АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ТЕРМИНДЕРІНЕ

УӘЖДЕМЕ БОЛАТЫН СӨЗ ТАПТАРЫ

 

Нұрлыбек Дінмұхаммед – «Қазақ аротехникалық университеті» АҚ

Ветеринария және малшаруашылығы технологиясы факультеті,

Балық шаруашығы 115 тобының студенті.

 

Ғылыми жетекші -  ф.ғ.к. А.Е.Жүсіпов

 

Сөзжасам, терминжасамда негізгі бірліктің бірі - лексикалық бірлік уәждеме қызметін атқарып, туынды сөздің мағынасына негіз болады. Ал олар белгілі сөз табына жатады. Осыдан келіп терминжасамға сез таптарыньщ уәждеме болу мәселесі туьшдайды. Тілімізде қай сөз таптарының терминжасамда уәждемелік қызмет атқаратынын және қандай дэрежеде атқаратынын қарастырайық.

Уәждеме термині соңғы он-он бес жыл маңында ғана қазақ тіл білімінде қолданыла бастады. Қазақ тіл білімінде уәждеме мәселесін зерттеп, уәждеме теориясын дамытқан ғалым Б.Қасым. Туынды сез жасаудағы уәжділік қатыс теориясын ғалым езінің «Күрделі зат атауларының мағыналық құрылымы және сөзжасамдық үлгілері» деген монографиясында жасаған [3].

Қазір бұл теория ғылымда танылды деуге толық болады. Ол теория жалпы терминжасамға да тікелей қатысты. Қазақ тілінің терминжасам жүйесінде де зат есім уәждемелік қызметте басқа сөз таптарынан әлдеқайда көш ілгері тұрады. Сондықтан да кейбір ғалым терминді зат есімнен ғана жасалады деп санайды. Осы пікірдегі ғалымның бірі деп В.П.Даниленко, О.САхманованы атайды [4,44].

Бұл пікірде О.С.Ахманова жалғыз емес. Ол үшін Н.А.Щеглованың сөзін келтірейік: «...любая развитая естественно-научная или техническая терминоло­гия предпологает высокую степень абстракции. Терминология представляет собой не сумму имен реальных вещей и действий, а определенную систему названий понятий о вещах и действиях. Поэтому в широком смысле слова единственным лексико-грамматическим средством, выражающим научно-технические понятия о предметах, качествах, действиях в терминологии являются имена существитель­ные» [5, 89].

Алайда терминдерге уәждеме болатын сез таптары жалғыз зат есім емес. Тер­миндерге уәждеме болатын зат есім байырғы сөздер терминологияның барлық салада негізгі орын алады.

С.Ақаев терминжасамда уәжділікті өте жоғары бағалайды, ол туралы былай дейді «Терминнің, әсіресе, жұрт онымен енді танысқан сәтінде уәжді болуы өте маңызды. Ол уәжді болганда ғана, жұрт оны танып, оның өз танымы жүйесіндегі орнын анықтап алады. Ана тілі сөздерінің басқа тіл сөздерінен артықшылығы да нәрсенің не екенін, танымдағы орнын көрсете атай алуында» [6,31].

Термин жасаушылардың бәрі тілші ғалымдар емес, әртурлі мамандар: дәрігер, химик, физик, биолог, геолог т.б. толып жатқан маман өз саласы бойынша терминжасамға қатысады. Осы ретте ғалымдар қандай сөз таптарының терминжасамда негізгі орын алатынын білуі керек. Бұндай жағдайда ғалымдар терминжасамдағы сөз таптарының уәждемелік қызметіне сүйенуіне болады.

Сөздердің терминденуін сөз таптары тұрғысынан қарастырудың да маңызы зор. Сөз таптарының терминдену мәселесі жалпы тіл білімінде әлі өз шешімін таба қоймаған. О.С.Ахманова, В.П.Даниленконың т.б. да ғалымның сөз таптарының терминжасамдағы уәждемелік қызметі жөнінде пікір алшақтығы бар. Ал жалпы терминдердің уәждемеге қатысы бойынша терминдерді түрліше таптастыру ғылымда бар. Мысалы, әдеби тілдегі беріш, безеу, баспа, аща (тамақ), арқа, бақай, бас, бауыр, без, бел, бет, бой, бөксе, буын, бұғана, бүйрек, дерт, елес, ем, емшек, ерін, ет, етек, жүйке, иек, иық, кекірік, кіндік, кірпік, қабық, қабырға, қас, қол, маңдай, ми, омыртқа, өзек, өкпе, өт, пішін, самай, табан, тырнақ, тізе, шүйде, іш, ішек, т.б. ветеринария, медицина терминдері. Осында келтірілген зат есім сөздердің бәрі әдеби тілде қолданылып жүрген байырғы сөздер. Олар ветеринария терминдеріне уәждеме болған және олардың әрқайсысы тілдегі тағы көптеген сөзбен тіркесіп, бүкіл ветеринария терминдерінің 70 пайыздайын жасаған. Аталған сөздердің ішінде ең азы он терминге уәждеме болған, 40-50 термин жасағандар да аз емес. Мәселен, жүрек зат есімінің басқа сөздермен бірлесе отырып, уәждемелік қызмет арқылы 63 ветеринария термині жасалған, елуге дейін терминге уәждеме болған зат есім сөздер - сүйек, көз, жатыр, тері; қырыққа дейін терминге уәждеме болған зат есімдер: іш бүйрек, отызға дейін термин уәждеме болған зат есім сөздер: ми, тамыр, су, тіс, ірің, ішек, жара, ем, дене, буын, ауыру; жиырмаға дейін терминдерге уэждеме болған зат есім сездер: қуық, май, мұрын, тыныс, тіл, ұрық, қабақ, бауыр, бел, өлік, өкпе, көмей, жүіш, ем, бас, асқазан, бұлшық, дәрі, жұқпа.

