Филологические науки/1.Методика  преподавания языка и литературы

 

Рахова К.М.

Тұран Университеті

Кәсіби бағдарлы шет тілін үйретудің ерекшеліктері

Қазіргі таңдағы әлемдік өркениетке енген еліміздің басты міндеттерінің бірі- шет тілін оқыту жүйесін жетілдіру.

         «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама» жобасында тілдер мәртебесін жоғары деңгейге көтеретін мәселелер қамтылуы тиіс.

Қазіргі кезеңде өркениетті елдермен халықаралық қатынастар нығайған сайын шетел тілдерін меңгерудің маңызы арта тусуде.

         Бүгінгі күн талабы – маманның кәсіби бағыттылығын, іскерлігін қалыптастыру. Студенттерге шет тілін оқыту- ЖОО-дағы кәсіби мамандар даярлау ісінің құрамдас бөлігі болып табылады. Әрбір маман заман ағымына сәйкес өз мамандығы бойынша жан-жақты хабардар болуы керек. Білімді де,білікті маман болу үшін кәсіби бағыттағы ақпаратарды,ғылыми еңбектерді  түп –нұсқадан оқып, түсініп, меңгеруі қажет.  

Елбасының «…Халықаралық тәжірибеге сүйеніп, жақсы технологияларды әкелу» [1] деген ұстанымы  тілді дамыту бағытында бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып, тіл саясатының белгілі бір жүйемен істеліп жатқан іс-шаралары ағылшын тілінің  нығайтуға бағытталып және тәжірибе жүзінде қолданыс қызметін кеңейтуге қызмет етеді. Жаңа заманның талаптарына орай, интеллектуалдық қабілеті мол мамандарды даярлау міндеті бүгінгі білім жүйесінің басты да негізгі мақсаты екені даусыз. Осы мақсатты іске асыруда студенттерге іскерлік қарым-қатынасты дұрыс оқыту қажеттігі күннен-күнге айқын сезілуде. ЖОО-да оқыту үдерісінде Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті тілдік тұлғаны қалыптастыруда тиімді әдістерді қолдану. Сол себепті оқыту әдістемесінде және тіл үйретуде, оқытуда  ақпараттың көлемді бөлігін тиімді түрде ұсынатын,  сол ақпаратты жоғарғы деңгейде игеретін және өмірде, тәжірибеде бекіте алатын әдістерді қолдануды талап етеді.

             Шет тілінің әлеуметтік-қатысымдық қызметінің дамуы оның ғылымда, өндірісте, елдің халықаралық байланыстарында қолдануы ағылшын тілін үйренушілердің болашақ мамандығымен де байланысты екендігін көрсетеді. Кәсіптік-техникалық лицейлер мен ЖОО бітірген жас буын – әрі болашақ маман, әрі ҚР өндірісін ілгері дамытатын кәсіпкер. Оның алдыңғы қатарлы маман болуы өз елінің тілін жоғары деңгейде білуімен қатар,ағылшын тілін де меңгеруімен терең сабақтасады. Соңғы жылдары әдіскер-ғалымдар шет тілін  студенттердің кәсіптік мамандығын ескере отырып игертудің тиімді жақтарын қарастыруда.

    Оқу үрдісінде жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін алғышарттар қажет: ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік, оқу-әдістемелік кешендерді үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа оқулықтардың мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен танысу, білімді деңгейлеп, кәсіби бағытта беру технологиясын игеру арқылы студенттерге білімді стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу, оқу үрдісін ізгілендіру  т.б.

            Тілді мамандыққа қатысты оқытудың тиімді жақтары:

        - тіл үйренушілер ағылшын тілін кәсіби қатынас құралы ретінде қолдана алады;

      - кәсібіне байланысты жинаған сөздік қорды жұмыс орнында пайдаланып, өз мамандығына қатысты ой-пікірлерін нақты, анық жеткізу дағдысы қалыптасады;

     - ағылшын тілінің танымдық қызметінің маңызы арта түседі;

    - ағылшын халқының рухани және тарихи-мәдени байлығын тіл арқылы таныту негізінде тіл үйренушілер сол елдің тарихымен, мәдениетімен, әдебиетімен, халықтың салт-дәстүрімен танысып, білімдерін молайтады;

    - күнделікті қызмет бабында ресми-іскери сөйлесуге тән тұлғаларды меңгеріп, мамандыққа қатысты ісқағаздарды жазуды үйренеді;

    - болашақ маманның тұлға ретінде қалыптасуына, өсуіне және дамуына, өз мамандығын саналы сезінуіне мүмкіндік туады.

