Әділбекқызы Әсел
ҚазҰУ-ң заң факультетінің
магистранты
Деликтілік
жауапкершілікті құқықтық реттеу: теориялық
және тәжірибелік аспектілері
Азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру
салдарынан туындайтын
міндеттемелердің өзіне тән белгілері бар. Зиян келтіру
салдарынан туындайтын
міндеттемелердің басқа
түрлерімен ерекшеленетін бұл белгілер аталған
міндеттеменің мәнін ашады.
Бұл міндеттемелер келесі белгілер мен сипатталады:
Біріншіден, зиянды өтеу мүліктік сипатта
болғанымен міндеттемелерді қолдану аясы мүліктік емес
қатынастарға таралады.
Екіншіден, міндеттемелер абсолюттік сипаттағы жеке
мүліктік емес игіліктерді бұзу нәтижесінде туындайды.
Үшіншіден, абсолюттік
құқықтар
бұзылғандықтан,
жәбірленуші оның құқықтарын
бұзған тұлғамен шарттық қатынастарда
болғанымен, міндеттемелер шарттық емес сипатта болады.
Өзінің шарттық немесе өзге де міндеттемелерін
атқару барысында азаматтың өмірі мен денсаулығына зиян
келтірілсе заңның тікелей көзделуіне байланысты міндеттемелер
шарттық емес болып сипатталады. Мәселен, жұмыс беруші
қауіпсіздік техника ережелерін
сақтамау салдарынан жұмысшы өзінің ембекке
қабілетін жоғалтқан жағдайда шарттық емес
міндеттемелер туындайды, себебі ол
абсолюттік құқықтың бұзылуы
нәтижесінде пайда болды.
Төртіншіден, зиян кімге келтіргеніне, қандай
нысанда көрінгеніне, зиянды өтеудің қандай болмасын
әдістеріне қарамастан міндеттеме қаншалықты
мүмкін болатын жәбірленушіге зиянның толық
өтелуіне бағытталған.
Зиян келтіру
салдарынан туындайтын міндеттемелерді деликтілік міндеттемелер деп те атайды.
Бірақ бұл атау дәл емес, себебі аталған міндеттемелер
әр қашан құқық
бұзушылықтың негізінде туындамайды. Бұл міндеттемелерді
кейбір жағдайларда зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер,
кейбір жағдайларда келтірілген зиянның орнын толтыру бойынша
міндеттемелер деп атайды. Біріншісінде қандай негіздер бойынша бұл
міндеттемелер пайда болатынына, ал екіншісінде міндеттеменің
функционалдық мақсатына көңіл бөлінеді. Егер міндеттеменің негізін
анықтау қажеттігі туындаса зиян келтіру салдарынан туындайтын
міндеттеме термині қолданылады, ал егер міндеттеменің нысаналы
мақсатын анықтау қажеттілігі туындаса зиянның орнын
толтыру бойынша міндеттеме термині кеңірек қолданылады.
Бірақ
бұл екі терминдер тек бір ғана міндеттемені білдіреді. Дегенмен,
бұл терминологиялық ерекшеліктерінде олардың шын
мәнінде ерекшеліктері байқалады. Зиян келтіргені үшін
туындайтын міндеттемелер шарттық емес міндеттемелер қатарына жатады,
себебі олар келісім-шарттың негізінде емес, бір
тұлғаның басқа бір тұлғаға зиян
келтіру фактісі негізінде пайда болады. Шарттық емес міндеттемелер
жақтардың келісімі негізінде емес, заңда көзделген
фактілер негізінде, яғни азаматтардың мүліктік емес игіліктеріне
зиян келтірілген жағдайда туындайды. Сонымен бірге бұл
міндеттемелер заңда көзделген азаматтық
құқықтық міндеттемелерге қойылатын
талаптарға жауап береді, себебі,
біріншіден Азаматтық кодекстің 268-бабында көрсетілген
міндеттеменің анықтамасына сәйкес келеді, яғни
бұл міндеттемелерде борышкер болып табылатын тұлға,
яғни зиян келтіруші келтірген зиянның орнын толтыруға
міндеттенеді, ал жәбірленуші келтірілген зиянның орнын толтыруын талап
етуге құқылы. Жоғарыда көрсетілгеннің
негізінде зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелерге Азаматтық
кодекстің 47-тарауында көзделген нормаларға қайшы
келмейтін міндеттемелер туралы жалпы ережелер қолданылуы
мүмкін.
