ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ДЕНГЕЙЛЕП
ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ
Дандыбаева А.С.,
Мейрамова Қ.А
№ 97 гимназия, Қарағанды қаласы
Адамзат ұрпағымен
мың жасайды дегендей, ұрпақ тәрбиесі қай кезде де
халықтық мәселе болған. Тарихта айтылғандай:
дарындылар, қабілеттілер аса жоғары бағаланған.
Жеке тұлғаны
тәрбиелеп шығару үшін, бастауыш мектептің тигізетін
әсері де аз емес. Өйткені бастауыш мектеп балаға белгілі бір
білім беріп қана қоймайды, оны жалпы дамыту, яғни
сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс
көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті
түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс
айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу
мәдениетіне үйретеді. Бұл - бүгінгі күннің
талабы, бұл - ұлттық міндет .
Қазіргі таңда
инновациялық әдістерді пайдалану арқылы танымдық
қабілетті арттыруға көңіл бөлсе, бастауыш сынып
оқушыларының мотивизациясын арттыруда да олардың өз бетінше
жұмыс істеу қабілеті, белсендігі, тілі және логикалық
ойлау қабілеті қажетті деңгейде дамиды. Оқу процесінде
көптеген жаңалықтар ашу үшін оқушының ойлау
қабілетін дамыту өте маңызды. Әртүрлі
пәндерден қызықты идеяны алып зерттеу, оқушыларға
дүниені тұтастай қабылдауға көмектеседі. Демек,
жаңа идеяны зерттеу барысында оқушылар өз білімдерін
жетілдіреді. Ал соның нәтижесінде бастауыш сынып
оқушыларының білім көрсеткіштері көтерілері
сөзсіз. Осындай жауапты міндетті шешуде өз жерін, елін
сүйетін, адамгершілік қуаты мол, білімді, парасатты,
ата-бабасының әдеп-ғұрпын, салт-дәстүрін
бойына сіңірген ұрпақты тәрбиелеуде жаңа
технологиялардың алатын орны ерекше[1, б. 60] .
Жалпы білім беретін орта мектеп
мұғалімдері жаңалықтарды жылдам қабылдап, оларды
практикада қолдануда үлкен белсенділік танытып отыр. Қай
қоғам болсын азаматтарға білім беріп, халықтың
көзін ашуды, сөйтіп жоғары сапалыққа жетуді
жоққа шығарған емес, шығармайды да. Бұл -
объективті құбылыс. Жалпы білім берудің ішкі
құрылымдық желісі қайта қалыптасып, бүкіл
оқыту саласында оқу бағдарламалары түбегейлі
өзгеріске ұшырады.
Педагогикалық технология
ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, жиірек
қолданылып, практикаға енуде. Кез-келген технология
мұғалімнен терең теориялық білім, үлкен
педагогикалық шеберлік, баланың жан дүниесін түсіне
білетін психолог болуды талап етеді.
Педагогикалық процесте
инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері,
мақсаты мен мазмұнына, мұғалім мен оқушының
бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді
білдіреді.
Мұғалімнің
негізгі мақсаты-сабақ сапасын көтеріп, түрлерін
жетілдіре отырып оқушыларға терең де, тиянақты білім
беру. Осыған орай озық тәжірибе, жаңа
технологиялардың тиімді
әдістерін таңдап алып
оларды үйлесімді, тиімді және шығармашылықпен
қолдану-ұстаз шеберлігінің белгісі.
Қазіргі уақытта
инновациалық педогогиқалық технологиялар саны жеткілікті
әзірленген. Сол технологиялардің бірі- денгейлеп оқыту
технологиясы (авторы профессор Ж..А.Қараев). Соңғы жылдары
еліміздің көп мектептері өзінің оқу тәрбие үрдісінде
пайдаланып, тиімді нәтижелерге жетіп жүр. Бұл
технологияларың мазмұнын, ерекшеліктерін түсіну үшін,
дәстүрлі оқытумен салыстырайық. Егер
дәстүрлі оқытуда оқу-тәрбие үрдісінде
басыңқы рөл мұғалімде болса, ал қазір белсенді
қызметті оқушы атқарады, оны оқытпайды, ол өзі
оқиды. Дәстүрлі оқытуда мұғалімде
оқушыға дайын, дұрыс ақпаратты берген, оқушы тек
тыңдап, алған ақпаратты қабылдап отырған
яғни сабақта көбіне репродуктивті әдістер
қолданылған(түсіндіру, сұрақ-жауап, бақылау
жұмыстары т.б). Ал бұл технология бойынша оқушы өзі
ізденіп, өзі оқып, өзі үйренеді. Сабақта проблемалық
оқыту іске асырылады(проблеманы шешу, балаға ой тастау(миға
шабуыл», дебат, дискуссия т.б)
Мұғалім сабақта
басқарушылық міндеттер атқарады, оқушыға
бағыт-бағдар беріп тұрады. Негізгі көңілді
әрбір оқушының жеке мүмкіндіктерін, қабілеттерін,
қызығушылықтарын анықтауға бөледі.