Жоғарыда аталған сөздердің қалғандары - 10 терминге дейін уәждеме болған зат есім сөздер.

Әдеби тілдегі дене мүше атаулары мен ауру, емге қатысты байырғы сөздің терминжасамда атқарған уәждемелік қызметіне «Қазақша-орысша терминологиялық сөздікке» (ветеринарлық) жасалған статистикалық талдау. Талдау бұл мағыналық топтағы байырғы зат есім сездердің өнімділігін дәлелдеді.

Ветеринарияға арналған термин сөздердің уәждемелеріне басқа түрлі мағыналық топқа жататын байырғы зат есім сөздер де қатысқан. Мысалы: ас, ауа, ауқаттық, әдіс, әлеуметтік, әлсіздік, бағыт, бояу-тек, белгі, бөлшек, бүршік, бүркеуіш, бітегіш, жарма, жәрдем, зат, кене, күн, қорытынды, май, т.б.

Байырғы зат есім сөздердің ішінде терминжасамда белсенді уәждемелік қызмет атқарған зат есім сөздер де бірсыпыра. Мысалы, бір ғана май зат есімі 20 терминге уәждеме болған. Олар: май, май бездері, май инфильтрациясы, май қышқылдары, майтабан, маймақ, май түзілуі, май түйіршіктенуі, май тінінің дистрофиясы, май ыдырауы, майдың зәрмен шығуы, майлардың алмасуы, май­лы, майлы дистрофия, майлы ерітінділер, майлы зәр, майлы лиминент, майлы тері, майлы эмболия.

Келтірілген тілдік деректер әдеби тілдегі байырғы зат есім сөздердің ветеринария терминологиясын жасауда 80 пайыздайы уәждемелік қызмет атқарғанын дәлелдеді. Бұл бір жағынан зат есім сөздердің терминжасамдағы белсенділігін көрсетсе, екінші жағынан терминжасамда қазір байырғы сөздерге бетбұрыс барын толық дәлелдейді. Сонымен бірге талданып отырған сөздікте 5000 тер­мин бар деп жазылған. Осы бес мыңдай терминнің мыңға жақыны ғана шетел термині. Ол терминжасамда Ахмет Байтұрсынұлы бастаған қазақ зиялыларының қағидаттары жүзеге аса бастағанын дәлелдейді. Әрине, терминология салаларында жағдай әртүрлі болатыны белгілі.

Терминжасамда сын есімнің уәждемелік қызметі туралы ғалымдар пікірі де әртүрлі. В.П.Даниленко сын есім сөздер терминологиялық сөз тіркес құрамында не заттанған күйде термин ретінде танылады деп санайды.

Сын есім сөздердің терминжасамда уәждемелік қызмет атқаруы термино­логия салаларының бәріне қатысты. Демек, тілімізде терминжасамға уәждеме қызметінде сын есім сөздер де қолданылады.

Бірсыпыра ғалым етістіктен терминдер жасалады деп санайды, рас қарсылар да жоқ емес. В.П.Даниленко етістіктен термин жасалады деп және етістіктің қандай түрінен термин жасалатынын да айтқан: «В специальных иссіщдоіаниях можно отметить точку зрения утверждающую, что «граммати­ческими средствами функционирования глаголов в качестве члена термино­логической системы, средствами приближения глагола к именному термину оказываються форма инфинитива, форма несовершенного вида, форма 3 лица множ.числа в неопределенно-личном значении» деп ғалым Н.А.Щегловаға сілтеме жасаған [4, 66].

Сөздіктің бір түрінде ғана дара етістіктен жасалған терминдер мысалға келтірілді. Ал етістік арқылы жасалған күрделі терминдер бұлардан бірнеше есе көп. Терминжасамға етістік атаулының бәрі қатыса бермейді. Келтірілген мысалдар терминжасамға қимыл атаулары мен бұйрық райдың екінші жақ жекеше түрі қатысатынын дәлелдеді.

