МІНЕЗ АКЦЕНТУАЦИЯСЫ ЖАЙЛЫ ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ ТАЛДАУ
Қазақ инновациялық-гуманитарлық
заң университеті
«Әлеуметтік –гуманитарлық сектордың»
оқытушысы
Мұратханова Айжан Мұратханқызы
Адам мінезі - адамдарды басқа
адамдардан жалпы тұлға ретінде айрықшалап тұратын
қасиеттер жиынтығы болып табылады. Мінез-бұл
тұлғаның тұрақты қасиеттерінің
жиынтығы, ол адамның адамдарға қатынасынан көрінеді.
Мінез белгілі қатынаста адамның тәртібінде белгіленетін
тұрақты, тұлғаның қажеттілігінің
индивидуалды үйлесімі.
Адам мінезі бұл қалыптасқан
жағдайдағы адамның аяқ-асты реакциясын емес, оның
маңызды қылығын анықтайды. Мінез туралы айта отырып,
біз көбінде адамның жағдайларға байланысты
өзінің ерік жігері мен тұрақтылығымен
өзін-өзі басқаруын айтамыз. Мінез өз дамуында
темпераментпен тығыз байланысты. Мінезді тұлғаның
құралды қасиетіне жатқызуға болады. Оның
адам мазмұны мен емес, іс-әрекетті орындау тәртібі мен байланысты.
Шын мәнінде мінез іс-әрекетті таңдау мақсатында
көрінуі мүмкін, бірақ мақсат белгіленгенде, мінез
мақсатқа жету үшін қолданылатын өзінің
құралы роліне енеді.
Адам мінезіне енетін
тұлғаның, негізгі белгілерін атайық, бірінші, бұл
тұлғаның іс-әрекет таңдау
мақсатындағы қасиеті. Мұнда анықталған
мінез белгілері ретінде рационалдық, үнемшілдік және
оған қарама-қарсы қасиеттер көрінуі мүмкін.
Екінші мінез құрылысына берілген мақсатқа жету
үшін бағытталған іс-әрекеттер кіргізілген:
тұрақтылық, мақсат-бағдарлылық, тізбектілік
және альтернатифтілік. Бұнда мінез темпераментпен емес,
адамның ерік жігері мен жуық. Үшінші мінезге темпераментпен
байланысты құралды белгілері кіреді: экстроверсия-интроверсия,
тыныштылық-уайымшылдық,ұстамдық-импульсивтік.
Адамдағы барлық осы мінез белгілерінің бір адамдағы
үйлесімі оны белгілі түрге жатқызуға мүмкіндік
береді[1, б 73-78].
Енді мінездің тарихына
үңілетін болсақ ежелгі грек әдебиеттерінде мінез
типтерін Теофраст бейнелеген. Ол мінезді тұлғаның
көрінісі деп атаған. Бұнда адамның әлеументтік
ортадағы қылығымен қасиетін қарастырған.
Ғылымның дамуының
нәтижесінде мінез табиғаты жайлы білім дамыды. Қазіргі
уақытта мінездің басты ерекшелігіне адамның әлеументтік
мінез-құлығын және оның әлеументтік ортамен
табиғаттың өзара қатынасын жатқызады.
20-ғасырдың
аяғында мінез жайлы екі қызықты жұмыс пайда болды. Ф.
Джорданоның «мінез адамның гениологиясының және
денесінің көзқарасымен» кітабы және Ф. Полонның
«мінез психологиясы» кітабы. Джардано экстровертпен-интровертті
сипаттаған. Ф.Полон мінез құрылысы адамның ынталануынан
анықталады және олар қатаң заңмен толықтырылыды
деген.
1.Қарама-қарсы екі
ынтаның бірін-бірі жүйелі түрде толықтыру
қабілетінің заңы.
2.Жүйелі ассоциация
заңы бір ынтаның келесі бір ынтаны іс-әрекетке шақыруы
бір-біріне тәуелді[3, б 10-11].
20-ғасырдың басында Н.
Лосский өз классификациясында мінезде ынта басым және ерік-жігер
деңгейіне тәуелсіз деп ұсынады. Ол адамдарды сезімтал,
дарашыл, артық тұлға деп түрге бөлген.
