Экономические науки/Государственное
регулирование экономики
М.э.н., преподаватель
Боранбаева А.К.
Университет «Нархоз», Казахстан
Денсаулық
сақтау жүйесін қайта құрылымдаудағы
арттықшылықтар мен мәселелер
Соңғы онжылдықта барлық
мемлекеттерде денсаулық сақтау шығындарының
өсіміне төмендегідей факторлар әсер еткен:
-
Демографиялық:
туу көрсеткішінің төмендеуі, тез қартаю
байқалған;
-
Нақты
медициналық қызмет көрсету көлемі артқан;
-
Жаңа,
әрі қымбат медициналық дәрі-дәрмектер мен
технологиялар көбейген;
-
Инфляция
орын ала бастаған;
-
Емделуші
құқығы өсіп, өз денсаулығына
қызығушылар саны арта бастаған;
-
Медицина
саласындағы қызметкерлердің жалақысыз мардымсыз болуы;
-
Мемлекет
бөлген қаражаттар белгіленген салаларға жұмсалмауы;
-
Денсаулық
сақтау саласында көп шығын жұмсап, аз нәтиже
беретін технологияларды қолдану.
Көптеген елдерде денсаулық сақтау
жүйесінің қажеттіліктері таусылмауымен, ала мемлекет
бюджетінен бөлінетін қаражаттардың жетіспеушілігі салдарынан
жоғарыдағы мәселелер орын алған. Денсаулық сақтау
саласында дәрілер мен технологиялардың қымбаттауы ғана
шығындарды көбейтпейді, сонымен біргше кәрі жастағы
қаралушылардың ауру түрлерінің артуы да әсер
еткен.
Бұндай мәселелер денсаулық сақтау
шығындарын өсіріп, әрбір онжылдықта ЖІӨ
–нің 1% артуын құрап
отырған. XXғ. 20жылдары
ЖІӨ-нің 0,7-1,2% денсаулық сақтауға
жұмсалса, қазіргі уақытта Европа мемлекеттерінің
ЖІӨ-нің 1-9% құрайтын болған.
Соңғы мәліметтер бойынша барша
әлем ЖІӨ-нің 12-16%
денсаулық сақтауға жұмсайды деп болжануда.
Азаматтарының денсаулығын сақтай алмаған
мемлекеттің экономикасыда дамымайды.
Денсаулыққа жұмсалған қаражаттар
халықтың еңбеккке қабілеттілігін де арттырады. Сол
себепті болашақта мемлекеттер денсаулық сақтауға ЖІӨ-нің қанша пайызын
жұмсай алады?
Соңғы уақытта дамыған
мемлекеттердің ЖІӨ-нің 12% жұмсаған
мемлекеттердің нәтижесін қарастырсақ халық
денсаулығы жақсармаған. Соған орай, денсаулық
сақтау шығындарын көбейтуі мәселені шешпеуі де
мүмкін, сондықтан денсаулық сақтау саласына реформалар
енгізуі қажет. Денсалық сақтау саласын реформалаудағы
негізгі нысан қосымша қаражат көздерін іздестіру, ерікті
және міндетті сақтандыру түрлерін енгізту керектігін
көрсетеді.
Бірінші ұлттық денсаулық сақтау
жүйесі Германия канцлері О.Бисмарктың 1881 ж.бастамасымен міндетті
сақтандырудың классикалық моделінің негізі болып
табылады. Германияда жариялық-құқықтық
медициналық сақтандыру мемлекет қаражатына тәуелсіз
неізде құрылды. Тек
халықтың 2%-ы мемлекеттің сақтандырылуына
жүгінсе, 80% міндетті медициналық сақтандырылады,
қалған 8% ерікті нысанда сақтандырылған. АҚШ-та
ерікті сақтандыру түрі жүргізіледі, жұмыс беруші
тарапынан қамтамасыз етіледі. Ал, Израиль денсаулық сақтау
жүйесінде ең үздік ел. Себебі заманауи технологиялар, жан
басынан шаққандағы дәрігерлердің көптігі,
өмір сүру ұзақтығы алдыңғы
қатарда. Израильде ерекшелік халықтан денсаулық сақтау
салық ретінде міндеттеледі. Азаматтардың денсаулығына
көп қаражат бөлуші мемлекет Италия. Дүниежүзілік
Денсаулық сақтау ұйымының зерттеуі бойынша Франция
алдыңғы орында. Францияда әлеуметтік сақтандыру
жүйесінде 20 жоғары
сақтандыру түрлері және 90 сақтық компаниялары
бар.
