КОМПЬЮТЕРЛІК СЫЗУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА АНАЛИЗ:
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ТИІМДІЛІГІ
Агниязова Нургул Толегеновна
Сызу пәнінің
оқытушысы
Маңғыстау энергетикалық колледжі
Қазақстан Республикасы
Ақтау қаласы
Машиналық графика – автоматты жобалау жүйесінің саласы. Компьютерлік технология заманында машиналық графика экономикада, электроникада, машина жасауда, ақпараттық технологиялар саласында кеңінен қолданылуда. Автоматты жобалау жүйесі – еңбекті жеңілдетіп қана қоймай, жобалау процессінің тиімділігін арттырады.
Машиналық
графика сызбалардың жылдам орындалуын, дәлдігінің
жоғарлауын, сызба сапасының жоғарлауын қамтамасыз етіп
қана қоймай, сызбаларды бірнеше рет қолдануға
мүмкіндік береді.
Қазір
кең тараған автоматты жобалау жүйелеріне: Auto Cad
(АҚШ), Solid Works («Solid Works» фирмасы), Компас («Аскон», Ресей)
және т.б. жатады.
Сызба
сызуға арналған компьютерлік бағдарламаларға шолу
жасайық.
AutoCAD
бағдарламасының алғашқы нұсқасын
американың Autodesk фирмасы XX ғасырдың 80-жылдары
шығарды. Бағдарлама бірден өзіндік дайындауы мен
қолданушыға ыңғайлығымен өзіне назар
аудартты. Жүйенің үнемі дамуы, ескертулер есебі, басқа
фирмалардың жаңа өнімдерінен байланысуы (бірінші болып
Microsoft) Auto CAD бағдарламасын бағдарламалық қамсыздандыру
нарығының әлемдік басшысы етті. Қолданушы Use a
Template (Шаблон бойынша) режимін таңдауда жұмысты толықтай
жаңадан бастамай, әртүрлі форматтағы дайын шаблондарды
қолдана алады (жиектеулер, штамптар және т.б.сызықтар мен
орнатулар болуы мүмкін). Use a Wizard (Шеберді шақыру) режимі
жаңа суретті баптауға шебер бағдарламаларының бірін
шақыруға мүмкіндік береді. Start from Scratch
(Қарапайым шаблон) режимін келісім бойынша қолданады.
Бүгінгі күнде AutoCAD– автоматты проекциялау
жүйелері арасында ең мықтысы болып табылады. Техникалық
проекциялаудың әртүрлі аймағында керек болған,
кез-келген сызба жұмыстарын орындай алады. Программаның ішкі
компоненттерінің жетілдіруінен басқа, көп жаңа функция
пайда болды. Бұл функциялар қолданушының жұмыс
уақытын қысқартып, сызба сызуды біршама жеңілдетті.
AutoCAD
бағдарламасы сызбаларды құруға, оларды дәлдеп
түзетуге, бұрынғыларын жинақтауға мүмкіндік
береді. Ол үш негізгі компоненттен: графикалық редактордан,
AutoLISP жоғарғы деңгейлі бағдарламалау тілінен
және қолданушының графикалық интерфейсін
құрудың аспаптық құралынан тұрады.
Бағдарламаның басты компоненті графикалық редактор болып
табылады
AutoCAD-ң
бірінші версиясы 1982ж. жарық көрді және ол DOS
жүйесінде жұмыс істеген болатын. Бұл шынында дербес компьютерде
жақсы жұмыс істей алатын алғаш автоматты проекциялау
бағдарламасы еді. Ол кездерде бұл сияқты жүйелерді
мықты жұмыс станциялары ғана қолданған. Бірінші версияның басты ерекшелігі,
файлдардың көбісі, ASCII форматындағы жай мәтіннен
құрылған еді.Жоғарыда айтылып өткендей, AutoCAD
АПРЖ(САПР)-гі қолданымда ең көп болған программа,
түрлі техникалық проекциялау облыстарында эффектілі түрде
жұмыс істеуге мүмкіндігі бар графикалық программалық
жүйе. Латын емес тілдерді қолданғандар да бұл
программаға тез арада үйрене алады. Сол себебті AutoCAD
дүниежүзінде конкуренциядан тыс болып, ол дүниенің 150
мемлекетінде қолданылады және 2 миллионнан астам
регистрацияланған қолданушыға ие.
КОМПАС-3D - график деген сызу редакторы
өндірістің түрлі салаларында жобалау-конструкторлық
жұмыстарын автоматтандыруға мүмкіндік береді. Ол машина жасау
жобалауда, жобалау-құрылыс жұмыстарда, алуан жоспарлар мен
жобалар құрағанда тиімді пайдаланылады.
