Экономические науки /13.Региональная экономика
Бекешева Дана
Айтбаевна
Қорқыт
Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға
оқытушысы, Қазақстан
Шағын және орта
бизнесті дамытуда өндірістік шығындарды төмендетудің
маңызы
Ел экономикасы дамуының қайнар көзі – шағын
және орта бизнес субъектілері болып табылады. Елбасының жыл
сайынғы дәстүрлі халыққа жолдауында бизнесті
дамытуға маңызды рөл беріліп, оны дамытудың жаңа
тетіктері қарастырылуда.
Бүгінгі күні өндірістік саланы алатын болсақ,
ең алдыңғы қатардағы мәселелерге
өндіретін өнім түрлеріне зор мән бере отырып,
өндіруге кеткен шығындардың ауқымын
неғұрлым азайтып және өзіндік құнын
дұрыс, әрі дәл анықтау міндеті жатады.
Осы мәселеге орай кәсіпорын
өндірістік шығындарды есептеу жолдарын дұрыс жүйеге
келтіре отырып, өнімнің өзіндік құнын
төмендету жолдарын іздей отырып, өндірістің шаруашылық
қызметін басқару заңдылықтарының халық
шаруашылығында өркендеуіне жол береді.
Негізгі қаражатты тиімді
жұмсап, еңбек
өнімділігін арттырған және өз
қызметтерін дұрыс
үйлестірген өндірістік кәсіпорындарда шығындар әлде қайда төмен болады.
Өнімнің өзіндік құны арзан болған сайын,
кәсіпорындар таза пайданы көп түсіреді [1. 65б.].
Өндірістік
есепті дұрыс ұйымдастыру кез-келген кәсіпорындар үшін
маңызы зор. Сапасы жоғары жаңа технологияны
өндіріске енгізе отырып өнім өндіру шығынның
төмендеуіне әсер етеді.
Өндірістік
кәсіпорындарда шығындар
есебін ұйымдастыру,
сондай-ақ дайын өнім мен
аяқталмаған
өндірістің өзіндік
құнын есептеу әдістерін дұрыс
басқару оның жоспарлау мен бақылау процесін тиімді жүргізуге
мүмкіндік береді. Сонымен бірге
өндіріске жұмсалған шығындарды
құжаттары бойынша қандай калькуляциялау объектісіне
жататындығын белгілеп, ондағы үстеме
шығындарын ажыратады.
Өндіріс
шығындары өнім өндіру, жұмысты орындау және
қызмет көрсету шығындары мен сату шығындарын қоса
қамтиды. Бұдан туатын тұжырым, алдымен өндіріске
жұмсалған шығындар материалдандырылып актив ретінде
нақты өзіндік құны бойынша тіркеліп, дайын өнім
(қызмет, жұмыс) түрінде болашақта табыс әкелу
қасиетіне ие болады. Өндіріс шығындары, өндіріске
жұмсалған шығындар мен сату шығындарының жиынтығын
білдіретін түпкілікті мақсатқа жетелейтін өндіріс
және сату үрдісінің шығындарының жиынтық
көрсеткішіне айналып, сатылатын өнімнің
(қызметтің, жұмыстың) құны
қалыптасады [2. 89
б.].
Біздің ойымызша, өндіріс шығындары өнім
өндірісіне және оны сатуға жұмсалған
жиынтық шығындар, бұл шығындар сатылатын
өнімнің құнын құрайды, ал
өнімнің өзіндік құны өндіріс процесінде
пайдаланылған құралдардың, еңбек
заттарының, еңбек ақының және басқадай
ресурстардың құндық бағасын білдіреді, яғни
өзіндік құн өнімді өндіру және сату
ұйымға қаншаға түсетінін көрсетеді.
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Методика финансового анализа.
– М.: ИНФРАМ, 2005.
2.
Балабанов И.Т. Анализ и планирование финансов
хозяйствующего субъекта: Учебн. Пособие. – М.: Финансы и статистика, 2004.