ӘОЖ
БАСТАУЫШ
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН ШЕТЕЛ ТІЛІНДЕ ТІЛДЕСІМГЕ ҮЙРЕТУДІҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Айтбай
Майра Ерболатқызы
Ғылыми
жетекші:Айтжанова Балгүл Базарханқызы
Ы.Алтынсарин
атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
Қазіргі
таңда өзекті мәселелердің бірі болып шетел тілдерін,
оның ішінде ағылшын тілін ерте жастан оқыту саналады, себебі
Қазақстан Республикасының шет елдермен саяси-экономикалық,
әлеуметтік және мәдени қарым-қатынастары
күннен-күнге даму
үстінде.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2011 жылғы
Қазақстан халқына жолдаған жолдауында: «Мен
қазіргі заманғы қазақстандық үшін үш
тілді білу әркімнің дербес табысының міндетті шарты екенін
айтамын, сондықтан 2020
жылға қарай ағылшын тілін білетін
тұрғындардың саны кемінде 20 пайыз болатынын білемін деп атап көрсеткен болатын.
Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев әрбір жас жеткіншектің бірнеше тіл білуін,
өз тарапынан қолдайды. Соның бірі-ағылшын тілі. Ол-халықаралық
тіл. Бұл тіл
Уильям
Шекспирдің, Джек Лондонның, Теодар Драйзердің тілі.
Біздің еліміздегі жастардың әлемдік деңгейге сай білім
алып, кәсіби шеберлігі жоғары білікті маман иесі болып шығуы
үшін ағылшын тілін жетік білудің маңызы зор.
Жолдауды негізге ала отырып, мектеп оқушыларына бастауыш сыныптан бастап ағылшын тілін
үйретудің маңызы зор.
Ерте жастан шетел тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму
біліктілігін, олардың сол тілге деген қызығушылығын
арттыруға мүмкіндік береді. Дамыған индустриялды қоғамның жан-жақты
рухани жетілген азаматы бүгіннен
бастап ағылшын тілінің әліппесін меңгеруі-бүгінгі
күннің басты талабы.[1,2]
Шетел тілін ерте жастан оқытуда
жасөспірімдердің физиологиялық, психологиялық
қызмет көздері мол. Жасөспірімдердің:
· Тез қабылдауы;
· Еліктеуге бейімділігі;
· Қиялының әртүрлілігі;
· Ойлау, ауызша сөйлеу
іскерліктерінің дамуы;
· Танымдық іс-әрекеттерінің
басымдылығы;
· Есте сақтауы;
· Қызығушылық қасиетінің молдығы мен
әртүрлілігі;
· Жан-жақты
тәрбиелеуге бейімділігі;
· Еліктеуіш қасиетінің басым болуы;
· Сезімтал болуы;
· Іс-әрекетті ойын түрінде тез қабылдауы;
Жоғарыда
айтылған қасиеттер балабақшадан, бастауыш сыныптан бастап оқыту қажеттілігін
дәлелдей түсті.
Шетел
тілін ерте жастан оқытудың басты мақсаты -оқушылардың бойында қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру және
қарым-қатынасты дамыту. Осы мақсатқа жету барысында, оқушылардың бойында
бағдарлама талаптарына сай
төмендегідей іскерліктерін қалыптастырып, дамытуымыз қажет.[2,17]
·
Тыңдап-түсінуді
·
Сөйлеуді(монолог және диалог түрінде)
·
Оқуды
·
Жазу, хат жаза алуды.
Шетел
тілін ерте жастан оқыту сатысында
сөйлеуді дамыту ауызша
базаның дамуына әсерін тигізеді. Сөйлеу басқа да
іскерліктердің дамуына негіз болып табылады.
Ағылшын
тілі пәнінің мұғалімі сабақ беру барысында 6-7 жастағы балалардың
психологиялық ерекшеліктерін білуі қажет. Бұл жастағы балалар шет тілін үйренуге икемді:
олар тіл құбылыстарын тез түсінеді және
тілдің құпияларын
түсінуге тырысады. Олар қысқа тіл материалын оңай
жаттап, оны айтып бере алады. Өскен сайын бала бұл қабілеттерін
жоғалта бастайды. Мектептегі бала
оқуының тұрақталған кезеңіне
қарағанда, бірінші сыныпта балалардың тілді үйрену
дағдылары оңай әрі сапалы қалыптасады.
