Ахмет
Айдана Махамбеткызы-
ҚазҰУ-ң
заң факультетінің магистранты
Қазақстан
Республикасының және шетел
заңнамалары бойынша неке шартының мәні
Қазақстан
Республикасының жаңа конституциясын 1993 жылы қабылдаған кезде меншіктің барлық нысандарының теңдігі жарияланған
болатын және жеке құқықтық
қатынастардың объективтік құрамы өсті, соынмен
қатар жаңа шарттар пайда болды, өзге де міндеттемелік
және заттық-құқықтық институттар
пайда болды, меншіктің жаңа объектілері пайда болды.
Азаматтық-құқықтық айналым күрделенді
және белсенді дами бастады. Соған байланысты
ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастарын реттеу аясында
жаңалардың енгізілуі толық мақұлданатын
жағдай.
Неке шартын қабылдар
кезде жүргізілген анкета бойынша,
бастапқы кезде наразылықтар
да болды. Көптеген тұлғалар бұл некеге
тұрған кезде жұбайлар арасында сенімсіздік тудырады,
мүлік туралы дау болса, шартсыз шешіледі деген секілді жауаптар берді.
Бұрын неке шартын тек ғана әртүрлі шетел фильмдері
арқылы білген болсақ қазіргі кезде бұл отбасы
құқығының негізгі институттарының бірі
ретінде толық құқықтық жағынан реттелген
деп айтсақ қателеспейміз.
Неке шартының
мазмұнын жұбайлардың мүліктік
құқықтарына меншікпен байланысты
құқықтар мен міндеттер құрайды. Неке шарты
арнайы субъективтік құраммен жасалады, яғни жұбайлар
арасында.
Жұбайлардың
бірігіп тапқан мүлкіне шарттық қатынастарды бекіту
ҚР азаматтық кодексінде де
қарастырылған. Отбасы нормалары бұл қатынастарды
реттей отырып, неке шартының құқықтық
табиғатын, оның жасалу нысанын, неке шартының мазмұнын, неке шартының өзгертілуін, тоқтатылуын, жарамсыздық негіздерін
қарастырады.
Неке шартына екі жақты
мәмілелерге қатысты Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексінде қарастырылған ережелер
қолданылады. Неке шартынан туындайтын міндеттемелер бойынша міндеттеме
туралы жалпы ережелер қолданылады. Неке шарты бізде жаңа институт болып табылады.
Қазақстан
Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес шарт дегеніміз екі
немесе одан да көп тұлғаның азаматтық
құқықтар мен міндеттерді өзгерту немесе бекіту тоқтатуға
бағытталған келісімдері. Берілген анықтама неке
шартының мазмұнын да ашады. Неке шартының жасалуы некемен
байланысты. Жалпы неке мәселелері отбасы заңдарымен
түсіндіріледі. Ал, неке шартының субъектілерінің
құрамы некеге тұрған жұбайлармен анықталады.
Неке шарты некеге тұрушылар немесе ерлі-зайыптылар
арасында жасалады және ерлі-зайыптылардың неке кезінде және
неке бұзылған жағдайда мүліктік
құқықтары мен міндеттерін анықтайды.
Неке шарты тек екі
жақтың ерікті келісімі арқылы жасалады. Неке шарты жайында
алғашқы пікір таластар болған кезде, неке шартының
қажеті жоқ, ол пайдакүнемдік, ажыратуға ниет қоя отырып жасалады деген пікірлер де
болды. Бірақ қазіргі кезде бұл институттың тиімділігі,
біріншіден ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік
құқықтары мен міндеттері туралы даулы мәселені
ешқандай даусыз шешуге негіз болады және екіншіден, неке бұзылған жағдайда
ерлі-зайыптылардың уақытын бекер алмай, жұмысын
жеңілдетуге негіз болады.
Ал, үшіншіден
ерлі-зайыптылардың некені бұзған жағдайларында
өздерінің мүліктік құқықтары мен
міндеттері туралы алдын-ала хабардар болуы, төртіншіден, неке шартының ерлі-зайыптылардың
қолда бар мүлкі жөнінде де,
болашақтағы мүлкі жөнінде де жасалу мүмкіндігі
және т.б.
Болжауға
қарамастан неке шарты талап етілмейді деп айтуға болмайды,
өйткені территориялық әділет органын және
нотариалдық палатардың берген мәліметтеріне сүйенсек,
неке шартын жасаушылардың саны біртіндеп өсуде.
Неке шартының негізгі мақсаты – қоғам
өмірінде неке шартының алатын орны мен неке шартын әлеуметтік институт ретінде қарау.
Неке
(ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан
Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV
Кодексінің 39-бабына сәйкес, некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын)
адамдардың келiсiмi немесе ерлi-зайыптылардың некедегi (ерлі-зайыптылықтағы)
және (немесе) ол бұзылған жағдайдағы
мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiн
айқындайтын келiсiм неке шарты деп танылады. Яғни көріп
отырғанымыздай, неке шарты
ерлі-зайыптылардың арасындағы тек мүліктік қатынастарды
ғана реттейді.