Шарттық
емес міндеттемелерге тән қасиет олар қатысушылардың
еріктерінің келісімінсіз пайда болады, сондықтан шарттық емес
міндеттеменің сипаты мен мазмұны көбіне нормативтік
құқықтық актілермен немесе бұл
міндеттеменің субъектісінің еркімен кейбір жағдайларда
бұл шарттық емес міндеттемелердің қатысушысы.
Бұл
міндеттемелердің субъектілік құрамы несие беруші яғни,
зиян шегушіден және борышкер, яғни зиян келтірушіден тұрады.
Бұл міндеттемелік қатынасқа қатысушылар ретінде жеке
азаматтар, заңды тұлғалар және мемлекет болуы
мүмкін. Аталған субъектілік құрамда несие беруші мен
борышкердің орны ауысуы мүмкін, яғни, регресс
тәртібінде негізгі міндеттеме бойынша борышкер болып табылатын
тұлға регрестік міндеттемеде несие беруші болып табылады. Мысалы,
зиян бірлесіп келтірілгенде бірлесіп зиян келтірушілер жалпы ереже бойынша
жәбірленушінің алдында үлестік жауапкершілікте болады. Егер
олардың біреуі келтірген зиянның орнын толтырса, басқа зиян
келтірушілерге қатысты, ол несие беруші болып табылады.
Міндеттемелерде
жактары ретінде заңды тұлғалар болып табылатын
құқықтық қатынастарда зиянның орнын
толтыру тәртібін ерекше атап өту қажет. Заңды
тұлғалардың қызметі әр түрлі сипатта
болады. Ол жедел шаруашылық, әлеуметтік-мәдени, біліктік,
айналасындағыларға жоғары қауіп туғызатын
қызметте көрінуі мүмкін. Бірақ заңды
тұлғалардың қызметі қандай сипатта болмасын ол
әр қашан жұмысшыларының, мүшелерінің,
қызметкерлерінің т.с.с. мінез-құлқында
көрініс табады. Демек аталған тұлғаларға белгілі
бір әрекеттерді жүзеге асыру міндеті жүктелген болса,
бірақ бұл міндеттер атқарылмаса, мысалы, азаматтардың
өміріне денсаулығына, қоршаған ортаға зиян
келтіретін кәсіпорынды қозғалуы қажет. Сондықтан,
заңды тұлғаны келтірілген зиянды өтеуге міндетті деп
тану үшін оның жұмысшыларының,
қызметкерлерінің, мүшелерінің әрекеттерінде
заңды тұлғаның қызметі көрініс табатынын
анықтау қажет.
Азаматтық
кодекстің 921 – бабында, заңды тұлға немесе азамат
өзінің қызметкері еңбек міндеттерін атқару
кезінде келтірілген зиянды өтейді, деп көрсетілген. 921 бапта
көзделген құқықтық норма
бұрынғы заңнамада көзделген болатын, атап
айтқанда КСРО-ның Азаматтық кодекстің 443-
бабының 3 - бөлігінде, мекеме оның жұмысшыларының
кінәсімен өздерінің еңбек міндеттерін жүзеге
асыру барысында келтірілген зиянды өтеуге тиіс, деп көрсетілген[17,
9б.]. Аталған нормамен салыстырғанда Азаматтық
Кодекстің 921 бабында көрсетілген жауапкершіліктің
субъектілік құрамы кеңейтілген, себебі онда тек заңды
тұлғаның ғана емес, сонымен қатар
азаматтардың жауапкершілігі туралы айтылып тұр. Бұрынғы
және жаңа нормалардың негізгі мазмұны
өзінің еңбек міндеттерін атқаруда көрінетін
жұмысшының зиянды әрекеттері жұмыс берушінің
(заңды тұлғаның немесе азаматтың)
әрекеттері ретінде есептеледі. Демек, аталған ереже
сақталғанда заңды тұлға немесе азамат басқа
біреудің емес өзінің әрекеттері үшін жауап
береді.
