БИОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ. Физиология человека и животных.

Асқарбекова К. Б.

Ғылыми жетекшісі: Өксікбаев Б.Қ.

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, К азахстан

ГИПОТИРЕОЗҒА ҰШЫРАҒАН ЕГЕУҚҰЙРЫҚТАРДЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ МЕМБРАНАЛАРЫНЫҢ  ТӨЗІМДІЛІГІНЕ «АЛТЫН ТАМЫР» СЫҒЫНДЫСЫНЫҢ ҚОРҒАУШЫ ӘСЕРІН БАҒАЛАУ

 

Қазіргі әлеуметтік және медициналық өзекті мәселелердің бірі қалқанша безінің патологиясы болып табылады. Гипотиреоз - 4,6 % ересек тұрғындар арасында аса жиі байқалатын  эндокриндік жүйенің бұзылуы.  90 % жағдайда серологиялық ТСГ мөлшерінің артуынан туындайтын субклиникалық гипотиреоз түрінде көрінеді [1].

Бұл патологияның түрлі формаларының  жалпы кездесу жиілігі тіпті эндемиялық зобты қоспағанда жалпы аурулардың 20% кем түспейді.  Шамамен 1/3 адам популяциясы тұратын зоб бойынша эндемикалық аймақтарда бұл сан көбіне 50%-дан асады.

Подпись: Алтын тамыр 
(Rhodiola rosea)
Организмнің төзімділігін арттыруда антиоксиданттық қасиетке ие препараттарды қолдану тиімді болып табылады. Алтын тамыр немесе Қызғылт семізот (лат. Rhodiola rosea) өсімдігінің тамырында көмірсулар , органиқалық қышқылдар , дәрілік заттар, хош иіс беретін және де басқа да белсенді әсер ететін заттар бар. Сонымен қатар ірі әрі жуан тамыры бар, жасаңшөп тұқымдасыныңсемізот туысына жататын көп жылдық, шөп тектес, өте бағалы дәрілік өсімдік. Кейбір тамырының салмағы 900 грамға дейін жетеді. Тамырының сырт жағы алтын түстес сары да, ішкі жағы ақ түсті, кепкен кезде тамырының сынған жері ашық қызыл түсті болады. Тамырының сыртқы қабығын пышақпен ептеп аршыса мұрынға аңқыған хош иіс келеді, ал сыртқы қабықтан кейінгі қабық лимон сияқты сары  түсті болады. Бұл ‒ тек алтын тамырға ғана тән қасиет [2, 3].

Осыған орай жұмыста тәжірибелік гипотиреозға ұшыраған жануарлардың эритроциттер мембраналарының төзімділігіне алтын тамыр өсімдігінің сығындысының әсері анықталды.

Жұмыстың мақсаты: тәжірибелік гипотиреозға ұшыраған егеуқұйрықтардың биологиялық мембраналарының құрылымы мен қызмет ету күйін зерттеу; тәжірибелік гипотиреозға ұшыратылған  егеуқұйрықтарда «алтын тамыр» өсімдігінің  сығындысының қорғаушы әсерін бағалау.

Зерттеу  материалдары  мен әдістері

Зерттеу жұмыстары І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің жаратылыстану пәндері кафедрасы мен Адам және жануарлар физиологиясы институтының зертханаларында орындалды. Тәжірибеде салмақтары 200–250 г зертханалық ұрғашы ақ егеуқұйрықтар эритроциттер мебраналарының физиологиялық және биохимиялық қасиеттері зерттелді

Егеуқұйрықтар келесі топтарға бөлінді: 1) бақылау тобы, 2) тәжірибелік гипотиреозға ұшыраған егеуқұйрық топтары, 3) Гипотиреоз кезінде алтын тамыр өсімдігінің сығындысын қабылдаған жануарлар. Гипотиреоз асқазан жолы арқылы үш апта бойы жануар салмағына шаққанда 2,5 мг/кг мөлшерде мерказолил беру арқылы туындатылды [4].

«Алтын тамыр» өсімдігінің сығындысы гипотиреоз туындатылғаннан кейін үш апта жануар салмағына шаққанда 10 мг/кг мөлшерде асқазан жолы арқылы берілді.

Егеуқұйрықтар келесі топтарға бөлінді: 1) бақылау тобы, 2) гипотиреозға ұшыраған егеуқұйрықтар тобы, 3) гипотиреозбен қатар шоңайна сығындысын қабылдаған жануарлар топтары. Эритроциттер мембраналарының төзімділігі зерттелді.

Зерттеу нәтижелері

Фармакологиялық препараттарды қолдану гипотиреоздың әсерін түзетуде мүмкіндіктері жетпеуіне, сонымен қатар олардың көптеген жағымсыз әсерлері болуына байлысты соңғы жылдары гипотиреозды дәрі-дәрмексіз емдеудің жолдарын игеру мен қолдану бойынша көптеген зерттеулер пайда болды. Осы бағытта биологиялық белсенді заттарды қолдану мүмкіндіктері қызықты да тиімді болып табылады.

Гипотиреозға шалдыққан егеуқұйрықтарды «алтын тамыр» өсімдігінің сығындысымен қоректендіру қорғаушы әсер көрсетеді, гипотиреоздың зықымдаушы әсері кезінде жануарлардың эритроциттер мембраналарының төзімділігін жоғарылатады.

 «Алтын тамыр» өсімдігінің сығындысының антиоксиданттық қасиеттерінің деңгейі оны жағымсыз факторлардың әсерінен мембраналардың тотыға зақымдануын тудыратын стрестік жәйттарда емдік мақсатта қолдану үшін ұсынуға мүмкіндік береді.

ӘДЕБИЕТТЕР:

1.     Іскендіров Ә. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. ‒ Алматы: Қазақстан, 1982. ‒ 188 б.

2.     Аужанова Н.Б. Редкие и реликтовые растения Семиречья. Учебное пособие. – Алматы:  Фирма Даир, 2003. – 64 с., илл.

3.     Жетісу энциклопедия.  Жоғарыға көтеріліңіз  ‒ Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. ‒712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3.

4.     Камилов Ф.Х., Лобырева О.В. Оценка биологической активности «йодполисахаридных» соеденений на экспериментальной модели гипотиреоза. // Достижения науки и техники АПК. 2007. ‒ №12. ‒ с.37-39.