Жасұзақ Марал Есенжанқызы

1-курс магистранты

 

Кепіл міндеттеменің орындауын қамтамасыз ету тәсілі ретінде: теория және тәжірибе мәселелері

Қîғàìûìûçäà òàóàð – àқøà  қàòûíàñòàðûíûң äàìóûíà áàéëàíûñòû  àçàìàòòûқ құқûқòûқ  íîðìàëàðäûң дамуы, өзгеруi заңи құбылыс болып саналады. Àçàìàòòûқ құқûқòûқ íîðìàëàðäûң æèûíòûғû áið æүéåãå êåëòiðiëiï àçàìàòòûқ êîäåêñ äåï øûғàðûëûï àòàëûíàäû. Àçàìàòòûқ құқûқòà  ñóáúåêòiëåðäiң  құқûқòàðû ìåí  ìiíäåòòåði àòòû қàòûíàñòàð  ïàéäà áîëäû. Міндеттемені орындауды қамтамасыз ету тәсілі -   қамтамасыз ететін міндеттемемен қатар  құқықтық қатынастардың реттеуші немесе қорғаушы нысанында болатын және басқа (қамтамасыз етілген) міндеттемені бұзуымен байланысты несие берушідың талаптарын қанағаттандыру үшін  борышқорға өтеусіз мүліктік игілігін  беруге бағытталған міндеттемелік қатынас болып табылады. Кепіл осы міндеттемені қамтамасыз ету тәсілі ретінде қарастырылады.

           Міндеттемені орындау тәсілі заңмен немесе әр жақтың жасаған шарттарымен айқындалады несесе сол міндеттеменің мәнінен туындайды. Міндеттемені орындау бір жолғы немесе несиеге алған мүліктің құнын жабуы, пошта, көлік құралдарына төлеу тәрізді мерзімді түрде әрекет ету болып табылады. Кейбір міндеттемелер бүтіндей немесе бөліктей орындалуы мүмкін. Сонымен бірге егер міндеттеме шартында, заңдар өзгеше белгіленбесе, несие беруші міндеттемені бөлшектеп орындауды қабылдамауға құқылы.

Азаматтық құқықта міндеттемелерді  орындауды қамтамасыз ету тәсілі  мүліктік,  құндылық мазмұнымен сипатталады. Борышқорға кез келген мүліктік емес міндеттерін немесе шектеулерді қоюды қарастыратын тәсілдердің ешқайсысы  міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету тәсілі болып табылмайды.

Жалпы міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету тәсілі  өтеусіз болады.

Міндеттемені орындауды  қамтамасыз етудің тікелей мақсаты  борышқор несие берушіге қатысты белгілі мүліктік  игіліктен айырылады, ал несие беруші негізгі міндеттемені бұзуымен байланысты  талаптарын қарастыруға келеді.

Міндеттемені орындауды қамтамасыз ету -  осы міндеттемемен қатар реттеу немесе қорғау құқықтық  қатынастар нысанында болатын және басқа міндеттемені бұзуымен байланысты несие берушіге оның талаптарын қанағаттандыру үшін мүліктік игілікті тегін көрсету міндетін алуды білдіреді.

Кез келген міндеттемеде несие берушілік мүддені қанағаттандырудың жоғарғы кепілін жасайтын, бірақ оны жүзеге асыру тәртібінде жекелеген ерекшеліктермен байланыссыз және осы міндеттеменің  шегіне шықпайтын  тәсілдер қамтамасыз етілмейді: мысалы,  несие берушінің біржақты шешімімен тауарларды алдын-ала төлеуге немесе  есептердің аккредитивтік нысанын орындамайтын қарыз адамдарға аудару; қарсы біртектес талаптарды қою;  толық төлем сәтіне дейін  сатушыға сатылған тауарға меншік құқығын сақтау туралы;  төлем бойынша міндеттерді орындаумен контрагентке  мүліктің кездейсоқ өлім тәуекелін  беру;  қарсы орындау туралы ереже;  бұзылған шарт немесе оны бұзудан бас тарту құқығы.

Қамтамасыз ету әдістерін өздерінің сипаттарына қарай төрт топқа бөлуге болады.

