Дүниеге
көз қарастың пайда болуы
Авторлары: Адылханова С.Е.,
Сыздыков М.,
ҚарМТУ, Қарағанды қаласы
Дүниеге көзқарастың
қалыптасыу.Ауызша халық мәдени ескерткіштерін зерттеу
халқымыздың танымдық, әлеуметтік саяси, адамгершілік
тәрбие және дүниегекөзқарас ерекшеліктерін білуге
көмектеседі. Әрбір адам жастайынан дүниені танып біле
бастайды, заттар құбылыстар жайында білімдер жинақтайды.
Өсе келе ол өзіне “дүние неге бұлай”, “адамның
өсуі мен өлімі” жайында сұрақтар қояды. Міне, осы
сияқты сұрақтарды білуі үшін оның дүниеге
деген кең көлемдегі көзқарасы пайда болады. Дүние
және адамның ондағы орны жайындағы
түсініктердің жиынтығы дүниеге көзқарас деп
аталады. Дүниеге көзқарас адам өмірінің
практикалық іс-әрекеті мен мәдениетінің түрлі
салаларында қалыптасады. Дүниегекөзқарас – адамзат
санасының, дүниетанымының қажетті бір
бөлігі. Дүниегекөзқарастың өзегі –
білім. Білімнің мазмұнының ақиқаттығы мен
тереңдігіне, дәлелдігіне, жүйелілігіне қарай ол
практикалық және теориялық болып бөлінеді.
Дүниегекөзқарастың теориялық деңгейі арнайы
сынақтан өткен ғылыми негізде дәлелденген.
Дүниегекөзқарастың теориялық деңгейі.
Дүниегекөзқарастың философиядан бұрынғы
әлеуметтік тарихи типтеріне Мифология және дін жатады. Мифологияда
сыртқы дүние мен адам, ой мен сезім, зат пен идея, объективтік
және субъективтік дүниелер арасында айқын шекара болмады. Ол
шекаралар кейіннен пайда болды. Мифологияда олардың барлығы
тұтасып жатты. Ол дүние жанындағы біртұтас
түсінік болып табылды. Белгісіз дүниені түсіндіруге тырысудан
оданда белгісіздігі мол дүниені танып білуге ұмтылу, егерде ол
дүние танып білуге мүмкіндік бермесе, тәңірге немесе
құпия ғаламат күшке сілтеме жасау – Мифтің
өзіне тән ерекшелігі. Эпос, ертегі, аңыздар, тарихи
әңгімелер арқылы мифологиялық кейіпкерлер түрлі
халықтардың рухани мәдениетіне, әдебиетіне,
сурет-мүсін өнеріне енді. Олар қазақтың ауыз
әдебиетінде, эпостық жырларында бар. Қоғамдық
өмірдің алғашқы қауымдық формасының
жойылуына байланысты қоғамдық сананың
алғашқы түрі ретінде Мифология да тарих сахнасынан кетті.
Мифтің өз тарихы, классикаға дейінгі немесе архаикалық,
классикалық немесе қаһармандық деп аталатын
кезеңі, тіпті постклассикасы бар. Бұл - адамды қоршаған
әлем шын мәнінде бір отбасы көлеміне сыйып кететін
уақыт болатын. Бірақ бұл әлем адамзатпен таныс емес
еді, оны мекендеушілердің барлығы өзінің
құпия, тылсым өмірлерін сүреді. Архаикадағы
басты, анық та шынайы нәрсе сансыз ұрпаққа
өмір берген жер ғана. Жерден туған тіршілік оның
бесігінде тербеліп, өсіп-өніп, өзінің ерекше
ғұмырын сүруде, себебі өмірдің қуаты тірі
және өлі табиғат арасында еш айырмашылық жоқ
әлемге жомарт төгілген. Әрбір заттың өз
сиқырлы күші бар. Ол күштің атауы жоқ, ол
табиғаттың бойына түгел шашылған,
құбыжық, жартылай адам, жартылай аң секілді түрлі
сипатқа ие болады, яғни миксантропикалық, аралас,
құбылма. Болашақ классикалық Аполлон ол кезде
құбылма қасқыр, сәби жейтін
құбыжық. Жердің терең даналығы, мысалы,
жылан арқылы көрініс табады. Орыстың «жылан» және «жер»
сөздерінің түбірлес келуі бекер емес. Хайуанат кейпіндегі
фетиштер уақыт өте ұмытыла бастағанда, даналық
Афина бойынан көрініс тапты. Ал, оның негізгі символы жылан болып
қалды.Патриархалды қауымға өтуге байланысты
Классикалық кезең мифологиясында адам сипатты құдайлар
пайда болды, олар кезінде түсініксіз де қатерлі табиғат
қысымына түскен адамзаттың қиялында туып, үрейлі
құбыжықтармен күресіп, жеңіске жетеді. Аполлон
пифий аждаһасын жан тәсілім етеді де сол жерге өзінің
ордасын тұрғызады. Ұсақ құдайлар мен
перілердің орнына, олардың бәрін бағындыратын ең
басты құдай Зевс пайда болады. Патриархалды қоғам енді
аспанда, яғни Олимп тауында орналасады.Архаикадан классикаға
өту мифтерде жақсы көрініс тапты. Гомер поэмалары кезінде миф
- негізінде әдебиет туындаған ғаламат, өткен
дәуір ретінде қабылданған. Абсолюттік мифология бар да, салыстырмалы мифология
бар. Лосев бұл туралы «Миф диалектикасында» айтады. Ол бойынша абсолюттік
мифология дегеніміз өзінен өзі шығып, дамып отыратын
мифология. Демек, еш нәрсеге тәуелді емес. Лосев бойынша абсолюттік
мифологияға идея мен материяның, сенім мен білімнің
жоғары синтезді тепе-теңдігі тән. Абсолюттік мифология
субъект пен объектіні, мәңгілікті, шексіздікті,
хабардарлықты, абсолюттікті жинақтайтын жаңа
категорияның қажеттігін танытады. Басқаша айтқанда,
Лосев диалектикалық тәсілді қолдану арқылы
тұлғалық Құдай туралы, өзінің
абсолюттік тіршілігінде толыққанды көрсетілген магиялық
атау туралы ілім, яғни персонализм мифологиясын жасап шықты.
Бұл тектес абсолюттік мифология өзінің бір ғана
принципін пайдаланатын салыстырмалы мифологиялар үшін норма, үлгі,
шек пен мақсат болып табылады.