ІСКЕРЛІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС – КӘСІПКЕРЛІК МӘДЕНИЕТТІҢ ЕҢ МАҢЫЗДЫ БӨЛІГІ
Тасжарғанов С.И.
НАРХОЗ Университеті, Алматы қ., Қазақстан
Кілттік сөздер: іскерлік қарым-қатынас,
халықаралық іскерлік және бизнес, кәсіпкерлік
мәдениет, іскерлік келіссөздер.
Аңдатпа. Аталған мақалада іскерлік
қарым-қатынастың кәсіпкерлік қызметтегі алатын
орны жайлы және кәсіпкерлік мәдениеттің маңызды
бөлігі ретінде қарастырылды. Іскерлік қарым-қатынас
жасаудың стадиялары көрсетіліп, ол стадияларда жасалатын амалдар
сараланды. Іскерлік келіссөздер жүргізуге қажетті
дағдылар мен әдістер ұсынылды.
Бүгінгі күні біз өмір сүріп
жатқан жаһандық кезеңде, нәтижелі
қарым-қатынас жасау өте тиімді және басқа
мәдениеттер өкілдерімен өзара байланысудың табыс
кілті екені мәлім. Кәсіпкерлік
қызметте коммуникативтік дағдылар жақсы іскерлік
қарым-қатынас пен тұлғааралық дағдыларды
құру және нығайту үшін маңызды болып
табылады.
Ал
халықаралық деңгейде табысқа жету үшін
әлемдік бизнес, олардың мүшелері, тиімді
мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын дамыту маңызды.
Әлемнің көптеген компанияларында жұмыс істейтін
жергілікті тұрғындар мен шетелдіктер арасында мәдени
айырмашылықтар бар екені айдан анық.
Халықаралық
іскерлік мына белгілер бойынша ерекшеленеді:
·
әр
түрлі елдерде түрлі валюталар қолданылуы; әртүрлі
елдердің құқықтық жүйелері арасында
айырмашылықтарының болуы, бұл бір немесе бірнеше тараптарды
өз әрекеттерін жергілікті заң жүйелеріне сәйкес
келтіру үшін оларға өз іс-әрекеттеріне түзету
енгізуге;
·
шетелдік
компанияларда жұмыс істейтін жергілікті тұрғындар мен
шетелдіктер арасында мәдени айырмашылықтардың болуы -
бұл тараптардың әрқайсысын өз
іс-әрекетінің стратегиясын
басқа тараптың күтулеріне сәйкес келетіндей етіп
құруға мәжбүрлейді.
·
халықаралық
компаниялардың мамандарының міндетіне компанияның шет
елдердегі мысалы, еншілес компаниялардың қызметтерін сол елдердегі
салық және басқа да бақылаушы органдармен қабылданған
нормаларға сәйкестендіру кіреді.
Мұндай
мәдениетаралық іскерлік қарым-қатынас пен бизнес көбінесе
әлем мойындаған ағылшын тілінде жүргізіледі. Ондай
қарым-қатынастар: келіссөздер, кездесулер, электрондық
пошта және жарнама арқылы жүзеге асырылады.
Халықаралық
бизнесте түрлі мәдениет өкілдері немесе топтары
арасындағы, яғни қарым-қатынас ортасындағы
өзара түсіністіктегі маңызды аспектісі болып,
мәдениет саналады. Сондықтан да, іскерлік қарым-қатынас
жасаудың дағдыларын игеріп, дұрыс пайдалану қажет [1].
Іскерлік
қарым-қатынас жасай білу, қиыннан жол таба білу, белсенділік -
адамды көздеген мақсатына жеткізетін қасиеттердің бірі. Іскерлік әңгіменің нәтижесі
жеке адамның іскер топ ортасында немесе іскер адаммен бетпе-бет
сөйлескенде өз пікірін өтімді айта білу, пікірін
қорғай алу, сөзін дәлелді жеткізу дағдыларын
меңгергенде оң болатыны даусыз. Өз мақсатымызға
жету үшін іскерлік әңгіме тақырыбын, оның негізгі
жүйесін алдын ала жоспарлауы тиіс. Адам іскерлік әңгімеде
өзінің жұмысқа қабілетті екенін, бұл
мәселені жан-жақты білетінін таныту үшін артық
сөз, артық мақтануға бой алдырмауы қажет.
Іскерлік
қарым-қатынас жасаудың бірнеше стадиясы бар:
·
Дайындық
(алдын ала сөйлесу стадиясы);
·
Келіссөздер
жүргізу кезеңі, егер нақты шешім мен келісімге келген
жағдайда, қол қойылса (қарым-қатынас стадиясы);
·
Келіссөздер
нәтижесінде қол жеткізген келісімдерді талдау (имплементация
стадиясы).
Көздеген
мақсатқа жету үшін, ең алдымен кімге баратыныңды
зерттеуден бастау керек. Қабылдайтын жауапты адамның жалпы болмысы
қандай, онымен қалай тіл табысуға болады деген мәселені
анықтап алған жөн. Іскерлік қарым-қатынас тілі
кәсіпкердің белгілі бір салаға қатысты жүйелі
білімін, біліктілігін, кәсіби тіл шеберлігін қажет етеді.
