Жарасова Айман
Алматы, Қазақстан
Лексикалық тіл
жүйесіндегі фразеологияның рөлі
Бұл мақалада ағылшын тілінің
фразеологиялық бірліктері талданады. Басқа да еуропалық
тілдердегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар қаралады.
Кілт
сөздер: фразеология,
идиома, көпұлтты, ұлттық, кірме сөз, маңызы.
Фразеологизм - семантикалық жағынан бір-бірімен байланысқан
сөз тіркестерімен сөйлемдердің ортақ атауы.
«Фразеологизм» термині әртүрлі типтегі
бірнеше тіркестерді камтиды. Олар: атауыш қызметінде қолданылатын идиомалар ауыз
әдебиетінде қалыптасқан мақалдар мен мәтелдер
және жеке адамдардың авторлық немесе белгісіз әдеби шығармалардан алынған, немесе ауызша айтылған
қысқа нұсқалы нақыл сөздер. Фразеологизмнің
негізгі және әмбебаб қасиеттері сөз
мағынасының басқа мазмұнда қабылдануы немесе лексика грамматикалық
транспозиция, сөз тіркесіндегі
тұрақтылығымен қайталануы.
Осы мақаланың мақсаты –
ағылшын тілінің фразеологиялық бірліктерін
құрылым жағынан, қазіргі заман тіліндегі семантикасы
мен функцияларын, сондай-ақ олардағы салыстыру мен ұқсастық
сияқты басқа да бірқатар тілдік бірліктер қарастырылады
және оның лингвистикалық маңызы зор.
Фразеологияны жан-жақты зерттеген
ғалымдар В. Виноградов., А. Смирнитский., А. Кунин., И. Арнольд., А. Гинзбург., Н. Амосов., М.
Оразов., М.Сыздықова., Г. Кулиев., Қ.Сарбасова және т.б.
Қазіргі
тіл біліміндегі өзара туыс және туыс емес тілдерді
салыстырмалы-салғастырмалы тіл білімінің ұстанымдары мен
әдістемелерін кең қолдана отырып зерттеу - отандық
және шетелдік тіл біліміндегі ерекше дамып келе жатқан жаңа
бағыттардың бірі.
Құрылымы
әр түрлі ағылшын және қазақ
тілдерінің сөздік қорындағы сан алуан атаулардың
ішінде өте жиі қолданылатын, мағынаға бай,
қолданыс ауқымы кең тілдік бірліктердің бірі -
фразеологиялық теңеулер.
Фразеологиялық теңеулердің басым көпшілігі
ұлттық негізді арқау ете отырып пайда болған. Олар –
ұлт өмірінің айнасы, сондықтан да бойында
сақталған ұлттық мәдени негіздерге
сүйенеді, себебі өркениеттің өрісі
қаншалықты екені де тілден бөлек дүние емес. Ендеше
ұлт мәдениеті ұлт тілінен бөлінбейді. Тіл мен
мәдениет - өркениет дамуының ең алғашқы
кезеңдерінен бастап үйлесімділік пен сәйкестікте өмір
сүріп келе жатқан құбылыс.
Қос тілдегі сөйлеу мәніндегі
етістікті фразеологизмдерді 4 топқа жіктеледі. Олар:
1.
Сөйлеу сипатын білдіретін етістікті
фразеологизмдер. Оларға Keep
one’s mouth closed – Сырды сақтай білу, сол сияқты Talk to no
purpose – Жүйесіз сөйлеу, Say too much – Тіл мен жағына
сүйену, Talk nonsense – Бос сөз сөйлеу, Find comman language
with smb. - Біреумен ортақ тіл табысу жатады. Бұл мысалдардан
сөйлеу мәнді етістікті фразеологизмдердің жағымды,
жағымсыз сипаттарын көреміз.
2.
Сөйлемеу ұғымын білдіретін
етістікті фразеологизмдер.
Бұл топқа Pass one’s lips – Тіл қатпау, Have seen a wolf –
Тілі байлану, Stop smb’s mouth – Біреудің аузына қақпан болу,
Lose the power of speech – Сөйлеуге мұршасы келмеу.
3.
Жалпы сөйлеу мәнді етістікті
фразеологизмдер. Мысалға, Wag
one’s tongue – Аузымен орақ орып, пішен шабу, Tell fibs – Өтірікті
шынға айналдыру, Cut up touches – Мылжыңдау, Have a sharp tongue –
Тілдің майын ағызу.
4.
