А.С. Таженова1., Халел
Ақнұр2
п.ғ.м.,
аға оқытушы1., п.ғ.м., оқытушы2
Шет тілдер
және іскерлік карьера университеті
ҚАЗІРГІ АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕ ЗАТ
ЕСІМДЕРДІҢ КВАНТИФИКАТОРЛЫҚ ТІРКЕСІМДЕРІ
«Артикль» туралы ұғымы, мағынасы мен оның
қызметін ғалымдар бұрын соңды зерттеп саралаған. Тіл
білімі теориясында белгілі/белгісіз артикльды қолдану негізделіп
қарастырылған. Мәселен:
1.
Белгілі/белгісіз
артикльдер теориясы;
2.
Дара
және жалпы категориясын сипаттау теориясы;
3.
«Деректі»
және «жаңа» ұғымды білдіруде қолданылатын
артикльдер;
4.
Актуализация
теориясы;
5.
Субстантивті
теориясы;
6.
Дейксисті
бірлік категориясы негізінде артикльдерді қолдану.
Артикль – белгілі немесе белгісіз логикалық категориялар
негізінде кең көлемде таралған. Белгілі категориялық теория
тыңдаушы үшін берілген заттың белгілі екендігін, ал белгісіз категориялық теориясы берілген
заттың белгісіз екендігін байланыстырады. Белгілі/белгісіз артикльдер теориясын
зерттеген ғалымдар Дж.Керм, О.Еспенсен, И.Крамский, А.М.Мухин, Л.И.Илия,
С.И.Канонич, О.И.Москальская, Б.А.Серебренников, В.И.Тур, Х.С.Серенсен
және басқа да ғалымдар.
И.Крамскийдің тұжырымдасы бойынша «Белгілі
артикль категориясы – бұл заттың белгілі немесе белгісіз екендігіне
септік формалары мен сілтеуліктер байланыстырады» -деп сипаттаған[1].
Дж. Киекбаев «Урал-алтай тілдерінде белгілі
және белгісіз артикльдерді грамматикалық категориялар негізінде қолданылған,
етістік пен зат есім грамматикалық жүйелердің негіздемесі»
-деп сипаттама берген[2].
Б.А.Серебренников «Заттың белгілі
екендігі келесі субьективті және обьективті реттік факторларға
қатысты» -деп айқындайды[3]. Мәселен:
1.
Заттың
белгілі/белгісіздігі анықтау үшін сөйлеушінің
субьективті ықыласына назар аударуы;
2.
Затты
көрсету және әңгімелеушінің назарына
көңіл аудару арқылы сөйлеушінің субьективті
ықыласын бөленуі;
3.
Заттың
белгілілігін анықтау үшін субьективтік қабілеттілікті
ойдағыдай білдіруі;
4.
Заттың
немесе фактының өзіндік ерекшелігін анықтауда заттың
белгілі екендігіне тәуелдеуі;
5.
Заттың
белгілігін анықтау үшін шарт құру, яғни
сөйлеуші төңіректегі жағдайдың обьективті шарт ретінде
тәуелсіз болуы;
Ал О.И.Москальскаяның
тұжырымы бойынша, зат есімнің белгілі/ белгісіздігін анықтау
үшін келесі жүйелі тәсілді анықтаған:
|
Белгілілік |
Белгісіздік |
|
1.
Белгілі артикль |
1.
Белгісіз артикль 2.
Артикльдің болмауы (нөлдік артикль) |
Х.С.Сoренсеннің
тұжырымы бойынша «Артикльдерді сөйлемде қолдану үшін, сөз
жүйесін айқындауға талдау жасау қажет» –делінген[4],
әсіресе
а) белгілі артикль – сілтеу, тәуелді және сұраулы
есімдіктердің жиынтығынан негізделуі;
ә) ал белгісіз артикль –белгісіз есімдіктер
жиынтығынан негізделуі;
б) жинақталған негіздеме –белгілі, белгісіз
және нөлдік артикльдерімен;
Дейксис –тіл
білімін зерттеуде ең қиын да, аз қарастырылған
сұрақтардың бірі, оны зерттеудің қажеттілігі
туындайды. Профессор Ф.П.Филиннің айтуы бойынша «Дейксистің
өзектілігі –бұл тілді зерттеудің кезеңі, сөз
әлемінде әрбір сөз өзінше құпияланады»
-делінген[5].
