Мугзаева Мархабат Аралбаевна

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң

заң факультетінің магистранты

 

 

Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтарының ерекшеліктері

Ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары көпжылдық тарихқа ие бола отырып, үнемі «қозғалыста» болады. Қазақстанның экономикалық дамының негізгі бағдарламалары және халықтың әл-ауқатының өзгеруі, азаматтардың қозғалмайтын мүлік пен бағалы заттардың меншік иесі болуына және қаражаттарын осы бағытта жинақтауы  әдет-ғұрыптың әр отбасында өзгеріс енгізуіне әкелді. Отбасы мәселелерін зерттеуші мамандар еліміздің экономикалық дамуының деңгейі отбасына әсер етеді.  Сондықтан меншіктің жаңа нысандары ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастарын жаңаша реттеуді талап етті, соның ішінде неке шарты, алименттік келісімдер т.б.

Ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары көптеген өзгерістерге ұшырады. Себебі қажетті деңгейден де көбірек кіріс алуға бағытталған іспен айналысу нәтижесінде құнды заттарға ие болу, олардың ортақ бірлескен меншік режимінен олардың мүдделеріне сәйкес келетіндей режиммен реттеу тиімдірек.

 Ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншік режимі олардың арасында пайда болатын қатынастарды нақты ескере бермейді. Сондықтан ерлі-зайыптылар өздерінің мүліктік мүдделерін шарттық негізде өзгертуіне мүмкіндік туғызатын ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексі бекітті.

Ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастар институты тек отбасылық емес, жүйе қалыптастырушы және алдын-ала анықтаушы қоғамдық-мәнді қатынастар болып табылады.

Сондықтан ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастар доктринасы т ұрақты түрде сараланады және оларды жетілдіруге байланысты ұсыныстарды енгізеді. Ерлі-зайыптылардың ортақ меншікке қатысты мүліктік қатынастарын зерттеу, олардың неке-отбасылық қатынастарын анықтаудың құқықтық негіздерін анықтайды және мемлекеттің қоғам мен отбасының даму  тенденциясын объективті бағалауына қажетті құрал.

Ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары жалпы отбасы құқығына арналған ғылыми еңбектерде ғана емес, ғылыми саралаудың да ерекше заты болып табылды.

Құқық тоериясында ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары отбасы құқығына тиесілі. Мсылаы Л.М.Пчелинцеваның пікірінше ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастарын реттеу олардың мәніне қарай отбасы құқығына тиесілі. Ал, А.П.Сергеевтің пікірінше, ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары азаматтық құқықпен реттелуі тиіс.

Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі –неке кезінде, неке бұзылған жағдайда және несие берушінің талап арызы негізінде берілген мүлікті өндіріп алуы.

Ортақ мүлік ерлі-зайыптылардың келісімі негізінде бөлінеді және нотариалды түрде куәландырылуға жатады. Егер де ерлі-зайыптылар арасында мүлікке қатысты дау туындайтын болса, онда мүлікті бөлу әрекетін сот тәртібі негізінде жүзеге асырылады.  Мүлікті бөлу кезінде сот ерлі-зайыптылардың талабы бойынша қай мүлік қайсысынікі екенін анықтап алады. Егер де ерлі-зайыптылардың біреуіне мүлік оның үлесінен артық берілсе, онда екіншісіне ақшалай немесе басқа түрде компенсация жасалынуы мүмкін. Кәмелетке толмаған балаларының мүлкі (аяқ-киім, киім, мектеп және спорт құрал жабдықтары, ән аспаптары, библиотека және т.б.) компенсациясыз берілуі керек  және бөлінбейді, яғни бала кіммен тұрса, мүлік сол жаққа өтеді. Ата-аналары кәмелетке толмағандардың атына салым салған болса, онда ол салым бөлінбейді. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі бірге бірлесіп тапқан табыстары саналады. Неке бұзылғаннан кейін мүлікке талап ету мерзімі 3 жыл. Ортақ мүлікті бөлу ерлі- зайыптылар арасында тең болуы тиіс, егер шартта өзгеше көзделмесе. Бірақ сот теңдік қағидасын ескермеуі де мүмкін, яғни кәмелетке толмаған балалар ата-анасының қайсысы мен тұратын болса немесе ерлі-зайыптылардың біреуі себепсіз кіріс көзін таппаса т.с.

