МЕКТЕПАЛДЫ БАЛАЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ  НЕГІЗІ

 

ЖАНДИЛДИНА  РОЗА ЕСЕНТАЙҚЫЗЫ

ТУРАН- АСТАНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МАГИСТРАНТЫ

                                                 Түйіндеме

Мектепалды балаларының танымдық  белсенділігінің  ерекше белгілеріне

психологиялық анықтамалар келтірілген

                                                  Аннотация

 Психологические определения познавательной активности  и признакам необычной активности дошкольных детей.

Annotation

Psychological definition of cognitive activity and signs of unusual activity of preschool children.

Кілт сөздер: Мектепалды балаларының танымдық  белсенділігі.

Ключевые слова: позновательная активность дошкольника.

Keywords: cognitive activity preschooler.

 

Бүгінгі таңда ұрпақ алдында «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттерді үшінші мың жылдықта іске асыру жауапкершілігі тұр.

 Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында: «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс.Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды»- деп айтылған[1,5б ].

Балалардың танымдық әрекетін белсендіру, оны тиімді басқару және  дамыту, әдістемелік, ұйымдастырушылық және  моральдік-психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету күрделі педагогикалық мәселе ғана емес, маңызды әлеуметтік міндет болып саналады. Педагогикалық-пихологиялық әдебиеттердегі талдауда көрсетілгендей«танымдық белсенділік» терминінің негізінде белсенділік жөнінде түсінік жатыр. Ол әртүрлі салада талдауды талап етуші көп аспектілі феномен ретінде көрінеді.

ü    биологиялық (П.К.Анохин, В.М.Бехтерев, И.М.Сеченов )

ü    психологиялық (Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготский, В.С.Мухина Б.Ф.Ломов)

ü    әлеуметтік (А.Н.Леоньтев, А.В.Петровский, Л.Рубенштейн)

ü    педагогикалық (Я.А.Коменский,    Д.Локк,    Ж.Ж.Руссо,  К.Д.Ушинский,Г.И.Шукина, Т.И.Шамова)

Биологиялық аспект - белсенділік мәселелері түсінігімен байланысты белсенді бастама адамда энергияның жиналуының нәтижесі болып табылатындығы жөнінде түсінікпен тығыз байланысты. Ол өзін-өзі ретке келтірумен  негізделеді.

Биологиялық белсенділік адамның ортаға бейімделуін қамтамасыз ететін оған тұқым қуалау қасиеті. Осы өзара қарым-қатынас кезінде ағза мен оның  тіршілік ету шарттарымен аралығында туатын қарама-қайшылық  жоюға  бағытталған физиологиялық механизмдер ғана туып қоймайды, сонымен қатар осы әсерді жоюға мүмкіндік беретін және  мінез-құлық құруға өткен оқиғаға емес, алдағы оқиғаға бағытталған мүмкіндік беретін физиологиялық механизмдер де туып отырады.

Белсенділік көзі болып сыртқы орта және  ағзада тұратын және  өтетін ішкі үрдістер табылады. Адам өзіндік табиғи сапаларының күшімен, әлеуметтік мәнділік күшімен де белсенді келеді.

Психологиялык аспект тұрғысынан белсенділік С.Л.Рубинштейн көзқарасындағы жалпы психика жөніндегі детерминистік түсінік беру сұрағының бір бөлігі ретінде қарастырылады. Мұнда белсенділік ішкі шарттар арқылы болатын сыртқы себептерінің әрекетінде көрінеді. Белсенділік адамның жаңа қарым-қатынасына айналады, бұл адам жеке тұлға ретінде көрінгенде және  белсенді әрекет қарым-қатынас иесі болған жағдайда болады.

Әлеуметтік тұлғалық аспект мәселелері іс - әрекет кезіндегі тұлғаның белсенділігін зерттеумен байланысты. Тұлғалық белсенділік адамның тек табиғи қасиеті ғана емес дегенге сүйенеді. Бұл орайда субьект белсенділігі сыртқы материалды және  ішкі психикалық әрекетті өз қатарына қосатын затты іс -әрекеттің бірдей жүйесі болып табылады.Тұлға белсенділіктің өзіне ғана тән түріне ие-әлеуметтік өзіндік әрекет, мұнда ол белгілі бір мақсатқа жетеді. Бұл әрекет өз жеке тұлғасының өзгеруімен және  әлеуметтік ортаның өзгеруімен байланысты өзгеруі мүмкін[2, 21 б.]