А.Ф.Лазурский алғаш рет
мінездің психоәлеументтік классификациясын ұсынуды
ұйғарды. Онда
адамдардың тек субъективті ерекшеліктерін ғана емес, сонымен
қоса оның дүниетанымымен әлеументтік аспектісінде
қосады.
Н.Д.Левитов
бағыттылыққа негізделген тұлғаның
психологиялық құрылымы деп қарастырған.
Мінез-тұлғаның маңызды және
қоғамдық мағыналы компонентті
бағыттылықтың пайда болуындағы мінез-құлықтың
әлемдік көзқарасы. Егер тұлға индивидуалды
тәртіпке бейнеленген мәдениетті бейнелесе, онда мінез индивидуалды
тәртіпте бейнеленген дүниетанымды көрсетеді[3, б 15].
Индивидуалды мінездер түрін
қорыта отырып психоаналитик З. Фрейд тұрақты белгілері
өзгермейтін бастапқы импульсті беретін немесе білім беретін
белгілерден негізгі мінезді қалыптастырытын формула шығаруға
болатындығын дәлелдей отырып мінез құрылысы жайлы ойды
пастулаттандырды.
Психоаналитик бағытында
қазірде мінезді анықтаудың бірнеше түрі бар.
Абрахам мінез адамның
ырықты импульсі мен берілетін бағыттылық ретінде
анықталады және әлеументтік ортаға байланысты
адамның реакцияларының жиынтығы деп қарастырған.
Ал Фенихел сыртқы
әлемге «мен», «ол», «мен күшті» деген әдеттенген
қаруланған және де осы әдістердің түрлі
ұйымдасуы мінезді береді деген.
Мінез құрылымын
Бингхлоу негізгі әлеументік топтың құндылығына
адекватты әсер ету үшін қаруланған әрбір
адамның ішкі эмоциясымен қажеттілік өндірісі ретінде берілуі
мүмкін деген ой қозғаған.
Мінез - әдеттегі
жағдайлардан адамның
қатынасынан әр түрлі жағдайларға оның
реакциясының тұрақты поттернасынан тұрады. Ол өзіне мінез-құлық
стилін, физиологиялық қимылдарды, өзін өзі
ұстауды және қозғалу әдісін қосады.
Әр бір мінездік қатынас өзіне сәйкес
физиологиялық қимылдан тұрады. Сондықтан адам мінезі
денесінде бұлшық еттік региттілік пен бұлшық ет сауытын
береді. Бұл сауыт алғашында сыртқы әлеммен
қажеттілік дағдылары арасындағы қақтығыс
нәтижесінде туындайды. Оның келесі белгілері мен өмір
сүруі осы күштердің қақтығысының
жалғасуынан болады деген В. Райх.
Ал А.Лоуен мінезді
потологиялық жағдаймен шектеуді ұсынған. Және де
ол адамда түрлі мінез-құлық болмағанда
денсаулығы жақсы деген.
Бұл шындығында жағдайдың талапқа
рационалды бейімделіп өзін спонтанды ұстауын көрсетеді. [2, б
56-66]
Мінез құрамына
адамның бәрі жатпайды деген П.А.Рудика мысалы: қабылдау, ес,
зейін, фантазия, сезім, немесе қабілет, қызығушылығы,
темперамент бұл психологиялық процестердің барлығы
белгілі мөлшерде мінездің құрылымына әсер етуі
мүмкін деп ұйғарған.
М.Е.Бурно «Адамның мінезі
жайлы» деген кітабында мінезді былай сипаттаған. Адам мінезі – бұл
оның ішкі адамгершілігік табиғатының қайталанбас
ерекшелі ол нәрестелік шақтан бастап табиғат заңдылығымен
дамиды. Осылайша, нақты адамның мінезі оның жандық –
денелік индивидуалдылығы болып табылады. Бурно адамның мінезін
оның денелік ерекшкелігінсіз қабылдауға қабілетсізбін
деген[6, б 2-3].
