ҚАЗІРГІ
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖАҢА АТАУЛАРДЫҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ МЕН
БАСПАСӨЗДЕ КОЛДАНЫЛУЫ
Қазтұтынуодағы Қарағанды
экономикалық университеті, Қазақстан
Республикасы, Қарағанды қ.
филология
ғылымдарының кандидаты, профессор Қабатаева К.Т.,
ГМУ-12
тобының студенті Нығметолла
Ж.
Тәуелсіздік тұсында жасалып қазіргі тілімізде
қолданылып жүрген атаулардың ең алдымен
қазақтың өз сөздері мен қосымшалары
негізінде жасалған және бір бөлігі қазақ
сөзінен немесе қосымшалардан қалған бөлігі кірме
сөздер мен қосымшалардан тұратын будан ( гибрид) атаулар деп
екіге жіктеуге болады . Қазақтын төл сөздерін
терминдедіру немесе сөзжасам тәсілдерін пайдалану жолымен
жасалған атаулардың да , аралас тұлғалары « будан»
аитаулардын да жасалау жолдарын тілдік тұрғыда талдау өте
мңызды. Тіліміздегі сөзжасам , терминжасам
тәсілдеріннің және соз тудурушы қайсысы өнімділік
танытқанын, керісінше , қай тәсіл мен қосымшалардың
аз пайдаланылғанын, аралас тұлғалы сөздердің
қалай жасалып жатқанын да анықтау қажет . Сол
арқылы біз жаңа атаулар мен терминдердің баспасоздегі
қолданысын , олардың жұртшыдық тарапынан
қабылдану деңгейін , бүгінгі баспасөздің термин
қалыптастырудағы рөлін анықтай аламыз. Егер біз алдымен
баспасөздегі , одан соң
арнаулы салалардағы қалыптасып үлгерген жаңа атаулар
мен алі қалыптасу үстіндегі жаңа қолданыстарды жиып
–теріп , оларға талдау жасайтын болсақ , қазіргі
сөзжасам, термин жасам үдерісінің жалпы бағытын ,
термин шығармашылығынын бүгінгі жай күйін нақты
сипаттау мүмкіндігіне ие боламыз.
Қазіргі қазақ баспасөзіндегі қолданылып
жүрген лексика-семантикалық тәсілмен жасалған
жаңа сөздер
Бүгінгі баспасөз беттерінде кездесетін жаңа
қолданыстардың бірқатары бұрынғы мағынасы
кеңейіп,тарылып немесе мүлде басқаша мағынаға ие
болған тілімізде бұрыннан бар атаулар.Мұндай
қолданыстардың арасында жаппай қолданысқа
көшіп,тілде орныға бастағандары бар да,бірнеше балама
атаулармен қатар қолданылып әлі басымдыққа ие
бола қоймағандары да бар.
Қазіргі баспасөзде тіліміздің түрлі
лексикалық қабаттарынан дайын қалпында алынып,бірқатары
бастапқы мағынасында,басым көпшілігі түрлі
деңгейдегі мағыналық өзгерістермен қолданыс тауып
жүрген ағза,бағам,даңғыл,дәргей,діл,жиек,кеден,кент,құжат,мұрат,нарық,нысан,
ота,өңір,рәміз,рәсім,рәуіш,сардар,серке,содыр,түлек,тығын,ұжым,үйек,
үрдіс,шатыр сынды сөздер кездеседі.Шығу төркініне
үңілсек,бұлардың бір тобы қазақ тіліне
ертеректе еніп,лексикалық қорымызға әбден сіңіп
кеткендіктен,кірмелігі бірден байқала бермейтін араб-парсы сөздері
болып шығады да,енді бірқатары байырғы өз
сөздеріміз екендігіне көз жеткіземіз.Мәселен,ағза,діл,құжат,мұрат,нарық,нысан,өңір,рәміз,рәсім,рәуіш,
шатыр тілімізге араб-парсы тілінен енген сөздер.Бұл
сөздердің бірді-екілі болмаса,басым көпшілігіне тәе
ортақ ерекшелігі-пассив сөздер қатарында болып,сирек
қолданылып келгендігі.Архаизм,историзм қатарына еніп,о
бастағы мағыналары мүлдем ұмытылып немесе көмескі
тартып келгендері де бар.Ұлт тіліндегі термин
шығармашылығына,қазақша сөз жасауға
көңіл бөліне бастаған кейінгі 15-20 жыл көлемінде
осындай қалтарыста қалып келген атаулар,көнерген сөздер
мамандар назарына ілікті.Мысалы,
,дәргей
,кеден,кент,құжат,нысан,ота,рәміз,рәсім,рәуіш,сардар,ұжым,үйек,
үрдіс сөздері өте сирек қолданылып,мағыналары
көмескі тарта бастаған атаулар еді.Олардың бастапқы
мағынасы негізге алына отырып,оған қосымша мағына
жүктеу арқылы жаңаша қолданысқа енді.Бұл
атаулардың бірқатары белгілі бір аумақта ғана
қолданылып келген жергілікті сөздер.Мысалы,құжат
сөзі Алмаьы облысының Нарынқол, Кеген аудандарында
қазіргі мағынасында , « ұжым » сөзі Семей
облысының Абай ауданында ұйым мағынасында , үрдіс атауы
Түркіменстан, Қарақалпақстан және Ақтобе ,
Қызылорда облыстарының жекеленген аудандарында әдет ,дәстүр
мағнасында қолданылып келген . Аумақтық
қолданыспен шектеліп келген бұл жергілікті сөздер
аздаған мағыналық өзгерістерге ұшырау
арқылы терминденіп, қазіргі
ресми бекітілген терминдер қатарына қосылды . Осы сияқты
дәргей , кедей, кент,рәсім, рәміз, ұжым сөздері
де Мемтермиком тарапына бекітіліп, жаппай қолдануға
ұсынылған атаулар.
