Қаржы және банк ісі

 

Аға оқытушы Өмір А.Ж.

«Нархоз» Университеті, Қазақстан

Исламдық облигацияның дамуы және оның айналысы

 

Исламдық қаржыландырудың рөлі бүкіл әлемде артып келеді, сонымен қатар исламдық қаржы салыстырмалы түрде жас сала болып табылады. Қазіргі таңда шетелде көптеген мемлекеттердің қаржылық құрылымдары белсенді пайдаланатын исламдық қаржының қарқынды дамуы орын алып отыр.Көптеген мұсылман мемлекеттер өздерінің экономикаларын дамыту үшін исламдық қаржыны тартудың механизмдерін сәтті пайдалануда. Әлемде белгілі банктердің көпшілігі және әлемдік мемлекеттердің үкіметтері қаржыландырудың балама көздеріне, сонын ішінде исламдық қаржыландыруға назар аудара бастады. Қазақстандық банктер мен банктік емес ұйымдар да исламдық қаржыға қызуғушылық танытуда.

Сурет 1 -  Географиялық бөлінуі

 

Исламдық қаржыландырудың құралы – исламдық облигация (сукук), мемлекетіміздің дамуына оң әсерін тигізеді. Сукук құралын көптеген мемлекеттер шығару арқылы елдерінің экономикалық дамуын қамтамасыз етіп отыр.

Сукуктың мақсаты ірі жобаларды қаржыландыруға инвестордың қаражатын тарту. Бір жағынан, инвесторларды қорғау және олар үшін салымдар бойынша алынатын пайданы қамтамасыз ету, екінші жағынан-шариғат талаптарына сәйкес жұмыс жасау. Сукук шариғат қағидаларына үйлеспейтін жай облигация емес, ол ұстаушылардың құқықтарын нақты активке, белгілі бір қаржылық операцияларынан түсетін қаражат ағынын және т.б. құқықтарын құжаттайды. Сонымен қатар, сукук бекітілген пайданы қамтамасыз етпейді, ол қаржыландырылатын жобаның  пайдасына тәуелді болып келеді[1].

Жалпы сукукты ислам нормаларына сәйкес жұмыс жасайтын, исламдық облигация деп атауға болады. Сукук базалық келісім-шартқа  байланысты үлестік немесе борыштық болуы мүмкін. Бұл сукуктың дәстүрлі облигациядан айырмашылығын көрсетеді. Дәстүрлі облигаци борыштық құрал болып табылса, онда сукук мәні бойынша активтегі үлес құқығын растайтын инвестициялық куәлік болып табылады[2].

Исламдық қаржыландыру Малайзияда, Катарда, Кувейтте, Сауд Арабиясында және Бахрейнде жақсы дамыған. Исламдық қаржылындару секторы жаһанды қаржылық жүйеде ең қарқынды даму үстінде: ол жылына 15-20% өсіп отыр. Қазіргі кезде исламдық банкингтердің активтері 2017 жылы 1,7 трлн АҚШ долларын құрап отыр. Малайзия – бағаланатын сукукты және басқа да қарыздық қағаздарды міндеттейтін санаулы елдердің бірі. Жоғарыда берілген мәліметтер бойынша Малайзия исламық қаржыландыруды дамытуда ірі көшбасшы және қазіргі уақытта әлемдік сукук шығаруда басым болып отыр.

 

 

Сурет 2 - Сукук облигациясын шығарушы мемлекеттердің үлесі

 

Сукук нарығы қарқынды дамуда және инвесторлар мен эмитенттер осы салада көптеген жаңа жобаларды іске асыруға өз мүдделерін білдіруде. Сукук орта мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялар, инвесторлар жинақтарының үлкен базасының балама құралы ретінде өзінің өмір сүру қабілеттілігін  дәлелдеді. Жыл өткен сайын сукуктың әр түрлі модельдері пайда бола бастады. 

Fitch рейтингтік агеттігінің бағалауы бойынша сукукты шығарудың жалпы көлемі Малайзия, Залив, Индонезия, Турция, Сингапур және Пакистан елдерінде 2016 жылы 11,1 млрд.долларды құрады. Эмиссияланған сукук көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 21% өсіп отыр. Ал исламдық емес облигацияларды шығару көлемі 17,1 млрд.долларды құрады, яғни 23%  төмендеп кеткен. Сол себептен, сукук жоғарыда аталған елдерде шығарылған облигациялардың жалпы көлемнің 39,3% құрап отыр. Бұл мәліметтер аталған елдерде исламдық бондтарды пайдалану тенденцияларының өсуін дәлелдеп отыр. Ол құқықтық және реттеу базасын құрып, оны дамытумен байланысты[3].

Сурет 3 - 2010-2016 ж.аралығындағы әлемдік сукук шығарылыvs, млн. АҚШ,$    

 

Әлемдік сукук шығарылымын сурет 3 көріп отырғанымыздай 2010-2016 жылдар аралығында біраз өзгерістерді байқаймыз. 2012 жылы сукук шығарылымы шарықтау шегіне жеткен, яғни 137,14 млн.долларды құрады. Ал 2013 жылы 2015 жылдар аралығында  сукук шығарылымы төмендеді, 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда 1,06 ℅ өсті. Болашақта да әлемдік сукук шығарылымы өсіп, қаржы саласының дамуына ықпалын тигізеді [3].

Сурет 4 - Сукуктың өсуінің болжамы

Сурет 4 көріп отырғанымыздай, Thomson Reuters агенттігінің зерттеулерінің болжамы бойынша, әлемдік исламдық облигацияның шығарылымының 2020 жылға дейінгі болжамын келтірілген. Көріп отырғанымыздай жалпы әлемдік сукук шығарылымының жыл сайын өсіп отыратындығын байқауға болады. Сукукқа деген сұраныс жыл сайын өсетін болса, жалпы әлемдік сукуктың шығарылымы көбейеді деп болжайды. Сукук ұзақ мерзім ішінде өтеледі, сол себептен берілген мәліметтерден оның өтелуі төмен екендігін көруге болады [4].

Қорыта айтқанда, сукук айналасын талдау барынсында анықталған жағдай, шет мемлекеттерде исламдық қаржыландырудың құралы сукуктың шығарылымы жоғары деңгейде дамыған. Мемлекетіміздің экономикасына түрлі факторлар әсер етеді. Біздің мемлекетіміз алға қойған жоспарлары бар. Соларды шешу үшін әр түрлі балама әдістерді іздестіру қажет. Соның ішінде исламдық құралдарды және исламдық облигацияларды енгізу арқылы қойған мақсатымызға қол жеткізуге болады. 

                                                    

Әдебиеттер тізімі:

1.       Е.Ә.Байдәулет. Этикалық (ислам)қаржыландыру негіздері: Оқу құралы. – Екібастұз: Е.Ә.Байдәулет редакциясымен PrimaLux баспаханасы,2014. - 64 - 66 б.

2.       Исламские облигации (сукук): введение и применение//islam.com.ua/nauka/-islamskie-obligacii-sukuk-vvedenie-i-primenenie

3.  Исламдық қаржыландыру бойынша ақпараттандыру орталығының 

( IFIS ) мәліметтері

4.  Islamic Banks in Bahrain //www.islamicfinance.com/Islamic-banks-bahrain