Қазіргі
қазақ тілінде прагматикалық және синтактикалық
құрылымдар арқылы дейксисті жақты қолдану
көзделген, тіл білімін оқытуда идентификация, классификация
және квантификация тәсілдері қолданылады. Сөйлем
мүшесінде синтактикалық семантикалық және
прагматикалық құрылымдарда дейктиктік бірліктерді жиі
қолданамыз, әсіресе сөйлеушімен тыңдаушының
өзара қарым-қатынастарында дейктиктік бірліктер жиі қолданылады.
Қазіргі
қазақ тілінде ғалымдардың зерттеу нәтежелерін тоқтала
отырып, дейктикалық бірлікті пайдалануда статистикалық талдау нәтежесінде 4
жанр бойынша 80 000 сөз қолданылған[6]: 1. Көркем
әдебиет, 2. Балалар әдебиеті, 3. Пьеса, 4. Газета (әр жанрдан
20 000 сөзді қолдану)
|
Көркем әдебиет |
Балалар әдебиеті |
Пьеса |
Газета |
|
ол 247 бір 234 өз 158 мен 153 бұл 135 осы 127 сол 103 |
ол 328 мен 293 бір 288 өз 199 сол 137 осы 120 бұл 94 |
мен 306 бір 288 ол 264 өз 213 сен 173 сол 163 не 142 |
ол 280 мен 186 өз 264 бір 177 бұл 166 осы 129 біз 79 |
Ағылшын және қазақ
тілдерінде жалпы зат есімдердің квантификаторлық тіркесімдерді
сабақта жиі қолданылады.
Ағылшын
және қазақ тілдерінде жалпы зат есімдердің квантификаторлық
тіркесімдері
|
Квантифи каторлар |
Зат есімдер |
|
|
Ағылшын тілінде |
Қазақ тілінде |
|
|
a bit of/ аз ғана |
paper, land, seed, experience, gardening, blood,
background, gold, money, sugar, stone, plate, rag, cake, feed, point,
soap, colour. |
уақыт, сиыр, егін |
|
a lump of/ тілім |
bread, cheese, meat, gold, chalk, cake |
нан, сыр, алтын, торт,
ет, бор |
|
a drop of/ тамшы |
whisky |
жас, тер |
|
a couple of/ қос |
friends, guns, times, affairs, days, weeks, girls,
evenings, sailors, bottles, towels, cars, bucks, hands |
құрбы, ауыз мылтық, арна, қол,
қанат, бұрым, машина, тізе. |
|
a few of/ бірнеше |
days, people, questions, moments, hours, minutes,
years, weeks, times, friends, words, months, feet, chairs, women, things,
yards, steps, drops, miles, pounds, dollars, modes, acquaintances. |
күн, адам, сұрақ, әскер, жыл,
минут, қабат, секунд, парақ, үйлер, күй, лақ,
бала, сағат, ауыз, рет, қадам,
таныс. |
Тіл білімінің антропологиялық парадигмаға көшу
үрдісі "адам-тіл-мәдениет" және
"адам-тіл-ойлау" үштігіне
сүйенетін гуманитарлық зерттеулердің жаңа
бағыттарына жол ашты. Бұған дейінгі
салыстырмалы-салғастырмалы түрде жүргізілген зерттеу
жұмыстары құрылымдық-мағыналық
бағытта ғана қарастырылып келсе, бүгінгі таңда
антропоцентристік бағыттағы уақыт көшінде
әртүрлі тілдерді салыстыра-салғастыра зерттеу ерекше
қызығушылық танытуда.
Ұлттық құндылықтарға
қатысты мәдени деректерге көңіл бөле, тіл
тұлғалық жағынан ғана емес, сонымен қатар
мағыналық, ұғымдық, мәдени-концептілік
тұрғыдан жиі қарастырылуда. Тілді ұлттың
тарихымен, мәдениетімен, рухани қазынасымен, дүниетанымымен байланыстыра
отырып, тілдің табиғатын шынайы танып білуге үлкен жол ашады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.
И.Крамский.
К проблеме артикля. ВЯ №4 1963., стр 14.
2.
Дж.
Киекбаев. О генетической категории определенности и неопределенности в урало-алтайских
языках, 1966., стр.237
3.
Б.А.Серебренников.
Общие вопросы теории артикля и проблема сематики употребления артикля в
древнегреческом языке., канд.дисс., стр 138.
4.
H.S.Sorensen.
The function of the Definite Article in modern English, 403p
5.
Ф.П.Филин.
О некоторых вопросах языкознания.М., 1968,стр75.
6.
С.Г.Ахметова.
Некоторые вопросы преподавание иностранного языка. Алматы., 1979