АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ТЕРМИНДЕРІН СӨЗДІКТЕ
ҰСЫНУДА КЕЗДЕСЕТІН ЕКІҰШТЫЛЫҚ
Жұмасейіт Жанат – «С.Сейфуллин атындағы
Қазақ аротехникалық университеті»
АҚ
Ветеринария және малшаруашылығы
технологиясы факультеті,
Балық шаруашығы 115 тобының
студенті.
Ғылыми жетекші -
ф.ғ.к. А.Е.Жүсіпов
Мақаламызда
талдауға түскен терминдерге сөздіктерде толық
түсініктеме берілмегендіктен түсініксіздік туындаған
жәйттер бар, мысалы: түбірі бір терминнен жасалған екі
сөздің аудармасындағы алшақтық терминнің
түп-төркінін ашып бермеуден болған дей аламыз: акро +бустит және акро+донт – негізінде екеуі де
ортақ бір мағына берулері қажет. «Акро» сөзінің
беретін мағынасы ашылмағандықтан бұл екі дерттің
мағынасы да түсініксіз, бірі тіске қатысты екенін тіс
және «донт» сөзінің тіркесінен анықтадық
(дефинициясы да берілген), ал екінші терминнің қандай дертке
қатысты қолданылатыны белгісіз.
|
4 |
Акро+бустит |
күпек қабынуы |
Мал дерті. |
|
5 |
Акро+донтный зуб |
шойқы тіс |
Тістің өз
ұясына емес, жақ сүйек жиегіне орналасу құбылысы. |
Ендігі
мысал да осыған ұқсас:
|
7 |
Алиментар+ное бесплодие |
қоректік бедеу |
Құнарлы
жемшөп тапшылығынан малдың бедеу қалуы. |
|
8 |
Алиментар+ное истощение |
көтерем болу |
Құнарлы
жемшөп тапшылығынан малдың көтерем ауруына
шалдығуы. |
Терминдердің
мағынасын бергенде – «құнарлы
жемшөп тапшылығы» деген тіркесті алиментарное+ның аудармасы деп қабылдадық.
Дегенмен терминнің беретін мағынасы мынау деп атын атап,
түсін түстеп беру керек еді. Сонымен бірге қоректік бедеу (қандай? – (сын есім) тіркесінің
орысша аудармасы – алиментарно бесплодный,
ал біздің жағдайда алиментарное
бесплодие болғандықтан + лік қосылып бедеу+лік (бесплодие – (зат есім),
яғни коректік бедеулік деп ұсынылуы тиіс.
|
18 |
Без+отваль+ная обработка
почвы |
топырақты сыдыра
жырту |
Қайырмасы жоқ
соқамен топырақты 20-30 см тереңдікте жыртып
өңдеу |
|
19 |
Без+отваль+ный плуг |
түренсіз соқа |
Жер жыртатын
құралдың бір түрі |
Бұл
жағдайда да түбірі бір сөздің екі түрлі
мағынада аударылуы байқалады: без+отваль+ная(ный)
– сыдыра, түренсіз. Сыдыра
жырту – процесс (үрдіс) қалай? – үстеу қызметінде
жұмсалған, ал екіншісі жағдайда – қандай? түренсіз – сын есім
қызметінде жұмсалып анықтауыш болып тұр. Термин
құрамындағы (безотваль+ный
(+ная) сөздің екі сөз табы, екі сөйлем
мүшесі, екі түрлі аударылу себебі түсініксіз. Осындай
түсініксіздікті болдырмау үшін нақты түсініктеме берілу
қажет.
Осы
тәрізді кемшіліктер көптеп кездеседі.
-
берілген кейбір терминнің дефинициясы толық емес, мағынасын
ашпайды. Мысалы,
|
79 |
вяление |
қақтау |
Тұздалған
балық және етті кептіру әдісі. |
|
80 |
вяление травы |
шөп дегдіту |
Пішен дайындаудың
бір әдісі. |
|
118 |
дерново-подзолистая почва |
күлгін түсті
шым топырақ |
Күлгін
топырақтың бір түрі. |
|
119 |
десятипольный севооборот |
он танапты ауыспалы егіс |
Ауыспалы егістің
бір түрі. |
|
196 |
лес дремучий |
қара орман |
Қалың орман |
Келтірілген
кестеден аталмыш кемшілікті көптеп байқауға болады.
