Қазмемқызпу  

Ибраимова Б.С.

аға  оқытушы

 

«Шет тілі сабағында  ақпараттық технологияларды қолдану арқылы студенттердің танымдық белсенділігін арттыру »

 

    Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие және білім беруді жетілдірудің шет  тілін оқытудың басым бағыттарын айқындау педагогика тәжірибесінің көкейкесті мәселелерінің бірі болып отырғаны анық.   

       Еліміз жылдар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізісімен, шет тілі де мемлекетаралық тіл мәртебесіне ие болды. Ендігі кезекте шет тілінің қолданылу аясын кеңейту кезек күттірмес мәселенің бірі болды. Осы орайда шет тілі пәніне көңіл де, ықылас та жылдан- жылға артып, оны оқытудың тиімді әдіс - тәсілдері, технологиялары бойынша зерттеу жұмыстары, оларды тәжірибеге енгізу шаралары қолға алынды.

    Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі: «Білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін, нәтижеге бағытталған білім берудің жаңа жүйесіне көшу үшін әр мұғалім, жеке тұлға күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа ақпараттық технологияларға, әлеуметтік, тұлғалық және жеке құзыреттіктерге ие болуы тиіс. Бұл талаптар күнделікті әдістемелік жұмыстың жүйелі түрде ұйымдастырылуы негізінде жүзеге асырылады. 

     Қазіргі қоғам сұранысына сай білімді, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, өзін-өзі дамытып жетілдіре алатын жеке тұлға тәрбиелеуге аса назар аударылуда.

Ақпараттық технология – ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық - технологиялық құралдардың жиынтығы.

       Шет тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын студенттердің өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді.

      Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі –шет тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен - күнге өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық - коммуникативтік технология арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.

      Сонымен қатар студенттер интелектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады, студенттердің оқу белсенділігі артады, сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде студенттерге шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.

       Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаға бағыттап, оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылату – бүгінгі күннің басты талабы.

     Жоғарғы оқу орындарында шет тілін оқыту жүйесі қарапайым және бастапқы, негізгі, орта және ортадан жоғары деңгей бойынша базалық және пәндік құзыреттерді жүзеге асыра отырып,  шет тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту; сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай студентті тілдік білім негізінде оқыған тілде сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету арқылы дара тұлғаның тілдік қабілетін дамыту, бір-бірімен сабақтас, жүйелі тақырыптарды коммуникативтік тұрғыдан ұсына отырып, студентке шет тілдік қатынасты игерту мақсатын көздейді. Осы аталған мақсатқа қол жеткізу үшін оқытудың ақпараттық технологияларын пайдаланған орынды. Қазіргі кезде сабақта ақпараттық технологияларды бәріміз кеңінен қолданамыз. Ұлы атамыз Абай Құнанбайұлы: «Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек», - деген. Расында да, тек ғана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, табандылығын, шыдамдылығын көрсеткен адам ғана мақсатына жетеді.   

     Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті: Компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көрсету. Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің болашағы -жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге шетел тілі «шет  тілінде» еркін сөйлеп,  өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек деген еді.

     Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудегі ең озық, тиімді әдістерін тәжірибелерін жалғастырып тың жаңалықтар іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту қашанда жалғаса бермек. Қазіргі таңда жеке тұлғаны қалыптастыру студенттердің өзі арқылы, оның іс - әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау дағдыларын дамыта отырып жүзеге асырылады. Білім - жолы қиында қастерлі жол. Болашақ жастарды оқыту, тәрбие беру, қазіргі өмір ағысына бейімдеу ұстаз алдында тұрған ең басты міндет. Қазіргі заманғы білім беру жүйесі оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу педагог қызметкерлердің тұлғасына кәсіби құзыреттілігіне жоғары талаптар қоюда. «Кәсіби құзыреттілік - жеке тұлғаның кәсіби іс - әрекетті атқаруға теориялық және практикалық әзірлігімен қабілеттілігінің бірлігі».

 

     Олай болса, студентті шет тіліне қызығушылығын тудырып дамытуды және жемістің нәтижесін көруді мақсат тұтқан әрбір мұғалім жолдауға жедел үн қосу керек деп білемін. Шетел тілін үйрету қиын да, қызықты жұмыс. Қазіргі кезде ұстаздарға қойылып отырған талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып сапалы терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау көру қабілеттерін жетілдіру. Мектептерде жаңа технологиялар арқылы оқыту шет тілін үйренудің сапасы мен маңызын арттырады. Шет тілін оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқыту өте маңызды. Қазіргі кезеңде жоғарғы оқу орынында  шет тілін оқыту дұрыс жолға қойылған. Студенттердің шет тілін біліп ғана қоймай, оның тарихын, ұлттық мәдениетін білуге көп көңіл бөлінеді. Шетел тілін оқытудағы білімділік мақсаты - шетел тілінде сөйлеуді үйрету, байланыста бола алу мен ортақ тіл табысып, қарым - қатынасты нығайтуға ұмтылу болса, тәрбиелік мақсаты - өзге адамдарды тыңдау мәдениетін қалыптастыру негізінде өз пікірін айта алу және қорғауға үйрету.

   Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді оқытушылардың ізденісі арқылы студент  қабілетіне қабылдау деңгейіне қарай іріктеліп қолданады. Технологияларды күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін мен өзімнің алдымдағы студенттердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтік мақсат-мүддеме сай, өзімнің шеберлігіме орай таңдап алдым.

     Қорыта келгенде шет тілі сабағында компьютер және т.б. жаңа ақпараттық құралдарды пайдалану заман талабы.Жаңа замандағы - Жаңа Қазақстанымыздың дамып келе жатқан қадамында оқу процессіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізілуі де, келешекте компьютер заманы болатынына көз жеткізеді.    

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

1.www.cpm.kz

2.Г. Исаева, Шет тілі сабағында инновациялық технологияларды қолданудың кейбір ерекшеліктері. «Жаңа тұрпатты мұғалім дайындаудың өзекті мәселелері» атты  республикалық  ғылыми  конференцияның материалдары. Мектептегі шет тілі, 2011ж. №33.  С. Т.Мұхамбетжанова, Ж. Ә. Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс  жасау. Әдістемелік құрал.-Алматы,2008ж.

3. Г. Байтилеуова, «Ақпараттық технологиялардың тиімділігі». Қазақстан мектебі. 2008 ж. №6

4.С. Шолпанбай Білім беру жүйесінде жаңа технологияларды пайдалану заман талабы. Мектептегі шет тілі,  2010ж. №3

5. Интернет жүйелері