Ал мұрат ,нарық, өңір, серке, содыр, түлек
тығын сөздері көнерген лексика қтарына енбеген, белгілі
бір аумақпен де шектелмей, жалпыхалықтық тілде осыған
дейін де қолданылып келегн атаулар . Бұлар да осы
уақытқа дейінгі білдіріп келген мағыналарынан біршама
өзгеше немесе мүлдем жаңа мағынада
қолданысқа көшкен сөздер. Сотұар , тентек,
бұзақы деген мағынаны білдіретін «содыр» сөзі «
саясаттын тым солақай көзқарасты жақтаушы» деген
мағына беретін экстремист сөзінің баламасы ретінде
жұмсала бастады. Экстремистің әрекетінде
сотқарлық бұзақылық бар .Оның саяси
мақсатына заңсыз, шектен шыққан әрекеттері
арқылы қол жеткізуге баруын тентектік , бұзақылық
ретінде қабылдау, содырға ұқсату бұл
сөздің экстремистің баламасы болуына негіз болған.
Жалпы әдеби тілдегі қыран
құстың жасқа толған,бабына келген ұшар кезі
деген мағынаны білдіретін түлек сөзі,кейінгі жылдары мектепті
жоғары оқу орнын бітіруші деген мағынаны қоса
жүктеп,орыс тіліндегі выпускник сөзінін баламасы ретінде
қолданыс тауып жүр.Бұл оқу бітірушіні
қанаттанып,өз бетімен ұшуға дайын болған
қыран құсқа ұқсатудан,соған
теңеуден пайда болған атау.Қыран құстардың
балапандары жетіліп,қанаттары қатайып өскен ұясынан
ұшатын кезге жеткені сияқты,оқу бітірушілер де білім
алып,маманданып,әрі есейіп үлкен өмірге аяқ басатынсәтке
жетеді.Осындай ұқсату түлек сөзінің орыс
тіліндегі выпускник сөзінің баламасына айналуына себеп
болған.Тіліміздегі серке сөзінің мағынасында
өзінің тура мағынасымен қатар топты,бастаушы,жетекші
деген де мағына бар.Серке бүкіл отарды бастайды».Ай мүйізді
ақ серке қой бастайды..». деп серкенің жетекшілік рөлін
халық ән-жырына арқау еткен.Серкенің осы қасиеті
өз тіліміздегі серке сөзінің көпке
жетекшілік,басшылық етуші деген мағынаны білдіретін орыс тіліндегі
лидер сөзінің орнын алмастыруына себепкер болған.
Алайда бұл жерде,лидердің баламасы ретінде серкемен қатар
жарыса ұсынылып жүрген біріккен сөз көшбасшының
әлдеқайда жиі қолданылатын айтқан орынды.Дәлірек
айтқанда,көшбасшы атауы басымдыққа ие
болып,лидердің баламасы ретінде орныға бастады деуге болады.Ал
тығын атауы тілімізде бөтелке сияқты өңеші тар
ыдыстың аузына тығылатын зат деген ұғымды
білдіреді.Бұл сөздің орыс тіліндегі «пробка» (транспортная)
сөзінің баламасы ретінде ұсынылуына осы
мағынадағы тығылуы,тығындалуы семасының себеп
болуы да мумкін.Дегенмен,одан гөрі көліктің көптігінен
көшедегі олардың қалыпты қозғалысының
бұзылып,тоқталып қалуын білдіретін орыс тіліндегі пробка
сөзінің тікелей тығын деп аудару арқылы,дәлірек
айтқанда,қазақ тіліндегі бұрыннан бар баламасына
жаңа мағына жүктеу пайда болған деуге негіз жеткілікті.
Қазіргі қолданыстағы кірме сөздердің
жазылуына қатысты әлі де көптеген деректер келтіруге
болады.Олар жоғарыдағы біз келтірген мысалдармен ғана
шектелмейді.Сондықтан алдағы уақытта тілшілер қауымы
кірме сөздердің қабылдануы мен оларды ұлт тілінде
жазудың біркелкі жүйесін,ғылыми негізделген жалпыға
ортақ ережелерін қалыптастырыуы тиіс.
Қолданылған
әдебиеттер тізімі:
1.
Қайдаров Ә.Т. Қазақ терминологиясына жаңаша
көзқарас. – Алматы, 1993 ж.
2.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.- Алматы,
1978. 3- том
3.
Насырова М.Р. және басқалар. Нарықтық экономика.
Орысша- қазақша түсіндірме сөздік –
анықтамалық. – Алматы, 1995.
4.
Суперанская А.В.,Подольская Н.В., Василева Н.В. Общая терминология.-
Москва., 1989.
5.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы,
1982.6 – том.