Математика сабақтарында
ақпараттық технологияны қолданудың
ерекшеліктері
Ж.Ж.Сарбаева
Орал
қаласы, №14ЖОББМ-тің математика пәні мұғалімі
Елімізде білім беру саласында жаңа
ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып
отыр. Бұл тек қана техникалық құрал емес, сонымен
бірге жаңа ақпараттық коммуникациялық технология
және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша
әдісі болып табылады.
Бүгінгі күні инновациялық
әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану
арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін
дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең
негізгі мақсат болып айқындалады. Осы орайда, ақпараттық
технологияның мұғалімдерге берер мүмкіндіктері
қандай деген сұрақ туындайтыны сөзсіз. Ендеше, ақпараттық
технологияның мұғалімдерге берер мынадай мүмкіндіктерін
атап өтуге болады. Ең алдымен, жеке тұлғаны
қалыптастырудаға жауапкершілігі артады; инновациялық
технологияларды қолдану іскерлігі, әдіс-тәсілі артады, мектептегі
басқа пән мұғалімдерімен тәжірибе алмастыру
арқылы ұжымның ұйымшылдығының
ұйтқысы бола алады, интернетке кіру жүйесі арқылы
әлемдік деңгейде іс-тәжірибе алмасуды қалыптастырады
және оқытудың түрлі әдіс тәсілдерін игеруге
қол жеткізеді. Осы аталған мүмкіндіктерді атай келе, технологияны
меңгерудегі мұғалімнің кәсиби шеберлігі, ақпараттық
технологияны дұрыс және ұтымды қолдана алуы басты
мәселе екендігіне назар аударуымыз қажет.
Әрбір ұстаздың
мақсаты – оқытудың барлық компоненттерін пайдалана
отырып оқушыға жалпы орта білім деңгейінде терең білім
беру, әрбір оқушыны жан-жақты құзыретті етіп
тәрбиелеу десек, математика - ерекше құдіретті ғылым, ал
математика пәнінің мұғалімі баланың
бойындағы ақыл, білім, парасат, сабырлық, шығармашылық
қасиеттерін бойынан аша білетін тұлға. Қазіргі
уақытта математика ғылымы кең етек алып дамуда. Сондықтан
математиканы оқытудың мазмұнын ашуды жүзеге асыру
үшін жаңа ақпараттық технология қүралдары
ауадай қажет. Қазіргі ақпараттық технологияның
озық жетістіктерін математика сабағында қолдану арқылы
танымдылық іс-әрекеттерін ұйымдастыра отырып, оқушылардың
құзіреттілігін дамытуға болады.
Математика сабағында
ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы
оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін
қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық
технологияларды, электрондық оқулықтарды және интернет
ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде
шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.
Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы
мен ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру қазiргi
таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi
ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр. Осы
орайда, сабақта ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды пайдаланудың тиімділігіне тоқталсақ: оқушының
өз бетімен жұмысы, аз уақытта көп білім алып,
уақытты үнемдеу, білім-білік
дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру, шығармашылық
есептер шығару, қашықтықтан білім алу
мүмкіндігінің туындауы, қажетті ақпаратты жедел
түрде алу мүмкіндігі, қарапайым көзбен көріп,
қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту
мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып
үрдістерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін
көріп, сезіну мүмкіндігі, сондай-ақ, оқушының
ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор
екендігін байқаймыз.
Өз тәжірибеме жүгінетін
болсам, сабақтарымда компьютерді, мультимедиялық және
электрондық оқулықтарды және интерактивті
тақтамен презентацияны бірге қолданған сабақтарым
өте нәтижелі өтуде. Атап өтсек, интерактивті
тақтаны қолданған сабақтарда ондағы
тапсырмаларды, жаттығуларды орындауға оқушылар
қызығушылық танытады. Дыбысты есту, бейнені көру, оны
іс-әрекет арқылы жүзеге асыру барысында орындалған
жұмыстар - оқушының жадында тез сақталады.
