Айдарбекова К.А., Амирова
Қ.Н.
Е.А.Бөкетов
атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Бастауыш мектептің оқыту үдерісінде
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін
қалыптастыру
ХХІ ғасырдағы
қоғамда болып жатқан саяси-әлеуметтік,
экономикалық өзгерістер, әлемдік деңгейдегі білім
берудің жаңа
үрдістері туғызған реформалар негізінен бастауыш мектепке
көбірек назар аударуды қажет етіп отыр.
Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру
жүйесінің басты мақсаты - ұлттық және
адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке
тұлғаның қалыптасуына жағдай жасай отырып,
оның шығармашылық қабілетін және
эстетикалық тәрбие беруді дамыту»- деп көрсетті [1].
Қазіргі заманғы педагогикалық ой-тұжырымдардағы
басты мақсат - оқушының жеке тұлғалық
күшін және оның шығармашылық потенциалын дамыту
болып табылады. Түсініктеме сөздікте потенциал дегеніміз – адам
бойындағы қабілет, іске қосылатын қуат деп
анықтама береді. Аса көрнекті психолог В.С. Выготский: «шығармашылық
– жаңалық ойлап табатын іс-әрекет» деп атап көрсетеді
[2].
Ғалымдардың
айтуынша «шығармашылық қабілет» түсінігіне еніп
тұрған бар қасиеттер кешенін бір мезгілде қамту
мүмкін емес.
Жеке
тұлғаның шығармашылық белсенділігін көтеру
және білім алушының шығармашылығын қалыптастыру
мәселесін біртұтас педагогикалық үдерісс
тұрғысынан қарау қажет деп санамаймыз. Себебі
оқыту барысында адамның дамуы қазіргі білім берудің
басты мақсаты ретінде қарастырыла келе, білім беру үдеріссін
ұйымдастыруды ерекше гуманизациялау, дамыту бағытының
басымдылығы тұрғысынан қарау керектігін
айқындадық.
Қазіргі кезде Қазақстан
Республикасы білім беру саласының жан-жақты дамытылуы – тек
білімде. Олай болса, сапалы білім беру мақсатында жұмыс
жүргізуі үшін мектеп әкімшілігі мынадай негізгі
мәселелерді шешуі керек:
• мектептің материалдық-техникалық базасын
нығайту;
• оқу-ағарту саласының барлық буындары
үшін конкурстық негізде оқытудың әсерлі
әдістемелік жүйесін қалыптастыру, оқу
мазмұнының мемлекеттік стандартына сәйкес оқулықтармен,
оқу құралдарымен, көмекші құралдармен
жеткілікті қамтамасыз ету;
• оқушылардың шығармашалық қабілетін
дамытуға жағдай жасау;
• жаңа талапқа сай жауап беретін білімді, білікті
кадрларды тәрбиелеу;
Қазігі кезде
педагогқа қойылатын белгілі бір талаптар белгіленген, олардың
орындалуы білім беру мекемесі мұғалімнің алдында
тұрған міндеттердің шешілуін қамтамасыз етеді.
Сонымен,
оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру мәселесі
өзара субъек-субъектілік ықпалдастық пен гумандылық
қатынас негіздерін әзірлеу кезінде шешілуі мүмкін.
Аталған тұжырымдамалық негіздемелердің жүзеге
асырылуы оқу-тәрбие үдерісіндегі өзара
ықпалдастық формалары мен әдістерін іріктеу есебінен
оқыту мен тәрбиелеудің үдеріссуалдық
құрамды бөлігін гуманизациялауды қамтамасыз етуге
мүмкіндік береді.
Жоғарыда
айтылғандай, оқу-тәрбие үдерісіндегі
ұйымдастырудың біртұтастық тәсілін
қамтамасыз ету қажет. Гуманизациялау үдерісін жүзеге
асырып жатқан мектептерде бұл неден байқалады?
Біріншіден,
педагогикалық ұжым деңгейінде әрбір педагогтың
ортақ мақсатқа жұмыс істеуінен-ықпал етуі емес,
ортақ мақсатқа жетуді қамтамасыз етуінен
көрінеді.
Екіншіден, әрбір
сабақта, сабақтар жүйесінде және сыныптан тыс шараларда
әрбір бөлігі ертеңгіге жұмыс істейтіндей етіп
оқытудың, дамытудың және тәрбиелеудің
міндеттерін кешенді шешуде көрініс табады.
Үшіншіден,
тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеудің, білім беру
мен өз бетімен білім алудың бірлігінен байқалады.
Төртіншіден, жай
ғана бірлескен қызмет емес, педагог пен оқушылардың
өзара белсенді қызметі (педагогикалық өзара
ықпалдастық) болуы тиіс.
Педагогикалық үдерістің
тұтастығы осы барлық функцияларды табысты жүзеге
асырғанда ғана туындайды.
Өмір талабына сай
жеке тұлға тәрбилеудің ерекшелігі оның
үздіксіз жүргізілу қажеттігінде. Жеке
тұлғаның шығармашылығын дамыту адамның
кішкентай кезінен бастап есейген кезіне дейін жүріп отырады.
Үздіксіз білім беру жүйесіне рухани бай, жоғары
мәдениетті және мәдени
құндылықтарды бағалай алатын жеке
тұлға қалыптастыруға бағытталған
әлеуметтік институттар да енуі қажет. Адам жеке тұлға болып тумайды, ол біртіндеп
қалыптасады. Адамның дамуы-ішкі және сыртқы
жағдайлардың әсерлерімен қалытасатын күрделі,
ұзақ мерзімді, қарама-қайшылықты үрдіс.
Бастауыш білім
үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған
сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік,
дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған
дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, олардың
шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің талабы.
Шығармашылық
дегеніміз - адамның өмір шындығында өзін-өзі
тандауға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу
үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы,
дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек.
Оқушылардың қиялын дамыту - шығармашылыққа
баулуда ең бір қажетті мәселе. Осы мәселені жолға
қоюдың амалы ретінде өздері қалаған
заттардың атынан жазбаша әңгіме құрату. Шығармашылықты
дамыту жаттығуларының қайысысымен болсын жұмыс істеу
үстінде оқушы оқиғаны өзі сезінуге
ұмтылады, оны ішкі әлемнен өткізіп, қағаз бетіне
түсіреді. Үзбей
атқарылған осындай жұмыстар баланың
шығармашылық қабілетін дамыта түседі.
Еліміміздің
бәсекеге қабілетті
ұланының үш тұғырлы дамытуда, ана
тіліндегі өз ойын, пікірін де көркем де анық, нақты
етіп бере білу жолында ауызекі және жазбаша шығармашылықты
дамыту жұмыстары септігін көптеп тигізері анық.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
Қазақстан Республикасындағы білім туралы заңнама.
Заң актілерінің жиынтығы. – Алматы: Юрист, 2008. – 240 б.
2.
Выготский Л.С. Педагогическая психология.
– Москва: Педагогика, 1991. –
472 с.