Қамтамасыз ету сипатының бірі міндеттемені орындамағанда немесе тиісінше орындамағанда борышқордың белгілі бір ақша сомасын төлеу арқылы қосымша мүліктік залал шегуінен (айып төлеу, кепілпүл) көрінеді.

Екінші топтың әдістері несие беруші арқылы мүлікті өндіріп алумен жүзеге асады (кепіл).

Үшінші топтағы қамтамасыз ету әдісі несие берушіге тек борышқордың ғана емес, үшінші жақтың да мүлкін өндіртіп алуды қамтиды.

Төртінші топқа біздің заңымызға бұрын - сонда тән болмаған әдіс  борышқордың мүлкін ұстап қалу болып табылады. Бұл әдістің ерекшелігі сол заң несие берушіге борышқор өз міндетін орындамайынша, борышқордың затын өзін-өзі қорғау мақсатында ұстап қалу құқығын береді.

Міндеттемені орындауды қамтамасыз ету әдістері негізгі міндеттемеге қосымша міндеттеме түрінде көрінеді.

Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемеге сәйкес несие беруші (кепіл ұстаушы) кепілдің күшіне сүйене отырып, борышқор кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындама­ған ретте кепілге салынған мүлік құнынан заң актілерінде белгіленген алымды шығарып алып, осы мүлік тиесілі адамның (кепіл берушінің) басқа несие берушілер алдында артықшылықпен қанағаттандырылу құқығына ие болады.

Мүлік кепілмен міндеттемені орындауды қамтамасыз ету несие беруші үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасайды, өйткені, борышқор міндеттемені орындамаған күнде несие беруші қолындағы кепілге алынған мүлік арқылы талабын қанағаттандыра алады.

Біріншіден, кепіл сальнған мүлік несие беруші кепілді ұстаушы оның біржолата өзіне алғанға дейін ойдағыдай сақталады, екіншіден, кепілге салынған мүлік үшін несие беруші кепіл ұстаушы өз талаптарын қанағаттандыруда артықшылық құқығына ие болады, үшіншіден, кепілге салынған мүлік борышқордың өзімен емес, үшінші жақ арқылы салынуы несие беруші үшін тала­бын қанағаттандыруда қосымша көз болып есептеледі, ал бас­ка несие берушілер мұндай құқықты пайдалана алмайды.

Кепіл қүқығы заң немесе шарт арқылы туындайтын міндеттемеге негізделеді.

Кепіл бойынша қатынастарда әр жақ кепіл беруші және кепіл ұстаушы деп аталады. Кепіл берушінің кепіл мүлкіне меншік құқығы немесе оның шаруашылық жүргізу құқығы болады. Мұндай құқықтар оған мүлікке иелік етуге мүмкіншілік береді. Негізгі міндеттеме бойынша кепіл беруші дегеніміз, борышқордың өзі, сондай-ақ оған үшінші жақтың да құқығы бар.

Кепіл ұстаушы дегеніміз негізгі міндеттеме бойынша несие беруші, яғни кепілге құқығы бар тұлға. Кепіл ұстаушы өзінің құқығын кепіл жөніндегі шарт бойынша талаптардан бас тартудың жалпы ережесіне сәйкес басқа тұлғаға беруге құқылы.

Кепілдің пәні кез келген мүлік бола алады, оның ішінде қозғалатын және қозғалмайтын мүліктер, мүліктік құқықтар бар. Ал азаматтық айналымнан алынып тасталған мүліктер, несие берушінің жеке басымен тығыз байланысты талаптар, атап айтқанда, алименттер, өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптар және құжатта-рымен оларды басқаға беруге тыйым салынған өзге құқықтар кепіл пәні бола алмайды.

Кепіл талаптың қойылған кезіндегі мөлшерін қамтамасыз етеді. Бұған негізгі қарыздан басқа орындауды кешіктіргеннен келген айып төлеу, зиянды қалпына келтіру, кепілге алынған мүлікті кепіл ұстаушының ұстауға кеткен шығынын өтеу қосылады. Кепіл ұстаушы аталған сомалар бойынша шығынның орнын толтыруды талап етуге құқылы.

Егер тараптар мұндай талаптарды кепіл арқылы қамтамасыз ету мөлшері туралы уағдаласқан жағдайда кепіл болашақта пайда болатын талаптарға қатысты да белгілену і мүмкін.