Қазіргі американдық
психологияда мінездің екі альтернативті анықтауларын
қолданады. Мінез – тұлғаның этикалық және
моральді жағдайы. Мінез – тұлғаның мотивациялық
жағдайы. Ал ресейлік психологиялық әдебиеттерде
мінездің мынандай анықтамалары кездеседі. А.Г.Шмелев мінез –
тәжірибеде игерілген дағды әдеттегі жалпы стилистика
бұл арнайы әлеуметтік ортада индивидуалды тәжірибемен
табылған нәтижелердін ұйымдасқан
мінез-құлық үлгілерінің жалпы суреті деген. Мінез
өмірде жүре пайда болатын индивидуалді байланыс, адамның тәжірибесінде
өзіне деген, басқа адамдарға деген, берілген іске деген,
басқа да қиындықдарға деген қатынаста берілетін
тұлғаның тұрақты елеулі ерекшеліктері.
Мінез өмірде индивидаулді
белгілермен табылған жоғарғы жүйкенің
іс-әрекетінен туа пайда болған қорытпа.
К.Платонов пен Н.Левитов мінез
бұл адамның іс-әрекеті мен тәртібіне әсерін тигізетін
индивидуалды жарқын берілген тұрақты қатысты
психологиялық белгілері деген.
Мінез - әр түрлі
іс-әрекет түрлерінде көрсетілген тығыз және
нақты байланыс қасиеттерді құрайтын
тұлғаның негізгі тірегі[3, б 11-12]. Кейбір психологтар
мінезді тұлғаның құбылысына енгізе бермейді.
АҚШ психологтары мінезді тұлғаның сапалы компонентіне
кіргізбейді бірақ шығармайды да.
Р.Гильфорд
қоғамның мінездік факторына еркіндікті, өзін-өзі
тануды, өзбеттілікті, қажеттілікті жатқызады, ал бұль
факторлар моральді сфераға жатады.
Кеттелл –
тұлғаның негізгі факторлары күш пен әлсіздік «Мен
күштіні» көрсетеді, онда күш «мен күшті» принципиалды
және нақты әреттелетін адамның ерік-күшін береді,
ал әлсіз «Мен күшті» өз іс-әрететінде
тұрақсыз адамның әлсіз ерік-жігерін көрсетеді
деген[2, б 10-11].
Бондеревский.В. «Тәрбие
тәлімі» атты кітабында мінезге былай деген мінез арқылы әрбір
адамның өзіне және басқа адамдарға,
тапсырылған іске деген қатынасынан және адамдардың ішкі
жан дүниесінің рухани менділігі нақтылы түрде
көрінеді. Негізінде мінез мынандай болуы керек деген ерекше талап
жоқ.
Алайда бір қатар ғалым психологтар мен педогогтардың
жағымды мінездің басты көрсеткіштерінің қатарына
гуманизім басқа адамдарды
құрмет тұту, өзін ұстай білушілік,
моральдық ұстамдылық болу керек деген ұйғарулары
орынды. Бізге мінезі мейірбан адаммен кездесу сүйсінерлік жайт. Бұл
бәрінен бұрын, әрине адам бойындағы парасаттылық
пен әдептіліктің басқа адамдардың көңіл-күйін,
қуануы мен қайғысын түсіне білушіліктің
барлығын білдіреді. Мінез тұқым қуаламайды, оны
тәрбиелеуге болады және тәрбиелеу керек те. Белгілі психолог
Б.М. Теплов мінез адамның болмысқа қатынасын білдіретін
және оның күнделікті
мінез – құлқында
оның іс-әректінде көрінетін жеке басындағы
елеулі қасиеттердің өзіне тән үйлесуі деп
сипаттайды[7, б 122].
«Мінез» деген сөз арқылы адамның кез-келген дара
ерекшеліктерін емес, ең елеулі дербес өзіне тән нақтылы
адамды танытатын, оның күнделікті мінез –
құлқында, қылықтарында көрінетін
ерекшеліктерді түсіну қиын.
Кейбір психологтар мінездің ерекшеліктерін танып білу үшін
оларды топ-топқа біріктіруді ұсынады. Бірінші топқа жеке
адамның психикалық құрылымы мен оның негізін құрайтын адам мінезінің
ең жалпылама жақтарын жатқызады. Бұған мысалы
принціптілік, адалдық сияқты мінез ерекшеліктері енеді[7, б 130].
