Каменова Ш.К1., Мақамбаев М.Б2.,
Сланбекова А.Е1.
Е.А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті,
Л.Н.Гумилев
атындағы Еуразия Ұлттық университеті,
Қазақстан
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА – ЖАҢАЛЫҚҚА ҚОЛ ЖЕТКIЗУ
ОРТАСЫ
Қазіргі кезде
дүние жүзілік нарықта ең қымбат, ең
өтімді тауар – ақпарат. Ол сату мен ұсыну қатар
жүретін, сұранысы мол, ең құнды товар. Адам
баласының өмір сүруіне қажетті барлық
салаларға қатысты ақпараттың ғылыми-техникалық,
саяси, экономикалық, қаржы және басқа да көптеген
түрлерінің көлемі күннен күнге
қарқындап өсуде. Сондықтан ақпараттық
технологияларды, деректерді жіберу технологияларын пайдалану бүгінгі
күннің ең маңызды мұқтажына айналуда. Бұған
көмек ретінде ауқымды компьютерлік желілер кеңінен
пайдалынылып отыр. Соның ішіндегі бірден біреуі, тіпті бірегейі деп
атауға лайықтысы Интернет. Оның ресми туған күні
болып 1969 жылдың желтоқсан айы саналады. Дәл осы кезде
Интернет атасы болып саналатын ARPAnet желісі іске қосылды. Бұл
желінің алдына қойған негізгі мақсаты
компьютерлердің есептеу қуаты мен оның зор ақпараттар
массивін еске сақтау қабылетінің мүмкіндігін адам
баласының қызметіне жарату болатын.
Жалпы инновациялық
жоба - инновацияға қол жеткiзуге бағытталған
ғылыми, ғылыми-техникалық,
тәжiрибелiк-конструкторлық, маркетингтiк зерттеулер мен
жұмыстар, техникалық-экономикалық негiздемелер кешенiнен
тұратын уәкiлеттi орган белгiлеген нысандағы жазбаша
құжат;
Мемлекеттiк
инновациялық саясат - инновациялық қызметтi дамытуға
және ынталандыруға бағытталған
әлеуметтiк-экономикалық саясаттың құрамдас
бөлiгi;
Инновациялық
қызмет - нәтижелерi экономикалық өсу мен
бәсекелесу қабiлеттiлiгi үшiн пайдаланылатын
өндiрiстiң әртүрлi салалары мен
қоғамның басқару саласында жаңа идеяларды,
ғылыми бiлiмдердi, технологиялар мен өнiмнiң түрлерiн
енгiзуге бағытталған қызмет;
Инновация - жаңа
немесе жетiлдiрiлген тауар (жұмыс, қызмет көрсету),
экономикалық айналымда пайдаланылатын жаңа немесе жетiлдiрiлген
технологиялық процестi алу мақсатында санаткерлiк
шығармашылық еңбектiң нәтижелерiн пайдалану;
Инновациялық
бағдарлама - ресурстары, орындаушылары мен iске асыру мерзiмдерi бойынша
келiсiлген әлеуметтiк-экономикалық мiндеттердi шешуге
бағытталған инновациялық жобалар мен iс-шаралар кешенi;
Интернет торабы әуелде
бейкоммерциялық мәртебеге ие болатын. Адамдар арасындағы байланыс
арна рөлін атқара отырып, бұл қатынас құралы
біртіндеп бизнес жүргізудің құралы бола бастады.
Кең аудиториямен өзара
қатынас ететін кез-келген бизнес тұрақты жарнаманы қажет
етеді. Бірнеше жыл бұрын әдетегі жарнама құралына тиімдірек
аспап қосылды. Өзі жайлы ақпаратты және шығарылатын
өнімдерді ұсына отырып, фирма потенциалды сатып алушыларды тартып
ала қоймай, олармен кері байланысуға мүмкіндігі де бар.
Бұдан басқа, Web-сайт потенциалды сатып алушы бола алатын адамдар арасында
жарнамаланған кезде, Web ортасында адрестік жарнаманы орналастыру оңайырақ
болады.
Ұзақ уақыт
бойы фирманың Web-сайтының болуы, келістілік символы болып саналды.
Бұл өзгеріп отыратын бизнес шарттарына бейімделу
қабілеттілігінің көрсеткіші болып саналады.
Қазіргі уақытта
көптеген фирмалар өз келбетін бүкіл әлемдік торапта жақсырық
көрсету үшін сайттарын жетілдіруге құралдарын аямайды.
Web-сайттар фирма үшін үлкен көлемді ақпаратты көрсетететін
бірегей мүмкіншілік беріп отыр. Басқа
жағынан алғанда сол немесе басқа тауарға
қызығушылық бойынша, сайтқа кіру рейтингі бойынша өткізілген
жарнамалық акциялардың тиімділігі жайлы айтуға болады.