Белсенділікті тұлғаның әлеуметтік сапасы деп қарасақ, оны әрекеттің қысқа сипаттамасында қарастырып көрген дұрыс. Әрекет бұл адамның қоршаған әлемді меңгеруінің және  белсенді құруының бір түрі. Жеке тұлға әрекет барысында қалыптасады, дамиды. Тұлғаның әрекетке қарым-қатынасына байланысты, әрекет мақсатқа жете алуы бойынша әртүрлі болуы мүмкін. Белсенділік болмыстың қоғамдық формаларын құруға және  адамның қоғамдық мәнін жүзеге асыруға бағытталған іс - әрекет болып табылады.

Педагогикалық аспектідегі белсенділік мәселесін зерттеу берілген түрлі түсіндірулермен байланысты:

ü    белсенділік баланың таным іс- әрекетіне деген қатынасын сипаттайды;

ü    белсенділік субьектінің   іс-әрекетке қатынасын ( қажеттілік , мотив, ерік,эмоция) көрсететін негізгі белгілермен қатар тұлғаның сипаттамасы ретінде түсіндіріледі;

Педагогикалық аспект түрғысынан белсенділіктің үш түрін бөліп қарауға болады:

   ақыл - ой белсенділігі;

   интеллектуалды белсенділік

• танымдық белсенділік;

         Ақыл-ой белсенділігі элементарлы іс-әрекеттен бастап шығармашылықтың күрделі түріне дейінгі барлық деңгейдегі нағыз әмбебап іс-әрекет шарты болып табылады. Ол түрлі модификацияларда көрінуі мүмкін:

v    Ынталандыру жаңалығынан туған зейін белсенділігі және бағдарлы – зерттеу іс-әрекетінде бағытталған зерттеу белсенділігі ретінде;

v    Интеллектуалды ынталылық түріндегі көрінетін белсенділік ретінде;

Ақыл-ой белсенділігінің орталық ядросын когнитивті функциялар мен процестер құрайды.

              Н.С.Лейтес былай бекітті: ақыл-ой белсенділігі-кез келген дені сау балаға тән, бірақ әртүрлі деңгейде болады. Өз бақылауының кең материалында Н.С.Лейтес «Балалық шақтың әр кезеңі - белсенділік дамуының өзіндік сапалы сатысы» деген қорытындыға келді[3, 66 б.]

Интеллектуалды белсенділік- өзіндік шарттарға сай ой әрекеті ретінде түсіндіріледі. Бұл терминнің кең өріс алуы, жиі қолданылуы Д.Б.Богоявленскаяның жұмыстарымен байланысты. Оның пікірі бойынша, интеллектуалды белсенділік интеллектуалды емес факторлардан көрінетін жүйенің интегралдар қасиеті болып табылады .

Танымдық белсенділік - жалпы белсенділік феноменінің маңызды саласы, оның негізі ретінде адамның ең маңызды қасиеті болып табылады.Танымдық белсенділік адамға өте маңызды және  күрделі құрылым ретінде өзінің психологиялық   анықтамаларында   көптеген   тұжырымдамаларға   ие. Білімді белсендіру мәселесіне байланысты     әр еңбектерде таным  белсенділігіне анықтама берілген. Оның зерттелуіне маңызды үлес қосқандар М.Н.Скаткин, И.Ф.Харламов,   М.А.Данилов,   М.И.Махмутов,   Т.Ш.Шамова,   Г.И.Щукина және  т.б.   маңызды   әлеуметтік  күшіне  байланысты  бұл   мәселе  қазіргі диалектикада, білім беру тәжірибесі мен тәрбиеде негізгі болып саналып  отыр.  Педагогикалық-психологиялық   әдебиеттерде

Белсенділіктің төмендегідей анықтамалары бар: Адам зейіні белсенділігінің таңдаулы бағыттылығы (Н.Ф.Добрынин,Т.Рибо).