Екінші топқа – көпшілдік, ашық жарқындық
келесі соларға қарама-қарсы томаға
тұйықтық сияқты мінез ерекшеліктері жатыр.
Сезімталдық, әдептілік, жолдастық сияқты
бұларда да басқа адамдарға деген біздің
қатынасымыз білінеді. Мінез ерекшелігінің ендігі бір маңызды
тобы адамның өзіне деген қатынасын білдіреді.
Бұған мысалы:қарапайымдылық,
ұялшақтық, басқаның қамын ойлау және
өзімшілдік жатады.
Мінез ерекшеліктерінің төртінші тобы: Біздің әр
қайсымыздың еңбекке, оқуға деген
қарым-қатынасымызды білдіреді. Бұған инициатива ,
табандылық, өз беттілік, еңбек сүйгіштік, адалдық
, ұқыптылық және оларға қарама –қарсы
қасиеттер ынжықтық, селсоқтық,
жалқаулық, қиыншылықтан қашу жатады.
Адамның мінезі оның жеке басынан бөлектенетін нәрсе
емес. Мінез біздің әр қайсымыздың ең мәнеді
деген мынандай ерекшеліктерімізбен байланысты.
1 Адамның өзі алған бағыты мен, сенуі енеді.
2 қызуқандылық, салқын қандылық
байқалатын биологиялық ерекшеліктер.
3 жекелеген психикалық даму деңгейін айқындайтын
іскерлік,дағды, әдет, білім енеді.
Сөйтіп мінез әрбір адамның жеке басының ең
елеулі қасиеттерінің бірі болып табылады. Мінездің негізінде
адамның моралдық ерік-жігері күнделікті
мінез-құлқындағы ерекшеліктері және оның
іс-әрекеттері жатады. Мінездің қалыптасуына кейбір дәрежеде
табиғи ерекшеліктер әсер ететініне қарамастан, ол
адамның белсенді және жан-жақты әрекеті арқылы
дамып жетіледі. Сондықтан мінез ешқашан күні бұрын,
алдын ала анықталып қояды деп жорамалдауға болмайды[7, б 122].
Адамның сыртқы ортамен байланысуы үшін жасайтын
қатынастарының жиынтығы оның мінезін
құрайды деп санайды
өзіміздің ресейлік психолог Қ.Жарықбаев. Адамның
үйреншікті әдеті болып қалыптасқан мінез
бітістерінің кейде оның сыртқы ортамен жасайтын негізгі
қатынастарына сәйкес келмейтін кездері де болады. Мәселен,
біреудің қатал, не тымыр болуының негізінде адамды менсінбеу,
тәкәпарсыну сияқты мінез қатынастарының
тұрақты жүйесі жатпай, оның темпераментінің
жүйке- жүйесінің тума қасиеттеріне байланысты
қалыптасып кеткен әдеттерінің жатуы ықтимал.
Мінез – адамның негізгі өмірлік бет алысын және
оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын
сапалы өзгешелік. Ол көп
қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің
қосындысын сонымен, сонымен қатар адамды әр қырынан
көрсететін қасиет. Мінез даралық өзгешеліктің
өзегі, адамның негізгі тіршілік бағытының өрнегі
деуге болады. Мінезде адамның сыртқы ортамен
қарым-қатынасының тарихы бейнеленеді[5, б 10-11].
Мінез кең мағыналы ұғым. Онда түрлі сапалар
тоғысып жатады. Мінездің моралдық жағынан
тәрбиелілігі, біркелкілігі, толықтылығы күшімен
айқындығы, салмақтылығы –оның оның негізгі
сапалары болып есептелінеді.
Алдамұратов.Ә. Мінез - әрбір адамның жеке басына
тән өзіндік психологиялақ қасиеттер мен
ерекшеліктердің жиынтығы. Мінездің қасиеттері мен
ерекшеліктері әркімде әр қилы жағдайда байқалып,
адамның, сол жағдайларға қатынасын білдіреді. Мінез
еркшеліктері –адамның даралық өзіндік психикалық
қасиеттері. Дегенменде, адам бойындағы ерекшеліктердің
бәрі бірдей, мысалы естудің нәзіктігі , көздің
көргіштігі, есте сақтаудың шапшаңдығы, ақыл
ойдың тереңдігі мінез ерекшелігіне жатпайды.
