Нақай
А.,Шаяхметова М.Н.
Е.А.Бөкетов
атындағы ҚарМУ
Жәңгір
хан мектебінің тарихы.
Қазақтың
тарихында ерен еңбегімен халық жадында қалған асыл
бабаларымыз аз болған жоқ. Әр уақытта,
елдігіміздің әр кезеңінде халқым дейтін
тұлғалар халыққа қызмет көрсетіп
отырған. Соның бірі – Жәңгір хан. Кезінде
отарлаушының арнайы қаралау саясатының құрбаны
болған Жәңгір хан жөнінде бүгінгі күні
тарихтың шындық беттері ашылып жатыр. Бұл ханның
қазақтың мүддесі үшін жасаған үлкен
жетістігі ол Бөкей Ордасында мектеп ашумен байланысты болды.
19
ғасырдың елеулі оқиғаларының бірі - Жәңгір хан мектебінің
ашылуы. Әртүрлі деректерге сүйенсек, болашақ хан
Қазан университетінде білім алып жүрген кезінде – ақ армандап
жүріпті. Әрине, кейін бұл ұлтжандылығы үшін
Ресейден тиісті жазасын алып, түпкілікті сенімдерінен де шығады,
тіпті өмірінен де айырады. Сонымен, 1841 жылы бұл арманы жүзеге
асады. Патшалық Ресейге қазақ даласында мектеп салу
қажеттігін дәлелдегеннен кейін, рұқсатын алып мектеп
салуға кіріседі. Еш жақтан көмек болмағаннан соң,
өз күшімен, өз қаржысына бұл мектептің ірге
тасын қалайды. Сөйтіп, 1941 жылдың 6 желтоқсанында
қазақ даласында қазақ балалары үшін
тұңғыш рет мектеп ашылыпты. Мектеп ішінде оқушылар
партасы, арнайы тақта секілді мектеп үшін керек –
жарақтың барлығы орнатылады. Орналасқан жері – Хан
Ордасы қаласы. Жәңгір хан мектеп ашылғаннан кейін алыс
– жақыннан арнайы ұстаздарды алдырды. Жәңгір хан
мектебінің ең бірінші мұғалімі ветеринар дәрігер
Константин Ольдекоп арифметика мен география, орыс тілі мен грамматикасы, тарих
пәндерін жүргізсе, Сәдридин Әминов татар, парсы, араб
тілдерімен қатар, мұсылман дінінің заңдары мен ережелерінен
дәріс беруші болып қызмет атқарған еді. Мектепте
жұмыс істеген бұл ұстаздар тікелей хан қолынан
сыйақы алып отырыпты.
Мектептің
алғашқы түлектері де қазақ халқына елеулі
еңбек қосқан азаматтар. Мысалы, этнограф, қоғам
қайраткері – Мұхамед – Салық Бабажанов, қазақ
ауыз әдебиетін жинаушы, би, әкім – Мұхамеджан
Бекмұхамедов, ақын – Шәңгерей Бөкеев,
қазақ даласынан шыққан тұңғыш
кавалерия генералы – Ғұбайдолла Жәңгіров, ақын,
Алаш қайраткері – Ғұмар Қарашұлы сында айтулы
тұлғалар өте көп болды. Түлектер арасынан мектеп
жайлы айтқан Мұхаммед – Салық Бабажановтың мына бір
пікірі бар: << ... ханның ықпалымен және
жанашырлығымен Ордадағылар білімнің қажеттілігін сезіне
бастады. Жәңгір білімге, ағартушылық пен
мәдениетке бой ұрмай халық мүддесін тиімді түрде
қорғау алдағы уақытта мүмкін емес екендігін
қазақ хандарының ішінде бірінші болып түсінді. Ол
бастауыш мектептері бар мешіттерді салу үшін қаржы жинауға ру
билеушілері мен ірі ру бөлімдерін міндеттейтін арнайы жарлық та
шығарды. Бұл жарлық қазақ халқы тарапынан
лайықты түсіністік тапты. Ағартушылық өмір салтын
насихаттау мақсатымен Жәңгір Ордада ақсүйектер
жиналыстарын өткізді, балаларды оқуға беруге шақырды.
19
ғасырдың 30 – жылдарының соңында қазақ
балары мен жасөспірімдерін Ресей оқу орындарында оқыту
Бөкей хандығында қоғамдық қолдау тапты. Хан
өзінің барлық балаларын, соның ішінде қыздарын
да, орыс оқу орындарына бергені Орда тұрғындарына үлкен
әсер етті. Ол өз заманының өте жоғары
деңгейдегі білім иегеріне айналды: орыс, парсы, араб, татар тілдерін
білді және ішінара неміс тілін де игерді. Жәңгір Еуразиялық
ғылым мен мәдениеттің көрнекті қайраткерлерімен
тығыз араласты. Ханды білімді билеуші ретінде энциклопедист Александр
Гумбольт, өсімдіктанушы Карл Клаус, химик А.Бергман, Тарту
университетінің профессоры Ф.Гебель, А.С.Пушкиннің досы
С.А.Раевский, этнограф Г.Карелин аса жоғары құрметтеді.
Жәңгір хан Қазан университетінің алғашқы
ректорлары Карл Фукс және Н.И.Лобачевскиймен тығыз қарым –
қатынаста болды. Олармен хат жазысты, жоғарғы оқу
орнының жебеушісі болды. Қазақ жастары сол мекемеде білім
алуы үшін ол өте көп істерді жүзеге асырды.
Қазақ халқының ауыз әдеби шығармаларын
зерттеді және қазақтың шежіре кітаптарын жинады,
бірнеше эпикалық шығармалар жазды. Бұл мектеп сол
дәуірде бүкіл қазақ даласындағы жалғыз
мектеп болатын, яғни Жәңгірді қазақтың
алғашқы ағартушысы деп айтуға толық негіз бар.
Хан мектебі қазақ халқының белгілі бір деңгейде
сауаттылыққа әуестігін, білім және мәдениетпен
байланысын оятуға мүмкіндік берді. Жәңгір хан бул
туралы былай деп жазады: << Біздің балалар
қоғамға ізгілікті түрде қызмет ету үшін
білім ала отырып, барлық ғылымды біле алады деп жар саламын.
Осының бәрі мені қатты қуантады, себебі білімге
қолы жетуі – менің халқым үшін ең үлкен
бақыт >>.
Әдетте,
қазақ даласындағы білім беру жүйесінің пайда
болуы Ыбырай Алтынсаринның есімімен
байланысты аталып жатады. Кейде ағарту саласы дегенде Шоқанды,
Абайды ауызға аламыз. Алайда қазақ
халқының ағартушылық саласының тұңғыш қазығын
қаққан, келер жас ұрпақтың сауатты да,
ұлағаты мол тәлім – тәрбие алуына зор еңбек
сіңірген Жәңгір ханның қазақ тарихында ойып
алатын орны бар деуге негіз бар. Ол сауаттылықты ғана оятып
қана қоймай мәдениеттілікті, ізгілікті, шыншылдықты,
өз ісіне деген адалдықты колдап, өмірінің соңына
дейін кемелдігін шыңдады.