Сатыбалдиев Ерқанат Аронұлы
Әл-Фараби
атындағы ҚазҰУ-ң
Заң
факультетінің магистранты
Өсиеттің жарамсыздығының
кейбір сұрақтары
Азаматтық кодексіміз
мұрагерлік институтын құқықтық реттей
отырып өсиет және заң бойынша мұрагерлікті енгізді.
«Өсиет» ағылшын тілінен аударғанда – азаматтың
қайтыс болуына байланысты өзіне тиесілі мүлікті заң
тәртібіне сәйкес билік етуі дегенді білдіреді екен.
Өсиет - өсиет
қалдырушының өлер алдында өз мүлкін
ықтиярымен мұрагерлерді тағайындау арқылы билік етуі.
Сонымен қатар ол заңдық тәртіпке сәйкес
және заңда көрсетілгендей, куәлардың
қатысуымен жүзеге асырылуы керек. Өсиет
қалдырушының оның өлгеннен кейін еркі іс жүзінде
орындалады. Тірі кезінде құрастырылған өсиет, ол
өлгеннен кейін заң күшіне енеді. Өсиет, бұл –
біржақты мәміле. Өсиет қалдырушының тікелей
өзімен байланысты. Бұл өкіл арқылы немесе сенімді
тұлға арқылы жүзеге аспайды. Мұны өсиет
қалдырушы тікелей өзі құру қажет және
бұл өзіне тиесілі тікелей құқық болып
табылады.
Өсиет қалдырушының
тірі кезінде қалдырған өсиеті негізінде, ол қайтыс
болғаннан кейін күрделі құқықтық
мұрагерлік қатынас пайда болады. Өсиет қалдырушы
өз кезегінде заңды мұрагерліктің кезек тәртібіне
байланыссыз, өз қалауы бойынша мұрадағы үлесті
және тағы басқа жағдайларды өзгертіп, өсиет
қалдыра аладыӨсиет мәселесі ғалымдар арасында
ғылыми деңгейде де зерттелген мәселелердің бірі.
Ғ. Сапарғалиев
өсиет – заңда көрсетілген ретпен жасалған
азаматтың өз дүние мүлкін кімге қалдыру
жөніндегі тірі кезіндегі ерікті тапсырмасы ретінде қарастырады.
Жалпы өсиет – заңды
акт, өсиет қалдырушының тірі кезінде заңды күші
жоқ және тұлғаның заң негіздегі
нысанға сәйкес билік етуі, ол қайтыс болғаннан кейін
оған тиесілі болған мүліктің тағдыры
өсиетте көрсетілген тұлғалардың пайдасына
шешіледі.
Қазақстан
Республикасының Азаматтық Кодексінің 1046 бабының 1
тармақшасында өсиетке мынадай анықтама берілген
«азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзіне
тиесілі мүлікке билік ету жөніндегі өз ықтиярын
білдіруі өсиет».
Өсиеттің жасалуына қатысты мәселе оны
жасалған кезде толық әрекет қабілеттілігі бар азамат
жасайды. Өкіл арқылы өсиет жасауға жол берілмейді.
Өсиетті өзі жасауы тиіс.
Негізінен, азамат
өзінің барлық мүлкін немесе оның бір
бөлігін заң бойынша мұрагерлер тобына кіретін де, кірмейтін
де бір немесе бірнеше адамға, сондай-ақ заңды
тұлғаларға және мемлекетке өсиет етіп
қалдыра алады.
Өсиет қалдырушы
себебін түсіндірместен заң бойынша мұрагерлердің
біреуін, бірнешеуін немесе барлығын мұрадан айыруға
құқылы. Егер өсиеттен өзгеше туындамаса,
заң бойынша мұрагердік мұрадан айыру оның ұсыну
құқығы бойынша мұрагерлік етуші
ұрпақтарына қолданылмайды.
Қазақстан
Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес, өсиет
қалдыру құқығы әрекетке қабілеттілігі
бар азаматтарға ғана тиесілі болады. Әрекетке қабілеттілікті
тексеруді өсиетті куәландыратын адам жүзеге асырады,
сондықтан нотариус немесе өсиетті куәландыруға
уәкілетті адам осы нотариаттық іс-әрекетті жасау кезінде
өсиет жасауға ниет білдірген адаммен әңгімелесіп,
өсиет қалдырушының мүлікке билік етуге шынайы еркін,
сондай-ақ қалыптасқан жағдайды дұрыс
қабылдауын және өзінің іс-әрекетін түсінуін
анықтайды.
Жоғарыда атап
өткеніміздей, өсиетті азаматтық әрекет
қабілеттілікке ие тұлға жасайды. Өсиет бойынша
мұрагерлікке қатысты ережелерде бұл туралы нақты
көрсетілмегенімен, іс жүзінде өсиет біржақты
мәміле болып табылатындықтан, өсиетті әрекет
қабілеттілікке ие тұлға құрайды.
ҚР-ның АК-нің 22 бабына сәйкес, 14-18 жасқа
дейінгі кәмелетке толмағандар өздерінің табысына,
стипендиясына, өзге кірістеріне және өздері жасаған
интеллектуалды меншік құқығы объектілеріне өз
бетінше билік етуге, сондай-ақ тұрмыстық ұсақ
мәмілелер жасауға құқылы.
14 пен 18 жас
аралығындағы кәмелет жасқа толмағандардың
меншігінде мүліктер бар болса, олардың өсиет
құруға құқылы болғаны ма? Бұл
жөнінде Э.Б. Бабыкова 14 пен 18 жас аралығындағы
кәмелет жасқа толмағандар өздері тапқан:
айлығын, стипендиясын, гонорарын өсиет етулеріне болады дейді.
