Педагогические науки/5.Современные методы преподавания

Аға оқытушы Асатова Е.С.

М.Х. Дулати атындағы  Тараз мемлекеттік  университеті, Қазақстан

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ БІЛІМ БЕРУДЕГІ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасыөзгерді, білімберудіңмазмұныжаңарып, жаңакөзқарас, жаңашақарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.

Ғылым мен техниканың жеделдамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамныңқабілетін, талантын дамытубілім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

 Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі-оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.

“Инновация” ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: “Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея”. Майлс “Инновация– арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», – дейді.

 Мен өзімнің білім ордамнан, Тараз Мемлекеттік Педагогикалық институтымнан, байқағаным- біздің мұғалімдер барынша жаңашыл болуға тырысады. Әр берілген сабақтарын, дәрістерін барыншы қызықты өткізу үшін әртүрлі ойындар, топпен жұмыс, домалақ үстел және т.с.с іс- шаралар жүргізіп, бізге, болашақ педагогтарға, өз мамандығын жетік менгерген шебер ұстаз қылуға атсалысуда. Олардың жұмыстарын сырттай бақылай отырып. тыңдап-түсіну, көріп-байқау құралдарының ішінде сабақ берудің барлық сатысында қолдануға болатын түрі – аудио құралдар, радио мен теледидар хабарлары, сұхбаттар жазылған үнтаспа, т.б. оқушының, студенттің сабақты игеруі үшін пайдалы екендігін байқадым. Аудиоматериалдар сабақта мынадай мақсатта қолданылады:

-біріншіден, қажетті ақпаратты күшті әсерлілікпен жеткізеді;

-екіншіден оқушының бақылаушылығы мен талдау дағдыларын жетілдіреді;

-үшіншіден, өз пікірін, ойын тұжырымдап айтуға үйретеді.

 Таспа арқылы тыңдалатын мәтін оқушының тілін дамытады. Тіл дамытудағы тыңдау сөйлеумен тығыз байланысты. Оқушыға таспадан естігенін тілінде пайдалану қажеттігі туады. Таспадан тыңдалған мәтін бойынша сұрақ қою ең тиімді жол, өйткені оқушы сұраққа дұрыс жауап беру үшін мәтінді ынтамен тыңдап, мәнін түсінуге тырысады. Бейнесабақтарды оқу материалына тиімді енгізу сабақтың сапасын арттырады.

Бұған әсер ететін жағдайлар мынандай:

-есту және көзбен байқау арқылы қабылдаудың әртүрлі жолдарында оқушының түсінігіне жан-жақты мүмкіндік беру;

-оқушының дербес қабылдау мүмкіншілігін ескеру бейне сабақты жүргізудің нәтижесінде қамтылады;

-оқушының қызығушылығын арттыру, эстетикалық және эмоционалдық сипаттарды тудыру.

 Тек бейнекөріністерді көрсетуде есте сақтауды қажет ететін негіздер:

-бейнекөріністер оқушының жасына, қабылдауына қарай сұрыпталуы керек;

-бейнекөріністер бағдарлама бойынша өтілетін тақырыппен мазмұндас болуы шарт.

 Мысалы, мен шет тілі мамандығын оқудамын. Бізге тындатылатын аудиоматериалдар арқылы дұрыс сөйлеу мәнерін ( pronounciation), ал бейнематериалдарды көру арқылы адамдардың қай сөзге қандай эмоция білдіретіндігін бақылау арқылы тез игеріп қабылдаймыз, әрі есте сақтау да жеңілге түседі.

 Деңгейлеп – саралап оқытудың тағы басты қажеттілігі, оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың шығармашылық бейімділіктері мен икемділіктерін дамыту.

 Жеке тұлғаның қалыптасып, ой – өрісінің дамуы, белсенділігіні, білім алу қажеттілігі, оны өмірде іс – тәжірибеде қолдану, шығармашылық міндеттерді ойдағыдай шешудің негізгі құралының бірі – оқушылардың өзіндік жұмысы болып табылады.

 Деңгейлеп – саралап оқытудың және бір бағыты – тәрбиелік. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі тиіс. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы», деп Әбу Насыр әл – Фараби айтқан.

 Қазіргі педагогикада пайдаланып жүрген технологиялардың бірі және бірегейі – модульдік оқыту технологиясы. Бұл технология қазіргі шет тілі пәнін оқытудағы тиімді әдіс болып саналады. Оқушылар түрлі тараулар мен тақырыптар бойынша дайындалған тірек кестелерімен, басқа да ізденімпаздық, шығармашылық бағытта орындалатын жұмыс түрлерімен өздерінің іскерлік дағдыларын қалыптастыра алады.

 Осы орайда қазіргі шет тілі, тіл біліміне кіріспе пәндері бойынша шығармашылық жұмыс түрлерін көбірек ұсыну, ойын түрлерін беру, оны кейін практикалық тұрғыда қолдана білуге үйрету жұмыстары өз нәтижесін беріп келеді.