Адам мінезінің көріністері әрбір жеке жағдайда
оның, оқиғаларға қатысуынан
аңғарылады. Адамның іс-әрекет сапасы сол кісіге деген
қатынасы мен қатар ерік- жігеріне, көңіл-күйіне ,
зейінінеүақыл-ойына да байланысты болады[9 , б 102-108].
Биховиористік бағыттағы психологтар үшін мінез ерекшелігі
мінез-құлық синонимі ретінде болады. Олардың
көзқарастары бойынша «мінез» индивидке тән
мінез-құлық түрі ретінде ғана анықталады.
Фрейд тек алғашқы бағытты ғана емес, сонымен қоса
мінездің терең теориясын бір, бір ізділікке талпыныс
жүйесіндей танытты. Мінез мінез-құлықтың
негізі, бірақ екеуі бірақ
екеуі бір нәрсе емес деп көрсеткен. Фрейдтің
динамикалық концепциясын бағалау үшін мінез ерекшелігі мен мінез-құлық
ерекшелігін салыстыру керек. Фрейд мінез белгілерінің динамикалығын
және сонымен бірге мінез құрылымының адамның
өмірлік процестеріндегі энергия канализациясының ерекше формасын
бейнелейтіндігін түсінеді. Ол мінездің динамикалық белгілерін
либидо көрінісі ретінде интерпретациялаған[10, б 74-78].
Жаратылыс тану және әлеументік ғылымдар процесі мен бірге
психоаналитикалық теория прогресі адамның табиғат пен
және өз-өзімен басқа адамдармен өзара
қатыныс идеясына негізделетін жаңа концепцияға әкеледі.
Осындай жаңа көзқарас иелерінің бірі Г.С. Саливен. Ол
психоанализді өзара тұлғалық қатынастарды зерттеу
деп белгіленген, төменде келтірілетін теория Фрейд теориясына
негізделген, яғни мінез белгілнрі мінез-құлық негізінде
жатыр, және адамның өзмен сапалы түсінбейтін
түрткі күштерді түзетеді деген жорамалдардан бастау алады.
Бұл теория мінездегі анықтаушы белгі бірғана нақты
белгі емес мінездің жекелей белгілерін анықтайтын мінездің бүтін
құрылымы деген жорамал жағынан да Фрейдке сүйенген.
Мінездің бүкіл белгілерінің жиынтығын ерекше
ұйымдастыру нәтижесі болып табылатын синдром ретінде
қарастыру керек[13, б 340].
Мінездің басқа белгірлеріне келетін болсақ олар
мінездің базистік бағдары мен анықтайтынын және негізгі
белгілерінің темперамент белгілерімен араласу нәтижесі екендігін
көрсетуге болады.Бұл теорияның Фрейд теорисынан
айырмашылығы мінездің принципиалды негізі либидо типтерінде
көрінетіндігінде емес адамның дүниеге деген қатынасы
спецификалық типтерде көрінеді деп тұжырымдауында жатыр[10, б 76].
Адам мінезінің ерекшеліктері – оның темпераменті оны
қоршаған ортада бағдар ұстай білуі өмірдің
өзгермелі жағдайларына икемделу қабілеттілігі – ми
қабығындағы қозу және тежелу жүйке
процестерінің күшімен қозғалғыштығына
байланысты. Бұл процестердің күшімен қозғалғыштығы
адамның бүкіл өмір бойында жасалады және олар
көбінесе тәрбие әдістері мен өсіп жетілетін
жағдайларға байланысты болады деген Долгонятов өзінің
«жүйке жұқармасын десеңіз…» атты кітабында[11, б 8-10]
Дегенменде адамның мінез - құлық реакциялары ми қыртысы- лимби
құрлысының қызметімен тікелей байланысты болады деп
тұжырымдаған. Жәнеде сыртқы ортаның немесе ішкі мүшелермен
терілердің реактивтілігінің жан-жақты көріністері
үнемі жүрек соғысының жиілеуі немсе баяулауы
артерияның қысымының және дене температурасының
көтерілуіне, төмендеуінен ішек қысымының баяулауы,
қайда қант пен адреналиннің арту немесе кемуі әр
түрлі вегатативті реакциялар түрінде байқалады деген[11, б 8-10].