Бұған қарап, етістік тек әскери терминжасамға ғана қатысады деген шешім қабылдауға болмайды. Етістік терминологаяның барлық саласының сөзжасамынан орын алады.

Балық шаруашылығы, ветеринария саласының терминжасамында да етістік уәждемелік қызмет атқарған: aғapmy, айдау, айналу, айыру, алкилдеу, аса суыту, ауалы айыру, ауысу, әктеу, байыту, балқу, бейтараптау, борлау, бояу, бүрку, екшеу, енжарсыздану, енжарлау, еру, еріте ыдырау, ескіру және т.б.

Келтірілген мысалдар етістіктің түрлі сала терминдерінің терминжасам жүйесінде уәждемелік қызмет атқаратынын көрсетеді.

Терминологияның барлық саласынан көптеп етістік уәждеме арқылы жасалған терминдерге мысал келтіруге болады. Басқа сөз таптары терминжасамда кездесе бермейді.

Қорыта келгенде, терминжасамда зат есім уәждемелік қызметті ең белсенді атқаратын сөз табы. Ол термин сөздердің заттық ұғымды білдіретін сөздер болуымен байланысты деп ойлаймыз. Зат есім мен терминдердің заттық ұғымдағы ұқсастығы, жақындылығы, мағыналастығы олардың заттық ұғымдағы термин сөздерге уәждеме болуына негіз болған.

Сын есім сөздер - заттың түрлі белгісін білдіретін сөздер. Сондықтан олар заттық ұғымынан алыс. Сын есімдер заттанғанда не күрделі термин құрамында ғана терминжасамға уәждеме болған. Демек, олар терминжасамда бәсең қызмет атқарады.

Етістіктің терминжасамдағы уәждемелік қызметі сын есімнің уәждемелік қызметінен белсенді деуге болады. Бірақ ол етістіктің барлық түріне қатысты емес. Терминжасамға уәждеме болатын - негізінен қимыл атаулары. Қимыл атауларының зат атауларына жақындығы бар. Екінші жағынан, техника, физика т.б. салада ғылыми қимыл ұғымы бар екені белгілі. Олай болса, оның термин атауы да болуы занды. Сондықтан етістік уәждеме арқылы жасалған терминдердің болуы да заңды деп саналады.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ:

1. Швецова С.В. Лингвистический анализ способов терминообразования в современной английской офтальмологической терминосистеме: дисс. ... канд. филол.н. -Иркуск, 2004. - 153 с.

2. Блинова О.И. Термин и его мотивированность. Терминология и культура речи. -М.: Наука, 1981.

3. Қасым Б. Қазақ тіліндегі заттың кұрделі атауларының теориялық негіздері: филол.ғыл.док.дисс. авторефераты. - Алматы, 2002. - 50 б.

4. Даншенко Б.П. Русская терминология /Опыт лингвистического описания. -М., 1977. -246 с.

5. Щеглова НА. К вопросу о грамматических средствах терминологизации рус­ских глаголов в профессиональной речи XVII - XVIII веков. //Уч.зап. МГПИ им. В. И. Ленина. Т. XXXVIIL Вып.8. - М., 1968.

6. Ақаев С. Терминнің тілдік және танымдық табиғаты: филол.ғыл.док. дисс... авторефераты. - Алматы, 2002.

7. Құрманбайұлы Ш., Қазақ терминологиясы (Зерттеулер, оқулық, сөздік, библиография) –Алматы, 2014. «Сардар» баспасы. 928бет.

8. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік  1-30 том. «ҚАЗқпарат» баспа корпорациясы, Алматы 2014.

9. Степанов Г., Современная научно-техническая терминология на языках народов СССР и за рубежом//Проблемы разработки и упорядочения в Академиях наук союзных республик. М., 1983. Стр.13.

10.Дешериев Ю., Проблемы универсиализации (интернационализации) терминологии в условиях развития национально-русского двуязычия (применительно к развитию языковой жизни советского общества). В книге: Проблемы разработки и упорядочения терминологии в Академиях наук союзных республик. М.,1983. Стр.33.

11.Котов Р. Развитие терминологии и информационные потребности современного общества//Проблемы разработки и упорядочения терминологии в Академиях наук союзных республик. М.,1983. Стр.39.

12.Құрманбайұлы Ш., филология ғылымдарының докторы, профессор, «Терминологиялық хабаршы» 2004ж.

13.Қалиев Б., Терминологиялық хабаршы 2000 ж. №2.

14.Байтұрсынов А. «Ақ жол», Алматы, «Жалын», 1991 жыл.

15.«Аудармашыға көмекші құрал», Астана, 2000 жыл.

16.«Қазақ терминологиясы және бұқаралық ақпарат құралдары», Астана, 2003 жыл.