 Әсіресе, оқу сабақтарында модульдік оқыту технологиялары бойынша ұйымдастырылған ойын түрлерін сөйлесу бөлімінде шебер ұйымдастыра білу оқушыларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа жетелейді.

 Модульдік оқыту технологиясының ерекшеліктері:

-білімді меңгерту емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық үдерістерді арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамыту;

-тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, ойын-танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыру;

-белсенді сөздік қорын дамыту (ауызша және жазбаша);

-дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігін тудыру.

 Ағылшын сабақтарында оқушылардың еркін ойлау мүмкіндіктерінің ашылуына себеп болған стратегия – ой толғаныс сатысы. Ой толғаныс сатысы кезеңінде, жаңа алынған білімдерді айқындайтын және ұштайтын деңгейде оқушыда шешім қабылдай алатын мүмкіндік болу керек.

-оқығанын өзіндік ойлау тұрғысынан көрсете білу;

-өз сұрақтарын қою және оған жауаптар табу;

-болжау жасай білу және олардың дұрыстығын тестілеу;

-жаңадан пайда болған жағдайларды тез түсінуде осы білімді қолдану;

Сабақтың ой толғаныс кезеңінде «Еркін жазу» стратегиясын қолдану өте тиімді.Оқушыларға мәтіндегі негізгі оқиғалар жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін тағы басқа өз пікірлерін қағаз бетіне түсіру тапсырылады.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде сабақта оқушылар арасында:
— бір-бірінің пікірін тыңдауға, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланды;
— өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;
— бір-біріне құрметпен қарауға;
— өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға;
— өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға;
— мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға;
— достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуге;
— белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланады.

 Осы оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының жүзге тарта стартегиясы бар екені белгілі, демек сол әдіс – тәсілдерді жақсылап игеріп, ішінен қажеттілерін таңдау арқылы әр сабақтың мақсат-міндеттерін тиімді де оңтайлы жолмен жүзеге асыруға мүмкіндік мол. Шығыс даналығы “Мәселе нені үйретуде емес қалай үйретуде” демей ме? Сондықтан мақсат пен мазмұн мемлекеттік бағдарламаларда айқын беріліп отырған қазіргі жағдайда бұл стартегиялардың маңызы зор.

Оқушылардың шығармашылығын дамыту педагогикада басымды бағыт болып есептеледі. Өркениеттің прогрессивті дамуының негізгі қозғаушы күші шығармашыл тұлға екені белгілі. Өйткені біздің заманымыздың электрондық, атомдық, ғарыштық деп аталуының өзі адамның ақыл-ойының, санасының жетілгендігінің көрінісі. Сондықтан оқушылардың білім алу кезіндегі шығармашыл белсенділігі, өз беттерімен білімді игеру дәрежелері мектеп өміріндегі басты мәселе болып қала береді.

Педагогикалық қызметтің басты мақсаты оқушылармен оқу-тәрбие ісінде жаңа педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалану. Ол үшін жаңа технологияларды игеру және оны шығармашылықпен дамыту, инновациялық технологиялармен білім беру. Сонда ғанақабілеттімамандардайындайаламыз.

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қазіргі қоғам талабына сай ой-өрісін дамыту, шығармашылығын кеңейту, дамыту, тереңбілімді, бәсекегеқабілетті тұлғаны жасау, заман сұранысына сай ізденімпаз тұлғаны қалыптастыру. Қорыта айтқанда, оқыту процесінің нәтижелі болуы оқытушының сабақ беру шеберлігіне, сабағын қызғылықты жүргізіп, зейін қойдыра білуіне, оқушылардың өздігінен білім алуға үйренуіне байланысты. Қандай да болмасынжаңаәдіс-тәсілдер әрбір оқушының өз бетімен оқып үйренуіне сенімін ұялатып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне, қорытынды жасайалуына, сөйлеу мәдениетінің өсуіне ықпал етеді, білім сапасын арттырады. Оқыту технологияларын сабақта қолдану оқушылардың білім сапасын арттырып қана қоймайды, олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсерін тигізеді. Жаңа әдіс-тәсілдерді мән-мағыналарына, ерекшеліктеріне қарай таңдап қолдана білсек, балаға білім беруде ұтарымыз анық.

Сондықтан мұғалім сабақтың жүргізілу жүйесін жетілдіріп, оқу – тәрбие жұмыстарын жүйелеп, сапасы мен тиімділігін арттырып, өзгерістер енгізуге барлық күш – жігерін жұмсауы тиіс.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Садуова Ж.Н. Жаңа педагогикалықтехнологияларарқылыболашақмұғалімдердіңкәсібибағыттылығынқалыптастыру.- Алматы,2010.

2. «Қазақтілі мен әдебиеті» журналы.- 2012 ж.

3.Бұзаубақова К.Ж. «Жаңапедагогикалықтехнологиялар».- Тараз, 2003ж.

4.Орта білімберудіңмазмұны: Дәстүрлер мен өзгерістеріхалықаралықғылыми-тәжірибелік конференция мақалаларыныңжинағы. -Астана 2012ж.