Кепіл туралы шарттың нысаны мен мазмұны және ерекше талаптар хақында занда белгіленген. Шартта кепілдің мәні мен оны бағалау құны, кепілмен қамтамасыз етілетін міндеттеменің мәні, мөлшері мен орындалу мерзімі көрсетілуге тиіс.

Кепіл туралы шарт жазбаша түрде жасалуға тиіс. Егер негізгі міндеттеме нотариалды куәландыруға жатса, онда кепіл тура­лы шарт нотариалды куәландырылуы керек. Қозғалмайтын мүлік кепілі туралы шарт нотариалды куәландырылғанда ғана күшіне енеді.

Кепіл туралы шартта өзгеше көзделмегендіктен, кепіл құқығы кепілі тіркелуге жататын мүлік жөніндегі шартты тіркеу кезінен бастап, басқа мүлік жөнінен бұл мүлікті кепіл үстау-шыға берген кезден бастап, ал егер беругежатпаса, кепіл тура­лы шарт жасасқан кезден бастап пайда болады. Кепіл туралы шарт тіркеуге жатқан жағдайда, ол тіркеуден өткен сәтінен бастап жасалған деп есептеледі.

Қазіргі қолданылып жүрген заңдар кепілге салынып үлгерген затты қайталап кепілге салу мүмкіндігін қарастырады. Кейіннен берілетін кепіл бұрынғы жасалған шартта рұқсат етілген не тыйым салынбаған болса жүзеге асады. Мұндай жағдайда кешл беруші кепіл ұстаушыға кепілге берілген мүндай мүлік туралы мөлімет береді. Кейінгі кепіл үстаушының тала-бы алдыңғы кепіл ұстаушылардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін кепіл мәнінің құнынан қанағаттаңдырылады.

Кепілдің екі түрі болады:

а) ипотека;

ө) кепілзат.

Ипотека - кепілге салынган мүлік кепіл салушының немесе үшінші бір жақтың иелігінде және пайдалануында қалатын кепіл түрі. Ипотекаға тұтастай кәсіпорындар, жекелеген құрылыстар, ғимараттар, яғни жерге тікелей байланысты (ипотека) бас­қа да объектілер, сондай-ақ айналымдағы тауар және азаматтық айналымнан алынбаған басқа да мүлік ипотека мәні бола алады. Ипотека тәртібіне кепілге салынған мүлік кепіл ұстаушыда қалады.

Ипотека, сондай-ақ белгілі бір мүліктің кепілі заңда белгіленген төртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өтуге жатады.

Кепіл міндеттемені орындауды қамтамасыз ету тәсілі ретінде, несие беруші- кепіл ұстаушы өзінің басқа несие берушілерге қарағанда өзінің басымдылық құқығын міндеттеме орындалмаған жағдайда кепіл затының құнынан қанағаттандыруға құқығы болып табылатын әдіс.

Қорыта келе кепіл құқыққатынастары  кепіл затын иеліктен шығаруға бағытталған кепілұстаушыға затқа құқық  бермейтін өзінің міндеттемелік-құқықтық мәніне қарай тек кепілмен қамтасыз етілген кепілге салынған мүлікпен немесе мүліктік құқықтармен байланысты қарыз ретіндегі азаматтық құқықтыққатынас.

 Сонымен қатар кепіл қатынастарында «нақты кепіл» ұғымы қолданылады-несие шартын жасаумен бірмезгілде банк қарыз алушымен оның тұрғын үйімен несие қайтаруға байланысты сатып алу-сату шартын жасайды, өз мәні бойынша кепіл болып табылмайды, бірақ оның талаптары жасалған екі шарттың негізінде болады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі (Жалпы бөлім), Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 27 желтоқсандағы қаулысымен қолданысқа енгізілді (ҚР 07.03.2014 N 177-V өзгерістерімен және толықтырулармен).

2. Гражданское право. Том 1. Общая часть. Учебник для вузов (академический курс) / Отв. Ред. М.К.Сулейменов.-алматы, 2013.-776 с.

3. Гонгало Б. М. Обеспечение исполнения обязательств. М., 1999. —152 с.

4. Гонгало Б.М. Учение об обеспечении обязательств. Вопросы теории и практики. М., 2004. 222 с.