А.Ж.Кадыркулов, А.К.Онгарбаева
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,
Қазақстан
Қазақстан Республикасының
заңнамасы бойынша кәмелетке толмағандардың
азаматтық-құқықтық жуапкершілігін реттеу
аспектілері
Толық
әрекетке қабілеттілігі жоқ адамдар – 18 жасқа жетпеген
кәмелетке томағандар, әке-шешелері ата-ана
құқығынан айырылған жасөспірімдер, сонымен
қатар өзінің іс-әрекеттеріне жауап бере алмайтын
кәмелет жасына келмеген жеткіншектер, азаматтар мен заңды
тұлғалардың мүлігіне (тұрғын үйлерге,
саяжайларға, абаттандыру нысандарына және т.б.) аз емес зиян
келтіріп жатады.
Бұл
жасөспірімдердің азаматтардың мүлкіне келтірген зияны
жиі қылмыстық-жазаланушылық әрекеттермен ұштасады,
бірақ кәмелет жасына толмауына орай, оларды, заң көп
жағдайларда жауаптылықтан босатады. Алайда, олар
өздерінің заңды өкілдері (ата-анасы,
қамқоршылары мен қорғаншылары) арқылы,
көбінесе тұрғын үй қорына келтірген зиянды
(өрт қою, газ жарылысын жасау, тұтанатын заттарды жандыру
нәтижесінде үй-жайға зардап келтіру, тұрғын
үйде су тасқынына себепкер болу, жеделсатыны істен шығару,
саяжайлардағы құрылыстарды, үй жанындағы денсаулық-спорттық
алаңдарды қирату, көк екпелерді сындыру және т.с.с.)
өтеуге тартылады.
Кәмелетке
толмағандарға
азаматтық-құқықтық жауапкершілік
Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының
ережелеріне сәйкес қолданылады. Азаматтардың бұл
санатымен келтірілген зиянды өтеу тәртібі ҚР Азаматтық
кодексінің 925-930 баптарымен анықталады.
Тағыда ескеру
қажет, ҚР АК 22-1 бабының 2 тармағына сәйкес
ата-аналар, асырап алушылар, қамқоршылар 16 жасқа
толған эмансипация арқылы қабілеті бар
жасөспірімдердің бөтен адамға келтірген зиянына орай,
жауапкершіліктен босатады, себебі ол зиян келтірген кезде толық
әрекетке қабілетті азамат болғаның белгілейді.
Ата-ана
құқығынан айырлыған ата-аналарға
қосымша жауапкершілік жүктелуі мүмкін, егер олардың
ата-ана құқығынан айырылғанына 3 жыл
өтпеген болса, себебі ата-аналық міндеттерін дұрыс
атқармағанына байланысты кәмелетке толмағандардың
девиантты мінез-құлқы, аяғында бөтен адамға
келтірілген зиянға әкеп соқты. Қосымша жауапкершілікке
асырап алушы ата-аналарда тартылуы мүмкін (ҚР АК 927 бабы).
Қосымша
жауапкершілікке ата-аналар, асырап алушылар, қамқоршылар тартылуы
мүмкін емес, егер 14 пен 18 жас аралығындағы кәмелетке
толмағандар мәмлелердегі міндетемелерін тиісті орындамау
нәтижесінде зиян келтірген болса. (ҚР АК 22 бабы).
Біз жалпы
құқықтық заңнаманы ары қарай
жетілдіру мақсатында келесі ұсыныстарды қарастырдық:
1. ҚР
Азаматтық процестік кодексінің 46 бабындағы нормалар ҚР
неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы кодексінің 67 бабына
қайшы келеді.
Қазіргі
қолданыстағы азаматтық процестік заңнамасы (ҚР
АПК 46 бабының 2 бөлігі) келесі тұжырымдама жасауға жол
береді, бүгінгі күні кәмелетке толмағанның
өз бетінше дербес сотқа арыздануға
құқығы жоқ. Бұл ереже отбасы
құқығының нормаларына қайшы келеді.
ҚР Неке және отбасы кодексінің 67 бабына сәйкес бала
дербес түрде өз құқықтары мен
мүдделерін қорғау үшін 14 жасқа толғаннан
кейін сотқа арыздана алады. Осыдан келесі қорытындыға келу
болады, егер бүгінгі күні кәмелетке толмаған
сотқа эмансипация туралы арыз беретін болса, ол ҚР НжОК 67 бабына
сәйкес қаралуға қабылдануы тиіс.
Сондықтан
жаңа ҚР Азаматтық процестік кодексіне мынадай бапты енгізуді
ұсынамыз: «Сотқа эмансипация туралы арызды беру
құқығына кәмелетке толмағанның
өзі ие болуға тиіс».
2. ҚР АК 22-1
бабының нормалары ҚР АПК 46 бабының 2 бөлігіне,
және бұл екі баптағы нормалар ҚР
Конституциясындағы 13 бабының 2 бөлігіне сәйкес
келмейді.
ҚР АК 22-1
бабында жалпы былай делінген: эмансипация тек ата-ананың екеуінің
келісімі бойынша қамқоршылық және
қорғаншылық органның немесе сот шешімімен, егер ата-ана
немесе оның біреуі бұған келісімін бермесе, жүзеге
асырылады. Бұл жерде арыз берушінің қамқоршылық
және қорғаншылық органына барғаны
мақсатынсыз болады, себебі оның арызы мәні бойынша
қанағаттандырылмайды (ҚР АПК 45 бабының 2 бөлігі).
Ал бұл азаматтардың сот арқылы қорғану
конституциялық құқығына қайшы келеді
(ҚР Контитуциясы 13 бабының 2 бөлігі: «Әркім
өзінің құқықтары мен бостандықтарын
сот арқылы қорғауға конституциялық
құқығына ие.»
ҚР АПК келесі
бапты енгізуді ұсынамыз: «Кәмелетке толмағанның
эмансипация туралы арызы сотпен қаралуға қабылдауы
мүмкін, егер қамқоршылық және
қорғаншылық орган оны толық әрекет
қабәлетті деп танымаса немесе заңда бекітілген
тәртіппен эмансипацияға оның заңды өкілдері
келісімін бермесе».
Жоғарыда
көрсетілген ұсыныстарды тәжірибеде жүзеге асырған
жағдайда, біздің пікірімізше, кәмелетке толмаған құқық
бұзушыларды азаматтық-құқықтық
жауапкершілікке тартуды реттейтін заңнаманың тиімділігі артады,
кәмелетке толмағандардың істері бойынша сот процестерінің
және осыған орай тағайындалатын шешімдерінің сапасы
жоғарлайды.
Әдебиет:
1. ҚР
Конституциясы. 30 тамыз 1995 жыл.
2. ҚР
Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім). 27 желтоқсан 1994 жыл.
3. ҚР
Азаматтық процестік кодексі от 31 қазан 2015 жыл.
4. ҚР Неке
(ерлі-зайыптылық) және отбасы кодексі. 26 желтоқсан 2015
жыл.