Кәсіпкер өз ортасында әріптестерімен пікірлескенде,
сәлемдесу, жұмыс барысын таныстыру, өз жұмысының
жоспарын қысқаша түсіндіру барысында әдеп пен
мәдениет деңгейін сақтауы керек. Нақты ұсынысты,
жоспарды талқылауда басқа адамдардың
көзқарастарымен санаспай, дауыс көтере сөйлеу, тек
өзінің пікірін біржақты дұрыс санау іскерлік
қарым-қатынаста өзара тіл табысуға да кедергі келтіретінін
ұмытпау қажет.
Екіншіден,
мәселе - сөзді бастау, ойды негіздеу, басты тұжырым
қандай болу керек дегенді жоспарлау. Ол үшін мына жайттарға
баса назар аударылады:
Сурет - 1. Іскерлік
қарым-қатынас жасауда назар аударатын жайттар
Ескерту. [2]
әдебиет негізінде автормен құрастырылған.
Іскерлік
қарым-қатынаста сөздің әсерлілігі,
сөйлеушінің дауыс ырғағы, сөйлеу әдебі
жұмыстың атқарылу барысына өз әсерін тигізеді.
Қоғамдағы ғылым мен техниканың дамыған
кезеңінде тілімізге енген жаңа ұғымдар, атаулар,
терминдердің атқаратын қызметі де ерекше. Кейбір жаңа
сөздер әлеуметтік-тұрмыста қолданылса, кейбір терминдер
белгілі бір салада айналысқа түседі. Сондықтан, олардың
мәні мен мағынасына назар аудару керек.[2].
Іскерлік келіссөздер
жүргізген кезде келесідей негізгі әдістерді
қолдануға болады [3]:
Кесте - 1. Іскерлік келіссөздер
әдістері.
|
Варияциялық
әдісте мына
сұрақтарға жауап беруге тырысу керек: |
Интеграция
әдісі |
|
-
Қойылған
мәселененің комплексті түрдегі идеалды шешімі неде? -
Неден бас тартуға болады? -
Мәселенің оптималды шешімін неден
көруге болады? -
Қандай аргументтер қажет? -
Қысқа мерзім ішінде келіссөзде
қандай мәжбүрлі шешім қабылдауға болады? -
Әріптестің қандай эксперименталды
ұсынысын міндетті түрде қабылдамау қажет,
қандай аргументтер көмегімен? |
Бұл технология, әлеуметтік
қарым-қатынас тұрғысынан келіссөздер
мәселелерін бағалауға қажеттігін және кейіннен
дамыту саласындағы ынтымақтастық қажеттіліктеріне серіктесін
сендіруге арналған. Келіссөздер қорытындысы
бойынша әріптес адамға одан
бірлескен іс-шаралар бойынша қандай жауапкершілік күтілуде
екенін атап өз ұстанымын көрсету қажет. |
|
Теңестіру
әдісі |
Компромистік
әдіс |
|
-
Серіктесті
ұсынысты қабылдауға ынталандыру үшін қандай
дәлелдер пайдаланылуы тиіс екенін анықтау қажет; -
Белгілі бір уақытқы
өзіңді ойша әріптестің орнына қою қажет; -
Әріптестің
көзқарасы бойынша мәселелер жиынтығын
қарастырып сомен байланысты артықшалақтарды оның
санасына жеткізу; -
Әріптестердің
мүмкін болатын контраргументтерін қарастырып, оларды өз
аргументтерінде қолдануға дайын болу. |
Келіссөзге
қатысушылар компромиске дайын екенін көрсету керек,
қызығушылықтардың сәйкессіздігі кезінде
келісімге кезең бойынша келуі қажет. Ымыраға келу
келіссөз қатысушыларының сәтсіз келіссөзден
кейін белгілі бір талаптарынан бас тарта отырып, жаңа ұсыныстар
қарастырады. |
Қорыта айтпағымыз, іскерлік қарым-қатынасты
дұрыс жүргізу арқылы кәсіпкерлік қызметті
өрлетіп, менеджердің команданың алдына қойған
мақсаттарына қол жеткізуге, сонымен қатар
әріптестерімен, серіктестермен, тараптармен тиімді әрекет етудегі мәселелерді
шешуге көмектеседі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Атабаева
Ф.К. // Мәдениетаралық іскерлік қарым-қатынастағы
бизнес ағылшын тіліндегі кедергілер. Көру режимі: http://group-global.org/ru/publication/54986-mdenietaralyk-iskerlik-karym-katynastagy-biznes-agylshyn-tilindegi-kedergiler
2.
Қуандықова
Ұ.Р. // Іскерлік қарым-қатынас және сөз
әдебі,ерекшеліктері.
Көру режимі:
http://tarbie.org/load/kaz/ash/iskerlik_arym_atynas_zh_ne_s_z_debi_erekshelikteri/5-1-0-15027
3.Сатқалиева Т.С., Абдулина
Г.А., Қабдолдаева Ə.Ж. / Салыстырмалы
менеджмент, Оқу құралы, Алматы, 2011жыл, 221 бет.