Орыс тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі Келмағанбетова
А.С.
Қарағанды
облысы, Шет ауданы,
КММ Еркіндік
жалпы орта білім беру мектебі
Орыс тілін
оқытуда ойын технологиясын қолдану
Қазіргі
заманда Қазақстанның өзіне ғана тән
ұлттық сипаты бар білім беру жүйесін одан әрі
дамыту,білім беру сапасында әлемнің басқада
алдыңғы қатарлы беделді де,белді елдерімен қатар
жұмыс жасау,қазақ тілін дамытуда өзіндік үлес
қосу,бүкіл әлемдік деңгейге көтеру, білім беру
ісінде әлеуметтік кеңістікке шығу алдағы
тұрған міндеттер.
Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру
жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы
адамзаттық құндылықтары,ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және
кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін
қажетті жағдайлар жасау,... оқытудың жаңа
технологияларын енгізу,білім беруді ақпараттандыру,
халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге
шығу»деп,білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері
көзделеді.
Келер ұрпаққа
қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде
мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің
ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеру-маңызды
мәселелердің бірі.
Қазіргі
уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың
тұлғалық дамуына бағытталған жаңа
оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. «Педагогика
технологиялар – бұл білімнің; басымды мақсаттарымен
біріктірілген пәндер мен әдістемелердің; оқу –
тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен
байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен
әдістерінің күрделі және ашық жүйелері,
мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр
аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар
жиынтығын құрайды».
«Ойынсыз
ақыл-ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы
мүмкін емес. Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық
терезе сияқты, сол арқылы баланың рухани байлығымен
жасампаз өмірімен ұштасып, айналасындағы дүние туралы
түсінік аладыОйын
жағымды эмоция сыйлаушы құрал. Ойын ойнату аяқ астынан
болғандықтан, ойламаған жерден ойынға кірісу
қызығушылықты тударады. Ойын ойнау барысында оқушы
ешбір бүкпесіз, бар жан-тәнімен ойынға кірісіп кетеді де,
белсенділік пайда болады, білімгер лидерлік танытады. Тілді үйренгісі
келмейтін адамның өзі ойын ойнаған кезде оны ұмытып
кетеді. Ойын қатысымдықты қалыптастыратын әдіс
болғандықтан, оны оқытудың ешбір әдіс-тәсілімен
салыстыруға келмейді. Ойынды қолдану оқу
үрдісінің басқа аспектілеріне де жақсы әсер
етеді.
Педагогикалық ойынның маңызы зор. Ойын
біріншіден, білу және үйрену, екіншіден, адамның ойнай
отырып, өзіндік білім алуы өмір тәжірибесін
жинақтауға көмектеседі.
Ойынның кәсіптік, әуестену,
оқу-жаттығу ойындары сияқты түрлері бар.Ол дем алу,
көңіл көтеру бола тұра оқуға ,
шығармашылықта , емдеуде, адам қарым-қатысының
типтерінің модельдерінде, еңбекте көрініс табады. Ойынды ерте
заманнан үлкендердің іс-тәжірибесін жеткіншек
ұрпаққа жеткізу үшін пайдаланған. Қазіргі
мектепке дейінгі мекемелерде және мектептерде де ойын әрекеті ойын
пәнінің тарауын және тақырыбын түсіну үшін
өздік технология ретінде, жалпы технологияның элементі ретінде, сабақ немесе оның бір
бөлігі ретінде қолданылады.
Әр түрлі топтарда орыс тілі сабағын қызықты етіп
өткізу үшін сабақтарда мынандай ойындар қолданады:
- Фонетикалық ойындар;
- Әріптерге байланысты ойындар;
- Оқу ережесіне байланысты ойындар;
- Сөйлеу қабілетін дамытуға байланысты
ойындар;
- Грамматикалық ойындар;
- Лексикалық ойындар;
Тілдің дамуына ойын өте үлкен
әсер етеді. Ойын ақыл-ой дамуына да әсер етеді, бала ойын
үстінде заттар мен іс-әрекеттерді жалпылауды, сөздің
жалпылама мағынасын қолдануды т.б. үйренеді.
Ойындар жаңа тақырыптарды өткенде,
сөздерді, тұрақты сөз тіркестерін
пысықтауға арналған жаттығулардың бір түрі
ретінде пайдаланылады.
