Рапишева Жанат Дабыловна (фил.
ғыл. канд., доцент)
Аманбек Айжан (студент)
Академик
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
университеті, Қазақстан
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ
ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ
Қазіргі уақытта өркениетті елдердің біразы
пайдаланып жүрген халықаралық кең ауқымда
қолданылатын терминдердің көбі өз тілімізге аударылып
беріліп жүр. Ондай терминдерді
тіл білімі терминологиясынан да көптеп кездестіруге болады. Өйткені тіліміздегі лингвистикалық
терминдер өз бастауын латын, грек
т.б. тілдерден алатыны белгілі. Мысалы:
норма (қалып), этимология
(шығу төркіні), экзотизм (бөтен, жат жерлік), фразеология
(сөйлеу оралымдары), формант (жасаушы),
универсалия (жалпыға бірдей), транскрипция (көшіріп жазу),
адстрат – бірігу, кірігу, аспект – түр, кейіп, акцент – екпін т.б. [1,
45].
Тіліміздегі
өзге тілдік лингвистикалық терминдердің көпшілігі орыс
тілі арқылы қабылданған грек, латын т.б. тілдердің
сөздері де, қалған бөлігі араб, парсы және орыс
сөздері болып табылады. Мысалы, латын тілінен: стиль – жазу өзегі, пассив - әрекетсіз,
контекст – мәтін бөлігі, компонент – құраушы, инфинитив – белгісіз, инверсия – орын
ауыстыру, т.т.; грек
тілінен: синтагма – біріктірілген, парадигма – жіктеу, идиома – ерекше сөйлемше, иероглиф –
«киелі жазбалар», диалект – сөз, говор,
т.т.; ағылшын тілінен: клише – дайын сөйлем орамы, жаргон –
сөйлеудің әлеуметтік түрі, дистрибуция – бөлу,
деминутив – кішірейтілген, т.т.; неміс
тілінен: аблаут – алмасу, абзац –азат
жол, т.т.; француз тілінен: дискурс – сөйлеу, парцелляция –
бөлшек, бөлім, калька –
көшірме, каламбур – сөздің құбылуы, инвариант –
өзгермейтін, дублет – екі еселенген, т.т.; араб-парсы тілдерінен: изафет
– қосылу тәрізді сөздер енген.
Қазір
ұлт тіліндегі термин шығармашылығын дамытып, өз
тіліміздің ішкі мүмкіндігін пайдалана отырып ұлттық
терминқорымызды жүйелі қалыптастыруға
болатындығын ғылыми негіздеп, терминологияның
практикалық жұмыстарын сол бағытта жүргізуге
көңіл бөлінуде. Салалық терминологиялары
жүйеленген бірқатар тілдерде әр саланың өзіндік
ерекшелігін, ұғымдар жүйесінің өзара байланысын
дәл таңбалай отырып жасалған терминқорлары бар. Олар
мұндай жүйеленген терминқор қалыптастыру үшін,
негізінен, өз тілдерінің немесе қажеттілігіне қарай
өзге тілдердің қосымшаларын, терминдік элементтерді
пайдаланады. Біздің кеңестік кезеңдегі терминжасам
тәжірибемізде өзге тілдік элементтерді пайдалану, дәлірек
айтқанда, өзге тілде жасалған терминдерді дайын
қалпында қабылдау дәстүрі орныға бастаған
еді.
Терминқорымыздағы
микро-, макро-, ультра-, гидро-, аэро-,
авиа-, авто-, нео-, контр-, моно-, анти-, архи-, транс-, супер-, гипер- сияқты
грек, латын негізді терминдік элементтер соның көрінісі. Кейіннен
ұлт тілінде термин жасау ісі де біршама жандана бастауына байланысты
терминжасамның ұлттық үлгілерін (модельдерін)
қалыптастырудың қажеттілігі де айқын
аңғарылып отыр. Тіліміздегі кейбір қосымшалардың
арнаулы салалардың терминдерін жасау барысында өнімді пайдаланыла
бастағандығын көруге болады [2, 22].
Семантикалық тәсіл
терминжасамның негізгі тәсілдерінің
бірі ретінде терминологиялық лексика қабатының
толыға, байи түсуіне үлкен септік жасайтын негізгі амалдың бірі болып табылады.
Мұның тағы бір атап айтылуға тиісті ерекшелігі –
сол арқылы жасалған терминдер терминжасамның өзге
амалдарына қарағанда әрі қысқа әрі нұсқа болып шығатыны.
