № 8. – 2007.