Қазақ топтарының балалары орыс тілі
пәнін ойын сабағы ретінде тез қабылдайды, мұның
өзі педагогқа бүлдіршіндерді пәнге қызықтырудың
қосымша шараларын іздестіруді қажет етеді. Мұндай
қызықтыру шараларының қатарына: еңбек процестерін
суреттеу, табиғат, өз қалаң туралы
әңгімелеу. Қазақ тілінде оқытылатын
балабақшада орыс тілін оқытудың негізгі мақсаты –
тәрбиеленушілерді орыс тілінде сөйлеуге үйрету. Орыс тілін
үйретудің бастапқы
кезеңінде әр сабақ өз мәнінде көрнекі
құрал қолдану арқылы тартымды өткізілсе, білім
мазмұнының сапасы да артпақ. Мектепке баратын
балалардың бұл кезеңде сабаққа
қызығуын жоғалтып алсақ, кейін олардың тілді
әрі қарай меңгеруі қиынға түседі.
Сондықтан сабақ арасында ойын элементтерін қолдану
сабаққа қызығуын, белсенділігін, ойлау қабілетін
дамытуға, жаңа сабақты пысықтау кезеңін сапалын
өткізуге материалды толық меңгеруге көмектеседі.
Ойындарды екі тарауға бөлуге болады. Бірінші
тарау сөйлеу қабілетін дамытатын грамматикалық,
фонетикалық, лексикалық және орграфикалық ойындар
жатады. Бұл ойындар «Дайындық
ойындары» деп аталады. Бұл тарау алдын-ала грамматикалық
ойындардан басталады. Себебі грамматикалық материалдарды бірнеше рет
қайталағанды қажет етеді және өзінің
біркелкілігімен балаларды жалықтырып жібереді, ал жіберілген күш
тез арада өз нәтижесін бермейді. Ойындар күнделікті жұмысты қызықты етіп өткізуге
көмектеседі. Грамматикалық ойындардан кейін лексикалық
ойындар жүреді. Фонетикалық ойындар сөйлеу қабілеті мен
білігін дамыту кезеңінде дыбыстарды дұрыс айтып үйренуге
арналған. Ең соңында жүргізілетін орфографиялық
ойындардың мақсаты – лексика бойынша оқылған
сөздердің дұрыс жазылуын
үйрету.
Екінші тарау «Шығармашылық ойындар» деп
аталады. Бұл ойындардың мақсаты – сөйлеу
қабілетінің ары қарай дамуына ықпал ету. Тез ойлауға, қарым-қатынаста
ойланбай жауап қайтаруға, әр түрлі жағдайлардан
тез шығуға көмектеседі.
Дидактикалық ойындар оқушылырдың ой-өрісін
дамытып, ойлау қабілетін артуымен қатар, үйретілген,
өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен
әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық
ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын
молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Балалар ойын ойнау барысында
үйренген сөздерін айтып
қана қоймай, оның қандай мағыныда
қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пәндерінің
мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана
дұрыс нәтижелер береді.
Іскерлік ойындар – оқушылардың сөйлеу
қабілеттерін жетілдіретін, дамытатын тиімді тәсіл. Сабақ
барысында іскерлік ойындарды қолдану арқылы балаларға
сөйлеу үлгілері меңгертіледі. Мұндай ойындар
оқушылардың жасқаншақтық, ұяндық
қасиеттерін жойып, оның қиялына ерік береді.
Ойында келесі маңызды міндеттер: баланың
қоғамдық қатынастарға бейімделуі, жалпы
адамзаттық мәдени құндылықтар мен әр
түрлі ұлт өкілдерінің мәдениеттерін
меңгеруі, баланың шынайы адамгершілік коммуникацияға енуіне
мүмкіндік беретін коммуникативті іс-әрекеттерінің
көрініс табуы жүзеге асырылады. Оқушының әр
қырынан көрінуіне интеллектуалдық, шығармашылық,
коммуникативтік жағынан және әр түрлі
қиындықтарды жеңуге жағдай жасайды.
Ойынның оқыту мүмкіндігі жөнінде
ертеден белгілі. Көптеген алдыңғы қатарлы педагогтар
оқыту процесінде ойынды
қолдану тиімділігіне әділ назар аударған. Ойында
адамның,әсіресе баланың толық және кейде
күтпеген жерде қабілеті танылады.
Ойын – ақыл-ой мен сезім күшін талап ететін
ерекше ұйымдастырылатын сабақтар. Ойын әрқашан шешім
қабылдауды ұсынады- қалай істеу, не айту, қалай
ұту қажет? Осы мәселелерді шешу тілегі ойнаушылардың
ойлау әрекетін арттырады. Ал егер қазақ тілінде
сөйлейтін бала сонымен қатар орыс тілінде сөйлесе, ол
оқытудың бай мүмкіндігін ашады. Оқушылар ол туралы
ойланбайды. Ойын олар үшін ең бастысы-еліктіргіш сабақ.
