Молдашев
Алтынбек
Заң
факультетінің магистранты
Міндеттемелерді орындауда
қамтамасыз ету тәсілдерінің азаматтық
құқықтағы ролі
Қазіргі таңда азаматтық
құқықта міндеттемелерді қамтамасыз ету
тәсілдерінің түсінігі туралы мәселе толық
құрастырылған, ал қамтамасыз ету тәсілдері туралы
теорияны аяқталған деп санауға болмайды.
Мысалы, бірінші рет қарағанда
қамтамасыз ету тәсілі туралы түсініктің кеңейту үшін, ҚР
Азаматтық кодексінің нормаларының «шегінде шектелмей» кең
қаралу керектігі туралы әртүрлі пікірлердің жиі
болатындығы кездейсоқ емес.
Әдетте кез-келген пәнді «кең мағынада»,
белгілі дәрежеде оны
қатаң мағынада
қалай қабылдау керек екендігін талқылау себептері, осы
пән тұжырымды анық емес,
оның маңызды және ерекше белгілерінің
жиынтығы жалпы танылмағанда пайда болады.
Мысалы, А.В. Беловтың
пікірі бойынша, қамтамасыз ету тәсілдері бұл «несие
берушінің міндеттемелік
құқықтарын (талаптарын) қамтамасыз ету мақсатымен орнатылған
қосымша құқықтық қатынастар»,
оның қызметі борышқорды
орындауға ынталандыру немесе
бұзушылық жағдайында борышқорға қосымша мүліктік кепілдіктерді
орнатудан тұрады.
Шынында да белгілі дәрежеде ҚР АК-де аталған әрбір
заңи құралдарға
ынталандыратын (айып төлеу, кепілпұл) немесе кепілдік беруші
(кепілдік, банк кепілдігі, үшінші тұлғаның мүлкін
кепілге салу), ал кейде екеуі де жазылуы мүмкін.
Осы уақытта
ынталандыратын да, не кепілдік беруші қызмет те оларға ортақ болып табылатын белгілерге жатпайды. Мысалы, егер
борышқор негізгі қарызды
қайтаруға қабілетті болмаса, онда айып төлеуді төлеу бойынша міндеттеме онымен
орындалмайтыны тіпті анық: айып төлеу борышқорға ешқандай қосымша кепілдіктерді бермейді. Үшінші
тұлғаға – кепіл беруші, кепілгер, гарантқа құқық
бұзушының мүлікті салдарын жатқызу туралы ереже оны ынталандырмайды, шешуші ынталандырма
ретінде борышқормен орындауға
қарастырылмайтыны анық.
А.В. Белов өз еңбектерінде, егер міндет айып төлеу мен кепілгерлік құрылымдарын
бір түсінікке біріктіру
үшін қойылатын болса, онда
осы анықтамадан оларды
ынталандыратын немесе кепілдік беретін қасиеттер туралы ескертулерді жою
керек деген. Осы жағдайда біз
толық мазмұндылықсызға ұмтылатын
нәтиже аламыз: қамтамасыз ету
тәсілдері – мәні «толық қамтамасыз етудің» қосымша тәсілдері.
Бірқатар авторлар
міндеттемені «қамтамасыз ету» - бұл оны орындауға ынталандыру
немесе сәйкес
борышқордың мүліктік мүддесіне кепілдік ету деп
есептейді.
Осы
қатардағы қамтамасыз
ету тәсілдеріне «борышқор тәуекелін төмендету үшін институт» ретінде, «борышқор алдында қарыз
алушының кепілді міндеттемелерінің нысандары мен түрлері»
ретінде, «міндеттемені бекітуге бағытталған тәсілдер мен
құралдары» ретінде және басқа аналогиялық сәтсіз анықтамаларды жатқызуға болады.
Қамтамасыз ету тәсілі туралы
түсініктің қажетті анықтығы жарияланатын жерде
мәлімденуі мүмкін емес, мысалы, А.В.Латынцев қамтамасыз
етілген міндеттемені бұзу мүмкіндігімен байланысты борышқорды
мүліктік шығындардан қорғауы, борышқорды орындауға ынталандыруға
теңдігін атап өтті.
Борышқордың мүліктік мүдделерін
қорғау істерінің ортақтығына қатысты,
бұл бөлімде А.В.Латынцев пікірін даусыз деп есептеуге болады:
Азаматтық кодекстің сәйкес бөлімінде аталып
өткеннің әрбірі осы
пікірді ұстанады. Алайда, бұл қасиет соншалықты
үлкен, жеңіл таралуы
мүмкін.