Оқушының
қызметі көптеген тұлғалық қасиеттеріне
қарай бағаланады (интеллектуалды дамуы, тіл мәдениеті,
дербестігі, иннициативасы, жауапкершілігі т.б) Әрбір оқушының
дамуы басқа оқушымен емес, өзімен салыстырады.
Оқушыға өзін-өзі бағалауға мүмкіндік
береді. Біз өз тәжірибемізде денгейлеп оқыту технологиясын
пайдаланып келеміз. Профессор Ж.А.
Қараев технологиясының тиімділігін береді. Жаңа
тақырыпты балалар шығармашылық ізденіс үстінде
өздігінен меңгеруі тиіс. Сондықтан мұндай сабақтарда
оқушылардың ынтасын, белсенділігін, білім деңгейін арттыру
үшін оларға проблемалық сұрақтар қойып
отырады. Тақырып бойынша жасақталған деңгейлік
тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға
мүмкіндік береді. Өйткені оқушылардың ойлауын, елестету
мен есте сақтауын, дағдысын, білім сапасынын, дамуын
қамтамасыз етеді.
Деңгейлік
тапсырмалар тақырыпты меңгеруге бөлінген уақытқа
толық сиятындай шамадағы материалдарды қамтиды және
ең дарынды деген оқушының қабылдау деңгейіне лайықталып
құрастырылады. Сонымен қатар, біз денгейлік тапсырмаларды
қазақ тілі пәндерінде пайдалана отырып, тиімділігін
көрдік. Төменде 4 деңгейлік тапсырмасы берілген.
I
деңгей. 1. Мәтінді
оқып, ат қой.
Адам ауамен дем алады. Ауасыз
өмір жоқ. Ауа таза болу керек. Сыныптың ауасын үнемі
тазартып тұрған пайдалы. Ауа таза болса, адамның
денсаулығы да жақсы болады.
2. Сөйлемдердің орнын ауыстырып мәтін
құра және ат қой.
Қарғаның су
ішкісі келді. ( ). Қарға құмыраға еңкейіп
еді, тұмсығы суға жетпеді ( ). Қарға осылай
шөлін қандырыпты ( ). Аулада түбінде аздаған суы бар
құмыра тұрған болатын ( ). Құмыра
тасқа тола бергенде, су да көтеріліп, қарға іше
алатындай болды ( ). Ол құмыраның ішіне тастар әкеліп
тастай бастады ( ).
- Мәтін дегеніміз не?
II
деңгей.
Сурет бойынша сипаттау мәтінін
құрастырып, оған ат қой.
![]()
Мәтіннің
түрлері:
III деңгей.
4. «Әжеге көмек».
- Әже, маған
айдың орақтай болғанын көрсетесіз бе?
-Жаңа ай туғанда
көрсетемін, балам.
-Онда маған мынаны түсіндіріңізші,
- деп Мирас сұрақтарды көбейтті:
- Ай мен күн кездесе ме? Күндіз ай мен
жұлдыздар қайда кетеді?
Әжесі асықпай түсіндіре бастады.
Сен
әженің орнында болсаң, қалай түсіндірер
едің? Өз ойыңды жаз. Сен қандай мәтін
жаздың?
IV
деңгей.
5.Мәтінді
жалғастырып жаз: Нан.
Көктемде егіншілер ерте жұмысқа кіріседі. Олар
қар кетісімен жерді жыртып, егін егеді.
Қорыта келе, денгейлеп оқыту технологиясы мектепте
оқыту процесіне қажетті әдіс, тәсіл, амал,
дидактикалық талап секілді психологиялық-педогогикалық
іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдалану тиімділігі
оқушылардың тәртібіне, оқуға ынтасына, оқу
іс-әрекетіне игі әсер етуімен қатар, педагогиканы нақты
ғылымға жақындату, мұғалімдердің
интеллектуалдық, шығармашылық қызметі болып табылатын
педагогикалық іс-тәжірбиенің нәтижелілігіне,
жинақтылығына ұтымды әсер ететіндей
оқу-тәрбие процесінің басты күре тамырының
рөлін атқарады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Sabanbayeva N.I. Pedagogical innovations
in the system of education //Materialy VII Miedzynarodowej naukowi-praktycznej
konferencji «Wyksztalcenie i nauka bez granic-2011» Volume 18. Pedagogiczne
nauki.: Przemysl. Nauka i studia-59-62 str