Сондықтан да терминжасам процесінде бұл тәсілді
сарқа пайдаланып отыру қажет.
Қазақ тілі ғылымындағы жұрнақ, жалғау, буын, шумақ,
тармақ, рай, мүше тәрізді толып жатқан
сөздердің терминдік сапаға көшуін семантикалық
тәсілге жатқызамыз. Бұлардың терминденуі,
оларға арнайы мағыналық жүктеу арқылы
ғылыми ұғым құралына айналуы тілдің даму
барысында болатын құбылыс ретінде саналады.
Жалпы, қазақ тілінің
сөзжасамға қатыстырылатын қосымшаларыдың ішінен
мамандар -шы, -ші,
-лық, -лік, -шылық, -шілік,
-ма, -ме, -ыс, -іс, -с, -ым, -ім, -ыл, -іл, -л, -қы, -кі, -у қосымшаларын
өнімділер қатарына қосып жүргенін ескеру керек. Алайда
бұл қосымшалардың терминжасамдағы өнімділігі
үнемі бір деңгейде емес екені де түсінікті. Терминдік
материалды сұрыптағанда, әсіресе қоғамдық ғылымдар терминологиясын сарапқа
салғанда, бұлардың терминжасам үдерісіндегі
қызметі әрбір кезеңге орай және ғылым мен техниканың даму деңгейіне байланысты құбылып
отыратынын көреміз. Өнімсіздеу немесе өнімділігі орташалау
деп танылып келген кейбір жалғаулардың -ым, -ім, -м, -ыс, -іс,
-с, -қы, -кі, -к, -қыш, -кіш,
-уыш, -уіш, -кері, -гері қоғам дамуының сипатына
сәйкес ерекше активтілік танытатынын көпт Терминнің дәл
болуы негіз бен қосымшаның үйлесуіне тікелей байланысты. Осы екеуі жымдаса келе терминдік мәнге
көшеді. Сондай атауларды жасауда қазақ тілінің -шы,
-ші қосымшалары (-шы, -ші жұрнағының негізгі түбірге
қосылуы арқылы, -шы, -ші қосымшасы туынды
түбірлерге де, біріккен сөздерге
де, тіпті тіркесім сөздерге де жалғану арқылы, көптеген
кірме сөздерге де жалғану
арқылы) термин тудырудың аса бір өнімді көзіне
айналды. -Шы -ші жұрнағы көбіне-көп
орыстың -ист, -ец, -ун, -тель,
-щик, -ник, -ик, -чик, -атор қосымшаларының жалғауымен
жасалған сөздерді аударуға келгенде тіпті өнімділік
байқатады. Мысалы: таңбалаушы,
таңбаланушы, топтастырушы, т.б.
Термин жасауда -лық -лік жалғауының
қызметі де ерекше. Ол да терминдік мәнге икемделіп
тұрған таза қазақы сөздерге қоса, кірме сөздерге де еркін
жалғанып, термин жасаудың өнімді
бір түріне айналды. Алайда бұл жұрнақтың термин
жасауға қатысы үнемі біркелкі болған емес: сөздік, грамматикалық,
синхрондық, диахрондық, типтік, тілдік, т.б.мысалдар
дәлелдейді.
Соңғы кезде зерттеушілер өнімділігі
жоғары қосымшалар қатарына кейінгі кезеңдерде терминжасам процесінде белсенділік таныта бастаған
-ма -ме, -ым -ім -м, -ыс -іс -с, -қы -кі -к жалғауларын да
қосып жүр. Соңғы үш онжылдық деңгейінде Мемтерминком тарапынан жолдама
алып қолданысқа енген термин сөздерді
сүзсек, мерзімді баспасөз материалдарын қарап
отырсақ, осы аталып отырған қосымшалардың әсіресе
терминжасамдық қабілеті ашыла,
айқындала түскен. Мысалы:
кірме (сөз), байырғы
сөз, жазба (тіл), қаратпа, қыстырма, айтылым, тілдесім,
жазылым, оқылым, тыңдалым, аңдатпа, т.с.с.
Бір кезде сөзжасамдық қабілеті шектеулі
қосымшалар қатарына
ығыстырылған -дама -деме, -нама -неме, -лас -лес, -дас,
-дес, -ман -мен тәрізді морфемалардың қосылуы арқылы жасалған лингвистикалық
терминдер кездеседі.