          Ал, әдіскер-ғалым  Б.Қасым мамандыққа қатысты тілді меңгертуде мынандай талаптар қою керек деп есептейді:

     • студенттерді кәсіби мамандығы бойынша тілдесуге үйрету;

    • мамандыққа байланысты тілдік қатынасқа түсу үшін әр түрлі жағдаяттар құру арқылы тілдік қатынастың қажеттілігін түсіндіру;

   • дұрыс сөйлеу қатысымның түрлерін үйрету. Сонымен қатар мамандыққа байланысты мәтіндерді меңгерту арқылы студентті болашақ мамандығымен кеңірек таныстыруға мүмкіндік туады [2, 17].

             Кәсіби шет тілін оқыту әдістемесі теориялық білім берумен қатар болашақ мамандыққа баулиды. Білікті маман дайындау, білім беру – қоғам дамуының негізгі жолы.

            Қазіргі уақытта тілді мамандыққа сай үйретуге арналған әдістемелік оқулықтар мен оқу құралдары баршылық. Бұл оқулықтар студенттердің ғылыми тілді, мамандыққа қатысты кәсіби тілді, ресми-іскерлік тілін жеткілікті түрде меңгеруіне көп көмегін тигізуде.

         Шет тілінің кәсіби  мамандыққа бағытталған лексикасы мен терминологиясын оқыту әдістемесі сала мамандықтарына байланысты таңдап алынған лексиканы үйрету үшін, біріншіден, тіл үйренушіге жаңа сөзді қолдануға жағдай туғызу; екіншіден, сөздің мағынасын айқындап, дұрыс қолдан амал-тәсілдерін игерту (сөз→сөз тіркестері→сөйлем→мәтін); үшіншіден, сөздер мен сөз тіркестеріне қатысты грамматикалық тұлғаларды функционалды мақсатта байланыстыра үйрету; төртіншіден, сөздердің қатысым-прагматикалық мақсатын ескеру қажет.

         Кәсіби шет тілін оқыту әдістемесі теориялық білім берумен қатар болашақ мамандыққа баулиды. Білікті маман дайындау, білім беру – қоғам дамуының негізгі жолы. Осыған орай шет тілінен берілетін базалық білім таңдалады. Қажетті базалық білімде ерекше орынды жоспарлау мәселесі алады, себебі бүгінгі студент ертеңгі маман, іскерлік қарым-қатынас жағдайында жол таба білуге үйрету маңызды болып саналады. Бүгінде оқытудың барлық түрін кешенді қарастыру, оларды бір-бірімен байланыстыру мақсаты басым. Бүгінгі күн талабы – маманның кәсіби бағыттылығын, іскерлігін қалыптастыру. Сондықтан кәсіптік білім беруде өтілетін тақырыптар, соның ішінде ғылымның соңғы жетістіктеріне негізделуі тиіс.

            Студенттер өз  білімдерін лексикалық және терминологиялық түсіндірме  және  фразеологиялық сөздіктер арқылы жүзеге асырады. Шағын хабарлама жасау, жоспар құру, белгілі бір тақырыпқа шығарма, баяндама, тезис, реферат, конспект жазу тапсырмалары болашақ мамандардың жазбаша тілін дамытуда, сауаттылығын арттыруда, өз ойын, пікірін жеткізуде басты орын алады. Студенттердің өз бетімен ізденіп, кәсіби шеберлігін жетілдіруі мақсатында лексикалық минимумы мен терминдерінің ағылшын-орыс түсіндірме сөздігі арқылы жүзеге асады.

            Тіл дамытудағы ең тиімді әдістердің бірі – мәтін бойынша жұмыс істеу. Сондықтан мәтіндер күнделікті тұрмыста қолданылатын, мамандық бойынша, төменгі және орта топ студенттеріне арналған мәтіндер болып топтастырылады. Газет, журналдардан алынған мәтіндермен жұмыс істеу студенттердің өз мамандықтарына қызығушылығын тудырады,олардың кәсіби лексикасын байыта түседі.Осылайша ағылшын тілі сабағында арнайы мәтіндерді қолдану кәсіби терминологияны дұрыс қолдануға үйретеді. 

            Сонымен қорыта айтқанда, шет тілін мамандыққа байланысты оқытудың өзіндік ерекшеліктері, заңдылықтары, оны меңгертудің әдіс-тәсілдерінің кәсіби қатынаста атқаратын маңызы зор.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Назарбаев Н. Бәсекелестікке қабілетті Қазақстан үшін. Бәсекелестікке қабілетті экономика үшін. Бәсекелестікке қабілетті халық үшін. Қазақстан халқына жолдауы.– Астана: Ақорда KZ 2012.

2.  Қасым Б., Османова З. т.б. Кәсіби қазақ тілі. –Алматы, 2010. –112 б.

3.Концепция развития образования РК до 2015г