КОМПАС-график сызбалар мен эскиздермен жұмыс
істеуге аналған КОМПАС-3D жүйесіне толығымен
интегралданған модуль ретінде де және 2D-жобалау мен
құжат шығару барлық есептерін орындайтын жеке
өнім ретінде қолдана алады.
КОМПАС-график үш өлшемдік
үлгілерінің ассоциациялық көріністерін оның
арасында тіліктер, қималар, жергілікті тіліктер, жергілікті
көріністер, жебе бойынша көріністер, үзілісі бар
көріністерді автоматты түрде орындайды. Олар бәрі
үлгімен ассоциацияланған: үлгідегі өзгерістер сызбадағы
кескіннің өзгеруіне әкеліп соғады. Стандартты
көріністер автоматты түрде проекциялық байланыста салынады.
Сызбаның негізгі жазудағы дерек
(бұйым белгілеуі, атауы, массасы) үш өлшемдік
үлгінің дерегімен үйлестіріледі, синхрондалады.
Айналу денелер жобалайтын КОМПАС-Shaft-2D
жүйесі «айналу денелер» типті бөлшектерді – біліктер,
төлкелер, цилиндрлік және конусты тісті дөңгелектер,
червяктар мен червякті дөңгелектер, белдікті және
тісті-белдікті берілістердің шкивтерді параметрлік жобалау үшін
арналады. Үлгінің цилиндрлік, конус тәрізді, сфералы
сатыларын, соңдай-ақ қимасы болып дұрыс
көпбұрыш табылатын сатыларын салу мүмкіншілігі
қарастырылған. Сол сатыларда шлицты, шпонкалы және
бұрандалы учаскелер, ойықтар, тегіс жерлер (лыски) мен
тұйық және орталық тесіктер жасау қамтамасыз
етіледі. Біліктер мен төлкелер үлгілерінің күрделілігі
шеттелмейді, сатылар саны кез келген болу мүмкін. КОМПАС-Shaft-2D
жүйесі «Жадығаттар мен сортаменттер» және «Стандартты
бұйымдар» корпоративті анықтамамен үйлестірілген.
КОМПАС-Shaft-2D көмегімен цилиндрлі
және конусты тісті доңғалакты, шынжырлы, червякті, белдікті
берілістердің жобалау мен тексеру есептерін істеуге және солар
үшін техникалық шарттар, көрсеткіштер кестелерін, тіс
пішінімен шығарылған элементтерін автоматты түрде
қалыптастыруға болады. Берілістердің есепті параметрлер
өзгергенде олар автоматты түрде қайта құралады.
Жүйе құрамына КОМПАС-ShaftCalc модулі кіреді. Ол
КОМПАС-Shaft-2D-де жасалған біліктер мен подшипниктерді есептеуге
арналады.
FastReport деген есеп берулер дизайнері
механикалық берілістер элементтерінің көрсеткіштері бар
кестелерінің пайдаланушы формаларын құруға
мүмкіндік туғызады.
Біліктердің параметрлік кескіндер тікелей
сызбада сақталады, сонымен КОМПАС-Shaft-2D жүйесі
құралдарымен келесі редакциялауға келеді. Құру
және редакциялау кезінде білік сатыларының орналасу тәртібін
(тышқан арқылы Drag&Drop тәсілісен жай тасымалдау
арқылы) және сатының кез келген параметірін өзгерту
немесе сатыны жою мүмкін. Жүйе айналу денелерінің он
және сол жақ көріністерін автоматты түрде салуға,
қималар жасауға мүмкіндік береді.
Қорытындылай келе, біз аталмыш екі сызу
бағдарламасының ең үлкен сұранысқа ие
екендігіне көз жеткіземіз. Сызу бағдарламаларының
нарықта бірнеше түрі болғанымен, кең функцияналға
ие, студенттер мен оқытушылар, архитекторлар мен сызба
жұмыскерлеріне ең тиімді бағдарлама осы КОМПАС пен АВТОКАД
бағдарламалары болып табылады. Алайда егер сызудың қандай да
бір ерекше түрлері, мысалы ландшафттық дизайн, ғимарат ішілік
архитектура сынды салаларда басқа да арнайы сызба бағдарламаларын
қолданамыз.
Пайдаланған
әдебиеттер тізімі
1.
AutoCAD 2000 “Практический курс”, А. Федоренков, К. Басов, М
2000
2.
AutoCAD 2000 “Для начинающих”, А. Ярвуд, М 2000
3. Норенков И.П. Основы
автоматизированного проектирования. Учебник для ВУЗов – М.: Изд. МГТУ им.
Баумана, 2000.
4. Герасимов
А.А. Автоматизация работы в КОМПАС-График БХВ-Петербург, 2010