Алайда, басқа жолдармен ие болған мүліктерге (сыйға
беру, мұра Әрекет қабілеттілігінен айырылған немесе
әрекет қабілеттілігі шектеулі жеке тұлға өз
мүлкіне байланысты өсиет құра алмайды.қалдыру)
жол берілмейді деп көрсетеді.
Заңға сәйкес әрекет қабілеттілігі
бар азаматтардың өз мүлкін өзінің қалауы
бойынша көрсетіп, өсиет құруға құқығы
бар. Сондықтан, нотариус өсиетті куәландыру барысында
оның жеке өзімен қатар (аты-жөні), оның
әрекет қабілеттілігіне көз жету керек.
Азаматтың әрекет
қабілеттілігі заңда көрсетілгендей, кәмелет жасқа
толған уақыттан (жастан) бастап немесе 18 жасқа
толғаннан кейін пайда болады және ол осы айтылған
уақытта некеге тұра алады. Дегенмен, кәмелет жасқа
толған адамның әрекет қабілеттілігі жоқ болуы
мүмкін. Егер де нотариус әңгіме барысында өсиет
қалдырушының әрекет қабілеттілігіне күмән
тудырса, онда нотариустың өсиетті куәландыруды белгілі бір
мерзімге дейін кейінге қалдыруға құқығы
бар. Заң негіздеріндегі нотариалдық істі кейінге қалдыру
туралы қаулы шығару ережесіне сәйкес куәландыруды 1 ай
мерзімге дейін тоқтату керек. Бұл құқық
нотариусқа мына жағдайда, өсиет қалдырушының сот
шешімімен әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған шешімін
көруге немесе тексеруге беріледі.
Өсиет бойынша және
заңды мұрагерлік бойынша танылған мұрагерлердің
мұрагерлік құқықтары нотариаттық
куәландырумен жүзеге асатындықтан, оның әрекеттерін
толық білген жөн. Өсиетті өсиет қалдырушы белгілі
бір талаптарымен жасауға құқылы.
Өсиет қалдырушы
өсиетте көрсеткен мұрагер мұра ашылғанға
дейін қайтыс болған, оны алмаған, не одан бас тартқан
немесе ҚР-ның АК-нің 1045 бабына сәйкес, лайықсыз
мұрагер ретінде мұрагерліктен шеттетілген жағдайда,
сондай-ақ мұрагер мұра қалдырушының заңды
таларптарын өсиет бойынша орындамаған жағдайда, басқа
мұрагер тағайындай алады (мұрагерді қосымша
тағайындау).
Ең негізгі мұрагер
мұра ашылғанға дейін өсиет қалдырушымен бір мезгілде
қайтыс болса немесе мұраны алып үлгермесе, онда қосымша
мұрагер мұрагерлікке шақырылады. Осыған сәйкес
негізгі мұрагердің мұрагерлері ұсыну
құқығы бойынша және трансмиссиялық
мұра тәртібімен мұрагерлік ете алмайды. Қосымша
тағайындалған мұрагердің мұрасы келесі
жағдайда орын алады, біріншісі, егер негізгі мұрагер қандай
да себептермен байланысты мұраны алмаса, яғни мұраны белгі
уақытында қабылдамаса (үлгермесе), ал екіншісі, мұрадан
бас тартса, яғни мұраны саналы түрде қабылдамаған
жағдайлар түсіндіріледі. Сонымен қатар, қосымша
тағайындалған мұрагер, егер негізгі мұрагер
лайықсыз мұрагер болып танылған ретте мұрагерлікке
шақырылады.
Қосымша
тағайындалған мұрагер жайлы өсиетте көрсету -
өсиеттің арнайы билік етуінің түрі болып табылады.
Өсиет қалдырушы өсиетте негізгі мұрагерді ғана
емес, сонымен қатар көптеген келеңсіз жағдайларды
ескере отырып, өсиетте қосымша мұрагерді тағайындайды.
Қосымша мұрагер – мұраны қандай да бір себептермен
алмаған негізгі мұрагердің орнын басушы тұлға деп
көрсетпек болады.
Мұрадан бас тартқан
мұрагерге мұрагер тағайындауға болмайды, мысалы, азамат
өсиетті өз баласына мүлікті кейін өсиет етсін деген
ниетпен бастапқыда әйелінің пайдасына құрады.
Өсиет бойынша
танылған мұрагерлер де мүліктің өсиет етілмей
қалған бөлігі бойынша мұрагерлікке шақырылады.
ҚР-ның АК-нің
1049 бабына сәйкес, мүліктің өсиет етілмей
қалған бөлігі ҚР-ның АК-нің 1061 және
1064 баптарының тәртібіне сәйкес, мұрагерлікке шақырылған
мұрагерлер арасында заң бойынша бөлінеді.
Бұл
мұрагерлердің қатарына заң бойынша мүліктің
басқа бөлігі өсиет арқылы қалдырылған
мұрагерлерге де қатысты.
Сонымен, өсиет
біржақты мәміле. Өсиетті толық әрекет
қабілеттілігі бар тұлға жасай алады.
Өсиетті орындауға
қатысты нормалар азаматтық заңнамаларда
қарастырылған. Мұрагерлік мүлікті қорғауға
байланысты шараларын қамтамасыз ету міндеті мұрагерлік
ашылған кезден пайда болады және ол мұрагерлік істерді
жүргізетін нотариустарға жүктеледі. Осыған байланысты
заң нормаларында өсиетті орындаушының
азаматтық-құқықтық жауапкершілік шараларын
бекіту қажет.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1 . Өсерұлы Н.
Қазақтың әдет-ғұрпына шариаттың
әсерін зерттеу: Заң ғылымдарының докт. дисс.
авторефераты: 12.00.01. - Алматы: КазГЮУ, 1997. - 42 б.