Ерлі-зайыптылардың  мүліктік қатынастары неке жасау фактісімен анықталады және ол бір мезгілде азаматтық және отбасылық құқықтың заңды айғағы болып табылады, себебі неке, отбасылық және жеке мүліктік емес және мүліктік қатынастарды  ерлі-зайыптылардың және отбасы мүшелерінің арасында пайда болады. Мүліктік қатынастар ортақ бірлескен мүлікке қатысты туындайды және ол азаматтық-құқықтық болып табылады және ері мен әйелінің теңдігіне негізделген азаматтық-құқықтық қағидасына негізделеді. Бұл қатынастар заң шеңберінде автономды ерікке және мүліктік дербестікке негізделеді. Сонымен қатар ерлі-зайыптыларға ортақ меншікті иелену, пайдалану және билік ету тиесілі, ал ол Қазақстан Республикасының азаматтық кодексімен реттеледі.

Ерлі-зайыптылардың ортақ меншікке қатысты мүліктік қатынастары субсидиарлық болып табылады, олардың пайда болуы үшін бірнеше заңды айғақтардың жиынтығы қажет:

-  Некеге тұрғысы келетін тұлғалардың немесе ерлі-зайыптылардың арасында мүліктік емес қатынастарды орнату;

-  Некені мемлекеттік тіркеу. Бұл ерлі-зайыптылық міндеттерді жүзеге асыру және орындау талаптарын, бірге тұруды, ортақ шаруашылықты жүргізуді, балаларды тәрбиелеу және асырау, туыстарға материалдық көмек көрсетуді реттейтін шарт ретінде қарастырылады. Яғни шарт ретінде жаңа құқықтарға ие болу, міндеттерді жүктеу, ері мен әйеліне жаңа құқықтық мәртебе беру;

-  Ерлі-зайыптылардың әрқайсысының меншік иесі ретінде уәкілеттіліктерді үнсіз келісім негізінде жүзеге асыруы;

-  Ортақ меншікке азаматтық құқықтар көлемі біреуінің әрекетіне байланысты жүзеге асырылады;

-   Ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары некеде тұру кезеңіне байланысты анықталады.

Ал, некеге тұрмаған ер мен әйелдің ортақ мүлкіне қатысты азаматтық кодекстің ортақ үлнестік меншікке қатысты ережелері қолданылады.

Неке кезінде ерлі-зайыптылар бірнеше рет мүліктік қатынастарын ортақ мүлікке қатысты  өзгерте алады және оған неке шартын жасау немесе жасалған неке шартын өзгерту негізінде. Ал, егерде неке шартын өзгертуге олардың арасындағы дау туған жағдайда тек сот тәртібімен өзгертуге болады.

Азаматтық құқықтың негізгі қағидаларының бірі болып табылатын «шарт еркіндігі» қағидасы бар неке шартының күшін жоймай ақ жаңа шарт жасай алады. Бұл жағдайда бұрын жасалған неке шарты басқа мүлікке қатысты күшін сақтайды.

Сонымен қатар бірнеше неке шартын жасауға тиым салынбайды. Ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастарын реттеуде көптеген мәселелер ғалымдар арасында пікірталас тудырды. Соның ішінде ортақ меншік құрамына ерлі-зайыптылардың қарыздарына қатысты мәселе. Көптеген авторлар ортақ мүлік құрамына талап ету құқығын да, мысалы дивидент алу, сақтандыру төлемін алу құқықтарын жатқызады. Сонымен қатар міндеттемені орындауға қатысты.

Ал, кейбір авторлар міндеттердің бірлескен құқыққа кірмейтінін, тек мүліктік құқықтар ғана мүліктік қатынастарға жатқызылады деп санайды. 

Қорыта келе, ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары көпжылдық тарихқа ие бола отырып, үнемі «қозғалыста» болатындықтан, Қазақстанның экономикалық дамының негізгі бағдарламалары және халықтың әл-ауқатының өзгеруі, азаматтардың қозғалмайтын мүлік пен бағалы заттардың меншік иесі болуына және қаражаттарын осы бағытта жинақтауы  әдет-ғұрыптың әр отбасында өзгеріс енгізуіне әкелді және ол жаңа клдексте құқықтық реттелегенімен, талдауды және ғылыми саралауды қажет етеді.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексі.

 

2.  Синельникова Т.Ю. О совершенствовании правового регулирования имущественных отношений супругов // Концепция развития гражданского законодательства Российской Федерации: актуальные проблемы совершенствования правовых норм /Сборник научных статей / под ред. проф. Г.И. Письменского и проф. Н.А. Волковой. М. Изд-во СГУ. 2010. С. 333.