Бекітуге ұсынылған материалдарға дәл
анықтама беру қазақ тілінен оған лайықты балама
табуға сеп болатындығы сөзсіз. Сол себептен де, сала
мамандары терминге дефиниция беруде осы жағына тереңірек
көңіл бөлгендігі дұрыс деп есептейміз.
Атау, термин, тіркес дефинициясын беруде жіберілген қателіктер:
|
89 |
гипсование почвы |
топыраққа
гипс шашу, топырақты гипстеу |
Топырақтың
екпе дақылға зиянды сілтілігін жою үшін
топыраққа гипс шашу. Сор және сортаң топырақты
химиялық жолмен жақсарту әдісі. |
Бұл түзетілген нұсқасы. Аудармасы ретінде
ұсынылған екі нұсқасы екі түрлі мағына
береді, бірі – жай ғана шашу, (дефиницияда берілген мағынаға
қарағанда осы нұсқасы жақын); екіншісі – топырақты
гипстеу, қатырып тастау деген мағына үстейді. Сондықтан
бұл қаншалықты қажет екенін анықтап, біреуін
ғана ұсыну керек деп есептейміз. Жалпы екі (тіпті үш)
нұсқасын ұсынуды артық деп есептейміз. Ол, негізінде
түсіндірмелі сөздіктегі тәрізді 1,2,3 және т.т. деп
ұсынылуы тиіс. Мәселен,
|
89.1 |
гипсование почвы |
топыраққа
гипс шашу |
Топырақтың
екпе дақылға зиянды сілтілігін жою үшін
топыраққа гипс шашу. |
|
89.2 |
гипсование почвы? |
топырақты гипстеу |
Сор және
сортаң топырақты химиялық жолмен жақсарту
әдісі. |
Қорыта келе айтарымыз, талдауға түскен терминдерді
аударуда тілдік ерекшелік және заңдылықты негізге ала отырып,
құрастыру қажет деген ойды айтамыз. Себебі түрлі
сөздіктегі ұзына бойы қайталана беретін қателіктерді
түзетіп, бір ізге, тезге салып сауатты өздік, сауатты аударма,
сауатты маман даярлайтын кез келді деп санаймыз.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ:
1.
Қазақша-орысша,
орысша-қазақша терминологиялық сөздік 1-30 том. «ҚАЗқпарат» баспа
корпорациясы,. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі,
Педагогикалық ғылымдар академиясы, А.Байтұрсынұлы
атындағы Тіл білімі институты -
Алматы 2014.
1.
«Мемлекеттік тіл: терминология, іс
қағаздары мен бұқаралық ақпарат
құралдарының тілі», Астана, 1999 жыл.
2.
Назарбаев Н.«Ұлттың
ұлы мұраты жолында ұйысайық». «Ана тілі» газеті, № 23,
2008 жылғы 5 маусым.
3.
Қаратышқанов Н., «Пән
сөздер», Қызылорда, 1927 жыл
4.
«Қазақстан Республикасындағы тiл туралы»,
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі № 151
Заңы.
5.
«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы».
6.
Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері :
Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы, 2012. - 296 б.
7.
Бархударов Л.С.
Язык и перевод (Вопросы общей и частной теории перевода). –М.: Международные
отношения, 1975. – 240 с.
8.
Тарақ Ә. Аударма процесі жайында // Аударматану (ғылыми-практикалық
көмекші құрал). Құраст.: Құлманов С.–
Алматы: «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы, 2008. –300 бет.
9.
Комиссаров В.Н.
Слово о переводе. –М.: Международные отношения, 1973. –216 с.
10.Көркем аударманың кейбір мәселелері
(мақалалар жинағы). –Алматы: Қазмемкөркемәдеббас,
1957.
11.Тарақов
Ә.С. Аударма психологиясы
және мәдениеті: Оқу құралы. – Алматы:
Қазақ университеті, 2005. – 60 бет.
12.Алдашева А. Аударматану ғылымының басты
ұғым-түсініктері туралы // Аударматану
(ғылыми-практикалық көмекші құрал).
Құраст.: Құлманов С.–Алматы: «Тіл»
оқу-әдістемелік орталығы, 2008. –300 бет.
13.Көркем әдебиет саласындағы аударма
мәселесі // ҚАЕУ хабаршысы. Өскемен, 2006. - №2.
14.Сабурова Г. Аударма да рухани байлық // Қазақ
тілі мен әдебиеті,2000. №5