Таным субьектісінің ақыл-ой қабілеттерінің көрінуі(С.Л.Рубинштейн)

-         Әртүрлі сезімдерді белсендіргіш (Д.Фрейер)

-         Адамның іс-әрекеті мен санасының деңгейін жоғарылататын эмоционалды-еріктік және  ақыл-ой процесінің ерекше қорытпасы (А.Г.Ковалев)

-         Білімді    қарқынды    меңгеруге    әзірлік,    яғни    қабілет    пен    ұмтылыс (Н.А.Половников)

-         Тұлғаның күшейтілген танымдық жұмысы мен сипатталатын еріктік жағдай  (Р.А.Низамова)

-         Баланың өмірлік күшінің әсерлілігі (Г.И.Щукина)

-         Таным мақсатына жетудегі құлықтық еріктік әрекеттерді жиюға ұмтылумен және білім беру сипатына,мазмұнына қатысты тәрбиеленуші тұлғасының айқындалуы, әрекет сапасы (Т.И.Шамова).

Танымдық белсенділік көп түрлі тұлғалық қатынастардың қалыптасуымен тығыз байланысты.Балалардың жеке тұлғасында танымдық белсенділігінің дамуы бес-алты жас аралығында қарқынды келеді. Бұл әсіресе баланың логикалық тапсырмаларды белсенді орындауы, жауап кілтін табуға ширақ келуі, білуге деген ұмтылысы танымдық ойындар арқылы оқу әрекетінің міндеттерін шешуде айқын көрінеді [4, 47 б.]

         Танымдық әрекетінің негізінде балада танымдық белсенділік қалыптасады. Олай болса, танымдық белсенділік дегеніміз, білімді меңгертуді тек байқаумен, сезумен ғана қабылдатып қоймай, керісінше, талданып отырған үрдісті аңғарту арқылы заңдылықтың теория жүзінде қалай ашылғанын байқата, соны білдірте отырып, меңгерген білімін практикада шығармашылықпен қолдана білудің дұрыс амал-тәсілдерін үйрету, сол арқылы іскерлігі мен дағдысын арттыру болып табылады. Яғни, балалардың оқуға, білімге деген ынта-ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі болып табылады.

Танымдық белсенділіктің үш дәрежесі бар:

1 дәреже –жаңғыртушы белсенділік шәкірттің материалды жадылап қайта жаңғыртуға, оны үлгі бойынша қолдануға, меңгеруге ұмтылысымен сипатталды. Белсенділіктің 1-дәрежесіне тән көрсеткіш – баланың бойында білімін тереңдетуге деген ұмтылыстың болмауы. 

2 дәреже - түсіндіруші белсенділік баланың оқығанын зерделеуге, оны өзіне белгілі ұғымдармен байланыстыруға, білімін жаңа жағдайларда пайдалану жолдарын меңгеруге ұмтылысынан көрінеді.  Екінші дәрежеге тән көрсеткіш баланың бастаған істі аяғына дейін жеткізуге ұмтылуынан, қиындыққа тап болғанда оны жеңудің жолдарын қарастыруынан байқалатын үлкен дербестігі.

3 дәреже –белсенділіктің шығармашылық дәрежесі-баланың тапсырманы шешудің тың жолдарын іздестіруге деген ұмтылысымен сипатталды. Бұл дәреженің ерекшелігі – мақсатқа жетудегі табандылық, танымдық ынтаның негіздері мен әр алуандылығы, сөйтіп оқудағы белсенділік – баланың іс-қимыл жағдайы ғана емес, осы іс-қимылдың сапасы, онда баланың қызмет мазмұнымен сипатына қатынасымен, өзінің рухани ерік, күш жігерін оқу –танымдық мақсаттарға жетуге жұмылдыруға деген ұмтылысымен айқындалатын тұлғасы көрінеді.

Н. С. Лейтестің пікірінше, мектеп жасына дейінгі балаларда ғажайып өзгерістер болып жатады, яғни, ойдың күрделі қасиеттері қалыптасады және олардың даму деңгейлері ойдың даму барысының бала кезеңдерімен салыстыруға болмайтындай жылдамдықпен дамиды.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1                    Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы

2                   Мухина В.С. Мектеп және мектепке дейінгі балалар психологиясы. –А.: Мектеп, 1986.2/7

3                   Баймұратова Б. Баланы мектепке дайындау жөнінде. Мектеп. – Алматы. 1971.,

4                   Мектептің даярлық сыныбы мен балабақшаның даярлық тобына арналған бағдарлама. – А., Рауан. 1992.