Бағалау мәнді етістікті фразеологизмдер. Оларға мыналарды жатқызамыз, Cast
smth. full in smb’s teeth – Бетіне басып айту, Call smb. everything one can lay
one’s tongue to – Ит терісін басына қаптау, Exalt smb. to the skies –
Аспанға көтеру, Be quietly cutting smb’s throat – Мақтамен
бауыздау - мысқылдау.
Сонымен, тіл – халықтың мәдениеті,
салт-дәстүрі, қадір тұтатын заттары мен
құндылықтар дүниесінің, қоршаған
ортаның т.б. өмір сүру үлгілерінен хабардар ететін
құрал. Мәдениет – адамның тілде көрініс табатын
бүкіл рухани өмірі, тәжірибесі.
Мағыналық
шеңбері мен қолданыс аясы кең ағылшын және
қазақ тілдеріндегі фразеологиялық теңеулер
жүйесін лингвомәдени тұрғысынан
салыстыра-салғастыра талдау осы жүйенің екі тілде де
ұлттық танымнан мол ақпарат беріп,
ұлт-мәдениет-өркениет жиынтығынан құралатын
әлемнің тілдік бейнесін сипаттаудағы мәні ерекше екені
байқалады.
Екі тілдегі фразеологиялық теңеулердің пайда болу
көздері әр халықтың тарихымен, заттық және
рухани мәдениетімен, өмір-тіршілігімен тығыз байланысты.
Олардың мағыналарын, тарихи-этимологиялық көздерін
лингвомәдени және лингвокогнитивтік талдау жүргізу
арқылы ғана ашуға болады.
Фреозологизм тілдік бірліктері арасында:
историзмдер (to keep no man's land – игерілмеген жерлерді сақтау);
архаизм (to meet one in the duke's walk – жекпе-жек кездесу); поэтизм (to give
one' s lions – жұмысқа кірісіп кету); варваризм (to be rich's
Croesus – шексіз бай болу) бар. Сонымен қатар барлық фразеологияда
сленг бар. Мәселен, forget the wind up – шығуға
мəжбүр, және де арнайы сленг және жаргонизмдер: саяси –
to tap the barrel - мемлекеттік ақша игерілсін; спорттық – to see
one's back –жеңуге мүмкіндік тудыру; авиациялық – to hit the
ground – - қону; теңізге қатысты – to catch the boat –
уақытында келу; вульгаризм – to have the hump – қапалану,
мұңаю.
Сонымен бірге жалпы
халықтық бірліктерге қатысты фразеологизмдерге
тоқталсар болсақ:
1. Қазақ тілінде: Адамның
айтқаны емес, Алланың дегені болады.
Орыс тілінде: Человек предполагает, а бог
располагает.
Ағылшын тілінде: Man proposes, God disposes.
Француз тілінде: L’homme propose, Dieu dispose.
Неміс тілінде: Der Mensch denkt, Gott lenkt.
2. Қазақ тілінде:
Қорыққанға қос көрінер.
Орыс тілінде: У страха глаза велики.
Ағылшын тілінде: The devil is not so black as
he is painted.
Француз тілінде: La peur donne les ailes.
Неміс тілінде: Furcht macht Baine.
3. Қазақ тілінде: Ештен кеш
жақсы.
Орыс тілінде: Лучше поздно, чем никогда.
Ағылшын тілінде: Better late than never.
Француз тілінде: Vaut mieux tard que jamais.
Неміс тілінде: Besser spat als nie.
Әлемдік өркениетте фразеологиялық
тілдік бірліктердің көпшілігі Еуропа халықтарымен ортақ
мәдени құндылықтар салыстырылып отырады. Бұл үздіксіз
ізденісті, үлкен жұмысты талап етеді.
Қорытындылай келе, бұл құрылым
фразеологиялық тілдік тұрғысынан семантикасы, функциялары,
лексикалық маңызы әр түрлі болуы мүмкін,
бірақ олардың ортақ тілдік жүйесі болады.
Қай халықтың болмасын тарихын,
ұлттық мәдениетін, танымын, болмысын тануда фразеологиялық
тілдік бірліктер адамның ойы мен сезімін дамытатын бірден бір
құрал.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.
Арғынғазина
Ш. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдер. А.
Білім. 2002.
2.
Ларин
Б.А. Очерки по фразеологии. Ученые зап. ЛТУ, № 198, сери филол. наук, вып. 24. 1965.
3.
Oxford
Advanced Learner’s Dictionary. Oxford, 2005.