Кеңестік
заңнаманың әрекет етуі кезінде сот практикасы зиянның
орнын толтыру міндеттемесін жұмысшы зиянды мекеменің
аумағында, жұмыс уақытында келтірілгеннің негізінде
мекемеге жүктейтін. Қазір де бұл практика қолданылып
келе жатыр.
Бұрынғы
Азаматтық Кодекске қарағанда жаңа Азаматтық
Кодекс қызметкердің ресми түсінігін береді. Азаматтық
Кодекстің 921-бабының 2-тармағына сәйкес,
қызметкерлер деп жұмысты еңбек шартының
(келісім-шарттың) негізінде, сондай-ақ
азаматтық-құқықтық шарттың негізінде
орындаған, егер бұл ретте жұмыстарды қауіпсіз
жүргізу үшін жауапты тиісті заңды тұлғаның
немесе азаматтың тапсырмасымен және бақылаумен
іс-әрекет жасауға міндетті болған азаматтар танылады.
Зиян келтіруші тұлға заңда
көзделген ретте заңды тұлғаның алдында регресс
тәртібінде жауапты болады. Бірақ, егер зиян келтірушінің
әрекетінде заңды тұлғаның қызметі
көрінбесе, зиянды өтеу міндеті тікелей зиян келтірушіге
жүктеледі, заңды тұлғаға бұл міндет
жүктелмейді. Демек, жұмысшы жеке еңбек шартында
көзделген міндеттерін атқару керек. Егер ол бұл шектен асып
кететін болса, яғни, міндеттерін атқаруына байланысты емес
өзге әрекеттерді жасаса, жұмыс берушінің бұл
жағдайда жауапкершілігі туындамайды. Мысалы, егер жұмысшы
өзінің жұмыс орынына өндіріске қатысы жоқ
жарылғыш затты әкеліп оны жарып алды. Нәтижесінде
жарылғыш заттың бөлшегі басқа жұмысшының денесіне
тиіп оның денсаулығына зиян келтірілді. Бұл мысалда
жұмыс берушінің қызметі жұмысшының әрекетерінде
көрінбегендіктен, жұмысшының еңбек міндеттемелерін
атқаруына байланысты емес әрекеттерді жасаған ұшін өзі жеке жауап береді.
Көп
жағдайларда азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян
келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелердің субъектілік
құрамында, яғни несие берушінің немесе
борышкердің жағында тұлғалардың көптігі
орын алуы мүмкін.
Тұлғалардың көптігі орын алған міндеттеме
зиян егер бірнеше тұлғамен келтірілсе, және бір әрекетпен немесе әректсіздікпен.
Мысалы, химиялық өндірісте жұмысшы қауіпсіздік
шараларын сақтамауы нәтижесінде белгілі бір химиялық
буланатын улы затты оны сақтау ережелерін бұзу арқылы арнайы
қоймаға сақтамай ашық бөлмеде тастап кетті.
Бұл әрекеттсіздіктің нәтижесінде асырауында екі жас
баласы болған бір жұмысшы улы заттан уланып қайтыс болды. Осы
екі баланың мүддесін қорғау мақсатында,
кәсіпорынға асыраушының қайтыс болуына байланысты келтірілген зиянды өтеу туралы талап
арыз қойылды. Бұл жағдайда, зиян келтіруші
жұмысшының әрекеттерінде кәсіпорынның
қызметі көрінетіндіктен, зиянды өтеу міндеттемесі
кәсіпорындарға жүктелді. Қауіпсіздік шараларын
бұзған жұмысшы кәсіпорынның алдында регресс
тәртібі бойынша жауап береді.