Бұл бөлімде
А.В.Латынцев тұжырымы тек ынталандыру сәтін кеңейтуде,
түзілмейтін борышқорға кез келген ынғайсыздықпен
қауіп төндіретін кез келген құралдарында көргенде
ғана дұрыс болады. Автор осылай пайымдайды: А.В. Латынцев өз еңбегінде
әрбір ынталандырманың мәні
- негізгі, бірақ міндетті емес материалдық
сипаттағы борышқорға
«пайдасыз» салдарынан жалпы болып табылады.
Нәтижесінде А.В.
Латынцев «борышқордың мүдделерін қорғау»
ортақ терминіне қамтамасыз етудің әртүрлі
түрлерінің қорғау және ынталандырушы
қасиеттерін біріктіріп,
қамтамасыз етуді «мәні қамтамасыз етілген жақты
қосымша құқықтарын беру болып табылатын арнайы
құқықтық тетікпен борышқор мүддесін
қорғауға бағытталған» формула арқылы
қамтамасыз етуді анықтады.
Мағынасы бойынша кең қасиеттер белгілі дәрежеде түсініктің көлеміне
әсерін тигізіп, оны максимумға жеткіздірген. Қамтамасыз ету
тобына сатушының меншік құқығын уақытша
сақтау да, сапасыз орындаудан бас тарту
құқығы,
шығындарды өтеуді талап ету құқығы, үшінші тұлғада затты
секвестрарлы сақтау, жай баламалы міндеттеме (яғни,
«бөлінетін мүліктік инкассо») және орындаудың кемшіліктерін жою туралы, қажетті орындау
туралы талаптар және шарттан бас
тарту, оның жекелеген жағдайларын өзгерту, оны
біржақты бұзу
құқығы жатады. Өз мәні бойынша
әртүрлі құбылыстардан – жауапкершілік
құқық қатынасы, баламалы міндеттемелер, шарттың жекелеген
тармақтары және т.б. тұрып,
қамтамасыз ету туралы түсінік өзінің танымдық құндылықтарын
жойды: «сипаттау толық болғанда, ол түссіз және ештене
айтпайтын болатындығы» анық.
Б.М.Гонгало
ұсынылған қамтамасыз
ету тәсілдерінің анықтамасы
сәтті болуы мүмкін еді. Ол
шыңында да жалпы қасиеттерді – олардың мүліктік
сипатын, міндетті-құқықтық нысанын,
акцессорлықты және негізгі міндеттемені бұзу фактісін
жүзеге асыруды дәлме-дәл атап өтті.
Алайда, Б.М. Гонгало оны
қызықтырған құралдарды қамтамасыз етуші
әрекеті неден тұратынын түсіндіру үшін дәстүрге қосылып,
міндеттемені қамтамасыз ету тәсілдері ретінде акцессорлық міндеттеме ретінде болатын
және борышқорды ынталандыратын немесе борышқордың жарамсыздығы
жағдайында,
борышқордың
мүліктік мүддесінің қорғалуын кепілдік
ететін мүліктік шараларды түсіндіру керек. Белгілі себептер бойынша
соңғы екі қағида қамтамасыз ету тәсілін
анықтау үшін жарамсыз. Егер Б.М.Гонгало осы
қағидаларға ұсынған ұсыныстарды анықтаудан алып тастасақ, ол тек сипаттаушы болушы еді: сәйкес шаралар
көрінісінің сыртқы
нысанына ғана көрсететін
қасиеттер ғана аталып
өтеді, бірақ,
қамтамасыз етудің ішкі мәні түсіндірілмей, бұл қамтамасыз ету неден
тұратыны айқындалмады.
Авторлары қарастыратын
құралдардың сипаттамасында тек кепілдік етуші, мүліктік
сәтіне ғана бағытталған анықтамалар қолдау
таппады. Олардың интерпретацияларында қамтамасыз ету тәсілі
бұл «борышқорға
талаптарды қанағаттандыру немесе орындамау, немесе тиісті
емес орындау нәтижесінде пайда болған шығындарды өтеу кепілін беретін және міндеттемелерді орындауға
бағытталған мүліктік сипаттағы шаралар».