Дамыған мемлекеттердің қаржылық
жүйедесінде сақтандыру жарнасы сақтанушы
тұлғаның табысына сай алынып, ал қызмет
көрсетілуі салған жарнасына байланыссыз көрсетіледі. Мемлекет
жүйенің дұрыс жұмыс істеуін қадағалайды.
Қазақстан Республикасында да халықты
түбегейлі емдеу жолдары ұсынылып, қоғам мен мемлекетті
түбегейлі өзгерту жүйесі қарастырылды. Әлемдік
тәжірибені зерттей келе, елімізге міндетті сақтандыру жүйесін енгізу жобасы ұсынылды. Біздегі
бағыт Германиялық үлгіге сүйене отырып енгізілуі
жоспарлануда. Қордың ұйымдастырушысы мен жалғыз
акционері ҚР Үкіметі болмақ. Қордың жарнасынан
халықтың 15 санаты босатылмақ.2015 жылдың қарашасында
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заң жобасы
ұсынылған болатын. Заңға сәйкес
халыққа медициналық қызметтің 2 пакеті
ұсынылған болатын. Біріншісі мемлекет бюджетінен
қаржыландырылатын базалық пакет. Екіншісі – жаңадан
құрылатын сақтандыру қорларының пакеті.
Қосымша түрде азаматтар ерікті сақтандыру түрлерін де
пайдалана алады. Азаматтарды да 3
топқа бөлу жоспарланған. Бірінші топ, яғни ерекше
санаттағы азаматтар үшін жарна орташа айлық
еңбекақының 7% құрамақ. Екінші топ
азаматтарына, жұмыс берушілер енгізіледі, жарнасы жалпы кіріс
көлемінің 5%, өзін-өзі жұмыспен
қамтыған азаматтар (жеке кәсіпкерлер, нотариустар, жеке сот
орындаушылары, адвокаттар, т.с.с)
кірісінің 7 % төлейді. Бастапқы жылдары 3 топқа
да аз пайызбен басталып, сатылай өсу көзделген.
Осы қабылданған жүйенің пайдасы
мен кемшіліктерінен қарастырар болсақ. Кемшіл жақтары
қаражат шығындарын көбейтіп, аз жалақы алатын
тұлғалардың тұрмыс-тіршілігін тарылтады.Жақсы
жақтары, міндетті медициналық сақтандыру халықты
әлеуметтік салық төлеуден арылтса, жұмыс беруші
тұлғалар үшін көмек ақы төлеуден босатады.
Көмек ақына әлеуметтік медициналық сақтандыру
ұйымы төлейтін болады. Сонымен қатар, медициналық
қызметтердің сапасын
арттырып, дәрігерлердің жауапкершілігі мен мамандарды көбейту
және технологиялар мен
дәрі-дәрмек түрлерінің тиімділігін күшейтері
анық.
Кемшіл
тұстарын болдырмас үшін,
үш жақ: мемлекет, медициналық қызметкерлер,
халықтың келісімі болуы керек. Сондай-ақ міндетті
әлеуметтік сақтандыру үлгісінде қосымша келесідей
қағидаттар орындалғаны жөн: әділеттілік,
әлеуметтік теңдік, көрсетілген қызметтің
нәтижелілік және сұраныс көлемін
қанағаттандыру қағидаты.
Қорыта
келгенде, әлеуметтік міндетті медициналық сақтандыру тек
мемлекет үшін ғана емес, халық мүддесіне де
қажет. Халықтың өз денсаулығына
қызығушылығын арттырып, демографиялық жағдайды
жақсартады.