Психологтардың
айтуы бойынша бастауыш сыныптың балалары ойын іс-әрекетінен
оқу іс-әркетіне көшеді. Ойынның маңызы бұл
жаста мол. Балалар 10-12 жасқа дейін ойнайды. Балалар мектепті
ұнатады, бірақ балалардың сабаққа деген қызығушылығын ойын
элементтері, мұғаліммен қарым-қатынас арттырады. Ойын арқылы балалар шетел тілінде
жеңіл қарым-қатынас жасай алады және ойын кезінде
оқушылар шаршағандығын сезбей, қызыға отырып шет
тілін тез үйренеді.
6-7
жастағы
балалардың қызығушылығы
мол. Жаңа тақырыпты қабылдағанда әдемі, қызықты
заттарға назар аударады. Сондықтан көрнекіліктерді жиі басшылыққа алған
жөн. Бірақ олардың назары тұрақсыз болып келеді,
сондықтан сабақ түсіндіргенде сұрақ-жауап тәсілін қолданған
жөн. Бастауыш сынып
оқушылары қимылсыз ұзақ отыра алмайды, тез
шаршағыш келеді, сондықтан минут сайын ойындар, жаттығулар
өткізген жөн немесе
жұмыстың түрін өзгерту қажет.
Ағылшын тілі сабағында әр
оқушының сабаққа белсенді қатысуының,
ауызекі сөйлеуге құлшындыратын, шетел тілін оқып
үйренуге талпынысы мен қызығушылығын арттыратын
әдіс-тәсілдер түрі ерекше орын алады. Бұл міндеттерді
сабақта ертегілер,
фонетикалық жаттығуларды
қолдану арқылы шешуге
болады.
Баланың тілдік тосқауылын
барынша ерте жеңуге көмектесетін және шет тіліне оянуына болған махаббаттың оянуына
ұластыратын, ерте жасан ағылшын тіліне үйретудің тиімділігін ең жоғарғы
деңгейге жеткізуде ертегілердің пайдасы өте үлкен. 6-7
жастағы балаларға ағылшын тілін меңгертудегі ең
басты қиындықтардың бірі- ағылшын әріптерін
дұрыс айтуға үйрету
болып табылады. Сондықтан, ертегі арқылы баланың
сабаққа деген қызығушылығын арттырып,
әріптерді дұрыс айту
дағдысын қалыптастыруға болады. Мысалы:
Бұрынғы өткен заманда,
Rex деген кішкентай ит өмір сүрді. Бір кезде ол орманға шығып адасып кетті. Бір
уақытта ол шөптің арасынан
шығып келе жатқан
жыланның дыбысын естіді
0-0-0. Rex қорыққанынан
жүгіре кетті, аяқ астынан оны біреу қатты тістеп алды. Ол
шыбын болды. Денесінің ауырғанынан Rex r-r-r деді. Төбесінен
ызылдаған дыбыс естілді dz , ол
ұшып бара жатқан араны көріп, қуыстың арасына
тығылып, сол жерде
ұйықтап қалды. Түнде w-w-w- деген дыбыстан оянып
кетті, ол филиннің қанат қағысы екен. Rex қаша жөнелді,
оның демі қатты болды hhh. Бірақ жолды оған пысылдаған
пойыз бөгеді t-d-t-d. Rex поезға секіріп мініп үйіне кетті.
Фонетикалық
жаттығулардың да оқу процесінде маңызы зор. Балалардың
дыбысты есту қабілеті өте жақсы дамыған. [5,40]
Жас бүлдіршендірге ағылшын тілін
оқытудағы негізгі нәрсе-ол ойын элементтерін тиімді пайдалану
болып табылады. Ағылшын тілі сабағында ойын әдістерін
қолдану кез келген жастағы оқушылардың психикалық
дамуы үшін аса маңызды екені дәлелденген. Ойын арқылы
бала қоғамдық тәжірибені меңгереді,
сондықтан әр сабақ үрдісінде қандай ойын
қолдануға болатынын
сабақтың мақсатына, жас ерекшілігіне сай таңдау
керек.
Ойындар оқыту әдістемесінде бес негізгі түрге
бөлінеді:
1) Стол
үсті ойындар;
2) Дидактикалық
ойындар;
3) Қозғалыс
ойындары;
4) Іскерлік ойындар;
5) Интеллектуалдық
ойындар.
