э.ғ.к., Г.Е.Талапбаева
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университеті
Бюджетаралық қатынастарды
реттеу проблемалары және оны шешу жолдары
Нарық
қатынастарының
тұрақты дамуы барысында мемлекеттік бюджеттің рөлі
де өзгереді. Мемлекеттік
бюджеттің мағынасы
көбінесе экономиканың әр түрлі буынындағы табыстарды
шоғырландыру
мүмкіндіктерімен, экономикалық саясаттың және
одан тыс бағыттарымен оның
орталықтандырылған
бөлінуімен жиі байланыстыралады. Жаңа
бюджет және салық
саясатын жүзеге асырудың алғы
шаралары әр түрлі
бюджет деңгейлерінде шоғырландырылатын қаржы
ресурстары
мөлшерінің
оңтайлы жағдайы және
әрбір деңгейдің
бюджетінен қаржыландырылатын шығындар көлемі және билік
деңгейлері
арасындағы
бюджетаралық
қатынастардың
іс-әрекетке
қабілеттілік механизмін
жасау болып табылады. Республика үшін
бюджетаралық қатынастарды реттеу өте көкейтесті
және күрделі проблемаға айналып отыр. Бюджетаралық
қатынастардың
жетілдірілмеуіне байланысты әртүрлі деңгейлердегі
билік органдарының көптеген қаржылық мәселелері
өршуде. Қаржыларды орталық бюджетке шоғырландыру,
барлық деңгейлер бюджеттері арасында қарсы
қаржылық ағындардың болуы, жергілікті
бюджеттердің меншікті кірістері деңгейінің төмендігі –
осылардың барлығы жергілікті билік органдарын халықтың
өмірлік маңызды проблемаларын шешу мүмкіндігіне айырады,
сонымен қатар сәйкес аумақтарда тиімді салықтық –
бюджеттік саясатты жүргізуге кедергі жасайды. Бюджеттік жүйе
деңгейлері бойынша салық әлеуетін таратуды үйлестіру
сияқты бюджетаралық қатынастардың маңызды
сұрағы әлі шешілген жоқ.
Аймақтардың өз күштерімен
тапшылықты қысқартуға тырысуы меншікті кіріс жетіспеушілігі
мен сипатталады. Осы жерде бюджеттік жүйенің тігінен баланстану
деңгейі туралы сұрақ туады. Егер әрбір деңгейде
тағайындалған шығыс өкілеттіліктері жалпы бюджеттік
ресурстарға жауап берсе, бюджеттік жүйе тігінен
баланстандырылған болып табылады. Тігінен баланстанбаумен күресуге
мүмкіндік беретін, әдістер бар. Үлестік негізде бюджеттік
жүйе деңгейлері арасында кірістерді тарату функциясын және
трансферттерді таратуды саяси көзқарастан және
экономикалық тиімділік тұрғысынан жергілікті өкіметке
берген жөн.
Біздің
ойымызша, Қазақстанда жаңа бюджетаралық қатынастар жүйесін қалыптастыруда
анағұрлым елеулі мағынаны келесі
мәселелер көрсетеді:
-
барлық
бюджет жүйесінің тұрақтылығының
кепілдігі ретінде мықты мемлекеттік бюджетті қалыптастыруды, нарық экономикасын
реттеудің қуатты құралы және
мемлекеттің жалпы ұлттық функцияларын жүзеге
асыруды қамтамасыз ету;
-
әлеуметтік және
инвестициялық бағдарламаларды бірлесіп
қаржыландыруға
жергілікті және республикалық бюджет
ресурстарын аумақтарға
шоғырландыру,
мақсатты
қаржылық
трансферттерге өту.
Әлемдік
тәжірибе көрсеткендей бюджеттік жүйенің
барлық деңгейлерінің ұзақ мерзімді баланстануын
және дербестігін жоғарғы бюджеттерден субсидия, субвенция,
трансферттер және қаражат бөлудің басқа
формаларын бөлу көмегімен төменгі деңгейдегі
бюджеттерге қаржылық көмек көрсету негізінде емес,
ең бірінші салықтық бөлулер әдістерімен қамтамасыз
ету қажет.
Осыған байланысты Германия тәжірибесіне
көңіл аударуға болады.
Мұнда жерлердің жанбасылық салықтық
кірістерін теңестіру процесі, жерлердегі тұрғындар санына
байланысты қосылған құнға салық
бөлігін жерлер арасында бірыңғай формула бойынша таратудан
басталады. Бұл белгілі
деңгейде сол немесе басқа жерлердің ерекшеліктерін ескеруге
мүмкіндік береді. Нәтижесінде, әрбір жерде бөлінген
қосылған құн сомасы мен сәйкес аумақтарда
жиналатын немесе таратуға жатқызылатын салықтың жалпы
көлемі арасындағы қатынасты қарастырса, онда
алынған проценттік үлестер барлық жерлер үшін бірдей
емес, дифференциалды болады. Енгізілген өзгерістердің себептерін,
олардың негізділігін тұжырымдайтын көзқарастарды
қарастыра келе, келесідей орынды қайшылықтар туады:
1) өзгеріс орталықтандырмауды жүзеге
асыру мақсатын көздеген.
Бірақ мемлекеттік басқару деңгейлері арасында
функцияларды нақты шектеу, жергілікті бюджеттің тұрақты
кірістерін қамтамасыз ету, бюджеттің қаржылық
дербестігі сияқты проблемалар шешілмейінше орталықтандырмау проблемасы шешілмейді;
2) корпоративтік табыс салығынан бөлулерден
жеткілікті бюджетке түсімдер барлық салықтық
түсімдердің 1/3 бөлігін құрады. Бұл
түсімдер республикалық деңгейге берілсе, облыстар
үкімет трансферттерін алуға мәжбүрлі болады,
сәйкесінше дербестікке қол жеткізу мүмкін болмайды;
3) толық дербестікке реттеуші салықтардан неғұрлым
көп мөлшерде бөлулер жасағанда және үкімет
облыстық бюджеттер тапшылығына бақылау жасамай олардың
табыстарына түзету енгізгенде қол жеткізуге болады;
4) жергілікті бюджеттерге толығымен түсетін
акциздер жергілікті бюджеттердің кіріс базасын нығайта алмайды,
өйткені бұл түсімдер корпоративті табыс салығы мен
акциздер арасындағы айырмашылықтың орнын толтыра алмайды.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1
Павлов А.С. Основные направления бюджетной политики и
существующие проблемы // Банки Казахстана. – 2003. – №4. – С. 5-6.
2
Кубаев К.Е. Эффективное государственное управление. –
Алматы: Қазақ университеті, 2006. – С. 44.