Сондықтан да оқушының келесі тақырыптарды түсініп
кетуіне ешқандай қиындық тумайды. Қазіргі компьютер
заманында АКТ-ны қолдану, онымен жұмыс істей білу – заман талабы
болып отырғаны шындық. Мектептегі тәжірибе барысында
іс-тәжірибемді жетілдіре отырып, жаңа стратегиялық шешімдер
қабылдау арқылы, жаңа тәсілдерді сабағымда
пайдалану арқылы оқушыларды және өзге де әріптестерімді
сабағыма қызықтыра алу арқылы, тәжірибеге
алған сыныпта білім сапасының өсуінен байқалған
нәтижелерге қол жеткізу арқылы да
көшбасшылыққа қол жеткізе алдым деп ойлаймын.
Осы
уақытқа дейінгі білім беру саласында қолданылып келген, тек
мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты
пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайтындығы
баршамызға белгілі. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру
қоғамында электрондық оқулықтарды пайдаланбай
алға жылжу мүмкін емес десек, олардың тиімділігі: оқушы
арнайы бағдарламамен жұмыс істейді, иллюстрациялық әдістерді
көп қолданады, логикалық ойлау жүйесі қалыптасады,
оқушының танымдық белсенділігі артады, оқушының
шығармашылық ізденісін жүзеге асыруға мүмкіндік
береді, оқушы білімі компьютерлік жүйе арқылы
бағаланады, белгілі бір бөлім бойынша оқушының білімін тексеруге
мүмкіндік береді, өз бетінше білім алуын қамтамасыз етеді.
Осы міндеттердің барлығына
жауап бере алатын электронды оқулық білім беру жүйесін
ақпараттандырудың бір жолы болып табылады. Алайда,
ғалымдардың пікірінше, электронды оқулық кітаптың
орнын баса алмайды. Электронды оқулық ─
оқырманның кітапқа деген қызығушылығын
арттыруға ықпал ететін құрал ретінде ғана саналады.
Тағы бір тиімді
тәсіл - математика сабағында Activstudio программасын пайдаланып,
сабақ барысында қолданатын барлық көрнекіліктерді
флитчарттар құру арқылы өткізуге болады. Мысалы,
Activstudio-ның кітапхана қорынан барлық
тақырыпқа қажетті көрнекіліктерді алуға
болады. Оларды мұғалім өзінің шеберлігі мен
ұйымдастыру қабілетіне байланысты түрлендіре алады. Promethean
Activstudio программасының тағы бір ерекшелігі тесттік тапсырмалар
арқылы оқушылардың жауап беру жылдамдығын
арттыруға болады. Қазіргі кезде тест оқушылар
білімін анықтауда алдыңғы орында тұрған
сынақтардың бірі. Әрбі сабақты тақырып бойынша
бекіту кезінде 5-6 сұрақ дайындап, әрбір сұраққа
уақыт белгілеп жауап бергізетін болса, оқушының жауап беру
жылдамдығы қалыптасар еді. Бұл кезде программада
құрылған тапсырмалар, интерактивті тақтадан
белгіленген уақыт бойынша автоматты түрде келесіге өтіп,
ауысып отырады. Тест сұрақтары аяқталғанда автоматты
түрде оқушылар жауабының есебі тақтадан
көрсетіледі. Оқушылар
өздерінің қателескен тұстарын тауып бағасымен де
таныса алады.
Қорыта айтқанда, мұғалімнің
алдындағы ең басты мақсат - бұл оқушыға
сапалы білім мен саналы тәрбие беру десек, мұғалімдер жұмысының
нәтижелі етіп, әрі оқушының білім сапасын көтеру
үшін ұстаздар қауымына жаңа ақпараттық
технология құралдарын сабақтарда қолданудың
тиімділігіне көз жеткіземіз.
Ұстаз үшін
нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес,
білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне
қолдану болып табылады. Бүгінгі бала – ертеңгі жаңа
әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте
көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез
келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай,
коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған,
интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, онлайн режимінде жұмыс жасау
әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. Заман талабына
сай жаңа технология әдістерін үйрету,
бағат-бағдар беруші – мұғалімдерміз.
Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа
оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы
үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына
ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін
ұмытпауымыз керек.