Бірақ та неке шартының басқа азаматтық
құқықтық шарттарға қарағанда
өзгешіліктері бар. Неке шартының ерекшеліктері оның
субъективтілік құрамына байланысты; жасау уақытына байланысты
шарттың пәніне және мазмұнына байланысты болады. Неке
шарты әрекет қабілеттілігі бар, яғни 18 жасқа
толған азаматтармен жасалуы керек. Бірақ «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы»
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26
желтоқсандағы № 518-ІV Кодексінде қарастырылғандай дәлелді себептер
болған жағдайда мемлекеттік
тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі
жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін. Яғни некеге
тұру кезінен бастап кәмелетке толмаған ерлі-зайыптылар
толық көлемде азаматтық әрекет қабілеттілікке ие
болады. Ал бұл неке шартын
жасауға мүмкіндік береді деген сөз.
Неке шарты тек некелерін заңды түрде тіркеген
азаматтар арасында жасалады.
Неке
шартының күшіне енуі деп шартта көрсетілген
ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен
міндеттерінің пайда болу сәтін айтамыз.
Неке шарты жазбаша түрде жасалады және нотариат
куәландыруға тиіс
Неке шартының жазбаша
нысанын сақтамау және нотариалдық куәландырмау
шарттың жарамсыздығына әкеліп соғады және ерлі-зайыптылар арасында
ешқандай құқықтар мен міндеттерді
туғызбайды. Неке шарты мемлекеттік немесе жеке нотариалдық
конторада нотариуспен куәландырылады. Мемлекеттік баж төленгенен
кейін нотариалдық куәландыру жасалды деп танылады, яғни
оның пәні бағалануы тиіс. Егерде ерлі-зайыптылардың
шартың пәні ретінде болашақ мүлік болып табылатын
болса, онда оның бағалау бағасы міндетті түрде
мемлекеттік бажы заңда көрсетілуі керек. Нотариус неке шартының заңға сәйкес
болуын ғана тексеріп қоймай және тараптарға
мағынасы мен мәнін түсінікті, тиянақты, түзетусіз,
қосымша жазусыз болуы керек екендігін ескертуі қажет.
Сондай-ақ неке шартында тараптардың болашақта дау болмас
үшін аты-жөндері толық жазылуы керек. Бұл тараптарды
орындау ерлі-зайыптылар үшін және үшінші тұлғалар
үшін маңызды болып табылады. Неке шартына міндетті түрде
ерлі-зайыптылардың екеуі де қолдарын қоюы керек. Неке шарты
өкіл жіберу арқылы жасалмайды. Неке шартын куәландыруға
байланысты нотариалдық әрекет ерлі-зайыптылардың мемлекеттік
баж төлегенінен кейін ғана күшіне енеді. Неке шарты белгілі
бір уақытқа немесе мерзімі көрсетілмей жасалады.
Неке шартының отбасы
құқығына тиесілілігі оның субъективтік
құрамына байланысты. Неке шарты тек некеге тұрушылар мен
ерлі-зайыптылар арасында жасалады, яғни бұл
азаматтық-құқықтық қатынастардан
айырмашылығын көрсетеді. Бұл жерде жеке өзара
қатынастар басымдылыққа ие болады. Ерлі-зайыптылар
арасындағы жеке қатынастар неке шартының жарамсыздығына
негіз бола алмайды.
Неке шартын жасау кезіндегі туындайтын мәселе,
оның неке жасына жеткен тұлғалар арасында жасалуы, яғни
егерде кәмелеттік жасқа толмағандар некеге тұрған
жағдайда, олардың арасындағы неке тіркелген жағдайда неке
шарты жарамды болуы мүмкін. Ал, егерде некелері заңды түрде
тіркелмесе ол жарамсыздыққа әкеліп соқтырды.
Қазақстан
Республикасының азаматтық кодексіне сәйкес, шарт жасау
кезінде әрекетқабілетті тұлғалардың шарт жасауы
бекітілген. Егерде әрекетқабілеттілігі шектелген болса, ҚР
АК-ң 27-бабына сәйкес, әректқабілеттілігі шектелген
тұлғаларға қамқоршылық белгіленеді
және олар тек тұрмыстық ұсақ мәмілелерді
өз бетінше жасайды. Сондықтан некедегі
әрекетқабілеттілігі шектелген тұлғаның
жасаған неке шарты жарамсыздыққа әкеліп
соқтырады. Бұл азаматтық нормалар негізінде. Сондықтан
неке шартының субъективтік құрамына байланысты
мәселелерде азаматтық заңнамалардың негізгі ережелерін
басшылыққа аламыз.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Неке (ерлі-зайыптылық)
және отбасы туралы Қазақстан Республикасының 2011
жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі
2.
Нечаева A.M. Семейное право. М.
2001.
3.
Игнатенко Л., Скрыпников Н. Брачный
договор. Законный режим имущества супругов. - М., 1997.