Сыныпта үстел үсті ойындарын топтық және дара
жұмыста қолдануымызға болады. Бұған ребус,
кроссвордтар жатады, оларды тақтада, ватман қағазында,
қима қағаздарда немесе компьютерде орындауға болады. Бұл
ойындарды қорытынды, білімді
тиянақтайтын сабақтарда қолданған тиімді.
Дидактикалық ойындар.
Оқушылардың таным белсенділігін жандандыратын, өздігінен
ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі.
Қозғалыс ойындары. Бұл ойындар оқушылардың іс-әрекеттерін
бір түрінен басқа түріне тез ауысуға көмектеседі.
Интеллектуалдық ойындар. Бұл
ойындар оқушылардың зор белсенділігін оятады. Бұл
категорияға «ұғымталдыққа, жүйріктікке,
зеректікке» бейімделген тапсырмалар, жұмбақтар, бас
қатырғыштар жатады. [3,44]
Қазіргі
кезде ағылшын тілі мұғалімінің тапсырмасы балаларды
ағылшын тілін меңгертіп қана қоймай, оларды
өздігінен жұмыс істеуіне, тілге деген
қызығушылықтарын дамыту болып табылады. Балаларды тілге үйретуде сабақ жеңіл, қарапайым және қызықты болуы қажет, ол үшін
оқытудың әдістері мен тәсілдерін дұрыс пайдалана
білуі керек. Бастапқы кезде
жұппен, топпен жұмыс істеп, сонымен бірге ойын, жарыс ұйымдастырып,
көрнекі құралдарды пайдалану керек.
Сабақта
қолданылатын ойындардың үлгілері:
«Ойлан, тап ойыны». Мақсаты: Оқушыларды
сөздерді дұрыс
құруға үйрету. Оқушылар екі топқа бөлінеді. Тақтаны
екіге бөледі. Әрбір топқа әріптері түсіп қалған сөздер
беріледі. Оқушылар кезекпен
тақтаға шығып, қалып қойған әріпті
қойып сөзді толық оқиды. Мысалы: c..t, a..m, p..n,
r..d, c..r, s..t, r..n, t..n, o..d, l..g, t..a, h..r, h..s, f..x, e..g, e..t,
b..d.
Анаграмма шешу.
Ten-net
Act-cat
Tale-late
Оқушылардың ағылшын тілі сабағанда
қызығушылығын арттыру
үшін әрбір сабақ өз дәрежесінде өтуіне,
оның ойын түрінде тартымды,қызықты өткізілуіне
мұғалім мұқият дайындықпен келуі керек.
Сондықтан да шетел тілі сабағында ойын элементтерін
пайдаланудың оқушылардың ой белсенділігін арттырудағы
маңызы зор.[4,49]
Қорытындылай келе, балаларға ерте жастан бастап ағылшын
тілін үйрету жұмысы мұғалімнің қоғам
алдындағы өзіндік аса
маңызды жауапкершілігін
ғана емес, табандылық
пен қайратқа толы сындарлы жұмысын талап ететін аса
маңызды фактор екені сөзсіз. Қазіргі техниканың
күн, сағат санап аса жоғары қарқынмен дамуы еліміздің өркендеу жолында
түрлі дипломатиялық қатынастарды нығайту үшін,
жастардың шетелдерде сапалы әрі бәсекеге қабілетті
дәрежеде білім алуы үшін, мейлінше көп тілді меңгерген
білікті мамандарды даярлап шығару
үшін ағылшын тілін
үйретудің өзіндік маңызы бар. Сондықтан да
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, әлемдік бәсекеге қабілетті жан-жақты
дамыған, білікті маман даярлап шығу үшін
бүлдіршіндерімізге ерте жастан бастап ағылшын тілін оқытқанымыз абзал.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
«Қазақстан мұғалімі» №2 2004 ж [2б]
2.
«Ағылшын тілін оқыту әдістемесі» -№4
2013 ж [17-18б]
3.
«Мектептегі шет тілі» №3 2006 ж [44б]
4.
«Мектептегі шет тілі»№6 2011ж [49 б]
5.
«Шетел тілін оқыту әдістемесі»№2(40) 2011ж [40-41б]