Темралиева Тансулу Сафиоллакызы
Заң
факультетінің 2-курс магистранты
Азаматтық-
құқықтық шарт азаматтық
құқықтық қатынастарды реттеу
құралы ретінде
Шарт қазіргі азаматтық айналымда негізгі
маңызды рөлге ие. Шарт арқылы материалдық және
материалдық емес игіліктерді жұмыс, қызмет көрсету,
заттарды, ақшаны беру түрінде бір жерден екінші жерге ауыстыру
және бөлу жүзеге асырылады.
Шарттарды кең көлемде қолдану
бірнеше мыңдаған жылдар бойы шарттың тиімді
құқықтық нысан екенін және оның
мәні әртүрлі қоғамдық қатынастарды
реттеуі мүмкін. Жеке тұлғалар мен заңды
тұлғалардың материалдық игіліктерді айырбастау
аясындағы шарттарды қолдану, шарттың
құқықтық реттеу құралы ретінде
қолданылады.
Шарт азаматтық айналым қатысушыларының
белсенділігін арттырудың қажетті нысаны және жаңадан
пайда болған және тұрақты қоғамдық
қатынастарды құқықтық реттеуді
қамтамасыз етеді.
Қоғамның әлекметтік-экономикалық
мазмұнының өзгеруіне қарамастан шарт конструкциясы
тұрақты қалпында қалуда. Шарттың негізгі мәні заң аясы
шеңберінде
қоғамдық қатынасқа
қатысушылардың мінез-құлқын реттеудің
әдісі.
Қазақстан
Республикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде
Азаматтық құқықтық қатынастарды,
әр түрлі күрделі шаруашылық байланыстарды реттеу тәсілі ретінде азаматтық
құқықтық
шарттардың ролі жоғарлай түсті.
Нарықтық
экономикаға көшу жағдайында әртүрлі жаңа
қатынастар туындауда, оларды
шарттың бір түрімен қамту мүмкін емес шарттардың
екі немесе бірнеше түрлерінің нормаларымен ғана оларды
реттеуге болады.
Азаматтық
құқықтың жалпы бастауына негізделген ол
жаратылысынан диспозитивті және бар қатынастарды да болашақта
болу мүмкін қатынастарды да реттеуді көздейді.
Шарттардың
жаңа түрлерінің құқықтық
реттелуі және оның нарықтық экономиканың
қарқынды даму сатысында теориялық және
тәжірбиелік маңыздылығы шеңберінде танып білу, зерттеу,
бүгінгі
ғалымдарымыздың көзқарасынан тыс
қалмаған өзекті мәселелердің бірі.
Азаматтық кодекстің 378- бабына сәйкес,
екі немесе одан көп
адамның азаматтық құқықтар мендеттемелерді
белгілеу, өзгерту немесе тоқтату келісімі – шарт деп танылады. Бұл жерде менің ойымша
«адамның» дегеннің орнына «тұлғалардың» деген
терминімен ауыстырған дұрыс деп санаймын. Себебі орыс тіліндегі
кодексте «лиц» деп қарастырылған.
Жалпы 378 –бапта көрсетілген анықтама шарт-мәмілені
меңзейді. Сондықтан да, осы баптың 2-тармағы
мәміле нормаларына мынадай сілтеме
жасайды: «шартқа екі жақты және көп
жақты мәмілелер туралы ережелер қолданылады». Сонымен
бірге, «мәміле» ұғымы
«шартқа» қарағанда кең, өйткені, мәміле бір
жақты болуы мүмкін.
«Шарт»
термині азаматтық
заңнамада
әртүрлі мағынада қолданылды: өзінен
міндеттеме туындайтын зандық
факты ретінде; сол шарттық міндеттеменің өзі ретінде;
шарттық міндеттемені ресімдеген
құжат ретінде.
Шарт -
құқықтық қатынастың туындауына, өзгеруіне немесе
тоқ-тауына негіз болатын зандық
факт. Сондықтан да, шарт азаматтық
қүқықтар мен міндеттемелерді туындататын негіздердің
бірі болып саналады.