Мінез қалыптасуының тарихи экономикалық
тәуелділігі, басқа шаруашылық немесе мәдениеттің
әсеріне түсетін қоғам мүшелерімен табылатын
өзгерістерде анық байқалады деген,- Райх өзінің
«Характероанализ» кітабында.
Этнограф Малиновскийдің айтуы бойынша, жергілікті жердің
адамдарының мінез ерекшеліктері әлеуметтік құрылысы
өзгергенде, сәйкесінше тез өзгереді. Ол мысалы, Анфлет
құрлығынан сенімсіз, қорқақ
қайырымсыз адамдарды, ал Пробланцандарда тұратындарда
қарапайым ашық тура жүзді адамдарды тапқан. Біріншілері
қатал жанұямен сексуалдық моральді тәрбиеленген
патриархалдық қоғамда тұрса, екіншілері керісінше,
белгілі бір жағдайда бостандықпен ләззат алатын матриархатта
тұрады. Бұл фактілі алынған мәліметтер адам
мінезінің қалыптасуына қоғамның әлеуметтік
және экономикалық құрылымына тікелей әсер етеді
деген.
Бұл алғашында мінез туралы қоғамдақ
жүйенің қалыптасуы туралы айтқан ойларды кеңейте
отырып, мінездің қалыптасуы белгілі бір кезеңнің
әлеументтік процесі деп айта аламыз деген,- Райх өзінің
сөзін қортындылай отырып.
Қазіргі заман талабына сай мінез адамнан нақтылықты,
мақсат бағыттылықтың сыртқы көрінісін талап
етеді. Сонымен қоса мінезде адамның жеке басты қасиеттеріне
қарағанда белгілері көп. Мінез белгілері көп
болғандықтан, негізгі жеке басты қасиеттерге
қарама-қайшылық көрсетеді. Мысалы, баланың
спайылығы, оқушытің сабағына, ересек адамның
еңбегінде болатын ұялшақтыққа айналады:
бұндай ұялшақтық адамға кері әсерін
тигізеді.
Мінез адамның сезіміне ойлау санасына, іс-әрекетіне әсер
ететін, біріккен өзіндік психикалық қасиеттерінің
жиынтығы. Ол іс - әрекет қатынасынан байқалады және
де жеке тұлғаның оған қатынасынан тұрады.
Кейде мінезге ерікпен жеке тұлғаның жеке
бағыттылығын кіргізеді. Шын мәнінде мінез басқа да
психикалық процесстермен, жеке қасиеттермен және
жағдайлармен байланысты[17, б 26].
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Немов.Р.С 1-том
"Психология" //Немов.Р.С – Владос 1999 ж
2 Столеренко.С.Т
"Основы психологий" /
Столеренко.С.Т Феникс.-рос. На Дону 1999 ж/
3 ЛевитовН.Д "Вопросы
психологии характера" /Левитов.Н.Д - М.-1952 ж
4 Алдамұратов.Ә
"Психология"/Алдамұратов.Ә.-Алматы.-"Білім"
1996ж
5 Долгонятов.Г.Я
"Жүйке жұқармасын десеңіз" /Долгонятов.Г.Я
ауд Қ.Иманбаев. - Алматы.-1984ж
6 Кречмер.Э "Строения тело
ихарактер"/Кречмер.Э Психология индивидуальных различий-М.-1984ж
7 Личко.А.Е "Психопатия и
акцентуации характера у подростков"/Личко.А.Е-М..-1982ж
8 Э.Фромм "Характер и социальный прогресс"/Э.Фром Психология личности" –Тексты: -1982ж
9 Юнг.К "Психологические типы", /Юнг.К
Психология индивидуальных раличий-М-1982ж
10 Леонгард.К
"Акцентуированные личности" /Леонгард.К Киев.-1989ж
11 Левитов.Н.Д "Психология
характера"/Левитов.Н.ДМ.-Провещения-1969ж
12 Орлов.Ю.М Самопознания и
самосознания характера / Орлов.Ю.М-М.-1987ж