Көптеген фирмалар жаңа өнімді шығарған кезде
олардың жазбасы бар сайт құрады. Ол арқылы сатып
алушылардың пікірін қабылдайды және бұл өнімдерге
қатысты өздерінің қызмет көрсетуін жедел
түзетеді.
Интернеттің
көмегімен тауарды ұсынып қана қоймай, оның сатылуын
жүзеге асыруға болады. Қазір көптеген
компаниялардың өзінің online- дүкендері бар.
Интернетте
миллиондаған сайттар бар. Сайттардың тағайындалуы
әртүрлі болып келеді. Оларға бизнес-сайттар,
ақпараттық, ойын-сауықтық, жарнамалық,
навигациялық, көркем, дербес, аралас сайттар жатады.
Жоғарғы оқу орындарында
«Интернет технологиялары» деген
арнайы пәндер жүргізіле бастады. Осындай сабақтардың
негізгі мақсаты қазіргі Интернетте қолданылатын технологиялар
мен таныстырып ғана қоймай,
оқушылардың оны меңгеруге, ондағы бар
құралдардың түрлерін жетік біліп, олардың бір-бірімен байланысын, негізгі артықшылықтарын
білуге, осындай құралдармен
дағдыландырып, соның арқасында сайттың қарапайым түрлерін
құруды үйрету болып табылады.
Осы мақсаттарға жету үшін
алдымен сайт құрудағы қажетті
кезеңдер мен атқарылатын қызметтерге шолу
жасайық. Кез келген Web-Қолданбаны
құру контентті құрудан басталады. Сайтты құру
үшін оның құру процессін жеңілдететін
процесс контент пен оның техникалық тапсырмасын құру. Ол үшін
бұл процесстің бизнес-жоспарының рефератын
жазу қажет. Бұндай реферат сайты құру
процессінің негізгі мәнін ұғуға
көп көмегін тигізеді.
Жобалау кезеңі аяқталғаннан
кейін, web-құрушы қолында сайттың
функционалдық элементтерінің сипаттары болады. Бұл сипаттарды ол сайт дизайнына енгізіп, ары қарай графика мен сайт макетін құру жұмысына кіріседі.
Әдетте, маман Web-дизайнерлер
иллюстрацияларды дайындау үшін
AdobePhotoshop немесе CorelDRAW пакеттерін пайдаланады.
Графикалық
бөлімді құруда сайт парақтарын ашу қажет. Бұл
процессте ең ыңғайлы тәсілі ретінде қол коддингі
деп аталатын әдісті айтуға болады. Өйткені алынған
парақтардың көлемі әдеттегіден аздау болып,
ондағы керекті эффектілер болмай қалуы мүмкін. Сондықтан,
мәліметтерді одан ары қарай бөлшектеп болған соң,
парақтардың макеті құрылады. Ол HTML тілінде
жасалады. Макеттермен жұмыс
істеу кезінде парақтарды
құруға арналған кез келген арнайы программаны
пайдалануға болады (мысалы Homesite, Microsoft FrontPage, Adobe Dreamweaver, Macromedia ColdFusion және
басқалар). Бұл кезеңде сайттың
графикалық бөліміне қажетті барлық талаптар
мен элементтерді анықтап алу
қажет. Мысалы кнопкалар,
маркерлер, фондық суреттер,
бөлу сызықтары, логотиптер т.б.с.с.
Осылайша статикалық парақтарды
дайындап болған соң, клиенттік
скриптерді жазу қажет. Бұл кезеңге дейін сайттың
статикалық парақтары дайын болуы керек. Яғни мәліметтерді
клиенттік-серверлік түрде дайындау
үшін қажет амалдардың бәрі жасалғаны дұрыс.
Бұл жағдайда кез келген
программалау тілдерін немесе бірнеше тілдерді қолдануға болады.
Мысалы: JavaScript, PHP, Perl,
Macromedia Flash, Java,
XML, VRML және басқалар.
Web-серверге қажетті дерекқорларды құру
үшін, және ондағы деректерді өзгертіп
отыру немесе онымен белгілі бір операциялар жасау үшін әдетте сұрату тілдері болып табылатын
MySQL және mSQL пайдалануға болады. Парақтарды дайындап алып, сайтқа арналған
дерекқорды құрып
сайты басқаратын модульді құру
қажет. Одан кейінгі кезең
ретінде сайты тестілеуді атауға
болады. Сонымен бірге сайт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мәселелердіде қарастыру қажет. Өйткені
дайын болған сайты бұзуға әрекет
жасайтында адамдар табылып қалуы мүмкін.
Әдебиеттер:
1. Индустрия өндірісін интенсивті дамытудың
инновациялық тетіктері // «Ізденіс –Поиск» №4-Алматы, 2008ж. 5-9 б.
2. Ғылыми-техникалық әлеуеттің
қазіргі жағдайы және оның даму тенденциясы //
«Ізденістер, нәтижелер – Исследования, результаты», Қазақ
Ұлттық Аграрлық Университеті, Алматы 2008 ж, №4 185-189 б.