Аталып өткенді
жинақтағанда,
қамтамасыз ету туралы мәселенің жалпы жағдайы
тұрақсыз деген
қорытынды пайда болады. Азаматтық
құқықта қамтамасыз ету тәсілдері туралы
ғылыми түсінік
анықталатын құбылыстар үшін жалпы болып
табылатын қасиеттерге негізделуі қажет.
Егер құқықтық
қатынастар туралы түсінікті анықтауды алатын болсақ
(белгілі мүддені қанағаттандыру бойынша заңи
құралдар туралы), онда олардың басты қасиеттерін каузада, оларды жүзеге асырудың шаруашылық-заңи
мақсаттарында іздеу қажет.
Аталған қасиеттерде осы қатынастардың тікелей
экономикалық-құқықтық мағынасы,
олардың бағытталуы, тұрақты қызметі мен
оның көрінісінің тәсілдері ашылатындықтан, осы қатынастар үшін бұл
қасиеттер ең маңызды,
тұрақты және қажет болып табылады.
Шарт (міндеттеменің) каузасы - осы қызметтің түрі
үшін оның қатысушылары типтік өзара материалдық-заңи нәтиже осы шарт
(міндеттеменің) әрекеттерін орындауда оның тікелей мақсаты болып табылады. Кауза,
абстрактілік және каузалдық шарттар туралы айтқанда,
ізденістегі формула пәндердің маңызды қасиеттерін, оның ғылым
және тәжірибелік мағынасын білдіреді.
Жоғарыда аталып кеткеннің негізінде
азаматтық құқықта міндеттемені орындауды қамтамасыз ету тәсілі
түсінігін зерттеу теориялық
және тәжірибелік өзектілігін сақтайды деген
қорытындыға келуге болады.
Зерттеудің мақсаты
қолданыстағы нормативтік материалдар негізінде міндеттемені
орындауды қамтамасыз ету тәсілін анықтау, ерекше және жалпы
қағидаларының заңи құралдарына сәйкес
келетін сенімді, анықтаушы,
ақпараттық және ажыратушы қызметін орындаудан
тұрады.
Заңнамалық өзгерістерге
байланысты міндеттемені орындауды қамтамасыз ету тәсілі туралы
түсінікті құрастырудың ерекше маңызы пайда
болады: жүзеге асырылып жатқан
азаматтық құқық реформасы отандық
цивилистика алдында доктриналды ұғынуды, зерттеуді және
қазіргіуақытта тек жобалардың шегіндегі
құқықтық нормаларды бағалау міндеттерін
қояды.
Сондықтан міндеттемені орындауды
қамтамасыз ету тәсілі -
қамтамасыз ететін міндеттемемен қатар құқықтық
қатынастардың реттеуші немесе қорғаушы нысанында
болатын және басқа (қамтамасыз етілген) міндеттемені
бұзуымен байланысты несие берушідың талаптарын
қанағаттандыру үшін
борышқорға өтеусіз мүліктік игілігін беруге бағытталған міндеттемелік
қатынас болып табылады.
Сонымен қатар қорыта келе
міндеттемелерді орындауды
қамтамасыз ету тәсілі
мүліктік,
құндылық мазмұнымен (өзінің
пәні ретінде белгілі мүліктік игілікке ие) сипатталады.
Борышқорға кез келген мүліктік емес міндеттерін немесе шектеулерді
қоюды қарастыратын тәсілдердің ешқайсысы міндеттемелерді орындауды қамтамасыз
ету тәсілі болып табылмайды.
Кез келген міндеттемеде несие берушілік мүддені
қанағаттандырудың жоғарғы кепілін жасайтын,
бірақ оны жүзеге асыру тәртібінде жекелеген ерекшеліктермен
байланыссыз және осы міндеттеменің
шегіне шықпайтын
тәсілдер қамтамасыз етілмейді: мысалы, несие берушінің біржақты
шешімімен тауарларды алдын-ала төлеуге немесе есептердің аккредитивтік нысанын орындамайтын қарыз
адамдарға аудару; қарсы біртектес талаптарды қою; толық төлем сәтіне
дейін сатушыға сатылған
тауарға меншік құқығын сақтау туралы; төлем бойынша міндеттерді орындаумен
контрагентке мүліктің
кездейсоқ өлім тәуекелін
беру; қарсы орындау туралы
ереже; бұзылған шарт немесе
оны бұзудан бас тарту құқығы және т.б.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі.
Жалпы бөлім
2. Белов В.А.
Гражданское право: Особенная часть: Учебник. М., 2004.
3. Гонгало Б.М.
Учение об обеспечении обязательств. М., 2002.