Заңды тұлғаның өзінің
әрекетсіздігі туралы сөз бірнеше тұлғаларға зиян
келтірілген жағдайларда пайда болуы мүмкін. Кейде
тұлғалар көптігі аралас түрінде пайда болуы
мүмкін. Сондықтан міндеттеме үлестік немесе ынтымақты
болып табылатындығын анықтау үшін бірнеше несие беруші немесе
бірнеше борышқор қатысатын міндеттемелерге қатысты жалпы
ережелерді, азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру
салдарынан туындайтын міндеттемелерге қатысты нормаларды қолдана
отырып сот практикасын есепке алып отыру керек. Мысалы, егер зиянды бірнеше
кәмелетке толмағандар келтірсе зиян өтеу міндеттемесі
жүктелетін ұйымдар мен азаматтар жәбірленушінің алдында
ынтымақты емес үлестік қатынаста жауап береді деген ереже сот
практикасымен қалыптастырылған. Бұл ереже кәмелетке
толмағандардың өздері келтірілген зиян үшін жауап
бермейтін жағдайда және олардың өздері жауап беретін
жағдайда, бірақ Азаматтық кодекстің 926-бабының
2-тармағында көзделген тұлғаларға субсидиарлы
жауапкершілік жүктелгенде қолданылады.
Азаматтардың өмірі мен денсаулығына
зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелердің мазмұны болып
табылатын тараптардың құқықтары мен міндеттері
3-тарауда ашылатын болады.
Аталған міндеттеменің пәні болып зиян
келтірілген жәбірленушінің мүліктік және жеке
мүліктік емес игіліктерін қалпына келтіруге
бағытталған, зиянның толық өтелуін қамтамасыз
ететін зиян келтірушінің әрекеті табылады.
Сонымен, азаматтардың өмірі мен
денсаулығына зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер дегеніміз
жәбірленушінің абсолюттік сипаттағы жеке мүліктік емес
құқықтарын бұзу нәтижесінде туындайтын,
заң мен зиянды өтеу міндеті жүктелген зиян келтірушінің
немесе өзге де тұлғалардың бұл
құқықтарды толық қалпына келтіруді
қамтамасыз етуге бағытталған шарттық емес
міндеттемелерді айтамыз.
Зиян келтіру салдарынан пайда болатын міндеттемелер
азаматтық-құқықтық қатынастарға
сәйкес барлық белгілерге ие.
Сонымен қатар зиян келтіру салдарынан пайда болатын міндеттемелер пайда
болу негізі бойынша, азаматтық құқықтық
қатынастардың мазмұны бойынша ерекше және
төмендегідей белгілері болады:
1) абсолюттік құқықтарды
бұзу нәтижесінде пайда болады; 2) шарттан тыс сипатта болады; міндеттеме
бұзылған қалпындағы қоғамдық
қатынастарды реттеуді жүзеге асырады; міндеттеменің
мақсаты зиянды толық өтеу; 5) жай біржақты міндеттеме
болып табылады.
Жалпы қорыта келе,
міндеттеменің пайда болу негізі зиян келтіру болып табылады, соның
ішінде зиян келтіру фактісі. Соынмен қатар тек зиян келтіру бір
ғана факт емес, оның заңи құрамы болуы керек
(оның ішінде сот шешемі, әкімшілік акт немесе тараптардың
келісімі).
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
Қазақстан
Республикасының Азаматтық Кодексі (ерекше бөлім) 01 шілде 1999 ж. өзг. тол.
2.
Агарков М.М.
Избранные труды по гражданскому праву: В 2-х т. T.I /М.М.Агарков.
М.:«ЦентрЮрИнфоР», 2002. - 490с.
3.
Тактаев И.А. Условия
гражданско-правовой ответственности / И.А. Такта-ев //Вестн. Моск.ун-та: Сер.
Право. 2001. - №6. - С. 74-85.
4. Гражданское право. Том III. Учебник
для вузов (академический курс)/ Отв. Ред. М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин.- Алматы,
2004.-522 с.