Жоғарыда
айтқанымызды А.Байтұрсынұлы жасаған терминдердің
өзі де дәлелдей түседі. Мысалы: жақша, сызықша, көсемше, есімше, дәйекші,
буыншы, бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, пысықтауыш,
толықтауыш, әуреленіс, күліс, әлектеніс,
әліптеме, зауықтама, мазмұндама, ермектеме, қорытпа,
ұсынба, сұқтаныс, азаптаныс, жалғаулық, есімдік т.б. морфологиялық тәсілмен
жасалған.
Сөзжасамның синтаксистік,
яғни аналитикалық тәсіліне келсек, бұлардың да терминжасамға
тигізер септігі мол. Бұл – екі немесе одан да көп
сөздердің біріктірілуі арқылы
жасалатын тәсіл. Термин жасаудың бұл тәсілі термин
біріктірумен ғана шектелмейді. Сонымен бірге ол сөздердің немесе терминдердің тіркесімі
арқылы да жасала береді. Қазіргі қазақ
тілінің термижасам үдерісі керсеткеніндей,
мұның екі түрі де
морфологиялық тәсілден кейінгі орында тұратын
болса керек. Бұл арқылы күрделі тіркестер
жасалады. Мынадай басты-басты модельдерді іштей жіктеп көрсетуге болады. Біріншіден, термин құрайтын екі компоненттің екеуі де
бір-біріне тәуелсіз тең мағыналы
төл түбірлер болып келуі мүмкін: дәйексөз (цитата),
қаламақы (горорар),
қолжазба (рукопись), түпнұсқа
(оригинал), алғысөз (предисловие),
дереккөз (источник) немесе біріктірілетін
сөздің бірі туынды түбір болып, яғни әлгі лексикалық единицалардың
жасалуына морфологиялық амалдар қатысуы арқылы да
жасалуы ықтимал. Мысалы, сөзжасам,
терминжасам, формажасам, көпмағыналы, көптілділік,
қостілділік, түркітану, екіұштылық,
т.б. Бұны, бір жағынан,
морфологиялық-синтаксистік біртұтас тәсіл ретінде
қарауға болады. Төл түбір мен кірме
сөздердің бірігуінен жасалған модель де осы қатарда
қарастырылуғіуа тиіс. Бұл
ретте кейін күрделі термин жасауға септігі тиген
байырғы қос сөздер қатары есте болуға тиіс.
Мәселен, дәнекер-тіл,
нысана-тіл, қалып-күй (категориясы), сын-пікір,
жазу-сызу тәрізділер осы ретпен келіп
қосылған терминдер [3, 8]. Яғни тілдің термин
жасаудағы бұл
мүмкіншілігін де сарқа пайдалануға болады деген сөз. Тіпті
қосарлы қалпында тұтас қабылданған лексикалық-семантикалық,
лексикалық-фразеологиялық (көбінесе лексика-семантикалық,
лексика-фразеологиялық түрінде қолданылады), функционалдық-семантикалық
(өріс) тәрізді
күрделі лингвистикалық
терминдер де терминжасамның бір
түрі есебінде саналады. Осы тектес күрделі сөздер
қатары қазіргі тіл қолданысымызда жиірек кездеседі.
Сөздердің тіркесуі арқылы
жасалған лингвистикалық терминдер тілімізде көптеп кездеседі.
Мысалы: ата тіл, өлі тіл, актив
сөз, пассив сөз, төл сөз, қос сөз, тілдік
қатынас, ауыспалы мағына, т.б. Ұлы терминолог Ахмет
Байтұрсынұлының қаламынан туындаған дауыссыз дыбыс, дауысты дыбыс,
қатаң дыбыс, ұяң дыбыс, түбір сөз, туынды
сөз, қос сөз, қаратпа сөз, қыстырма
сөз, мезгіл пысықтауыш, мекен пысықтауыш, сын пысықтауыш,
тұрлаулы мүше, тұрлаусыз мүше, салалас сөйлем,
сабақтас сөйлем, жалаң сөйлем сынды терминдер тобы
да синтаксистік тәсілмен жасалған.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1 Тіл білімі
сөздігі / Жалпы ред.басқарған проф. Э.Д.Сүлейменова.
–Алматы: Ғылым, 1998. – 544 б.
2 Қазақ терминологиясының
өзекті мәселелері. (Республикалық
ғылыми-практикалық конференцияның материалдары). – Астана, 2002.
3 Қазақ
лексикасындағы жаңа қолданыстар. – Алматы, 1990. – 200 б.