Қазіргі заман сән бағытына сәйкес
костюмді безендіру арқылы үйлесімді бейнесін жасау
Г.С. Смагулова – «Жеңіл
өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен конструкциялауы
және дизайн» кафедрасының аға оқытушысы, техника және технология магистрі»
(Тараз қаласы. М.Х.
Дулати
атындағы тараз мемлекеттік университеті)
К.К. Иманбекова -
«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен
конструкциялауы және дизайн» кафедрасының аға
оқытушысы, техника және технология магистрі»
(Тараз қаласы. М.Х. Дулати атындағы тараз мемлекеттік университеті
Композициялық-конструкторлық
шешім мен пішіннің ықшамдылығымен сипатталатын қазіргі
заман костюміне декоративті безендіру тән. Декоративті безендірудің
басты міндеті – киімді көркемөнер туындысына айналдыру, оны
қайталанбас ету және көрерменге белгілі эстетикалық
ақпарат беру.
Декоративті
безендіру, сонымен қатар, бұйым пішінін немесе оның
құрамдас бөліктерін айқындап көрсетеді, пішінді
бөліктерге бөледі, осы бөліктерді біріктіріп, тұтас
көрініс алады (1).
Безендірулер
костюмнің көркемдік-бейнелік көрінісін байытып, әр
түрлі функциялар атқарады: декоративті-конструктивтік және
декоративті-утилитарлық. Әрбір тарихи кезең үшін
және сән кезеңі үшін көркемдік безендірудің
өзіндік түрлері және оларды қолданудың
өзіндік тәсілдері тән, олар жылдар өткеннен кейін
қайталанып отырады. Безендірулердің материалдары мен пішіндері сан
алуан түрлі болуы мүмкін, оларды таңдау бұйымның
түріне, пішініне, материал фактурасына және т.б. факторларға
байланысты болады (2).
Костюмді
безендірудің ең көп таралған көне
тәсілдерінің бірі кестелеу болып саналады, ол халықтың
эстетикалық талғамын, мүмкіндіктерін және
мәдениетін көрсетеді. Ол бүгін де ең өзекті
және декоративтік тәсіл. Қазіргі кездері кестелеуге
арналған материалдар жиынтығы өте бай:
түрлі-түсті жібек, мақта-мата және люрекс жіптері,
күміс сымдар, су моншақтар, стеклярус, пайеткалар, інжу тас, таспа,
баулар, табиғи және жасанды тастар және т.б.
Безендірудің
одан да басқа технологиялық тәсілдері: матаға сурет басу,
әшекейлеу (батик), көркем тоқу, аппликация, пэчворк,
өру және т.б. қолданылады. Костюмді безендіруге осы
тәсілдердің бірін таңдау үшін суретші декордың
назарды өзіне бірден аудармайтындығын, костюмнің жалпы стиліне, түсіне, фактурасына,
материалдың пластикалық қасиеттеріне сәйкес
келетіндігін естен шығармауы тиіс.
Безендірудің
ерекше тәсілдеріне жататындар: тігін машинасымен салынатын
әртүрлі тігістер, фурнитура, біртекті фактуралы безендіру маталары,
қарама-қарсы түстер, түстері сәйкес келетін
әр текті маталар. Көркемдік безендіруді инверсия тәсілімен
жүргізу де тиімді. Оған басқа бұйымдардың
детальдарын пайдалану, декорды ірілендіру, декоративті әртүрлі
элементтердің орындарын ауыстыру, оларды күтпеген орындарға
орналастыру және т.б. жатады (3).
Костюмді
безендіруде оның композициясына шамадан тыс салмақ түспеуін
қадағалау керек. Сонымен қатар, әр түрлі
сипаттағы безендіру түрлерін бір мезгілде, бір модельде пайдалану
мүмкіндігі мұқият зерттеледі, ол үлкен шеберлікті,
талғамды талап етеді. Жобалаудағы киімге қандай декоративтік
тәсіл қолданылатынын таңдауда суретші костюмнің
стиліне, пішініне, декордың сәйкес келуін, суреттің
бүкіл костюмнің эмоционалдық орталығы болуына назар
аударуы тиіс. Егер сызықтардың, бөліктердің,
фактуралардың, түстердің бір-бірімен өзара
үйлесімділік қағидалары сақталса, безендіру
композицияны байытады.
Қазіргі заман сән
бағытына сәйкес гармониялық образ жасауға
мүмкіндік берген декор дұрыс және сәтті болып саналады.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келіп, шығармашылық
процесс – эстетикалық көркем модель образын жасау, пішін мен
мазмұн бірлігін іздеу, жаңа материалдар мен фактуралар, суреттер,
жаңа безендіру түрлерін іздеу болып табылатындығын
көреміз.
Әдебиеттер:
1. Бердник Т.О. Основы
художественного проектирования костюма и эскизной графики. Учебное пособие.
Ростов-на-Дону: Феникс, 2001г.
2. Козлова Т.В., Рытвинская
Л.Б. Основы моделирования и художественного оформления одежды.
М.:Легпромбытиздат, 1979г.
3. Демидова И. Ваш
гардероб-стиль-имидж. Минск: Сервег, 1999г.