Орманов Айбек Ерғалиұлы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Экономика мамандығының магистранты

 

Шайнуров Абай Серикович

э.ғ.к, аға оқытушы

 

Инвестицияның экономикалық мазмұны, маңызы және жіктелуі

 

Экономикадағы инвестиция рөлі мен мәні олардың экономикалық маңызымен анықталады. Жиынтық шығындардың негізгі құраушысы бола отырып инвестициялар жиынтық сұранысқа елеулі ықпал етеді, нәтижесінде ұлттық өндіріс пен халықтың жұмыспен қамтылуына әсер етеді.

Экономикалық теориядағы «инвестиция» категориясы бірнеше жүздеген жылдан бері бар. Көптеген ғалымдар инвестиция табиғатын, әрекет ету механизмі мен тиімділігін зерттеді.

Ғылыми, экономикалық әдебиетте инвестиция ұғымы түрліше түсіндіріледі. Кейбір авторлардың материалдарында инвестициялар әр түрлі активтерге (материалдық және материалдық емес) қаржы ресурстарын салу ретінде, басқаларында – ақшалай қаражат шығындарын өндіруге бағытталғандар ретінде қарастырылады, олардың көмегімен капиталды қолдайды және кеңінен таратылады.  Үшіншілері табыстарды және/немесе әлеуметтік нәтижелерді алу мақсатында кәсіпкерлік пен өзге қызмет құндылықтарының барлық түрлері, мүліктік пен зияткерлік объектілеріне салуды ұсынады.  Көптеген авторлардың еңбектерінде күрделі қаржы жұмсалымы мен инвестициялар арасында айырмашылық берілмейді, ал ғалымдардың бір тобы инвестициялар деп олардың нысаналы бағыттылығына қарамастан, кез келген қаражат жұмсау деп түсінеді [1, 80 б.].

«Инвестициялар» - шетел сөзі (латын тілінен investire, неміс тілінен Investition аударғанда «киіндіремін, салым саламын»). Біз үшін біршама жақын инвестицияға бастапқыда анықтама берген Дж.М.Кейнс тұжырымдамасы болып табылады, «инвестициялар – осы кезеңнің өндірістік қызметінің нәтижесіндегі капиталдық мүлік құндылығының ағымдағы өсімі немесе тұтынуға пайдаланылмаған нақты кезеңдегі табыс бөлігі» [2, 50 б.]. Оның пікірінше, белгілі бір кезеңдегі өндірістік қызмет нәтижесінде алынған күрделі мүлік құндылығының ағымдағы өсімі немесе осы кезең ішіндегі табыс бөлігі сатып алу үшін пайдаланылмайды. Мұнымен Дж.М.Кейнс инвестициялар ауқымы мен олардың мәнділігін түзейтін көп факторлардың әсерін ескермей, жинақ ақша ұғымын инвестицияларға жақындатады.

Қазақстанда «инвестиция» термині шаруашылықты жүргізудің нарықтық жүйесіне көшкеннен кейін ғана кеңінен қолданыла бастады. Бұрынғы экономикалық жүйеде «күрделі қаржы жұмсалымы» термині қолданылды, ол «негізгі қорлар бойынша бір жолғы шығынды» білдірді. Экономикалық әдебиетте «инвестиция» және «капитал жұмсау» ұғымдарын теңестіреді. Біздің пікірімізше «капитал салымдары» - инвестицияның бір түрі. Біз капитал салымы «тек негізгі капиталға салым салу, экономикалық ресурстардың басқа түрлеріне салым салуды капитал салымы деп айту қабылданбаған» деген бірқатар қазақстандық және ресейлік ғалымдардың пікірімен келісеміз.

Осылайша капитал салымы – негізгі капиталға, негізгі қорларға салымдар, оның ішінде жаңа құрылысқа жұмсалған шығын, ұлғайтуға, жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды қайта жасақтау және қайта құру, машиналарды сатып алу мен жабдықтау, жаңа технологияларды, жобалау және зерттеу жұмыстары, ТКҒЗЖ, сондай-ақ, тұрғын үй және мәдени-тұрмыстық құрылысқа жұмсалған шығын.

Инвестиция көбінесе шикізатты, материалдарды, энергияны сатып алуға жұмсалған ағымдағы шығыстар сияқты негізгі капиталға салым ретінде түсіндіріледі. Мысалы, ғалымдар - Г.П. Журавлеваның және  И.Ю. Малышеваның пікірі бойынша «инвестициялар жаңа технологияларды, материалдарды және басқа да жабдықтар  мен еңбек құралдарын енгізуге байланысты өндірісті кеңейту мен жаңартуға араналған шығыстар болып табылады» [3, 21 б.]. Олардың пайымдауынша, негізгі және айналымдағы қорларға салымдар арасында ешқандай айырмашылық жоқ, сондықтан ғылыми-техникалық ілгерілеуге, адами және зияткерлік капиталға инвестициялар және т.б. есепке алынбаған. Айналымдағы қаражатты инвестициялық қызметтің негізгі объектісі деп танитын қазақстандық экономист-ғалымдар да осындай пікірді ұстанып отыр. Олар инвестициялардың күрделі салымдардан басты айырмашылығы, айналымдағы қаражатты толықтыруға арналған негізгі капиталға салым  сияқты, инвестицияларды пайдалану деп санайды.

Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, біздің экономика ғылымында инвестициялардың мәніне қатысты әр түрлі пікірлердің бар екендігіне көзіміз жетті. Біз «инвестициялар» және «күрделі салымдар» санаттарының арасында белгілі бір шектер бар, инвестициялар ұғымы күрделі салымдар ұғымына қарағанда кең деп санайтын экономист-ғалымдардың ұсынысымен келісеміз. Сондай-ақ біз ағымдағы шығыстар инвестицияларға жатқызылмайды деген пікірді де қолдаймыз. Қаржы қаражатын салу, біздіңше, бір жолғы да, сондай-ақ бірнеше кезеңдерде де болуы мүмкін.  

Жоғарыда атап көрсетілгеніндей, инвестициялар ұғымы күрделі салымдар ұғымына қарағанда кеңірек, өйткені соңғысы негізгі капиталды молықтыруға арналған шығыстар болып табылады. Материалдық және материалдық емес активтерге қаражат салу (әр түрлі) инвестициялар деп түсіндіріледі, ол тікелей – инвестордың өзінің сатып алуы, сондай-ақ  капиталды басқаруға қатысу (тікелей инвестициялар), сондай-ақ жанама -  инвестордың өзінің қаржы қаражаттарын сатып алуы арқылы және  немесе үшінші тұлға арқылы, инвестордың басқаруға тікелей қатысуы (қоржынды инвестициялар) міндетті емес. Инвестициялардың мақсаты қаржы құралдары арқылы материалдық байлықты және инновациялық саланы молайту және материалдық емес сипаттағы қоғамдық құндылықтың өсуі болып табылады.

Біз қарастырылып отырған санатты былай анықтауды ұсынамыз: «Инвестициялар – бұл кәсіпкерлік қызмет объектілеріне қаражатты  (ақшалай, мақсатты банк салымдарын, пайларды, акцияларды және басқа да бағалы қағаздарды) кеңейтуге және/немесе жаңартуға, сондай-ақ технологиялар, машиналар, жабдықтар, лицензиялар (оның ішінде тауар таңбаларына, кредиттер), тікелей немесе жанама салым, сондай-ақ кіріс (пайда) алу және оң экономикалық және белгілі бір уақыт кезеңінде әлеуметтік тиімділікке қол жеткізу мақсатында кез келген басқа мүлікті немесе мүліктік немесе мүліктік емес құқықты, зияткерлік және моральдік құндылықтарды салу болу табылады» [4, 69 б.].

Статистикалық есепте және экономикалық талдау оларды капитал құрушы инвестициялар деп те атайды. Экономикалық мәні бойынша капитал салымдары негізгі қорларды қайта жасауға бағытталған қоғамдық өнімнің бір бөлігін білдіреді (ең бастысы жинақ қоры).

 

 

1 сурет – Инвестицияның негізгі компоненті ретіндегі капиталдық салымдардың классификациясы (жіктелуі)

 

Басқаша айтқанда капитал салымдары халық шаруашылығы салаларын дамыту мен халықтың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арналған негізгі қорларды құрумен және жаңартумен байланысты қоғамдық қажетті шығындардың жиынтығын білдіреді. Капитал салымдары 1-суретке сәйкес жіктеледі.

Инвестициялар әрқашан капитал құрумен, жаңа қорлар мен капиталдарды құрумен байланысты, сондықтан да капитал билік ететін экономикалық жүйеде бұл процес олардың мәнін тікелей білдіреді. Кеңейтілген ұдайы өндірістің қажетті шарты бола отырып үнемі шығынды (жаңа кәсіпорындар құрылысына, оларды жабдықпен жасақтау, кадрларды дайындау және т.б.) талап етеді, бұл шығындардың орны әдетте ұзақ уақыт ішінде өтеледі.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1 Игонина Л.Л. Инвестиции: Учеб. пособие / Л.Л. Игонина; Под ред. В.А. Слепова. — М.: Юристъ, 2012. — 480 с.

2 Инвестиции: учебное пособие / Под ред. В.В. Ковалева.- М.: Проспект, 2008. – 360 с.

3 Инвестиции: Учеб. пособие /Под ред. М.В. Чиненова. – М.: КноРус, 2011. – 368 с.

4 Меркулов, Я.С. Инвестиции: учебное пособие /Я.С. Меркулов.- М.: ИНФРА-М, 2010. – 420 с.