Сонысымен ол оқытушыларды, соның ішінде орыс тілдер
оқытушалырынқызықтырады. Ойын кезінде барлығы
тең. Ол тіпті тілақауы бар балалардың да қолынан
келеді. Теңдік сезімі, еліктеу мен қуаныш атмосферасы,
тапсырманың қолынан келетіндігін сезіну- сөзінде басқа
тіл сөздерін еркін қолдануға бөгет жасайтын
балалардың ұялшақтық сезімін жеңуге
мүмкіндік береді және оқыту нәтижесіне жағымды
әсерін тигізеді. Байқаусыз тіл материалы меңгеріледі- «мен
басқаларымен бірдей сөйлесе алады екенмін»
Жасөспірімдердің білімі қалыпты болса
да тәрбиесі жеткіліксіз болуының қоғамға тигізер
кесірі мол. Қоғам өркендеп, заман көркейгенмен жаны
азған, тілден, діннен безген,арбау мен алдау,кісі өлтіру мен
ұрлық, әділетсіздік пен қайырымсыздық
сияқты келеңсіз жағдайлардың кездесуі-ата-ана, мектеп,
жұртшылық тарапынан тәрбиенің кеміс түсіп
жатқанының айғағы. Сондықтан қазіргі
таңда балабақша мен мектептің алдында тұрған
өзекті мәселелердің бірі- білім берумен қатар
тәрбие жүйесін жетілдіру. Жалпы білімді ізгілендіре отырып,
тәрбие беру жолдары қандай? Тәрбие беру жолдарын қалай
жетілдіруге болады? Міне, педагог қауымды ойландырып отырған
осындай қитұрқы сұрақтар болып отыр. Ал бұл
сұрақтардың жауабы тек мынада – білім беру үрдісінде
балалардың өзіндік қабілет қарымдарын ескере отырып,
бейіндік көзқараспен оқыту, оқыту
үүрдісінде ойынның ең нәтижелі, тиімді
үлгілерін пайдалану. Бұл жағдайлардың барлығы
білім беру үрдісінің тәрбиелілігіне барып саяды.
Сондықтан қай нәрсе де тек тәрбиеден бастау алады деу
керек.Себебі ұлтына пайдалы қызмет ететін ұрпақ тек
тәрбиелі оқушылардан шығады.
Қорыта келгенде, мектеп
оқушылардың білім, білік шеберліктерінің жан-жақты
дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз
іскерліктерін меңгеруіне ойындар көп көмек береді. ойын - дұрыс сауатгы
сөйлеу, тыңдап түсіну деңгейлерін жоғарылататын,
қатысымдыққа жетелейтін құралдың бірі болып
табылады. Орыс тілі сабағында ойын ойнату басты мақсат емес. Орыс
тілі пәнінің басты мақсаты - ойын арқылы білімгерлерді
орыс тілінде сөйлету болып табылады. Ойынның кұрылымын
оқу әрекетіне салғанда оқу үрдісін мақсатты
қатысым үрдісіне айналдырарымыз хақ. Мәселен,
білімгерлерге бірдей екі нәрсені, не болмаса суретті көрсетіп, осы
екі нәрсенің арасындағы айырмашылықтарды атап
беріңіз деген кезде, олар оны оқу үрдісінің максаты деп
қабылдамайды. Тіл сөйлету мақсатына жету құралы
болып табылады. Және сөз соңында айтарымыз кез келген
тақырыпқа сабақта рөлдік ойындар ойнатқызуға
болады.
1. Қазақстан мектебі. № 11, 2004
2.
.Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030» (Ел
Президентінің Қазақстан халқына жолдауы) Алматы.
«Білім баспасы», 1998, 96 бет.
3.
. М.М. Жанпейісова. Модульдік
оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. Алматы, 2002
4.
. Қ.Ақпаева.Оқу орыс тілінде жүретінде мектептерде
қазақ тілін оқытудың кейбір
мәселелері.Алматы, Рауан, 1997
5. Стронин М.Р. Обучающие игры на уроке английского языка. – М.,1981.
6. Стронин М.Ф. Обучающие игры на уроке английского языка – М.: Просвещение,
1984.
7. Равинская В. Игры как средство обучения / Иностранные языки в школе. – 1980. – № 1.
8. Юрова С.Н. Ребенок в детском саду. – Алматы, 2013.