Шарттардың бірнеше жылдар бойы қолданылып
келуі, басқасымен қоса айтқанда, түрлі сипаттағы
қоғамдық қатынастардың икемді
құқықтық нысанға айнала білуі жөнінде
сөз болатындығымен түсіндіруге болады. Шарттың басты
міндеті заң шеңберінде мүмкіншілік шектері мен лайықты
мінез-құлқы, сондай-ақ, тиісті талаптардың
бұзушылық салдарына сілтеу арқылы адамдардың
мінез-құлқын реттеуге бағытталады.
Кезінде заң мен шарттың
өзіндік маңыздылығы жөнінде үш пікір
айтылған. «Ерікті» теорияны жақтаушылар шартты өзара
уағдаласушылардың ерікті актісі ретінде – түпкі негізі деп санаған,
ал заң оның еріктігін толықтырып не шектеп отырады деп
пайымдаған. Заң басымдығының теориясын
жақтаушылар шарт заңнан құқықтық
тиімділігінен туындайтынын негізге алған. Ал үшінші «эмпирикалық» теорияның жақтаушылары
тараптардың еріктері сезімді түрде белгілі бір нәтижеге
ғана бағытталған және мұнда шарттарының
салдары оны жүзеге асыруға тараптардың ондай
құралдар туралы түсінігі жоқ деп ой жібереді, кей кезде
шын мәнінде ол түсініктің мүлде жоқ екені
байқалады.
Шарттың
реттеуші ролі оны заң және нормативтік актілермен
жақындастыра түседі. Шарттың
құқықтық нормадан алдымен екі
ұстанымдық ерекшеліктерімен ерекшеленеді.
Біріншісі
мінез-құлық ережесін сақтауға байланысты: шарт –
тараптардың еріктерін, ал құқықтық акті оны
шығарған органның еркін білдіреді. Екіншісі кез-келген
мінез-құлық ережесінің іс-әрекет шегін ажыратып
отырады: шарт тарап болып саналмайтын оның тараптарының
мінез-құлықтарын реттеуге есептелген және ол міндеттерді
құра алмайды, тек құқықтарды
құрайды, сонымен қатар,
құқықтық және басқа нормативтік
актінің негізінде баршаға және әрқайсысына жалпы
бірдей ережелер туындайды.
Аталған екі ерекшелік те тек
азаматтық-құқықтық шартты
айрықшаландырады. Көрсетілген ерекшеліктері жоқ шартта оны
нормативтік актіден ерекшелендіріп тұратын шекара жоқ болып кетеді.
Алайда нәтижесінде барлық жағдайда тараптардың ерігі
бұқаралық шарттардың басты маңызы болып саналады.
Азаматтық
құқықтағы шарт ұғымы бір-бірінен
үзілмес өзара байланысқан екі элементтер тобынан
тұрады. Оның біреуі шарттың заңдық құрылғысын,
екіншісі – оның мәндік сапасын сипаттайды. Бұл элементтер тек
қосылған жағдайда ғана
азаматтық-құқықтық шарт белгілі бір
әлеуметтік құбылыс ретінде қоғамдығы
өзінің мәртебесіне ие болады. Мұндай ұғымның ғылымдық
маңызы өте зор. Сонымен қатар, ол нарықтық
экономика жағдайында шарттың қолдану аясы мен басты
қызметтерін белгілей келе, тәжірибелік міндеттерді де шешіп отыр.
Шарттың заңдық
құралғысы – шартқа қатысушылар арасындағы
байланыстың қызмет етуін қамсыздандыратын
құқықтық сипаттағы заңмен қарастырылған
өзара байланысты компоненттер жүйесі. Бұл компоненттерге
тараптардың келісімі мен оған қол жеткізу тәртібі, шарт
мазмұнының құрылымы, шарттың орындалу
тәсілі, шарттық міндеттемелерді орындамағаны және
дұрыс орындамағаны үшін тараптардың жауапкершілік
шарттары мен көлемі жатады. Шарт қатысушылардың
азаматтық айналымындағы белсендіктің мінсіз нысаны болып
қызмет жасайды. Қоғам тарихындағы оның
әлеуметтік-экономикалық өзгеруіне қарамастан шарт
құрылғысы заң техникасының туындысы ретінде
өз негізінде өте тұрақты болып қалып
отырғанын атап өтудің маңызы зор.
Уақыт келе шарттар
арқылы қоғамдық қатынастар жүйесінің
дамуымен бірге жеке тұлғалармен
қатар азаматтық құқықтың жеке
субъектілері деп танылған – заңды тұлғалар
әлеуетті қатысушылардың құрамы кеңейе
түсті.
Шарттар
құқық пен міндеттеменің пайда болу негізі ретінде
әр елдің қолданыстағы кодекстерінде бірдей
мәртебеде емес. Біреулерінде келісімді реттейтін нормалар бір
жағынан, оның пайда болу негізі – шарт мәміле екінші
жағынан шартқа тікелей арналған тарауларға енгізілген.
Басқаларында шарт туралы қағидаға арналған
тарауда шарт мәміленің үлесіне тараптардың
қажетті келісімін қалыптастыру тәртібін белгілейтін ережелері
ғана тиетіні жөніндегі мәміле туралы Азаматтық
кодекстің жалпы нормаларының күші шартқа жүреді.
Азаматтық-құқықтық
шарт мәміленің аса көп тараған түрі ретінде
азаматтық құқық пен міндеттемелердің
белгіленуіне, өзгеруіне немесе тоқтатылуына бағытталған
екі және одан да көп тараптардың келісімі болып саналады.
Сонымен қатар, жасалған шарт бойынша заңмен
қарастырылған құқық пен міндеттемелерге
тәуелді болады. Бұл жерде, Азаматтық кодекстің жалпы
ережесіне, тиісті шартқа арналған міндетті құқықтың
жалпы бөліміне енгізілген нормаларды қарастыратын құқық пен
міндеттемелердің аталғанын айту керек.
Шарттың мәміле
және міндеттеме сияқты құқықтық
санаттарға қатысты ара қатынасын анықтап алудың
маңызы зор. Шарт ұғымы кең ауқымды азаматтық-құқықтық
мәмілесі ұғымынан ерекше: шарт – кез келген емес, тек ниет
білдірген екі немесе бірнеше тараптардың еркі сәйкес келген
жағдайда жасалатын мәміле.
ҚР-ң
АК-ның 393-бабы елеулі ережелердің тізбесін бермейді, тек жалпы
тәртіпте олардың нышандарын атап өтеді.
Ережелердің елеулі
болып табылатын үш тобын бөліп алуға болады, олар:
- шарт нысаны туралы
ережелер. Шарт нысаны анықталмайынша
бірде бір шарт жасалған болып саналмайды;
-
заңнамада елеулі деп танылған ережелер. Мысалы, брокер-диллер
мен оның клиенті арасында жасалған брокерлік шартта мыналар
болуға
тиіс.
Елеуліден басқа
шарттың дағдылы және кездейсоқ ережелерін біліп
алуға болады. Олардың ерекшелігі сонда, бүл ережелердің
болған-болмағандығы шарттың заңдық
күшіне әсер етпейді.
Шарттың
мәнді жағдайларын шартқа енгізу қажет. Себебі олар
болмаса жасалмаған деп есептелінеді. Жалпы біз шарттың елеулі
және елеулі емес деп бөлуіміз қажет. Елеулі ережелер болып
табылмайтын ережелерді шартқа енгізу немесе енгізбеу оның жасалу
фактісіне әсер етпейді. Ал егерде енгізбесе, олар тараптардың
қатынастарын реттеуге қолданылады, себебі олар диспозитивтік
нормалармен реттеледі.
Қолданылған әдебиеттер:
1.
Қазақстан
Республикасының азаматтық кодексі (Жалпы бөлім), Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 27
желтоқсандағы қаулысымен қолданысқа енгізілді (ҚР 07.03.2014 N
177-V өзгерістерімен және
толықтырулармен).
2.
Гражданское
право. Том 1. Общая часть. Учебник для вузов (академический курс) / Отв. Ред.
М.К.Сулейменов.-алматы, 2013.-776 с.
3.
Корецкий АД
Договор в механизме правого регулирования. Дис. .канд. юр.наук. Ростов-на-дону, 1999. 207 с.